5 сынып емтихан жұмыс материал

  • Документация
  • docx
  • 29.05.2025
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Толық түсіндірмелер баря.
Иконка файла материала 5 сынып емтихан материалдары 2024-2025.docx

 

5сынып бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен

аралық аттестаттау тапсырмалары

Емтихан мазмұны:

Оқу мақсаттары:

5.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

 5.2.5.1берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау, негізгі ақпаратты табу.

5.4.2.1 эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу

5.5.1.2 лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі:

-тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;

-берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады;

-фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды, негізгі ақпаратты табады;

-эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;

-лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.

 

1.Тыңдалым.

Мәтінді тыңда, берілген сұраққа жауап бер.

Су – тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: « Судағы таза энергия көп ауруларды жазады», - дейді. Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Сол себепті денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді. Ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол үшін жер бетіндегі халаққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар. Ол, әсіресе Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады.

 

Үлкен адамның денесінде  неше литр су болады?

_____________________________________________

                      

2.Айтылым.

Сұрақтарға жауап бер, жұбыңмен диалогке түс.

1.     Ғаламшардағы адамдар судың қанша пайызын пайдаланады?

2.     Әлемде су тапшылық мәселесі бар ма?

3.     Әсіресе қай елдерде су тапшылығы көп байқалады?

 

3.Оқылым.

1.Мәтінді оқып төмендегі тапсырмаларды орында.

Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады.

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезденқ ғылыми негізде дәлелдеген.

Сонымен, компьютердің адам ағзасына тигізетін залалы мынадай: - көздің көру қабілетін төмендетеді;

мыртқалардың қисаюына әкеледі;

-жүйкеге салмақ түсіреді;

- шаршағыштық, әлсіздік басады.

1.Мәтінге ат қой, негізгі ақпараттарды  анықта

 

_________________________________

2.Мәтін бойынша ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықта.

ақпарат

дұрыс

бұрыс

Ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу,есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады

 

 

Компьютердің зияны туралы мақала өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап жарық көрген

 

 

Компьютер көздің көру қабілетін төмендетеді

 

 

 

4.Жазылым.

Оқылым мәтінінің мазмұны бойынша құрылымын,орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтай отырып «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбына эссе жаз. Эссе жазуда сын есімдерді қолдан. (80-90 сөз)

5.Тілдік бағдар.

Эссе мәтінінен сын есімдерді тауып мағынасына қарай ажырат ( сапалық, қатыстық).

 

 

 

 

 

 

 

1 кесте, 5-сынып рубрикасы

 

Төмен деңгей 1-2 балл

Орта деңгей 3-4 балл

Жоғары деңгей 5 балл

Тыңдалым

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға қысқа жауап береді

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға орташа жауап беру

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға толық жауап беру

Айтылым

берілген сұрақты дұрыс түсініп, қысқа жауап беру, шағын диалогке қатысу

берілген сұрақты дұрыс түсініп, орташа жауап беру, шағын диалогке қатысу

берілген сұрақты дұрыс түсініп, ашық сұрақтарға толық жауап беру, шағын диалогке қатысу

Оқылым

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың мазмұнын толық түсінбейді. Шығарма тақырыбын анықтай алмайды.

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың жалпы мазмұнын түсінеді, тақырыбын анықтауда қателеседі. Өз ойын орташа деңгейде жеткізе алады.

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың мазмұнын түсінеді, тақырыбын анықтайды.

 

Жазылым

Эссе құрылымын сақтамайды, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттауда сөздерді орынсыз қолданады. 4-5 грамматикалық қате жібереді.

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазуда 1-2 қателіктер жібереді.

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады.

Тілдік бағдар:

Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда 4-5 қате жібереді.

Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда елеусіз 2-3 қате  жібереді.

Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда еркін қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы

(оқыту өзге тілде)

 

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Тыңдалым

1-тапсырма - 0,5 балл;

0,5

3

2

Айтылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

0,5

3

3

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

4

Жазылым

- құрылымын сақтауы - 0,5 балл;

- мазмұны-1 балл;

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы - 0,5 балл.

2

12

5

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6

 

 

 

5

30