К.И.Чуковский "Дәрігер Айболит" (ертегі)

  • Разработки курсов
  • Разработки уроков
  • doc
  • 26.11.2019
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Мақсаты: балаларды өзге халықтардың әдеби шығармаларымен таныстыру. Міндеттері: Білімділік: шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс – әрекетін бағалауға, кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым – қатынас әлемімен таныстыру , кейбір адамгершілік қасиеттерге сипаттама бере білуге үйрету ; Дамытушылық: көркем сөйлеу қабілеттерін, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту; Тәрбиелік: өзге адамдарға деген мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту .
Иконка файла материала Дәрігер Айболит.doc

ІІ кіші тобындағы  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің

                                                        технологиялық  картасы

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Дәрігер Айболит» (ертегі) Корней Иванович Чуковский

Мақсаты: балаларды өзге халықтардың  әдеби  шығармаларымен таныстыру.  Міндеттері:

Білімділік: шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс – әрекетін бағалауға, кейіпкер бейнесі арқылы  адамгершілік қарым – қатынас әлемімен таныстыру , кейбір адамгершілік қасиеттерге  сипаттама бере білуге  үйрету ;

Дамытушылық: көркем сөйлеу қабілеттерін, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту;

Тәрбиелік: өзге адамдарға деген мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту .

Сөздік жұмыс: дәрігер, емдеу

Үштілдік компоненет: дәрігер – доктор – doctor , емдеу – лечить – to treat

Қажетті құрал – жабдықтар:  ертегі желісі бойынша сюжеттік суреттер

Іс – әрекет  

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

 

Мотивациялық-

Қозғаушылық

Психологиялық сәт.

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,  «Ертегілер» әнін  қосып,  баяу билеп, әннің алғашқы шумағымен, қайырмасын айтуды ұсынады.

 

Жарты шеңберде тұрады. Әнді бірге  қимылдарын көрсетіп отырып  орындайды.   

 

 

 

Ұйымдастыру– іздестіру

Кіріспе әңгіме.

-         Бүгін біз Корней Иванович Чуковский атты орыс халқының жазушысы жазған «Дәрігер Айболит» деген ертегісімен танысатын боламыз. Ол кісінің портреті міне (портрет көрсету)

-         Үйде ата – аналарыңмен бірге мультфильмін көріп келеміз деп келіскенбіз. Енді сол ертегіні мен айтып беремін.

Кітапты қарастыру.

Балаларға «Дәрігер Айболит» ертегісінің кітабын көрсету.

Ертегіні оқиды.

Ертегі мазмұны бойынша  әңгімелесу.

-         Ертегіде қандай кейіпкерлерді кездестірдік?

-         Қандай құстарды көрдіңдер?

-         Айболит деген кім екен?

 

-         Ауырмау үшін не істеу керек?

Ертегіні қайталап оқып, мазмұнын аша түседі.

 

 

Сергіту сәті:

Алтын айдарлы әтеш оянды,

Тым ерте тұрыпты,

Ойқастап жүріпті,

Жан – жаққа қарапты,

Айдарын тарапты,

Қо – қо – қо ! – депті,

Қорада ойранды салыпты,

Секіріп, айқайлап

Шарбаққа қоныпты.

Сөздік жұмысы:

Емдеу деген – ауырып тұрған адамды, жануарды ауруынан жазу. Денсаулығын қалпына келтіру деген сөз.

-         Ал , енді осы сөздерді орысша және ағылшынша айтып көрейікші:  дәрігер – доктор – doctor , емдеу – лечить – to treat

 

«Сөйлемді аяқта» дидактикалық  ойыны.

  1. Дәрігер ...
  2. Дәрумендер  бізге ...

 

  1. Тазалық денсаулық ...

 

 

Қызығушылықпен тыңдайды.

 

 

 

-         Иә, көрдік.

 

 

 

 

Ертегі кітабын бірге қарастырады.

 

 

-         Сиыр, түлкі, қоян, Барбос, көбелек.

-         Тотықұс .

-         Айболит – ол дәрігер.

Балалардың дербес жауаптары, тәрбиешіден естіп, мультфильмнен көргендері бойынша жауап береді.

 

Қимылдарын келтіре отырып,  тәрбиешімен бірге айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сөзді қайталап, есте сақтауға тырысады.

 

Сөздердің үш тілдегі баламасын қайталап, есте сақтауға тырысады.

 

 

 

 

... емдейтін адам.

...  ауырмауға, мықты болуға көмектеседі.

... кепілі! Қолдарымызды үнемі жуып жүру керекпіз, жемістерді де жуып жеу керек.

 

 

Рефлексивті– түзетушілік

 

Қорытынды:

Ертегіні сахналау.

Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялдарын дамыту.

Балаларды мақтап – мадақтайды. Сыйлыққа Айболиттің атынан  аскорбин қышқылы дәруменін береді.

Дәрігердің, түрлі аңдардың маскаларын киіп, шамалары келгенше сахналап көреді.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: шығарманың мазмұнын;

Болу керек: көркем сөйлеу  қабілеттері;

Істей білу керек: ертегідегі кейіпкерлердің іс – әрекеттерін бағалай біледі.