"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия
Оценка 4.7

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
химия
9 кл—11 кл +1
23.03.2017
"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия
Тақырыбы: Көміртек және оның маңызды қосылыстары. Мақсаты: Көміртек пен оның қосылыстары туралы мәлімет беру. Тақырыпқа сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жаза білу және есептер шығара білу дағдысын қалыптастыру. Оқушының функционалдық сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Топпен және жеке жұмыс жасауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: - Көміртек пен оның маңызды қосылыстары туралы толық мәлімет алады; - Реакция теңдеулерін жаза біледі; - Есеп шығара алу дағдысы қалыптасады; - Оқушының функционалдық сауаттылығы артады; - Логикалық ойлау қабілеті дамиды. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау жасау, талқылау, ой бөлісу, зерделеу. Сабақтың көрнекілігі: Слайд, бейнекөріністер, периодтық жүйе, үлестірмелі беттер, қарындаш, көмірдің үлгілері, кеуек ағаш көмірі, әйнек кескіш, егеу, белсендірілген көмір. Пәнаралық байланыс: Медицина, биология, экология. Сабақ барысы. Ұйымдастыру – оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сыныпта жақсы көңіл- күй орнатып алу. Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақ - менен, жауап - сізден» сұрақ-жауап арқылы, сәйкестікті табу кестесі, «Тыңайтқыштар кестесін» толтыру арқылы жүргізілді. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. «Көміртек элементінің ашылу тарихы» бейнекөрініс көрсету. Көміртектің қысқаша қасиеттері, қолданылуы, қосылыстары туралы айтылғаннан кейін, оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Бекіту. Логикалық ойлауға тапсырмалар беріледі. КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ Көміртек – бұл тірі табиғаттағы маңызы зор элементтердің бірі. Көміртек атомдары табиғатта үнемі бір ғана қосылыстың құрамында тұрмайды, ол бір заттан екінші затқа ауысып отырады. Суретте өзімізге белгілі көмірқышқыл газының (СО2) табиғаттағы айналымы көрсетілген. Сұрақ 1: КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ Берілген сурет бойынша мүмкін болатын реакция теңдеулерін тізбектеп жазыңдар. Реакцияның жүру жағдайларын көрсете отырып тізбекті жүзеге асырыңдар. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сұрақ 2: КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ Фотосинтез процесі нәтижесінде көмірқышқыл газын өсімдік сіңіріп, органикалық заттарға айналдырады. Олармен жануарлар, адамдар қоректенеді және тыныс алу арқылы қайтадан атмосфераға шығарады. Көмірқышқыл газының концентрациясының ауада шектен тыс артуы «жылыжай эффектісі» (Парникті эффекті) деп аталатын құбылыс тудырады. Бұл құбылыстың табиғаттағы әсері қандай? Әр жолдан «Ия» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. Бұл температураның артып, мұздықтардың еруіне әкеледі Ия/Жоқ Өсімдіктердің біркелкі дамуына кері әсерін тигізіп, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді Ия/Жоқ Бұл өсімдіктердің жақсы өсуіне қолайлы жағдай туғызады Ия/Жоқ Күн сәулесінің жер бетіне шашырап түсуі нашарлайды Ия/Жоқ Сұрақ 3: КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ Өнеркәсіпте кокс жанып, көмірқышқыл газына айналады. Ал оттегі жетіспегенде көмірмен әрекеттесіп көміртек (ІІ) оксидін түзеді. СО тұз түзбейтін оксид, көбінесе жоғары температурада тотықсыздандырғыш ретінде домна пешінде, органикалық синтезде қолданылады. Иіс газы деп аталады. Иіс газымен уланғанда адам оны сезбей отыра береді, себебі оның иісі мен түсі жоқ және мольдік массасы ауаныкіне жақын. Иіс газымен уланғанда мынадай белгілер байқалады: - Бастың қатты айналуы; - Шектен тыс бозару; - Кейбіреулерде жүрегі айнып, құсады; - Естен танып қалу; - Газ ұзақ уақыт әсер еткенде адам өліп кетуге де мүмкін. Осы қауіпті болдырмау үшін монша жаққанда қандай ережелерді ұстану керек? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сұрақ 4: КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ Өсімдік күн энергиясының қатысуымен бір квадрат метр жапырақ бетіне 5 г көмірқышқыл газын сіңіреді. Егер жапырақ беті 1,8 м2 болса, онда күнбағыс қанша көміртекті (массасы бойынша) жинайды? Бұл кезде оттектің қандай көлемі түзіледі? Дұрыс жауабын белгілеңдер: А. 2,45 г, 4,6 л В. 24,5 г, 2,3 л С. 12,25 г, 6,4 л Сұрақ 5: КӨМІРТЕКТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ Алмаздың кристалл торындағы (тетраэдр пішінді) әрбір көміртек атомы, айналасындағы бірдей қашықтықта орналасқан басқа төрт атоммен ковалентті байланысады. Бұл байланыстардың беріктігі барлық бағыттарда бірдей, сондықтан алмаз - өте қатты, мөлдір, түссіз, электр тогын өткізбейді. Графиттің – алтыбұрышты призма тәріздес кристалл торында атомдар қабатталып орналасады және бір жазықтықта орналасқан атомдарға қарағанда, әртүрлі жазықтықта орналасқан атомдардың арақашықтығы әлдеқайда үлкен болады. Осыған сәйкес графит жұмсақ мөлдір емес, металдық жылтыры бар сұр түсті зат, электр тогын біршама жақсы өткізеді. Графит, оңай үгілетін зат, қағаз бетіне ізін қалдырады. Осындай қасиеттеріне қарап көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылуы туралы не айтуға болады? Олардан жасалған бұйымдарға мысалдар келтіріңдер. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сұрақ 6: КӨМІРТЕКТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ Адсорбция — ерітіндіден немесе газ қоспасынан бір затты екінші бір қатты не сұйық заттың өз бетіне сіңіруі. Бұл физика-химиялық құбылыс кенді флотациялау процесінде, химия және металлургия өнеркәсібі салаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар белсендірілген көмірдің адсорбциялық қасиеті медицинада қолданылады. Бұл қасиет тағы қайда қолданылуы мүмкін? Әр жолдан «Ия» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. Белсендірілген көмір адам уланғанда немесе ішекке газ толып мазасызданған жағдайда беріледі. Ия/Жоқ Белсендірілген көмірдің адсорбциялық қасиеті газтұтқыштар (противогаз) жасауда қолданылады Ия/Жоқ Белсендірілген көмір иіс газын сіңіреді. Ия/Жоқ Белсендірілген көмір дәріханаларда сатылады. Ия/Жоқ Бағалау. Үйге тапсырма: Көміртек және оның маңызды қосылыстары. 114-бет В деңгейі № 1, 2 есептер, С деңгейі № 1, 2 есептер
Көміртек және оның қосылыстары.docx
М­С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 9­сынып Ашық сабақ:   «Көміртек және оның қосылыстары» Химия­биология пәндерінің мұғалімі:  Елеусинова Н.Қ. Тақырыбы: Көміртек және оның маңызды қосылыстары.    Мақсаты:  Көміртек  пен  оның  қосылыстары  туралы  мәлімет  беру.  Тақырыпқа  сәйкес химиялық   реакция   теңдеулерін   жаза   білу   және   есептер   шығара   білу   дағдысын қалыптастыру.   Оқушының   функционалдық   сауаттылығын,   логикалық   ойлау   қабілетін дамыту. Топпен және жеке жұмыс жасауға, бірін­бірі сыйлауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Реакция теңдеулерін жаза біледі; ­ Көміртек пен оның маңызды қосылыстары туралы толық мәлімет алады; ­ ­ Есеп шығара алу дағдысы қалыптасады; ­ Оқушының функционалдық сауаттылығы артады; ­ Логикалық ойлау қабілеті дамиды. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі: Сұрақ­жауап, талдау жасау, талқылау, ой бөлісу, зерделеу. Сабақтың көрнекілігі: Слайд, бейнекөріністер, периодтық жүйе, үлестірмелі беттер,  қарындаш, көмірдің үлгілері, кеуек ағаш көмірі, әйнек кескіш, егеу, белсендірілген  көмір.  Пәнаралық байланыс: Медицина, биология, экология. Сабақ барысы. Ұйымдастыру – оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сыныпта жақсы  көңіл­ күй орнатып алу.  Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақ ­ менен, жауап ­ сізден» сұрақ­жауап арқылы,  сәйкестікті табу кестесі, «Тыңайтқыштар кестесін» толтыру арқылы жүргізілді. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. «Көміртек элементінің ашылу тарихы» бейнекөрініс  көрсету. Көміртектің қысқаша қасиеттері, қолданылуы, қосылыстары туралы айтылғаннан  кейін, оқулықпен жұмыс жүргізіледі.  Бекіту. Логикалық ойлауға тапсырмалар беріледі. КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ Көміртек   –   бұл   тірі   табиғаттағы   маңызы   зор   элементтердің   бірі.   Көміртек атомдары   табиғатта  үнемі   бір  ғана  қосылыстың  құрамында  тұрмайды,  ол   бір  заттан екінші   затқа   ауысып   отырады.   Суретте   өзімізге   белгілі   көмірқышқыл   газының   (СО2) табиғаттағы айналымы көрсетілген.                   Сұрақ 1: КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ Берілген   сурет   бойынша   мүмкін   болатын   реакция   теңдеулерін   тізбектеп жазыңдар. Реакцияның жүру жағдайларын көрсете отырып тізбекті жүзеге асырыңдар. ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ________ Сұрақ 2: КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ Фотосинтез процесі нәтижесінде көмірқышқыл газын өсімдік сіңіріп, органикалық заттарға   айналдырады.   Олармен   жануарлар,   адамдар   қоректенеді   және   тыныс   алу арқылы қайтадан  атмосфераға шығарады. Көмірқышқыл газының концентрациясының ауада   шектен   тыс   артуы   «жылыжай   эффектісі»   (Парникті   эффекті)   деп   аталатын құбылыс тудырады.  Бұл  құбылыстың   табиғаттағы  әсері  қандай?    Әр  жолдан  «Ия»  немесе  «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. Бұл   температураның   артып,   мұздықтардың   еруіне әкеледі Өсімдіктердің   біркелкі   дамуына   кері   әсерін   тигізіп, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді Бұл   өсімдіктердің   жақсы   өсуіне   қолайлы   жағдай туғызады  Күн сәулесінің жер бетіне шашырап түсуі нашарлайды Ия/Жоқ Ия/Жоқ Ия/Жоқ Ия/Жоқ  Сұрақ 3: КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ Өнеркәсіпте кокс жанып, көмірқышқыл газына айналады. Ал оттегі жетіспегенде көмірмен әрекеттесіп көміртек (ІІ) оксидін түзеді. СО тұз түзбейтін оксид, көбінесе жоғары   температурада   тотықсыздандырғыш   ретінде   домна   пешінде,   органикалық синтезде қолданылады.  Иіс газы  деп аталады. Иіс газымен уланғанда адам оны сезбей отыра береді, себебі оның иісі мен түсі жоқ және мольдік массасы ауаныкіне жақын. Иіс газымен уланғанда мынадай белгілер байқалады:   ­ Бастың қатты айналуы; ­ Шектен тыс бозару; ­ Кейбіреулерде жүрегі айнып, құсады; ­ Естен танып қалу; ­ Газ ұзақ уақыт әсер еткенде адам өліп кетуге де мүмкін. Осы қауіпті болдырмау үшін монша жаққанда қандай ережелерді ұстану керек? ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ __________ Сұрақ 4: КӨМІРТЕКТІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ АЙНАЛЫМЫ Өсімдік   күн   энергиясының   қатысуымен   бір   квадрат   метр   жапырақ   бетіне   5   г көмірқышқыл   газын   сіңіреді.   Егер   жапырақ   беті   1,8   м2  болса,   онда   күнбағыс   қанша көміртекті (массасы бойынша) жинайды? Бұл кезде оттектің қандай көлемі түзіледі? Дұрыс жауабын белгілеңдер: А. 2,45 г, 4,6 л В. 24,5 г, 2,3 л С. 12,25 г, 6,4 л Сұрақ 5: КӨМІРТЕКТІҢ   ҚОЛДАНЫЛУЫ                       Алмаздың кристалл торындағы (тетраэдр пішінді) әрбір көміртек атомы, айналасындағы   бірдей   қашықтықта   орналасқан   басқа   төрт   атоммен   ковалентті байланысады. Бұл байланыстардың беріктігі барлық бағыттарда бірдей, сондықтан алмаз ­ өте қатты, мөлдір, түссіз, электр тогын өткізбейді.             Графиттің – алтыбұрышты призма тәріздес кристалл торында атомдар қабатталып орналасады және бір жазықтықта орналасқан атомдарға қарағанда, әртүрлі жазықтықта орналасқан атомдардың арақашықтығы әлдеқайда үлкен болады. Осыған сәйкес графит жұмсақ мөлдір емес, металдық жылтыры бар сұр түсті зат, электр тогын біршама жақсы өткізеді. Графит, оңай үгілетін зат, қағаз бетіне ізін қалдырады.                      Осындай қасиеттеріне қарап көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылуы   туралы   не   айтуға   болады?   Олардан   жасалған   бұйымдарға   мысалдар келтіріңдер. ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ________ Сұрақ 6: КӨМІРТЕКТІҢ   ҚОЛДАНЫЛУЫ             Адсорбция — ерітіндіден немесе газ қоспасынан бір затты екінші бір қатты не сұйық   заттың   өз   бетіне   сіңіруі.   Бұл   физика­химиялық   құбылыс   кенді   флотациялау процесінде,   химия   және   металлургия   өнеркәсібі   салаларында   кеңінен   қолданылады. Сонымен   қатар   белсендірілген   көмірдің   адсорбциялық   қасиеті   медицинада қолданылады.                Бұл қасиет тағы қайда қолданылуы мүмкін? Әр жолдан «Ия» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. Белсендірілген көмір адам уланғанда немесе ішекке газ толып мазасызданған жағдайда беріледі. Белсендірілген   көмірдің   адсорбциялық   қасиеті газтұтқыштар (противогаз) жасауда қолданылады Белсендірілген көмір иіс газын сіңіреді. Белсендірілген көмір дәріханаларда сатылады. Ия/Жоқ Ия/Жоқ Ия/Жоқ Ия/Жоқ  Бағалау. Үйге тапсырма: Көміртек және оның маңызды қосылыстары.   114­бет В деңгейі № 1, 2 есептер, С деңгейі № 1, 2 есептер

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия

"Көміртек және оның қосылыстары" сабақ жоспары 9 сынып, химия
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.03.2017