Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде жүргізілуі тиіс,яғни мектеп бітірген оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп,өздері қазақ тілінде көрген –білгенін ойын айтып оқып жаза алатын болуы көзделеді.Бұл мақсаттарға жету, оны орындау үшін оқушылар қазақ алфавитін соның ішінде қазақ тіліне тән тоғыз әріптің айтылуын, сөздік қорларын байытып, үйренген сөздерін сабақ барысында пайдалануға,сөз, сөз тіркестерін ,қысқа сөйлемдерді дұрыс оқуға ,мұғалімнің сұрағына жауап бере білуге үйренеді ,ең соңында ауызекі сөйлесе білуге жаттығады. Сонымен бірге қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйретудің басты шарты-үндестік заңын меңгерту болып табылады. Қазақ тілін орыс тіліді мектептерде оқытудағы басты мақсат-оқушылардың сөздік қорын байыту,сонымен қатар тілін дамыту,қазақша дұрыс сөйлеуге ,сауатты жазуға үйрету болғандықтан, әсіресе қазақ тіліне тән дыбыстарды сабақ сайын интерактивті тақтада жазылып тұрады.Бұл сабақ сайын қайталауға мүмкіндік береді.
статья.docx
Тілдер күніне арналған апталық
Биылғы оқу жылында мектебімізде 1929 қыркүйек аралығында «Тіл білуөнер»
атты тілдер күніне арналған декада өткізілді. Шараға мектептегі барлық тіл мұғалімдері
ат салысты.Алдымен орыс тілі,қазақ тілі және ағылшын тілі мұғалімдерінің біріккен
отырысында декаданың төмендегідей өткізу жоспары құрастырылды:
1. Мерекенің ашылуы
2. Сурет байқауы «Менің ОтанымҚазақстан»
3. Қабырға газеті байқауы
4. А.Байтұрсыновтың мерейтойына арналған сыныптан тыс шара
5. «Тілхалықтың бірлігі» шығарма байқауы
6. «Үш тілді меңгеруөмір талабы» кітапхана сабағы
7. «Невада –Семей қозғалысы25 жыл» сынып сағаты
8. «Невада –Семей қозғалысы25 жыл
9. Сыныптан тыс шара «An AВC Pаrtу»
10. Онкүндіктің жабылуы
Ең алдымен мерекенің ашылуы өткізілді. Қазақ тілі мұғалімі Жетпісбаева
Ш.Ы.оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырып, апталықтың ашылуын
жариялады.Апталықтың жоспары мектепте арнаулы тақтаға ілініп қойылды.Оқушылардың
«Менің ОтанымҚазақстан» тақырыбына салған суреттері,»Тілхалықтың бірлігі»
тақырыбына жазған шығармалары,қабырға газеттері де осы арнаулы тақтаға ілінді.
Ал Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойына арналған сыныптан тыс шара өтетін жер
мерекеге лайықталып безендірілді. Жауапты мұғалімдер екі тілде баяндама мен
презентация,қажетті слайдтар дайындады. Шараға 811 сынып оқушылары қатысты.Мектеп
кітапханашысы 56 сынып аралығында «Үш тілді меңгеруөмір талабы» тақырыбына
арналған кітапхана сабағын өткізді.Бастауыш сынып мұғалімдері «НевадаСемей
қозғалысының 25 жылдығына» арналған сынып сағаттарын өткізді.Ағылшын мұғалімі
Сорокин А.С. 5 сыныпта «An AВC Pаrtу» атты сыныптан тыс шара өткізді.
Жоспарланған шаралардың бәріне оқушылармен қатар барлық тіл мұғалімдері қатысты.
Оқушылардың бәрі шараға белсене қатысты. Жоспарланған шаралардың барлығы жоғары
деңгейде өтті.
Тағы бір айта кететін жай мектебімізде жұмыс жасайтын өзге ұлт өкілдерінің бір
мұғалімі жыл сайын аудандық тілдер күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырытіл» атты
аудандық байқауға қатысып,жүлдері орындар иеленеді.Биыл да биология пәнінің мұғалімі
Кузьмина Ася Вахитовна аталған байқауға қатысып жүлделі оралды. Осыдан мектепте жұмыс жасайтын өзге ұлт өкілдері мұғалімдерінің мемлекеттік тілге деген құрметін
көруге болады.
Қазақ тілі пәнінің ӘБ жетекшісі Жазыкова Раиса Ержігітқызы Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі
олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде жүргізілуі
тиіс,яғни мектеп бітірген оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп,өздері қазақ тілінде
көрген –білгенін ойын айтып оқып жаза алатын болуы көзделеді.Бұл мақсаттарға жету, оны
орындау үшін оқушылар қазақ алфавитін соның ішінде қазақ тіліне тән тоғыз әріптің
айтылуын, сөздік қорларын байытып, үйренген сөздерін сабақ барысында пайдалануға,сөз,
сөз тіркестерін ,қысқа сөйлемдерді дұрыс оқуға ,мұғалімнің сұрағына жауап бере білуге
үйренеді ,ең соңында ауызекі сөйлесе білуге жаттығады. Сонымен бірге қазақ тілінде дұрыс
сөйлеуге үйретудің басты шартыүндестік заңын меңгерту болып табылады. Қазақ тілін
орыс тіліді мектептерде оқытудағы басты мақсатоқушылардың сөздік қорын
байыту,сонымен қатар тілін дамыту,қазақша дұрыс сөйлеуге ,сауатты жазуға үйрету
болғандықтан, әсіресе қазақ тіліне тән дыбыстарды сабақ сайын интерактивті тақтада
жазылып тұрады.Бұл сабақ сайын қайталауға мүмкіндік береді..Сонымен тәрбиелік мақсат
та көзделеді.Халқымыздың тарихын ,ұлттық мәдениетін ,жақсы дәстүрлерін танытуда –тіл
дамыту жұмыстарын тиімді жүргізе білудің маңызы зор.Оқушылардың тілін дамыту
мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстыра жүргізіліп отырылуы қажет.Демек тіл
дамыту жұмысыолардың жалпы ойын дамыту деген сөз.Тіл дамытуға арналған
жұмыстарды мұғалім өзіндік танымы мен шеберлігіне сай дәрежеде өткізуді жүзеге
асыруы қажет.Оқушы көп оқыса ,соғұрлым сауатты жазады.Өйткені оқушы қалай
оқыса,солай жазады.Сондықтан балалардың сөздерді,сөз тіркестерін,мәтіндерді дұрыс
оқуына көп көңіл бөлемін. Оқушылардың тілін дамыту бастауыш сыныптардан басталып
сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделеніп отырады.Тіл дамытудың алғы шарттарының
бірісөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді жазатын арнаулы дәптерлері болады.Әр тақырыпты
өткен сайын жаңа сөздермен, яғни сөздік жұмысын өткіземін.Ең алдымен жаңа сөздерді
тақтаға жазамын.Бірінші өзім оқимын олар қайталайды.Соңынан ұлдар оқиды,қыздар
қайталайды, сосын керсінше. Бұдан кейін орысша аудармасын жауып қойып,қазақша
баламасын сұраймын.Сөйтіп аз уақыттың ішінде жаңа сөздерді жаттап алады. Үйге
тапсырма бергенде жаңа сөздерді қайталап келуді ескертемін.оқушылардың тілін
дамытуда ,тіл үйретуде сөздік қорын байытуда –санамақтар, мақалмәтелдер,жұмбақтар,
жаңылтпаштар үйретудің маңызы зор. Тілге жеңіл ,мазмұны түсінікті , ойната сөйлететін
шығармаларды тыңдату,өздеріне бірнеше қабат айтқызып,хормен қайталау арқылы тез
жаттап алып,айта береді.Жаңылтпаштарды бастауыш сыныптарда түстерді,сандар
тақырыптарын өткенде пайдалануға болады.Түрлендіріп пайдалану мұғалімнің шеберлігіне
байланысты.н .Тілге жеңіл санамақтарды жиі пайдаланамын. Мысалы:Бірімбір,екімекі,
үшімүш деп әрі қара жалғасып кете береді. Немесе
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
алақанды ашамыз беске бесті қосамыз ,
болып шықты он саусақ
жасырып ем бесеуін
қалады екен бес саусақ.
Осының бәрін қимылмен көрсетіп орындауоқушылардың қызығушылығын арттырады және
сөз байлығы кеңейеді,тілін дамытады.Қазақ халқында баланы ойын өсіреді деген даналық
сөз бар.Бала ойнап жүріп ойланады,жүйкесі тынығады,көңілі өсіп,ойы
сергіп,жалықпайды,тілге деген,сабаққа деген қызығушылығы артады.Өзімнің тәжірибемде
бастауыш сыныптарда «Қуыр,қуыр қуырмаш» ойынын жақсы көрмейтін бала жоқ. Осы
айтылған дүниелердің бәрі оқушының тілін дамытып қана қоймай,сөздік қорын молайтуға
да көп ықпалын тигізеді,өйткені әр өлең,санамақ,жаңылтпаштарды жаттаған сайын оларға
таныс емес сөздерді бөліп алып ,аудармасын айтып, мағанасын түсіндіремін,есте
сақтауларын ескертемін.Тіл дамыту жұмысының бір түрі –көрнекіліктер. Сабақта
пайдаланатын көрнекіліктер өзге тілді үйретуге арналған қағидалардың бірі десе
болады. Ұлы ақын Абайдың «Адам баласы көзбен көріп,құлақпен естіп,тілмен
татып,мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» деген дана ойы педпгогтердің
ойымен ұштасып жатыр.Мысалы интерактивті тақтадан қызыл қарындашты көрсетіп:
мынау не?Бұл қарындаш.Қандай қарындаш?Бұл қызыл қарындаш.
Неше қарындаш?Бір қарындаш. Бір ғана қарындашты көрсету арқылы бала үш сөз
тіркесін құрап үйренеді: бұл қарындаш,қызыл қарындаш,бір қарындаш. Көрнекілікпен
жұмысты әр жаңа тақырыпты өткен сайын пайдалануға болады. Қазіргі заманауи
техникалардың дамыған заманында түрлі түсті көрнекіліктерді табу, олармен жұмыс
жасау еш қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Көрнекіліктерді әрине бастауыш
сыныптарда көбірек қолданған жөн. Сабақ көрнекілігі грамматикалық ұғымдарды немесе
ережелерді ұғынуға,түсінуге жеңілдік келтіріп қана қоймай,сөйлесу ситуацияларын
туғызуға да мүмкіндік жасайды.Сабақта көрнекілік мұғалімнің қойған мақсатына
қарай,материалды қайталау, түсіндіру,бекіту және қайталау сабақтарында
пайдаланылады.Тіл дамытуға байланысты қолданылатын көрнекі құралдың бірі –
кестелер,сызбалар мен сөзжұмбақтар.Грамматикалық ережелерді оқыту кезінде
оқушылардан оны жаттап алуды талап етпейақ оның мазмұнын түсініп,сөз,сөйлем
құрағанда сол ережелерді қолдана білуге үйрету. Оқушылар кестедегі үлгіге қарай отырып
өздері мысал ойлайды,әрі сөздерге қосымшаны дұрыс жалғауды үйренеді. Көрнекілік
арқылы түсіндірген сабақ баланың жадында берік және ұзақ сақталады.Ал сөзжұмбақтарға
келетін болсақ оқушыларды бір жағынан сергітсе,екінші жағынан ойландырады,үшіншіден
тілін дамытады. Қазіргі бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тілі оқулығы өте
жақсы құрастырылған.Әр модульдің соңында өтілген тақырыптарға байланысты
сөзжұмбақтар берілген .Оқушылар тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі қызыға жұмыс
жасайды. Сондықтан да сөзжұмбақтар да оқушыны жалықтырып алмайтындай етіп
мұғалімнің шеберлігіне байланысты түрлендіріліп пайдаланылады. Сөздік жұмысы. Сөздерді интерактивті тақтада қазақша беріп орысша баламасын таптыру
немесе керсінше қазақша аудармасын тауып жазу. Бір сөзден бірнеше сөз ойлап табу
балаларға ұнайтын тәсілдің бірі .Мұндай тәсілді көбінесе сабақ аяқталуға 56 минут
қалғанда өткізуге болады.Алынатын сөзді мұғалім алдын ала дайындап және ол сөзден
балаларға таныс сөздер шығатындай сөзді таңдап алу керек.
Мысалы: «Қазақстан» сөзінен бірнеше сөз шығару. ( қаз, ақ, ат, ас,ата , ана,аз т.б.) Бұл
ойын түрі көбнесе тілді жаңа үйреніп келе жатқан бастауыш сынып оқушыларымен
жүргізіледі. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру, үйренген сөздерін сөйлем
құрастырғанда пайдалана білуге үйретемін.
Мәтінді оқыту арқылы тіл дамыту.Мәтін оқушыға білім береді,оқушыны оқуға үйретудің
басты құралы,ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді,қазақша сөйлеуге үйретеді.Мәтін
бойынша төмендегідей жұмыс жүргізуге болады:
мәтінді мәнерлеп дауыстап оқып шығу
дұрыс оқылуын қадағалау
сөздіктің көмегімен мәтінді аудару
төмендегі сұрақтарға жауап беру ( жоқ болса мәтін бойынша сұрақтар құрастыру)
мазмұндау
Оқу орыс тілінде жүретіт мектептеп оқушыларына мәтіннің мазмұнын айту
әрине қиын,сондықтан күрделі мәтіндерді сұрақ қою арқылы мазмұнын айтамыз.Орыс
мектебіндегі қазақ тілі пәніне қойылатын басты мақсат балаларға тіл үйрету,яғни ауызекі
сөйлеуге үйрету болғандықтан,сабақты есіктен кіре қазақша сөйлеуден
бастаймын.Амандасу,кезекшімен әңгіме (кім кезекші,сыныпта кім жоқ, бүгін нешесі, қазір
қандай жыл мезгілі, бүгін ауа райы қандай,осы жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады)
тағысын тағы жалғасып кете береді.Осыны әр сабақтың алдында 12 минут бөліп сұрап
отырамын.Сонда балалар жаттығып , жаттап алады. Бұл әдіс оқушының тілін қазақша
сөйлеуге жаттықтырса,екіншіден диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу. Кіріспе
сұрақтарды оқушыларды жалықтырмас үшін түрлендіріп отыруға болады.
Тіл дамыту жұмысының бір тұрідиалог құрастыру,шағын шығарма жазу, мәтін бойынша
кластер құрастыру. Мысалы «Менің отбасым» деген тақырыпты өткенде оқушыларға
берілген мәтінді басшылыққа ала отырып өз отбасылары туралы әңгіме құрастыру. Өздері
құрастырғандықтан естеріне тез сақтап қалады.
Бастауыш сыныптарда сергіту сәтін өткізу де балалардың тілін дамытуға ,сөз үретуге мол
септігін тигізеді.
Жалпы тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруоқушылардың ойлау қабілеті мен
сауаттылығын арттырудың негізгі жолы.
Казак тілі сабагындагы тіл дамыту жумыстары
Казак тілі сабагындагы тіл дамыту жумыстары
Казак тілі сабагындагы тіл дамыту жумыстары
Казак тілі сабагындагы тіл дамыту жумыстары
Казак тілі сабагындагы тіл дамыту жумыстары
Казак тілі сабагындагы тіл дамыту жумыстары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.