Күрделі тригонометриялық теңсіздіктер.
Оценка 4.9

Күрделі тригонометриялық теңсіздіктер.

Оценка 4.9
docx
29.04.2020
Күрделі тригонометриялық теңсіздіктер.
6.1.docx

Математика  6-сынып

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

                                         Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын.

 Сабақтың мақсаты:        

                                        Оқушыларға  жиын ұғымын беру, жиын түрлері және ішкі жиын туралы білім беру.                                        

                                         Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

                                         Үлесітрме материалдар. Картотека №9.

Сабақтың типі: 

                                        Жаңа материалды оқыту.

Сабақтың түрі:

                                         Теориялық білім беру.

Қолданылған

әдебиеттер:                  

                                          «Анықтама» А.В. Гусеев.

                                        «Самастоятельные и контрольные работы по математике»  6 кл  А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

                                 I.   Ұйымдастыру кезеңі:

а)  оқушыларды түгендеу.

  ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу                       дайындығын тексеру.

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

                             Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

          III .   Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

1.     Жиын ұғымының пайда болуы: XIX ғасырдың екінші жартысында математика трихында жиын ұғымы пайда болды.

2.     Жиын  теорясының  негізін  қалаушы  неміс  математигі   Георг Кантор ( 1845-1918)

Анықтама: Белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгі бір заңдылықпен  біріккен нәрселер,обьектілер жиын құрайды.                                   

Мысалы: - аспандағы жұлдыздар жиыны.

                             - кітап бетіндегі әріптер жиыны.

                             - бөлімі 6 болатын дұрыс бөлшектер жиыны:

                                1/6;2/6; 3/6; 4/6;5/6. т.с.с.

Жиындар құрылымы: жиындыр элементтерден құралады. Жиындардың элементтері аталып беріледі немесе сол жиын элементтеріне ғана тән қасиет көрсетіледі.

Мысалы:  «планета» сөзіндегі әріптержиынын Р әрпімен белгілесек Р={а,п,н,л,е,т} немесе Р={т,п,н,л,е,а}

Жиындар түрлері: Жиындар шектеулі жиын, шектеусіз жиын болып бөлінеді.

Мысалы: цифрлар жиыны А={0,1,2,3,4,5,6,7,8,9} жиынынң элементтер санын көрсететін болсақ n(A)=10.

Натурал сандар жиыны N-шектеусіз жиын.

Анықтама:Егер жиында бірде-бір элемент болмаса, оны бос жиын деп атайды. Бос жиынынң белгіленуі: Ø.

Мысалы: 74 пен 79 сандарының арасындағы жай сандар жиыны бос жиын.

Анықтама: Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады.

Мысалы: А={1,2,3,4,5,6,7} жиынындағы жұп сандар жиыны В={2,4,6} В жиыны А жиынының ішкі жиыны. Белгіленуі: В А.  Ø  А. Бос жиын кез-келген жиынның ішкі жиыны.

Жиындар мен олардың арасындағы байланыстарды Эйлер –Вен дөңгелектері арқылы кескінделеді.

В А.

Егер екі жиын бірдей элементтерден тұрса, онда олар тең жиындар деп аталады.

Мысалы: А={а,в,с}, В={с,а,в}, онда А=В.

IV Оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау:

1.     Жиын дегенді қалай түсінесің, оған мысал келтіріңдер.

2.     Жиындар қалай бөлінеді ?

3.     Ішкі жиын дегеніміз не ?

V   Жаңа материалды  № 225,№226,№227,№229  есептерін шығару арқылы бекіту.

 

VI Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге № 232,№233,№234,№235,№236.

2) Сабақты қортындылау.

 

 


 

Математика 6-сынып

Математика 6-сынып

Мысалы: «планета» сөзіндегі әріптержиынын

Мысалы: «планета» сөзіндегі әріптержиынын
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.04.2020