Консультация для воспитателей
Оценка 5

Консультация для воспитателей

Оценка 5
doc
19.01.2022
Консультация для воспитателей
Статья.doc

БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

 

Клшанова Ардак Дамировна

«Детский сад «Өрлеу» ЖШС, Семей қаласы

 

         Қазіргі  өмір ағымындағы техника мен ғылымның космостық жылдамдықпен дамуы мен өзгермелі уақыттың сұранысына жауап беру мақсатында жас ұрпақты  тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып отыр. Сондықтан білім беру мекемелерінің басты назары – білім берудің жаңа технологиясын, әлемдік тәжірибеде қолданыс тауып, жоғары нәтиже берген тың үлгісін білім беру үдерісіне енгізу болып табылады.  Оқытудың қай кезеңі болсын айталық, мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы бастауыш сынып, орта буын, жоғары буын, тіпті жоғары мектеп барлығында да оқу үдерісіндегі өзгерістер, оқытудың тың формасын іздеу, дәстүрлі оқыту арнасынан шығып, бүгінгі күн талап тұрғысына бейімделу әрбір педагогты ізденіске, шығармашылыққа шақырады. Сонымен қатар, бүгінгі күні жиі ұйымдастырылып жатқан біліктілікті арттыру бағдарламаларының да маңызы зор.

         Мемлекеттің өркениетті елдер қатарына қосылып, даму қарқынын күшейтілу үшін ең басты капитал – жас ұрпақтың жан-жақты білімді, интеллекті жоғары, эрудициясы мол, зейінді, саналы болуы керек. Ал оған жету үшін, оқытудың әрбір кезеңінде мектепке дейінгі, мектеп жасындағы баланың лайықты жетілуін, тұлғалық қабілетінің жүйелі дамуын қадағалау шарт. Себебі, бүгінгі күн сұранысына сай, үздіксіз даму үдерісінде болған бала ғана мемлекетінің саналы азаматы бола алады. Білім беру мен тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы – мектепке дейінгі мекеме болса, ондағы бала дамуына жасалған игі істер, педагогикалық ізденістердің маңызы арта түспек. Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет - мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының  ең басты факторы болып отыр.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiрдi. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Қазіргі заман инновациялық қызметі -  балабақша балалармен жұмыс істеуде   инновациялық технологиялар, әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуі  педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нақтылап айтқанда, балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады. Себебі,  кейінгі кезеңге дейін қолданып келген дәстүрлі оқыту бала дамуының өрісін қалыпты жағдайда ұстаса, қазіргі қолданыстағы оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары, тың әдіс-тәсілдері баланың өз өресі тұрғысынан дамуға, шығармашылық қабілетін оятуға негіздейтін, жеке тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік туғызатын бірден-бір жол деуге толық негіз бар. Бұл жайында көптеген зерттеулер де бар және тәжірибеге еніп те үлгерді. Шетелдік ғалымдардың зерттеулері мен отандық әдіскер-ғалымдардың ғылыми пайымдауларының, жасаған жобаларының негізінде қазіргі білім берудің жаңа моделі жасалып отыр. Түрлі технологиялар қолдануға ұсынылып отыр. Соның негізінде мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді  өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі мекемеде жаңа инновациялық педагогикалық технологиялардың көптеген түрі қолданылуда. Атап айтсақ, проблемалық оқыту технологиясы, өздігінен даму технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жобалы-іс шығармашылығы, ізденіс-шығармашылық технологиясы, қатынастық-ақпараттық технология, жеке тұлғаға бағыттау технологиясы, ТРИЗ технологиясы.

Тәрбиеші өз тобының жас ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай технологияның түрлерінің лайықтысын таңдап қолданады.

Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді.

Ойындардың негізгі мақсаты - балаларың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.

Ойын - әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Ойын түрлері балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі.

Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, оқу әрекетін  өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіру.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық - саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды , жан-жануаларды, құрастырды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

   Сәбилерге арналған ойын-жаттығулардың түрлеріне «Көңілді қуыршақтар», «Пирамидалар», «Жиек бойымен жүргізіп шық» және тағы басқа түрлерін атауға болады.

      Саусақ ойындарының нәтижесінде:

-   баланың сөйлеу тілі жетіледі;

-   қимыл қозғалысы артады;

-   икемділігі артады;

-  логикалық ойлауы дамиды;

-  танымдық деңгейі артады;

Балабақшадағы ертеден келе жатқан әрі бала дамуында маңызын жоймаған ойындардың бір түрі – құммен ойын.

Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. 

        Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.

         Құм терапиясының маңызы:  бала  өзі жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады, ол түйсік, есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ  моторикасы дамиды. Құм терапиясының мақсаты: балалардың  құм терапиясында  қиял, көрнекі –бейнелік ойлауды, сөздік–логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.  Құм терапиясы арқылы баланың шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық, қарым-қатынас құзіреттіліктері дамиды.

         Ересек топтағы балалар үшін инновациялық білім беру құралдарын, сандық технологияны қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі - мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.

Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар, біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген көптеген жаңа инновациялық технология түрлері, оны оқу-тәрбие үдерісінде қолдану жолдарын игеру әр тәрбиешілінің өз қызметіне қарым-қатынасын танытады. Екіншіден, білім беру жүйесін бірізділендіруді бақылап отыратын құзырлы органдардың, министрліктің, тіпті балабақша әкімшілігі тұрғысынан талаптың қойылуына, сұраныстың артуына жауап беруде іске асатын шаралар.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. «Отбасы және балабақша» Ғылыми-әдістемелік  журнал №2 2012 ж.

2. А.К.Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы,  1995ж.

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың цифрлық контентін әзірлеу саласындағы шетел тәжірибесіне сараптамалық шолу.   Алматы, 2012ж.

 

 


БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ

БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ

Нақтылап айтқанда, балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады

Нақтылап айтқанда, балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады

Ойындардың негізгі мақсаты - балаларың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын…

Ойындардың негізгі мақсаты - балаларың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын…

Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау

Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау

Осындай құралдардың бірі - мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану

Осындай құралдардың бірі - мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2022