УДК 504.75
КӨКСУ ЖӘНЕ ҚАРАТАЛ ӨЗЕНДЕРІ БАССЕЙІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
Алимбеков Ж.С.,Токанбаев А.Е.,Бутобаева А.А.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Талдыкорған қ.
Аңдатпа
Көксу және Қаратал өзендерінің гидрологиялық режимі көрсетілген. Өзендердің физикалық, гидрохимиялық құрамы анықталған, су объектілерінің градациялық қасиеттері бойынша анықтама берілді. Өзендер бассейінің ауа ласстану анализі көрсетілген. Су ресурстарын мониторингілеу кезінде мемлекеттік органдардың үйлестіру бойынша бірқатар ұсыныстар бар.
Кілт сөздер: ШРК ластану көрсеткіші, су гидрохимиясы, судың кермектілігі.
Исследование экологического состояния рек Коксу и Каратал
Аннотация
Приведены гидрологический режим рек Коксу и Каратал. Определены гидрохимия рек, физические свойства рек с относением водных объектов к конкретным группам по градации свойств. Проведен анализ загрязнения воздушного бассейна рек. Содержится некоторые рекомендации по координации государственных оргонов при проведении мониторинга водных ресурсов.
Ключевые слова: Предельно допустимый концентрация , гидрохимия воды, жесткость воды.
Research of the ecological state of the rivers “Kosku” and “Karatal”
Annotation
The hydrological regime of the rivers “Kosku” and “Karatal” is given. The hydrochemistry of the rivers, the physical properties of the rivers with allocation of the water bodies to specific groups by the gradation of properties are identified. An analysis of air pollution in the rivers has been carried out. There are also some recommendations on the coordination of state bodies in monitoring of water resources.
Қаратал өзені ұзындығы 390 км. Су алабының ауданы 19,1 мың км². Бастауы Жетісу Алатауындағы Орталық жотасының солтүстік-батыс бетінің мұздықтары. Текелі, Шажа және Қора өзендері Текелі қаласының аумағында қосылған соң Қаратал аталады. Алматы облысы Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары жерімен ағады. Өзен бойында Талдықорған, Үштөбе, Текелі үлкен қалалар орналасқан. Алғашқы 160 км өзен өте жылдам ағады, ал келесі 230 км баяу ағады.
Балқаш-Алакөл алабындағы суының молдығы және арнасының үлкендігі жағынан Іледен кейінгі 2-орында. Жылдық орташа су ағымы Қаратал ауданыны Үштөбе тұсында 19,9 м3/сек. Суы ауылшаруашылық алқаптарын суаруға пайдаланылады.
Негізгі салалары Көксу, Быжы (кіші Быжы, Мұқры, Мақаншы суларымен), Құсақ, Балықты, Қараой өзендері. Ең ірі саласы Көксу өзені (ұзындығы 205 км., су жинау алабы 4670 шаршы км). Арнасының жағасы тік, биіктігі 4 м-ге жетеді. Су жайылмасының ені 5 – 10 м-ден аспайды. Жылдық орташа су ағымы Көксу ауданының тұсында 37 м3/с. Өзен суы шабындықтарды суландыруға, егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады.
Жоңғар Алатауының Беджінтау жотасынан (Қытаймен шекара) Сарноқай, Суықтөбе шоқыларынан Қарасырық (кей басылымдарда Қараарық деп те аталады) және Қазан (шағын көл) өзендерінің қосылуымен басталады. Сол жағынан ірі сала Көктал қосылады. Жоғарғы ағысы тар шатқалдардан өтіп Рудничный ауылының тұсында арнасы кеңейеді. Су ағысы өте қатты, көптеген құлама-сарқырамалары бар болғандықтан республикадағы рафтинг жарыстарын (үрлеме қайықпен) ең қолайлы орын болып табылады.
Өзен бойында Рудничный, Көксу, Талапты, Шаңырақ, Балпық-би елді мекендері орналасқан, Ешкіөлмес тауынан шығар жерде тоспа (плотина) орнатылып, Ескелді (оң жағы) және Көксу (сол жағы) аудандарына су каналдарына таралады. Тастөбе жотасының Түйемойнақ тұсында Қараталмен қосылады.
2017 жылы тамыз айында РМК «ҚАЗГИДРОМЕТ» Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі көрсеткіші бойынша Қаратал өзенінде судың температурасы 19,1 ºC, сутегі көрсеткіші 7,90, судағы еріген оттектің концетрациясы 9,90 мг/дм3, ОБТ5 1,66 мг/дм3. Ауыр металдар (мыс (2+) – 1,6 ШЖШ), биогенді заттар (жалпы темір– 4,4 ШЖШ), органикалық қосылыстар (мұнай өнімдері– 1,4 ПДК), бойынша нормадан асу жағдайлары байқалған.
Сынама алу орны: Талдықорған қаласы Қаратал өзені, Сынақталатын сынаманың атауы: Қаратал өзені. Сұрыптау күні 29.08.2017 г. Сынақ жүргізілген күндері: 31.08.2017 г. – 07.09.2017 г.
Сынақ жүргізу жағдайы: температура 21,0 0С , ылғалдығы 73 % , атмосфера қысымы 712 мм сын.бағ.(1-кесте).
Кесте 1.
№
|
Анықталатын құрамның атауы, ө. б. /
|
ШРК/
|
СШРТ/ |
Нақты нәтиже/
|
ШРК, СШРТ артуы/ |
|
1 |
2 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
рН |
6-9 |
|
6,8 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 4 |
2 |
Жалпы, кермектілігі мг-экв/дм3 |
|
|
2,1 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 10 |
3 |
БПК5, мгО2/дм3 |
|
|
1 |
|
СТ РК ИСО 5815-1-2010 |
4 |
Жүзгін заттар, мг/дм3 |
|
|
131 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п.2 |
5 |
Нитриттар, мг/дм3 |
3,3 |
|
0,12 |
|
ГОСТ 26449.2-85, п. 10 |
6 |
Кальций, мг/дм3 |
|
|
30 |
|
ГОСТ 26449.2-85, п. 11 |
7 |
Магний, мг/дм3 |
|
|
7 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 11 |
8 |
Хлорид, мг/дм3 |
350,0 |
|
10,4 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 12 |
9 |
Сульфат, мг/дм3 |
500,0 |
|
81 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 16 |
10 |
Гидрокарбонаттар, мг/дм3 |
|
|
92 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 11 |
11 |
Сілтілігі, ммоль/дм3 |
|
|
1,5 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 12 |
12 |
Құрғақ қалдық, мг/дм3 |
|
|
225 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 16 |
13 |
Хром (III), мг/дм3 |
0,5 |
|
анықталмаған. |
|
|
Биогенді заттар |
|
|||||
1 |
Аммоний азоты, мг/дм3 |
|
|
0,07 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 11 |
2 |
Темір, мг/дм3 |
0,3 |
|
0,3 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 12 |
3 |
Жалпы фосфор, мг/дм3 |
|
|
0,02 |
|
ГОСТ 26449.1-85, п. 16 |
Сынама алу орны: Қаратал өзені Жаңаталап маңайы, Сынақталатын сынаманың атауы: Қаратал өзені. Сұрыптау күні 29.08.2017 г. Сынақ жүргізілген күндері: 31.08.2017 г. – 07.09.2017 г.
Сынақ жүргізу жағдайы: температура 21,0 0С , ылғалдығы 73 % , атмосфера қысымы 712 мм сын.бағ. (2-кесте).
Кесте 2.
№
|
Анықталатын құрамның атауы, ө. б. /
|
ШРК/
|
СШРТ/ |
Нақты нәтиже/
|
ШРК, СШРТ артуы/ |
1 |
2 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
рН |
6-9 |
|
7.1 |
|
2 |
Жалпы кермектілігі, мг-экв/дм3 |
|
|
2,2 |
|
3 |
БПК5, мгО2/дм3 |
|
|
1.0 |
|
|
|||||
1 |
Жүзгін заттар, мг/дм3 |
|
|
197.0 |
|
2 |
Аммоний азоты, мг/дм3 |
|
|
0,22 |
|
3 |
Нитриттар, мг/дм3 |
3,3 |
|
0,03 |
|
4 |
Кальций, мг/дм3 |
|
|
40,0 |
|
5 |
Магний, мг/дм3 |
|
|
2,5 |
|
7 |
Хлорид, мг/дм3 |
350,0 |
|
10.4 |
|
8 |
Сульфат, мг/дм3 |
500,0 |
|
82,0 |
|
9 |
Гидрокарбонаттар, мг/дм3 |
|
|
67,0 |
|
10 |
Сілтілігі, ммоль/дм3 |
|
|
0.12 |
|
11 |
Құрғақ қалдық, мг/дм3 |
|
|
2,2 |
|
12 |
Хром (III), мг/дм3 |
0,5 |
|
2,2 |
|
Биогенді заттар |
|||||
1 |
Аммоний азоты, мг/дм3 |
|
|
0,22 |
|
2 |
Темір, мг/дм3 |
0,3 |
|
0,46 |
|
3 |
Жалпы фосфор, мг/дм3 |
|
|
7.1 |
|
Сынама алу орны: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі көпірі Қаратал өзені, Сынақталатын сынаманың атауы: Қаратал өзені. Сұрыптау күні 29.08.2017 г. Сынақ жүргізілген күндері: 31.08.2017 г. – 07.09.2017 г.
Сынақ жүргізу жағдайы: температура 21,0 0С , ылғалдығы 73 % , атмосфера қысымы 712 мм сын.бағ.(3-кесте).
Кесте 3.
№ |
Анықталатын құрамның атауы, ө. б. /
|
ШРК/
|
СШРТ/ |
Нақты нәтиже/
|
ШРК, СШРТ артуы/ |
1 |
Азот амоний, |
|
|
0,1022 |
|
2 |
Нитриттар, |
3,3 |
|
0,0103 |
|
3 |
Темір, |
0,3 |
|
0,2033 |
|
Сынама алу орны: Балпық би кенті Көксу өзені, Сынақталатын сынаманың атауы: Көксу өзені. Сұрыптау күні 29.08.2017 г. Сынақ жүргізілген күндері: 31.08.2017 г. – 07.09.2017 г.
Сынақ жүргізу жағдайы: температура 19,0 0С , ылғалдығы 70 % , атмосфера қысымы 712 мм сын.бағ.(4-кесте).
Кесте 4.
№ |
Анықталатын құрамның атауы, ө. б. / |
ШРК/
|
СШРТ/ |
Нақты нәтиже/ |
ШРК, СШРТ артуы/ |
1 |
2 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
рН |
6-9 |
|
7,0 |
|
2 |
Жалпы кермектілігі, мг-экв/дм3 |
|
|
2,56 |
|
3 |
БПК5, мгО2/дм3 |
|
|
1.0 |
|
|
|||||
1 |
Жүзгін заттар, мг/дм3 |
|
|
66.0 |
|
2 |
Нитриттар, мг/дм3 |
3.3 |
|
0.06 |
|
3 |
Кальций, мг/дм3 |
|
|
39.0 |
|
4 |
Магний, мг/дм3 |
|
|
8.0 |
|
5 |
Хлорид, мг/дм3 |
350.0 |
|
10.4 |
|
6 |
Сульфат, мг/дм3 |
500.0 |
|
70,0 |
|
7 |
Гидрокарбонаттар, мг/дм3 |
|
|
165,0 |
|
8 |
Сілтілігі, ммоль/дм3 |
|
|
0.06 |
|
9 |
Құрғақ қалдық, мг/дм3 |
|
|
2.7 |
|
10 |
Хром (III), мг/дм3 |
|
|
2,56 |
|
Биогенді заттар |
|||||
1 |
Аммоний азоты, мг/дм3 |
|
|
0,56 |
|
2 |
Темір, мг/дм3 |
0,3 |
|
1,2 |
|
3 |
Жалпы фосфор, мг/дм3 |
|
|
7,0 |
|
Кесте 5. Су объектілерінің ластану дәрежесі бойынша жалпы жіктелуі
№ |
Дәреже |
Бағалау көрсеткіштері |
|||
|
|
|
|
БПК 5 |
|
1 |
нормативті таза |
≤1 |
≥4 |
≤3 |
|
2 |
қалыпты ластану деңгейі |
1,1-3,0 |
3,1-3,9 |
3,1-7 |
|
3 |
жоғары ластану деңгейі |
3,1-10 |
1,1-3,0 |
7,1-8 |
|
4 |
өте жоғары ластану деңгейі |
≥10 |
≤1,0 |
≥8,1 |
|
Гидрохимия көрсеткіші бойынша судың құрамын кешенді бағалаудың әдісі. Қаратал және Көксу өзендері бастауын мұздықтардан алатын тау өзендері. Гидрохимия құрамы бойынша гидрокарбонат, карбонат және натрий кальции, магнилі су объектілері. Химиялық құрамы бойынша және оттекке биохимиялық қажеттілік бойынша таза нормативті су объектісіне жатады. Кермектілігі бойынша орта жұмсақтау топқа жатады.
Атмосфералық ауа әсері
Талдықорған қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластану жай-күйі Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 2 стационарлық бекетте жүргізілді(6-кесте).
Кесте 6.
Бекет нөмірі |
Сынама мерзімі |
Бақылау жүргізу |
Бекет мекен-жайы |
Анықталатын қоспалар |
1 |
тәулігіне 3 рет |
қол күшімен алынған сынама(дискретті әдіс) |
Гагарин көш., 216 және Жабаев көшесі
|
қалқыма бөлшектер (шаң), күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, күкірттісутек, аммиак, формальдегид |
2 |
әр 20 минут сайын |
үзіліссіз режимде |
Жастар саябағы |
қалқыма бөлшектер (шаң), күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, күкіртті сутегі, аммиак |
Атмосфераның ластануын жалпы бағалау. Стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша қаланың атмосфералық ауасы жалпы ластану деңгейі көтеріңкі болып бағаланды СИ=2 және ЕЖҚ=7% (көтеріңкі деңгей) анықталды
Жалпы қала бойынша барлық ластаушы заттардың орташа айлық шоғырлары ШЖШ-дан аспады. Максималды-бірлік шоғырлар көміртегі оксиді бойынша - 1,6 ШЖШмб., басқа ластаушы заттардың шоғырлары ШЖШ-дан аспады. Қаратал өзені бассейіне Текелі қаласы мекемелерінің әсері бар. Айтар болсақ ЖШС«Текелі су құбыры», «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ, , темір-кен концентратын өндіретін «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС, «Казцинк-ТЭК» ЖШС энергетикалық кешені, құрылыс кірпішін өндіруші «ТКСМ» ЖШС, табиғи шунгит өндіруші «Көксу» тау-кен компаниясы» ЖШС, гранит өнімдерін өндіруші «Текелі-Гранит» ЖШС мен «Шарықтас» ЖШС, мәрмәр шығару мен өнімдер жасаушы «Алатау Мрамор» ЖШС, «Мрамор Тас» ЖШС-і табылады. Бұл мекемелердің атмосфераға жылдық шығарындылары 8-9 мың т жылына. Талдықорған қаласы бойынша негізгі ластаушылар ЖШС«Талдықорған жылу сеервисі», ЖШС «Қайнар АКБ», ЖШС «Темірбетон», ЖШС «ZHERSU Power», ГГКП «Жетысу су құбыры», «Талдықорған жолдары», «Ақсұңқар-ай», «Гордарстрой» ЖШС-нің асфальт өндіру зауыттары, жер қойнауынан қиыршық тас алу, т.б өндіру орындары және әскери горнизондары болып табылады. Балпық би кенті бойынша Көксу қант зауыты болса Үштөбе қаласы бойынша ЖШС «МК «KazSilicon» мен «Қаратал-ирригация» мекемесі Мекемелердің жылдық шығарындылар көрсеткіші жылына 10-12 мың т.
Атмосфералық ауа ластану индексінің дәрежесін бағалау
Градация |
Атмосфералық ауаның ластануы |
көрсеткіштер |
Айлық ластану |
I |
Төменгі |
СИ НП % |
0-1 0 |
II |
Жоғары |
СИ НП % |
2-4 1-10 |
III |
Өте жоғары |
СИ НП % |
5-10 20-49 |
IV |
Шектен тыс |
СИ НП % |
>10 >50 |
РД 52.04.667-2005 Қала атмосферасының ластану көрсеткіші бойынша Талдықорған қаласы төменгі деңгейге жатады. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерде жеке секторлар есепке алынған. Автокөліктер, әуе және темір жол көрсеткіштері көрсетілмеген. Себебі көліктердің барлығы тіркеу орындары бойынша есепке алынады. Жылына 20-25 мың т шығарындылар. Темір жол мен әуе жолдары ластану көрсеткіштері Астана қаласы көрсеткіштеріне кіреді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Галаневич А.Г. Оценка воздействия на окружающую среду и экологическая экспертиза // Экологическая экспертиза. № 3, М. 1999.
2. ГОСТ 26449.1-85. п., ГОСТ 26449.1-85, п.
3. Никаноров A.M., Хоружая Т.А. Экология. М.: "Издательство ПРИОР",1999.304с.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.