Күннің бірінші жартысы
Оценка 4.8

Күннің бірінші жартысы

Оценка 4.8
docx
31.08.2020
Күннің бірінші жартысы
күнің 1 жартысы.docx

                    Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы 

           «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМКҚ

 

 

 

 

                                        

 

 

                                             «Күннің I жартысы»

 

 

Іс-тәжірбие базасы: КМКҚ №1 «Арман» ясли- балабақшасы

Әдәскер: Маметекова А.С.

Машықкер:

Бекітемін:

Топ: 305

Күні:

Баға:

                                                        

                                                Семей 2019 ж

                                           Күннің I жартысы

«Таңертеңгі қабылдау, тексеріп-қарау,таңертеңгі жаттығу»

7:30-8:20

«Таңғы ас.Ас дәмді болсын»

8:20-8:50

«Алақай! ойын»

Дидактикалық ойындар,үстел үстінде

 

8:50-9:05

 

 

 Сабақтар (үзілістерді қоса алғанда)

 

9:05-10:20

Серуенге дайындық.

Серуендеу

Серуеннен оралу.

 

10:20-10:35

10:35-12:20

12:20-12:30

Түскі ас                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

12:30-13:00

Ұйқы

13:00-15:10

 

Тыңдандар,балалар!

    «Бір кінкене елде адамдар өмір сүріпті,олар бір-бірімен амандаспайды екен.Бір күні ол елге Алдаркөсе келіпті.Ол әрқашан көңілді,күліп жүреді.Кездескен адамдарға денсаулық тілеп, «Ассалаумағалейкум» «Сәлеметсізбе?»деп амандасып жүреді екен.Алдынан кездескен адамдарға күнде-күнде  «Сәлеметсізбе?» «Денсаулығын қалай»деп күлімдеп тұрған Алдаркөседен көріп,бір-бірімен амандасуға үйреніпті.Сол кезден бастап адамдар сәлемдесуге үйреніп,әдепті болып,бір-біріне қайырымды бола бастапты,

         Бізде,балалар,бір-бірімізді сыйлап,амандасып жұруіміз керек.(ересек,естиярларға да кеңірек құрастырып ұсынуға болады).

 

Таңертеңгі жаттығу.

         Сұр қоян балалармен бірге жаттығулар орындайды.

 

Таңғы ас.Таңғы асқа дайындық.

                                   1.Гигиеналық шаралар.

                                   2.Дастархан даярлау.

            Тәрбиеші:Біраз сергіп қалдық.Ал біздің сұр қоянымыз қайда?

            Сұр қоян:Балала,маған қолды дұрыс жууды көрсетіңдерші?

            Тәрбиеші:    Суды ептеп ағызамыз,

                                 Қолымызды жуамыз.

                                 Кірдің бәрі кетіпті,

                                 Тазалыққа жеттік. (М.Битебаева)т.б

Ø Көркемсөзді қолдана отырып,таза,ұқыпты жуыну,өз                                                                                                                                       сүлгісін     пайдалану дағдыларына күнделікті  қажет.     

             Сұр қоян:  Рахмет,балалар,енді мен дұрыс жуыну,құрғақ сүртіну керек екендігін білдім.Ой,бір дәмді иіс шығып тұр.Бұл не?

             Тәрбиеші:Бұл таңғы астың дәмді иісі.

             Тәрбиеші:Енді үстел үстіне асықпай ақырындап отырамыз.Тағамдарың дәмді болсын,Балалар!

Серуен

  1)Серуенге дайындық.Киіну. (Мәдени қарым-қатынас,ұқыптылық дағдыларына бағыттау)

2)Табиғатты,қоршаған ортаны бақылау.

3)Қозғалмалы ойындар

4)Еңбек әрекеті

5)Дене бітімінің қалыптастыруындағы жеке жұмыс.

6)Дербес ойындар

7)Серуеннен оралу

Тәрбиеші:Сұр қоян,сен неге серуенге дайындалмай отырсың?

Сұр қоян:Мен сәбіз туралы ойланып кеттім.Сәбізсіз мен өмір сүре алмаймын.

Тәрбиеші:Мұңайма қоян.Менде «сиқырлы руль» бар,ол сенің сәбізіңді тауып беруге көмектеседі.Аулаға шыққанда іздеп табамыз деп ойлаймын.

Аулаға біз дұрыстап киініп шығуымыз керек.Балалар есімізге түсірейікші,ұқыпты балалар қалай киінеді?

Балалар:алдымен шалбар,одан соң аяқ киім,жейде,пальто (сырт киім),бас киім,шарф тағып,қолбағымызды киеміз.

Тәрбиеші:Дұрыс ал,енді киінейік.(Тәрбиеші көмегімен)

Тәрбиеші:Киініп болдық,бірақ көшеге автобуспен барамыз.Досжан-жүргізуші,(оның қолына «руль» беріледі),ал біз-жолаушымыз.Ойыншықтарды да алуды ұмытпайық.

Ø Серуен жыл мезгілі және қоршаған ортадағы өзгерістерге байланысты жоспарланып,түрлі әдістер мен тәсілдер ойластырылғаны абзал.

Аулаға келіп жеттік,бірақ сәбіз қайда?Жан-жағымызға қарайықшы сәбіз бар ма екен?

Өлі табиғатты бақылау

Тәрбиеші:Қарандаршы,шатырда ілініп тұрған не?Өзі сәбізге ұқсайды екен.Ол қоян іздеп жүрген сәбіз бе,балалар?Неге одан су тамшылайды?

Балалар:Жоқ,ол-мұзшалар

Тәрбиеші: Дұрыс.Ол-сәбізге ұқсайды бірақ,қатты аяздан қатып қалған мұзшалар.Иә,күн түсіп,ол еріп,су тамшылап тұр.Егерде біз оны топқа алып келетін болсақ не болады?

Ол еріп кетеді,дұрыс айтасыңдар,балалар,(топ бөлменсіне әкеліп,еріп кеткенін бақылатуға болады)

Еңбек әрекеті

Балалар ауламызға қар көп жауған екен.Енді не істейміз?

Балалар:Дұрыс,күректерді алып,жолды қардан тазалаймыз.

Тәрбиеші:Құстарды тамақтандыруды ұмытпайық.Ұлдар жолды тазаласын,ал қыздар құстарды тамақтандырады.

Тәрбиеші:Қар көп түскен екен.Қардан не істеуге болады?Әрине,түрлі мүсіндер жасауға болады.

Мүсінді барлығымыз бірігіп жасайық.

Ал,бөлек ойнағысы келген балалар,кедергі жасамай бөлек ойнасын.(ол балалардың ойынының бағытты болуына да тәрбиеші қадағалап отыруы тиіс).

Түскі асқа дайындық.

Ø Тәрбиешінің шығармашылығына қарай түрлі нүсқада өткізуге болады.

             1.Гигиеналық процедуралар.

             2.Дастархан әзірлеу.Түскі ас.

Мәдени-гигиеналық дағдылардыт  қалыптастыру,жуындыру,тамақтандыру

кезінде үнемі қалыптастырылып,қадағаланып,бекітіліп отырғаны дұрыс.

Сылдыр суды ағызамыз,

Қолымызды жуамыз.

Кірдің бәрі кетті,

Тазалыққа жеттік.(М.Битебаева)

Бұл топқа асхана бойынша кезекшілік енгізіле бастайды,құрдастарына қызмет көрсетуге баулынады,дастархан жаю дағдылары қалыптастырылады.

Балалар нан салынған тарелканы,қасықтарды,майлықтарды әр үстел басына таратуға үйретіледі,ыстық тағамды тәрбиешінің көмекшісі,тәрбиешілер,тағамның дәмді екендігін көркемсөз немесе әдеттегідей «Тәбетің ашылсын!»деген тілекпен ұсыну қажет.

Тәтті ұйқы.


 

Шы ғыс Қазақстан облыстық білім басқармасы «М

Шы ғыс Қазақстан облыстық білім басқармасы «М

Күннің I жартысы «Таңертеңгі қабылдау, тексеріп-қарау,таңертеңгі жаттығу» 7:30-8:20 «

Күннің I жартысы «Таңертеңгі қабылдау, тексеріп-қарау,таңертеңгі жаттығу» 7:30-8:20 «

Көркемсөзді қолдана отырып,таза,ұқыпты жуыну,өз сүлгісін пайдалану дағдыларына күнделікті қажет

Көркемсөзді қолдана отырып,таза,ұқыпты жуыну,өз сүлгісін пайдалану дағдыларына күнделікті қажет

Тәрбиеші: Дұрыс.Ол-сәбізге ұқсайды бірақ,қатты аяздан қатып қалған мұзшалар

Тәрбиеші: Дұрыс.Ол-сәбізге ұқсайды бірақ,қатты аяздан қатып қалған мұзшалар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.08.2020