Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Көлік түрлері. Жолда жүру ережесін сақтайық
Мақсаты: көлік түрлері, жол бөліктері (жаяужол, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жерасты өту), бағдаршам белгілерімен таныстыру, жолда жүру ережелері туралы білімдерін естеріне түсіру.
Міндеттері:
- жол бөліктері, бағдаршам белгілерімен таныстыру. Көлік түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Көлік түрлерінің қолданысы (әуе, су, жерде жүретін көліктер), жүктің сипаты және қолданылуы мәшиненің құрылысына тәуелділігі туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру мәшинесі және тағы басқа) қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру.
- жолда жүру ережелері, бағдаршам түсінің, «Жаяу жүргінші өткелі» жол белгісі белгілеріне қарай өту дағдыларын дамыту;
- көлікте жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: көлік түрлері, жол бөліктері, бағдаршам белгілері, жолда жүрудің қарапайым ережелерін біледі.
түсінеді: бағдаршам түсінің белгілеріне сәйкес, жаяу жүргіншілер өткелінен өту керектігін түсінеді. Қозғалыс ортасына сәйкес көлік құралдарын таниды, атайды және оларды басқаратын адамдар туралы біледі.
қолданады: бағдаршамның белгілерін біледі. Көшеде, жол бөліктерінде, өткелде өзін дұрыс ұстайды. Көлік түрлерінің қолданысы (әуе, су, жерде жүретін көліктер), жүктің сипаты және қолданылуы, мәшиненің құрылысына тәуелділігі туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру мәшинесі және тағы басқа) біледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көлік түрлері бейнеленген суреттер, ойыншықтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, қағаздан жасалған кеме, су құйылған көлемді ыдыс, пенопласт.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Сөздік жұмыс: жүк мәшинесі, жедел жәрдем мәшинесі, өрт сөндіру мәшинесі, жол бөліктері, бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері, туралы білім беру жаяу жүргінші өткелі.
Билингвалды компонент: жүк мәшинесі – грузовая машина, жедел жәрдем – скорая помощь, өрт сөндіру мәшинесі – пожарная машина, бағдаршам белгілері/сигналдары – сигналы светофора.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
«Кім қандай көлікпен келді?» ойыны. Ойын шарты: педагог балаларды шеңбер бойына тұрғызып, допты лақтырып, балабақшаға қандай көлікпен келгендігін сұрайды. Балалардан көлік түрлері: автобус, ұшақ, кеме, пойыз туралы сұрай отырып, көлік жүргізетін адамдар туралы әңгіме жүргізеді.
2. Негізгі бөлім
Педагог көліктердің қоғамдық, жеке және жүк көліктері болып бөлінетіндігін айтады.
-Мәшинені жүргізетін адамды кім деп атауға болады? (Жүргізуші)
- Жүргізуші ең бастысы нені білу керек? (Мәшине жүргізуді, жолда жүру ережесін және т.б).
Балаларға көлік түрлерінің суреттерін көрсете отырып, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтуға болатындығын сұрайды (көліктер). Егер бала жауап бере алмаса, өзі айтады.
Ойыншық мәшинелерді көрсетіп, олардың атын, атқаратын қызметін сұрайды.
- Мынау не? (Автобус).
-Автобус қандай жерлерге барады? (Ауылға, қалаға барады).
-Ал мынау не? (Трамвай).
- Трамвай қандай жолмен жүреді? (Ол – трамвай).
- Трамвай темір жолмен жүреді (Трамвайға адамдар бір жерден екінші жерге бару үшін отырады).
-Адамдар трамвайды не үшін (қандай мақсатта) пайдаланады?
-Автобус пен трамвайдың ұқсастықтары қандай? (Екеуі де адамдарды тасиды. Екеуінің де кабинасы, шанағы бар).
-Айырмашылықтары қандай? (Трамвай автобус сияқты кез келген жерге бара алмайды. Олардың дөңгелектері әртүрлі).
-Трамвайдың кез келген жерге бару үшін не керек? (Темір жол керек).
-Темір жолмен тағы да қандай көлік түрі жүреді? (Пойыз жүреді).
-Не үшін барады?
-Пойыздың қандай айырмашылығы бар? (Пойыз алыс жерлерге бара алады. Және пойыздың бірнеше вагондары бар. Сол себепті ол ұзын).
-Ұқсастықтарын неден байқауға болады? (Пойыз да адамдарды тасиды. Бірақ пойыз адамдарды алыс-алыс жерлерге апарады).
-Сендер тағы адамдарды таситын қандай көліктерді білесіңдер? (Ұшақ, кеме).
-Ұшақ пен кеменің айырмашылығы неде? (Ұшақ аспанда ұшады, ал кеме суда жүзеді).
Қоғамдық көлік түрлерінің құрғақта жүретін, суда жүзетін, темір жол арқылы жүретін және әуеде ұшатын болып бөлінетіндігіне және пойызды жүргізетін адамның жүргізуші, ал кемені басқаратын адамның капитан деп аталатындығына тоқталу. Сонымен қатар, кеме мен пойыз жолаушыларды алыс жерлерге таситын болғандықтан олардың ішінде адамдарға жағдайдың жасалғандығын (тамақтанатын, ұйықтайтын т.б жердің болуы) айтады. Сонымен қатар жүк таситын кемелер мен пойыздың бар екендігіне тоқталу.
-Міне, көрдіңдер ме, балалар, адамдар үшін қызмет ететін көлік түрлері көп екен. Ал осындай көліктерге отыратын адамдарды жолаушылар деп айтамыз. Енді, балалар, мына суретке қараңдаршы. Сендерге осы көлік түрлерінің ішінен қандай көлік таныс?
-Өрт сөндіруші мәшинесін қандай жағдайда пайдаланамыз?
Өрт сөндіруші мәшинесінің түсінің неліктен қызыл болатындығы, жедел жәрдем мәшинесінің неліктен жабық түрде болатындығы және оны не үшін пайдаланатындығы, трамвай, өрт сөндіруші және жедел жәрдем мәшинесінің атқаратын қызметі, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығы, көліктің құрылысы (кабинасы, шанағы, дөңгелектері) туралы салыстырмалы түрде сұрақтар қоя отырып, толық мағлұмат береді.
№ 1 ойын: «Дауысынан таны». Үнтаспадан көлік түрлерінің (пойыздың гудогі, ұшақтың, кеменің т.б) дыбыстары естіледі.
№ 2 ойын «Сипатта»
Көп суреттердің ішінен өзіне ұнаған көлік түрі туралы алып сипаттап айтып беру тапсырылады
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымен жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
Жұмыс дәптерімен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіру.
Балалармен жүк мәшинесі, жедел жәрдем мәшинесі, өрт сөндіру мәшинесі, жол бөліктері, бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері, жаяу жүргінші өткелі сөздері мен сөз тіркестері бойынша сөздік жұмысын жүргізу.
Билингвалды компонент:
жол бөліктері, бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері, туралы білім беру жаяу жүргінші өткелі сөздері және сөз тіркестері арқылы сөздік жұмыс жүргізу.
Екі тілде жүк мәшинесі – грузовая машина, жедел жәрдем – скорая помощь, өрт сөндіру мәшинесі – пожарная машина, бағдаршам белгілері – сигналы светофора, жаяу жүргінші өткелі – пешеходый переход сөздері мен сөз тіркестерін қайталату.
3. Рефлексия.
Балалардан оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін айтқыза отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілету.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.