Кондитер өнімдерінің технологиясы
Оценка 4.9

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
технология
Взрослым
28.01.2017
Кондитер өнімдерінің технологиясы
урок прошел по предмету "Технология". На уроке ученики ознакомлены с технологией приготовления кондитерского изделия: конфет. Урок прошел в форме рекламы. Использованы методы критического мышления, использован метод изложения,метод мозгового штурма. Ученики ознакомлены с названиями кондитерских фабрик,с технологией приготовления, с деффектами приготовления.урок по технологии, в котором ученики знакомятся с технологией приготовления конфет.
нуржамал сайыс 1.doc
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы Білім беру басқармасы «Қызылқоға аграрлы­техникалық колледж»  Облыстық сайысқа   САБАҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ ЖОСПАРЫ Тақырыбы: Кәмпит өнімдері мамандығы: 0508000­ Тамақтандыруды ұйымдастыру Дайындаған:­арнайы пән оқытушысы  Түркістан Нұржамал Шәкірқызы  Сағыз селосы ­ 2016 жыл Беркітемін Директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары И.Такишова Пән атауы: К о н д и т е р   ө н і м д е р і н і ң   т е х н о л о г и я с ы Тобы: № 6 0   т о п   « Т а м а қ т а н д ы р у д ы   ұ й ы м д а с т ы р у » Оқытушысы: Н ұ р ж а м а л   Т ү р к і с т а н 1. Сабақтың тақырыбы: Кәмпит өнімдері.(Жарнама сабақ) 2. Сабақтың мақсаттары: Оқу сабағының  жоспары №8 а) білімділік: Студенттердің таным еркшеліктерін  арттыру,сөйлеу,сөздік қорын арттыру; б) тәрбиелік: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру,сол  қабілетін белсенді ету,мәңгілік    еліміздің еңселі азаматы етіп  қалыптастыру в) дамытушылық: өз бетінше ізденуге машықтандыру;іскерлікті  дамыту 3. Сабақ түрі: жарнама сабақ 4.Сабақтың әдісі: ой туғызу, хабарлама 5.Пән аралық байналыс: Азық­түлік өнімдерінің тауартануы; Өндірістік оқыту сабағы 6. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бүктемелер(буклеттер) САБАҚТЫҢ ЖҮРІСІ: І.Ұйымдастыру бөлімі:  студентерді журнал бойынша тексеріп, түгендеу, олардың сыртқы  келбетін бақылау, сабаққа қажетті құрал­саймандарын тексеру. ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру: Кәмпиттер– түрлі пішінді,дәмі әр түрлі құрамында 60 ­ 70%  қанты бар, көбіне жұмсақ болып келетін кондитерлік өнім.Кәмпиттер өндіру технологиясы және сыртқы пішіндеріне қарай екі топқа бөлінеді:глазурьленген және глазурьленбеген.Кәмпиттерді  өндіруге қажетті шикізаттар:құмшекер,шырындар,сірне,сүт,жеміс езбелері, т.б. шығын  бактарынан насостардың көмегімен араластырғышқа мөлшерленіп түсіп араласады  да,рецептуралық қоспа пайда болады.Кәмпит өнімдеріне кәмпит,ирис және драже  жатады.Глазурьленген кәмпиттерде глазурь мөлшері 22%­ дан жоғары,ал ассорти типті  кәмпиттерде салма мөлшері 50% ­ға дейін болу керек. Кәмпит ақаулары: глазурьдің қантты немесе майлы тұнуы;глазурьленбеген кәмпит бетінде  қант кристалдарынан ақ дақтардың пайда болуы;деформацияланған өнімдер;глазурі ұнтақталған кәмпиттер;ащы немесе бөтен дәм мен иіс;қамба зиянкестерімен зақымдануы. Сақтау мерзімі: оралған шоколад глазурьлі кәмпит 4­ай, оралмағаны ­3ай; глазурьленбеген  және май глазурьімен глазурьленген – 2 айға дейін; ассорти шоколад кәмпиттері  ­2 айға дейін;  ликер салмалы­ 25  күн; помадкалар ­3­5 күн. Бүгінгі таңда Қазақстанда кәмпит өнімдерін жасауда алдынғы орында «РАХАТ» кондитер  фабрикасымен «Баян сұлу» кондитер фабрикасы. «Рахаттың» тәттілерінен дәм татпаған адам кемде­кем. Әрине,елімізде «Рахат» акционерлік қоғамы ­70 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы  кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі. Өнімін тек Қазақстанда тұтынады  десек,қате айтқанымыз.  «Рахат» АҚ­ында 3500­ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуаты  Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған.  «Рахат» АҚ сатылым  географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын  қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған.  Қазіргі кезде «Рахат»АҚ өнімі Қазақстан нарығында ғана емес,республикадан шеткері  аймақтарда   Ресей,Өзбекстан,Тәжікстан,Қырғызстан,Германия,Қытай,Ауғанстан аумағына да  тараған.ТМД­ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне   деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және  экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда. «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік өнімдерді жасап шығаратын Қазақстан Республикасының ірі  кәсіпорындарының бірі болып табылады. Бүгінде кәсіпорында 200­ден астам өнімдер жасап  шығарылады. Фабриканың негізі 1974 жылдың желтоқсанында қаланған. Отыз жылдан асты өз  тұтынушыларын ең тәтті және сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорын қарқынды  түрде дамып келе жатқан үрдістермен бірге нық қадам басып келеді.Қазақстанның кондитерлік  өнімдері нарығында көш бастап келе жатқан компанияның бүгінде бағындыра алмайтын белесі  мен алмайтын асуы жоқ. Фабрика өндіру технологиясын жетілдірумен қатар қуаттылығын одан  әрі арттырып келеді. «Баян Сұлу»АҚ­тың ұйымшыл ұйымы әрқашан заман талабына сай  бәсекелестерден бір қадам алға жылжуға ұмтылып келеді. ІІІ.Жаңа сабақты бекіту: 1. Кәмпит өнімдерін шығаратын кәсіпорындар 2. «Рахат» кәсіпорнының қызметі неге негізделген 3. «Баян сұлу»кәсіпорны қандай кәмпит түрлерін шығарады 4. Кәмпит түрлері V.Үйге тапсырма: Отандық өнімдер туралы толықтырып жарнамалар жасап келу. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Тамақ өнімдерін тану. Қ.Күзембаев. Г.Күзембаева. «Фолиант»баспасы­2010 2. Ғаламтор жаңалықтары. Оқытушы:                       Н.Түркістан

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы

Кондитер өнімдерінің технологиясы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.01.2017