Бұл материалда қамтылатын тәрбие сағаттары. Тәрбие сағаттары 1-сыныпқа арналған. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Бұл материалды жас мамандар тәрбие сағаттарына көмекші құрал ретінде қолдануға болады. Тәрбие сағаттары оқушылардың әр мезгілдегі демалыстарды адам өмірқауіпсіздігінен хабардар етеді. Өмір қауіпсіздігін сақтауға жол ашады.классный час для 1 класса
25.docx
Сынып сағаты
Тақырыбы: Күн тәртібі
1 Сынып Тақырыбы: «Күн тәртібі».
Мақсаты: Білімділігі денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан
байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру;
Дамытушылығы оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты
зиянды заттардан аулақ болуға үйрету;
Тәрбиелігі оқушыларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, өз
уақыттарын дұрыс пайдалануға үйрету. Гигиеналық ережелер мен мінезқұлық
мәдениетінен білім беру.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,сөзжұмбақ,жемістер,шар.
«Дем алғың келсе, уақытыңды рәсуә етпе»
В.Франклин
«Режим мен еңбек – денсаулық кепілі»
И.П.Павлов.
Әдісі: әңгімелеу, ойын,сөзжұмбақтар шешу.
Өту барысы:
Мұғалім:
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек
денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөзденіңнің саулығы деген
мағынаны білдіреді. Деніңнің аурусырқаудан аман, қайратты, жігерлі,
көңілдің көтеріңкі болуының өзіденсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің,
ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі
түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. Ендеше «Денсаулықзор байлық» деп
халқымыз айтқандай, денсаулықты ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір
біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне, осында. Дені сау адам
әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтан да өз
денсаулықтарыңа жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Амандасу.Топқа бөлу,жемістер арқылы.
2.Ой толғаныс «Денсаулық»
Әр топ қорғау.
Тақпақ : 1оқушы:Денсаулық ол–шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі
2оқушы:Денсаулықолкүлуің
Көңіл–күйіңжадырай,
Денсаулықол–жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
3оқушы. Басты байлықденсаулық
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып, Осы шақтан балалық.
Денсаулықты күту үшін балаларға күнделікті күн тәртібін сақтаудың маңызы
зор.Сондықтан бүгінгі біздің тақырыбымыз « Күн тәртібі».
Күн тәртібі – ісәрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс
ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың,
міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті
өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.
Күн тәртібі –бұл жұмыс пен тынығу уақытының ауысымын дұрыс бөлуге
көмектесетін кесте.
Күн тәртібі –бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу.
Күн тәртібі тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру
1.Ұйқыдан тұру.Жаттығу жасау. Бір оңға,бір солға.
Пайдасы.Күнделікті ұйқыдан тұрған соң жаттығу жасау денсаулыққа
пайдалы.Барлық ағзамыз шынығады.Көңілкүйің көтеріңкі болады.Таңғы асқа
тәбетің ашылады.
Дене қимылыдәрісіз ем,
Шыныға жүріп дертті жең.
Таза болса табиғат,
Аман болар –адамзат.
Жалқаулықжаман ауру
Шынықсаң, шымыр боласың.
Нәтиже:Мен күнде ұйқыдан тұрған соң жаттығу жасаймын.Денем
жеңілдеп,ұйқыдан тез арылам.Қан айналымын жақсарады.
2.Жуыну қимылдарын жасау.Тісті күтудің пайдасы.
Тісті күтуде ең бірінші тіс пастасын дұрыс таңдай білу керек.Мен мына
пастаны қолданам. «Мятный».2 рет тазалау.тіс шайғышпен ,тұзбен шаю
пайдалы.6оқушы.Тісіңді жу, тазарт
Маржандай болсын аппақ.
Атқаратын қомақты
Ауыз қуыс ісі бар:
Ұсататын тамақты
Отыз екі тісі бар.
Алғашқы тіс – сүт тістер
Түсіп бірте тынады.
Алты жастан нық тістер –
Тұрақты тіс шығады.
7 оқушы:
Тіс болмаса,
Асты қалай шайнарсың, Тазалап жүр тісіңді.
Тісті күнде екі рет Кішкене де ыңғайлы,
Тазартуды ойларсың. Тіс щеткасын пайдалан.
әдет қыл бұл ісіңді: Тазалауға болмайды,
Щеткасымен басқа адам. 3.Таңғы ас.Мәзірі.
1Ботқа.
2. Жемісжидектер,көкөністер.
3.Жұмыртқа.
4.Сүт.
Пайдасы.Таңғы ас ішкен асқазанға пайдалы.Ботқалардың құндылығы
жоғары.Себебі онда дәрумендер,минералдар көп.
Егер таңғы ас ішпесем асқазаным,ішім ауырады.Әлсіз сезініп,жүре алмаймын.
Ас – адамның арқауы. Тамақты ішкің күнде сен,
Деген сөз бар ежелден. Белгілі бір мезгілде.
Бойға сіңіп, тарқауы, Таңертең, түс, түстен соң,
Үшін керек ереже. Жатар алды кезінде.
4.Мектепке келу.Партада түзу.Омырқа жотасы туралы айту.
Омыртқа жотасытұлғаның негізгі тірегі.
Омыртқа жотасытұлғаны алға,артқақарай қозғалту арқылы түрлі қимылдарға
келтіреді.Қисаю себептерінің біріпартада ,орындықта түзу отырмау.
Нәтиже: Біз партада түзу отырамыз.Себебі: өскенде сымбатты болғымыз
келеді.
Жаттығу «Қара жорға».
5. Түскі ас мәзірі.
1.Ет,құс еті,балық.
2.Көкөністер,жемістер.
3.Картоп.
4.Сүт.
Пайдасы:Түскі аста орташа тамақтану керек.Көкөністер мен жемістер салаты,
еттен не балықтан 1ші және 2ші ыстық тағамдар,шырындар ішкен жөн. Сүт
тағамдарында, етте, балықта кездесетін дәрумендер адам ағзасына өте қажет.
Сондықтан да үнемі құрамында ағзаларға қажет дәрумендері бар тамақтарды
жеп жүргеніңіз абзал.
6.Сөзжұмбақ шешу. «Денсаулық,бақыт,байлық».
Атааналарға жағдаяттар.
1жағдаят.Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой
бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға
болады»деді.Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып
ала алмаймыз»деді.
Сіздер не деп айтқан болар едіңіздер?
2жағдаят. Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты.Анасы
баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой.Отырып,дұрыс тамақ
ішсең қайтер еді?» деп кейіді.Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа
әсері қанша?» деп жүре тың дады.
.Қалай ойлайсыз,Саматтың айтқаны дұрыс па? Сіз балаңызды қалай
тамақтандырасыз? 3жағдаят. Асылан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау
керектігін ойланды.Бірақ ол неден бастарын білмей,дал болды.Ойлана
келіп,өзінің күн кестесін құрудан бастады. Уақытты дұрыс және пайдалы
өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
Асыланның ойы дұрыс па? Сіз Асыланның анасы болсаңыз күн кестесін қалай
құруға көмектесер едіңіз?
Сөзжұмбақтар шешуін тыңдау.Денсаулығы мықты адам бақытқа ,байлыққа да
кенеледі деп қорытындылау.
7.Үйге келу.Компьютердің пайдасы,зияны туралы айту.
Зияны:ұзақ уақыт отыру мойын,бастың,қолдың,иық бұлшық еттеріне күш
түсіп,осыдан омыртқаға артық жүктеме сколиоз пайда болады.Көздің көрүін
нашарлатады.Көзден 6080см қашықтықта болу керек.
Пайдасы:1.Байланысқа кіру.
2.Кеңінен жайылу.
3.Қатысу.
4.Байланыс жеңілдігі.
5.Тасымалдау ісінің жеңілдігі.
Көз жаттығуын жасау.
8.Кешкі ас мәзірі.
1.Ботқа,нан,картоп.
2.Көкөністер,жемістер.
3.Айран.
Пайдасы:Кешкі ас жұғымды,жеңілді болу керек.Ұйықтар алдынан 2 сағат
бұрын ішу керек.Кешкі серуенге шығу керек.Жатар алдында бөлмені желдету.
Гигиена туралы тақпақ.
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі – жиі жуын сен:
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз – түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
Жаттығу «Қызыл өрік».
Қорытынды:Топтарға жемістер тарату.
Рефлексия жасау.6қалпақ.
Ата – анамыз, ұстазымыз,
Бір тілек айтарымыз:
Берекелі заман болсын,
Балаларың аман болсын.
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын.
Бүгінгі тәрбие сағаты
Денсаулық жайлы сөз еткен.
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен
Осымен, біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл –
үшеуімен бақытты болады өмір», деген нақыл сөз бар. Айтқанымыздай, дені
сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын
ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Сынып сағаты
Тақырыбы:
Отан – оттан да қымбат
1 Сынып Тақырыбы: Отан – оттан да қымбат.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Дамытушылық: Тіл байлығын молайту, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін
сөйлей білу әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік
рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: тәрбие сағаты
Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік.
Көрнекіліктер: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, суреттер, отан туралы
мақалмәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Респуликасының гимні орындалады. (аудиозапис қосылады.)
Гимннің сөзін жазғандар: Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елімнің!
ІІ. Негізгі бөлім
Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимні, туы, елтаңбасы болады.
Біз оны рәміздер деп атаймыз.Осы рәміздер туралы жекежеке түсінік беріп
өтейін.
Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай
көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр.
Мынау – елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, қос пырақ, бес
бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар. Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
Астана қаласы
Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,
Астанамыз Астана – бас қаламыз.
Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады.
Рәміздерімізді үлкен де, кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Ал әнұранды біз
білеміз. Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер. Қазақстан
республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?
1оқушы: Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
2оқушы: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
3оқушы: Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі
4оқушы: Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз Қазақстан. Халқымызда «
Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде
Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.
Сұрақ – жауап ойыны. Шарты: Байтеректің суретін сұраққа жауап беру
арқылы құрастыру.
Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?(Отан деген менің үйім,туған жерім.
Менің жүрегім Отан деп соғады.)
Отан деген –Атамекен,
Отан деген – Туған жер.
Отан – ана, Отан –үлкен,
Қазақстан – туған ел.
Балалар тақтада қандай сурет бейнеленген? Байтерек қай қаламызда орналасқан? (Астана)
«Астанаға саяхат» презентация.
Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім? (Нұрсұлтан
Назарбаев атамыз).
Егеменді елдің басты белгісі – тіл. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады.
Қазақ тілі – біздің ана тіліміз.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
ІІІ. Қорытынды. Балалар, сендер отан туралы жан – жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді
Отан туралы мақалмәтел айтайық.
Отан – оттанда ыстық.
Отан – елдің анасы,
Ел – ердің анасы.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
Міне, балалар, өміріміздің жалғасы,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта ,бар қалан»
деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз сендер қоғамымызға кірпіш болып қалана
берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Сынып сағаты
Тақырыбы: Білгенге маржан
1 Сынып «Білгенге маржан»
Ойынның мақсаты: сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой шапшаңдығын, тіл
байлықтарын, көзқарастарын кеңейту;
ойын арқылы білімділік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Ойыншылар екі топқа бөлінеді.
I – тур «Блиц турнир»
Әр топқа 12 сұрақ қойылады. Әр сұрақ – 10 ұпай. Егер ойыншы қателессе,
кезек келесі ойыншыға беріледі.
Блиц турнир сұрақтары
1 топ
1. Орман емшісі (тоқылдақ)
2. Аюдың баласы (қонжық)
3. Сандарды немен белгілейміз (цифрмен)
4. Математикада неше амал бар (4)
5. Анамыздың туыстары бізге (нағашы)
6. Қатып қалған су (мұз)
7. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
8. Суда өседі тамыры жоқ (балдыр) 9. Сөйлем неден құралады (сөзден)
10. Дүние жүзіндегі халық саны ең көп мемлекет (Қытай)
11. Қабырғалары бірдей фигура (шаршы)
12. Мойны ұзын жануар (жираф керік)
13. Астана қай өзеннің бойында (Есіл)
2 топ
1. Жылқының сүті (қымыз)
2. Қасқырдың баласы (бөлтірік )
3. «26» неше таңбалы сан (екі)
4. Ауданның өлшем бірліктерін ата (см. кв)
5. Әкемнің әкесі маған (ата)
6. Жыл мезгілдері нешеу (4)
7. Абылай ханның шын аты (Әбілмансур)
8. Жолаушылар таситын ең үлкен самолет (Боинг 747)
9. Қалталы жануар (кенгуру)
10. Уақытты жылдамдыққа көбейткенде нені табуға болады
(қашықтықты)
11. Ең биік ағаш (секвойя Калифорниядағы)
12. Қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер (мультфильм «Ну, погоди!»)
II – тур «Ойлан, тап!»
Әр топ 4 сұрақты кезектесіп таңдап алады. Әр сұрақ – 500 ұпай.
Егер жауабын айта алмаса, залдан көмек сұрайды. Мұндайда жауабы 400
ұпаймен саналады.
Егер жауабын әлі де білмесе. Ойын жүргізушіден көмек сұрайды: жауап – 300
ұпаймен саналады.
Егер әлі де жауабын айта алмаса, тағыда жүргізушіден көмек алуға болады:
жауап – 200 ұпаймен саналады.
«Ойлан, тап!» турының сұрақтары
1. Космонавттар неге скафандр киеді?
(Ғарышта Жердің көлеңке тұсында өте суық, жарық жағында өте ыстық және
ол жерде ауа қысымы жоқ болғандықтан адамдардың қаны қайнап кетуіне
болады. Скафандр адам денесінің температурасын бір қалыпта сақтайды,
денесін қорғайды)
2. Жаңбыр қалай пайда болады?
(Күннің көзі теңіздерден суды булайды. Желмен буқұрлық бетіне ауысады.
Таулардың үстінде ылғалды ауа жоғары көтеріледі, сонда шоғырланады.
Жерге жаңбыр, қар болып түседі)
3. Арал неге кішірейіп барады?
( Аралға суларын қосып құятын өзендердің суын адамдар жолшыбай
шаруашылық қажеттіліктеріне бұрып алады. Теңізге су жетпейді және ыстықта көп буланып суы тартылып жатыр)
4. Кірпі қыс бойы ұйықтайды, түк жемейді. Ендеше неге кірпі алманы арқалап
жүреді?
( Орман ішінде, шөптің арасынан кірпі өзінің инелерімен неше түрлі
жәндіктерді жұқтырып алады. Олар мазасын алып денесін қышытады. Кірпінің
инесіне түйрелген алманың қышқылы оларды құртады)
III – тур «Білгенге маржан»
100, 200, 300, 400, 500 ұпаймен сұрақты таңдаған топ өзі бағалайды. 1 6
сұрақтарда егер жауап дұрыс болса, ұпайлары қосылады.
Соңғы 2 сұрақ интеллектуалды дуэль тәртібімен ойналады.
7 8 сұрақтарда егер жауабын білмесе – ұпайлары таңдаған ұпайлар санына
азаяды.
«Білгенге маржан» турының сұрақтары
1. Жартысы ащы, жарты бөлігі тұщы көл (Балқаш)
2. Заң шығаратын орын (Парламент)
3. Европа мен Азияны бөліп тұрған тау ( Орал)
4. 14 облыстан құралып тұрған ел (Қазақстан)
5. Түйеқұс қандай жылдамдықпен жүгіре алады? (70км/сағ)
6. Ауаның үштен екі бөлігін құрайтын газ (азот)
7. Майлы, қоймалжың сұйық зат. Жанғанда күлі де қалмайды (Мұнай)
8. Әлемнің жеті кереметін ата
• ( Хеопс пирамидасы 147 м,
• Александрия манары Ніл өзенінде Фарос аралында,
• Семирамида аспалы бағы 6 қабат үйдің биіктігіндей Вавилонда),
• Зевс мүсіні 14 м,
• Галикарнас кесенесі,
• Родос алыбы 36 м,
• Артемида ғибадатханасы
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Классный час
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.