«Көркем еңбек пәнін оқытуда ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту»
Авторы: Мусаева Лаура Куанышбеккызы
Көркем еңбек пәні мұғалімі
87477684251
Кіріспе
Әдістемелік құралдың көкейкестілігі: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны санасында терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды қажет етеді. Сондай қажеттіліктің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктерін технология пәнінің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы мұғалімдердің қазақ ұлттық бұйымдары бойынша толық білім сапасын және оны оқушылардың тәрбиесіне пайдалана алу іскерлігі мен қабілетін қажет етеді. Оның үстіне қазақ ұлттық бұйымдары өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктерімен оқушыларға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз. Сондықтан да оқу-тәрбие процесінде ұлттық бұйымдар элементтері негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту қажет.
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан бастау алады.
Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады. Қазақстанның әлемнің білім кеңістігінен интеграциялануы «Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мен «Қазақстан Республикасында 2020-2025 ж.ж білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» талаптарына сәйкес отандық білім беруді модернизациялау мен тәрбие мазмұнын жаңартуды талап етуде.
Ж. Баласұғын жеке тұлғаның қоғаммен қарым-қатынасын ескере отырып, адамдардың табиғи ерекшеліктерін , әлеуметтік-этикалық адамгершілік-психологиялық деңгейін анықтауды көздеген. М.Қашқари жеке тұлға идеялы өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын , білімге құштар өзінің бақыты үшін күресе алатын адам», деген. Оқу, білім, өнер, тәлім-тәрбие туралы демократ ағартушылар-Ы. Алтынсарин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев[30,31,32,33,40] қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің даму тарихы, мәні, ою-өрнек жасалу технологиясы және мағынасы туралы тарихшы-этнограф ғалымдар К.Ақышев, Х. Арғынбаев, Т.Басенов, Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев, М.Мұханов, Ә.Тәжімұратов, С.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, М.Қани, Т.Б. еңбектерінде қарастырылған[131,132,133,134,135]
Қазақстанда инновациялық мектептердің қалыптасу және даму жолдарын Р.Р. Масырова, Т.А. Линчевская [5], ал мектептерде білім беру мазмұнын жетілдіруді И.Д. Зверева, М.П. Кашина [6] қарастырды.
Ал, Қазақстан зерттеушілері 50 - жылдары оқыту үрдісі мәселелеріне бағалы үлес қосты. Олар: Р.Г. Лемберг, Н.К. Көшекбаев, Н.Д. Хмель т.б. [12,13,14], болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы Б.К.Момынбаев, С.А..Жолдасбекова, К.Өстеміров [15,73,136], біліктілігін көтерудің жаңашылдығы К.А. Дүйсенбаев, Ш.Т.Таубаева, ұлттық негізде жандандыруға үлес қосқан Т.Левченко, С.Жолдасбекова [40,73,130], Б.Ж.Жиентаева, А.Д. Райымқұлова зерттеулерінің маңыздылығы жоғары, бірақ оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін ұлттық бұйымдардың элементтері арқылы дамытуға бағытталған еңбектер жеткіліксіз.
Тұлғаның шығармашыл болуына ықпал етудің түрлі аспектілері бойынша ТМД елдерінде психология мен педагогика саласында жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесіне елеулі үлес қосқан ғалымдар бар. Олардың еңбектерінде бұл мәселенің: Педгогикалық және әдістемелік тұрғысынан бала әрекетін белсендіру мәселелері Т.И.Шамова, И.Я.Лернер, Г.И.Щукина, М.Н.Махмутова, М.А.Данилов, М.Н.Скаткин және т.б. ғаылмдар ғылыми-зерттеулерінде қарастырған [59,60,61,62,63,64]. шығармашылықтың психологиялық табиғатын талдау бағыттарын Л.С.Выготский, Я.А. Пономарев, В.В. Давыдов, А.В. Запорожца Д.Б.Эльконин, Ю.Г.Юдин, И.Я. Лернер, А.Н. Лук, В.А. Караковский, Б.Г.Ананьев, А.И. Леонтьев, С.А.Рубинштейн, Л.В. Занков қарастырады [42,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52,53,54,55,56,57,58,].
Соңғы уақытта оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық қызметін арттыру мақсатындағы шаралар қолданылғанымен, оқу процесінде уақыттың басым бөлігі репродуктивті әдіске жұмсалып отыр, сондықтан оның нәтижесі мардымсыз сипат алуда.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың тиімді әдістерін іздеу және оқу үрдісінің мазмұнына ұлттық элемент енгізу біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасы болып табылады. Ол біздің зерттеу жұмысымыздың «Технология пәнін оқытуда ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» атты тақырыбын анықтады.
Әдістемелік оқу құралының мақсаты – Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың педагогикалық жүйесін теориялық негіздеу, практикалық тұрғыда жасау.
Нысаны – мектептегі технология білім беру саласындағы педагогикалық іс-әрекет
пәні – жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жалпы білім беру мектептерінде «Көркем еңбек» пәнін оқыту үрдісі.
Міндеттері:
- ҚР жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың еңбекке дайындық жағдайын зерделеу және оны жетілдірудің жолдарын айқындау;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың
педагогикалық жүйесі компоненттерінің мазмұнын жасау;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуда ұсынылған жүйенің тиімділігін тәжірибе арқылы зерттеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстанның 2030 - жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» білім беруді дамытудың 2025 - жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған тақырыптық жоспар мен бағдарлама оқушылардың кәсіби даярлығы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектердегі жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту және олардың шығармашылығын қалыптастыру туралы қағидалар.
Әдістемелік оқу құралын әзірлеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (қараша-қантар 2022-2023 ж.ж.) – таңдаған тақырыпқа қатысты материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Жинақталған материалдар сұрыпталды.
Екінші кезеңде (ақпан-наурыз-сәуір 2023ж.) – «Технология» пәнін оқытуда ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбының өзектілігіне негіздеме жасалды. Жоғары оқу орындарының «Кәсіби оқыту» кафедраларының және магистранттарының еңбектерімен танысып, тәжірибе алмасу, тақырыпқа байланысты мақалалар жазу. Мектеп оқушыларымен тәжірибе эксперименттің бағдарламасы даярланды.
Үшінші кезеңде (қазан-қараша-желтоқсан 2023 ж.) – жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін бір жүйеге келтіру, бекітілген жоспарға диплом жасау, жинақтау мен қорытындылау, әдістемелік ұсыныстар жасалынды. Алынған нәтижелердің тиімділігін, кемшілігін анықтау
Төртінші кезеңде (қаңтар-ақпан-наурыз 2024ж.) Ғылыми әдістемелік кеңесте әдістемелік оқу құралын ұсынып, көрсетілген кемшіліктермен жұмыс. Әдістемелік кеңесте алдын ала қорғаудан өту.
Тәжірибе эксперимент жұмысы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы метеп лицейінде өтті.
Әдістемелік оқу құралының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
-жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үрдісін өнімді ететін оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың құралдары мен жолдары анықталды;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың педагогикалық жүйесі жасалынып, тәжірибеде тексерілді.
-оқушыларды еңбекке оқыту жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану ғылыми тұрғыда негізделді;
-жалпы білім беру мектептерінде технология мұғалімдері үшін оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін ұлттық элементтер негізінде дамытуға бағытталған және белдік киімдерді құрастыру және моделдеудің теориялық ұсыныстары жасалды;
-«киім композициясы» атты бұйымды ұлттық элементтерді киімге қиыстыру дағдыларын қалыптастыратын автоматтандырылған оқыту бағдарламасы жасалды;
-оқушылардың жоба жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқау жасалынды.
Практикалық маңыздылығы оның материалдарында жалпы білім беру мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісіне «Белдік киімдерді құрастыру және моделдеу әдістері» атты әдістемелік оқу құралы, «Көркем еңбек сабақтарындағы жоба жұмыстары» атты әдістемелік нұсқау, «киім композициясы» атты автоматтандырылған оқыту бағдарламасы жасалды.
Ұсынылатын қағдалар:
1.ҚР жалпы білім беру мектептерінде еңбекке даярлауды жетілдірудің құралдары мен жолдары
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың педагогикалық жүйесі
3. Оқушылардың өз бетінше орындайтын жоба жұмыстары
Құрылымы. Әдістемелік оқу құралы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан, кестелер мен суреттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: тақырыпты таңдау негізделеді, оның көкейкестілігі, нысаны мен зерттеу пәні анықталады, мақсаты, міндеттері, зерттеу базасы, зерттеу көздері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
«Көркем еңбек пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда Отандық, Ресейлік ғалымдардың философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ой - пікірлері талданып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, тарихи дамуы және теориялық негізі анықталған.
«Ұлттық бұйым элементтері негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы педагогикалық тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен әдістемелері». атты екінші тарауда оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін ұлттық элементтер негізінде дамыту мүмкіндіктерін педагогикалық жүйе арқылы қалыптастыру ұсынылып, тәжірибелік жұмыстардың материалдары берілген.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша шығармашылыққа бағытталған әрекеттерге қатысты ұсыныстар берілген.
Қосымшада тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың кейбір материалдары ұсынылған.
Тәжірибелік - эксперименттің бірінші (анықтау) кезеңі ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жаңаша оқыту, инновациялық технологиялар арқылы оқушыларды сала бойынша еңбекке оқытудағы білім, білік және дағдысын қалыптастыру мақсатын бақылау және анықтау барысында өткізілді.
Кесте 4 – Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктері (анықтау кезеңінің) критерияларының көрсеткіштері
Критерийлері
Деңгейлер |
Териялық білімдерін меңгеру деңгейі
|
Оқушылардың шығармашылылық ізденісі
|
Технологиялық білімдерді меңгеру
|
||||
БТ |
ЭТ |
БТ |
ЭТ |
БТ |
ЭТ |
||
І |
Жоғары |
9(16,36) |
8 (14,54) |
10(18,18 |
9 (16,36) |
9(16,36) |
10(18,18) |
|
Орта |
32(58,18) |
32 (58,18) |
31(56,36) |
32 (58,18) |
31(56,36) |
30(54,54) |
І |
Төмен |
14(25,45 |
15 (27,27) |
14(25,45) |
14 (25,45) |
15(27,27) |
15 (27,27) |
а) бақылау тобы
б) экспериментальды топ
Сурет 1 - Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерінің (анықтау кезеңі) критерияларының көрсеткіштерінің диаграммасы
1 - суреттегі көрсеткіш бақылау және экспериментальды топтарының деңгейлерінің әр түрлі болуы (жоғары – 17,0 және 16,0; орта -57, төмен 27,0 ) оқушылардың шығармашылық қабілетін жаңаша оқыту, инновациялық технологиялар арқылы нақтылы меңгере алмағанынан көрсетеді. Бірақ оқушылардың ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуда жаңа технологияларды қолдануға мүмкіншілік бар екендігіне сенімділік болды.
Десекте, біздің шығармашылық қабілетті жаңа технологиялар арқылы технологиялар арқылы қалыптастыру жөніндегі берген сұрағымызға нақты жауап болмады.
Эксперименттің анықтау кезеңіне талдау жасай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда кемшіліктер байқалды.
Зерттеу барысында оқушылардың әртүрлі инновациялық бағытта оқығандарымен олардың деңгейлерінде жалпы келесі ескерусіздіктер:
- шығармашылыққа деген танымдық мотивтіктерінің жеткіліксіздігі;
- ұлттық негізде шығармашылық ізденісінің оқу іс-әрекетінде қалыптаспауы;
- технологиялық білімдерді меңгеруінің орташа деңгейі.
Оқушыларда ұсынылған тапсырмаларды орындауда пайда болған қиындықтар мен қателіктердің ерекшеліктерін ескре отырып, біз мұғалімдердің теориялық білімдерінің жеткіліксіздігін байқадық Осы себептерге байланысты оқушылардың шығармашылыққа деген танымдық мотивтерінің қалыптасу дәрежесі де төмен. Әрине бұл факторлар оқу –тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырудың құралы екені белгілі. Біздің жұмысымыз жоғарыда айтылған кемшіліктерді жою, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдірудің тиімділігі біз дайындаған әдістеме негізінде қалыптастыру кезеңінде анықталды.
Бұл фактілерді анықтау мазмұны зерттеуіміздегі шығармашылық қабілетті «педагогикалық жүйе» арқылы қалыптастыру деңгейлеріне нұсқаулар жасауымызға мүмкіндік берді.
Тәжірибелік-экспериментінің екінші кезеңі (қалыптастыру) педагогикалық іс - тәжірибе барысында жүргізілді. Бақылау тобына БТ - 55, эксперимент тобына ЭТ - 55 оқушы қатысты.
Бұл кезеңдегі негізгі міндет:
-технология пәнінің «Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде қолөнер технологиясы».бөлімін оқытуды стандарт талаптарына сәйкес жүзеге асыра отырып, танымдық және шығармашылық үрдістерді жандандыратын теориялық білімдерін жетілдіру;
-оқушылардың оқу үрдісінде эвристикалық тұрғыдағы есептерді, міндеттерді енгізу;
- шығармашылық міндеттерді шешудің мүмкін жолдарын көрсету;
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы тәжірибелік - эксперименттің екінші – кезеңінде (қалыптастыру) педагогикалық іс - тәжірибе барысында жүргізілді. Педагогикалық іс - тәжірибе барысындағы нәтиже, зерттеу жұмысымыздағы педагогикалық жүйе арқылы қалыптастырудың теориясы мен әдістемесінде шығармашылықты еңбекке оқыту негізінде қарастырылды. Бұл оқушылардың танымдық, эвристикалық және шығармашылық міндеттерді шешудегі жолдарының теориялық негізін саналы түрде игеруге ықпалын тигізді.
Оқушылардың ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуды қалыптастыруды эксперименттік педагогикалық тәжірибеден өту кезінде «Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде қолөнер технологиясы» бөлімін оқып үйренуде теориялық білімдерін жетілдіру мен игерудің қажеттілігін ұғынуы барысында қалыптасты. Мұнда оқушылар шығармашылық ізденіске қажетті болатын теориялық мәліметтермен танысты.
Оқушылардың теориялық білімдерді меңгеруі, өздерінің жаңаны жасаудағы қажеттілікті білу мотивтерінде пайдалану барысында қалыптасты. Оқу - танымдық әрекеттерді қажетсінуі, олардың мәнін сезінуі, оқу үрдісінде дәстүрлі әдістер мен инновациялық технологияларды салыстыру арқылы жүргізілді.
Оқушылардың шығармашылылық ізденісі - проблемалық есептерді шешу, шығармашылық тапсырмаларды орындау, жобалау, үлгілеу жұмыстарына инновациялық талдау жасау барысында қалыптасты. Бұл сабақтың сапасын арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдалану, оқушылардың шығармашылық міндеттерді шешу және орындау, үлгілеу, жобалау, және шығармашылық ойлауын анықтауға мүмкіндік берді.
Оқушылардың технологиялық білімдерді меңгеруі - оқыту үрдісінде іс - әрекет барысында оқушылардың теориялық білімі мен іскерлігін жаңа бағытта ұштастыра алуымен және инновациялық технологиялар нәтижесінде шығармашылық жобаларды ұсынуы барысында қалыптасты. Шығармашылық жұмыстарды көпшілікке ұсыну бұл оқушылардың білім деңгейін арттыра түсті және олардың бойында үлкен талпыныс дарытты. Оқушылар алғаш рет алғаш рет кәсіби маман – зерттеуші рөліне еніп, қазіргі әлеуметтік қажеттілік мәселелерін шешуге белсене ат салысуға ұмтылды.
Тәжірибелік - эксперименттің екінші кезеңінің (қалыптастыру) нәтижелері 5 - кестеде көрсетілді және мұнда ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін педагогикалық жүйе негізінде қалыптастырудың теориясын меңгеру және қалыптастыру барысы тәжірибеден өтті.
Кесте 5 – Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерінің (қалыптастыру кезеңінің) критерияларының көрсеткіштері
Критерийлері
Деңгейлер |
Териялық білімдерін меңгеру деңгейі
|
Оқушылардың шығармашылылық ізденісі
|
Технологиялық білімдерді меңгеру
|
||||
БТ
|
ЭТ |
БТ |
ЭТ |
БТ
|
ЭТ |
||
І |
Жоғары |
21 (38,18) |
39(69,09) |
20(36,36) |
40(72,72) |
19(34,54) |
38(69,09) |
І |
Орта |
23 (41,81) |
11(20,0) |
24(43,63) |
10(18,18) |
25(45,45) |
12(21,81) |
І |
Төмен |
11 (20,0) |
5(9,09) |
11(20,0) |
5(9,09) |
11(20,0) |
5 (9,09) |
а) бақылау тобы
Сурет 3- Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерінің (бақылау тобының қалыптастыру кезеңінің) критерияларының көрсеткіштерінің диаграммасы
а) экспериментальды топ
Сурет 4- Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерінің (экспериментальды тобының қалыптастыру кезеңінің) критерияларының көрсеткіштерінің диаграммасы
Нәтижелері БТ жоғары деңгей 36,0, ЭТ- 71,0, орта деңгей БТ – 44,0, ЭТ – 20,0, төменгі деңгей БТ- 20,0, ЭТ- 9,0.
Тәжірибелік - эксперименттің екінші кезеңінің (қалыптастыру) бақылау нәтижелері кесте 5 - кестеде көрсетілді және мұнда ұлттық бұйым элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың теориясы оқу пәндерінің мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жеке танысу, білімді инновациялық технологиялармен игерту арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізуге талдау жасау педагогикалық іс - тәжірибе барысында тәжірибеден өтті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының қоғамдық әлеуметтік - экономикалық, саяси және рухани дамуы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын түбірлі жақсартуды талап етеді. Бұл талаптар еліміздің халықаралық экономикалық және білім беру кеңістігіне қарқынды түрде ену барысынан туындап отыр. Бұл міндеттің шешімі жоғары оқу орындарында білім беру мазмұнымен тығыз байланысты, өйткені қоғамның денсаулығы, жинақталған әлеуетті іске асыру мүмкіндігі; жастардың қоғамға жаңаша көзқарасы, ойлауы, танымдық әрекеті көп жағдайда нәтижелі білім беру үрдісіне байланысты болады.
Әдістемелік оқу құралы бойынша алынған нәтижелерді төмендегідей қорытындылауға болады: алдымен зерттеу жұмысының көкейкестілігі анықталды. Жалпы білім беру мектептерінде тезнологиялық білім мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың педагогикалық жүйесін, әлеуметтік қажеттілік еңбек рыногының сұранысы мен ұсынысына сәйкес зерделеу және оқушылардың меңгеруге тиіс жаңаша білімі, іскерлігі мен дағдысы негізінде жүзеге асыруды әдістемелік тұрғыдан негіздеу мақсаты, ұлттық бұйым элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуды қалыптастыру үрдісі және олардың оқыту үрдісінде алатын рөлі барысында анықталды.
Жалпы білім беру мектептеріндегі технологиялық білім беруді педагогикалық жүйе арқылы қалыптастырудың тиімділігін арттыруға болатын теориялық әдістеме әзірленді. Ол жүйе мұғалімдер мен оқушылардың теориялық білімдерін көтеруге бағытталған «Белдік киімдерді құрастыру және моделдеу әдістері» атты әдістемелік оқу құралынан, оқушылардың шығармашылық ізденісін іскерлік ойын арқылы жетілдіруге бағытталған автоматтандырылған оқу бағдарламасынан және жоба жұмыстарының әдістемелік нұсқауынан тұрады.
Әдістемелік оқу құралы белгілі мағынада осы жоғарыдағы міндеттердің шешімін табуға қызмет ететін болжамға байланысты келесі міндеттер жүзеге асырылды:
1 Жалпы білім беру мектептеріндегі технологиялық білім беруде, оқушыларды еңбекке дайындауда шығармашылық қабілеттерді инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыруды айқындауға мүмкіндік беретін ғылыми - теориялық мәселелері, оқыту үрдісінің тарихы, олардың қоршаған ортаны танудың ғылымилылығы; жүйелілік және бірізділік; көрнекілік және ойдың инновациялық бағыттылығы, білім, іскерлік және дағдының дамуы; саналылық және белсенділік; пәнаралық нақтылық әрекет және меңгеру жолдары қамтылды.
2 Жалпы білім беру мектептеріндегі технологиялық білім беруде шығармашылық қабілетті дамытуды жаңа технологиялар арқылы қалыптастырудың теориясы мен әдістемесі - педагогикалық жүйе оқушылардың белгілі кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік және дағдысын қалыптастыру мақсатында жасалынды.
3 Ғылыми болжамды дәлелдеуге бағытталған тәжірибелік - эксперименттік жұмыстары 2 кезеңмен (анықтау, қалыптастыру,) жүргізілді және нәтижелері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту педагогикалық жүйе арқылы меңгеру негізінде анықталды. Тәжірибелер мектептегі оқыту үрдісі, оқу - танымдық әрекеттер негізінде педагогикалық іс - тәжірибе және педагогикалық жүйені оқып үйрену барысында жүргізілді.
Зерттеу барысында «шығармашылық қабілет» ұғымына анықтама беріліп, «технология», «инновациялық технология», «педагогикалық технология», «білім беру мазмұны», «оқыту үрдісі» ұғымдарына түсінік берілді. Шығармашылық қабілетті дамытудың қалыптасуы білім беру мазмұны: оқу пәндері, оқу бағдармалары, өз бетінше жұмыстары, жобалар арқылы анықталды. Оқу пәндеріндегі оқу материалдарын инновациялық бағытта игеру мәнін түсінуі және оның оқыту үрдісіне қажеттілігін ұғынуы философиялық және психологиялық - педагогикалық тұжырымдамалар мен ұстанымдар барысында жүргізілді.
Алғашқы анықтау жұмысында оқушыларымен «Көркем еңбек» пәнінің «Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде қолөнер технологиясы» бөліміне дейін өткізіліп, бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін ұлттық элементтер негізінде дамытуды педагогикалық жүйе арқылы меңгеруінің бастапқы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұлттық негізде дамыту мақсатында «педагогикалық жүйе» жасалынып, оқыту үрдісіне ендірілді және ол педагогикалық - тәжірибелік жұмыстарының нәтижелері мен тұжырымдары арқылы нақтыланды.
Зерттеу көздері ретінде: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР ЖМББС, типтік оқу бағдарламалары, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар (оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқу - әдістемелік кешен, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.), жоғары оқу орындарының ізденушілердің тәжірибесі, сонымен бірге автордың зерттеу жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жүргізілген педагогикалық және зерттеушілік тәжірибелері алынды.
Тәжірибе барысында диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, ) жүргізу, оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау, педагогикалық эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістері қолданылды.
Жалпы білім беру мектептерінде «Көркем еңбек» пәнін оқытуда оқу үрдісін ұлттық негізде ұйымдастыруға үлестерін қосқан Т.Левченко, С.Жолдасбекова, Б.Ж.Жиентаева, А.Д. Райымқұлова зерттеулерінің маңыздылығы жоғары, бірақ оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін ұлттық бұйымдардың элементтері арқылы дамытуға бағытталған еңбектер жеткіліксіз, біздің зерттеу жұмысымыз жоғарыдағы аталған ғалымдар еңбектерімен қатар оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруде өз үлесін қосады демекпіз.
Қорыта келе, оқытудың қазіргі уақыт талабындағы негізгі мақсаты кәсіптің белгілі бір саласына бағытталған, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істей білуге қабілетті жастар даярлауы, еңбекке оқытуды шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру ұстанымы тұрғысынан орын алатыны айқындалды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы баптары бойынша түсіндірмелері және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. - Астана, 2007, 08.07.
2 ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасы
3 Қазақстан Республикасында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана.- 2008. – 20 б.
4 Н.Ә.НазарбаевҚазақстанның егеменді мемелекет ретінде қалыптасуымен дамуының стратегиясы-Алматы Дәуір. 1992-56 б
5 Масырова Р.Р., Линчевская Т.А. Инновационные школы в Казахстане: Учебное пособие. – Алматы: Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000. - 177 с.
6 Совершенствование содержания образования в 56 школе / Под ред..Зверева И.Д., Кашина М.П. – М.: Педагогика, 1985. – 272 с.
7 ҚР Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт. Астана, 2005
8 Пошаев Д.Қ. Мамандық таңдау негіздері. Кестелі оқу құралы. - Шымкент. М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007. - 84 б.
9 Школа и производство // Научно - теоретический методический и педагогический журнал. Министерство общего и профессионального образования Российской Федерации. Издательство «Школа - Пресс». № 4. 1998. - С. 47 - 48.
10 Крупская Н.К. Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. А, 1973. – 225 б.
11 Батышев С.Я. Профессиональная педагогика: учебник для студентов, обучающихся по педагогическим специальностям и направлением. - 2 -е изд., перераб и доп. - М.: Ассоциация. «Профессиональное образовние», 1999. –
904 с.
12 Лемберг Р.Г. Оқыту әдістері. Алматы, 1958. – 207 б.
13 Көшекбаев Н.К. Оқыту теориясы. Алматы, Мектеп, 1976.- 81 б.
14 Хмель Н.Д. Сущность педагогического процесса. ІІ В сб.: науч.
15 Момынбаев Б.К. Кәсіптік педагогика Алматы, 2006 138-164б, 301-309б
16 Теоретические основы содержания общего среднего обарзования /Под ред В. В. Краевского, И. Я. Лернера. - М.: Педагогика. 1983. - 352 с.
17 Леднев В.С. Содержание образование. Учеб.пособие. М.: Выш. шк, 1989.- 225 с
18 Оконь В. Введние в общую дидактику. М.: Выш. шк, 1990. - 360 с
19 Дүйсенбаев К.А. Развитие содержания профессионально - педагогического образования учителя труда в вузе. - Алматы: Наука, 1995. - 350 с.
20 Қ.Ж.Бұзаубақова Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы «Жазушы» 2006-5бет
21 Локк Дж. Опыт о человеческом разуме. /Избр. Филосовские произведения.
Т. 2. М: Издательство, 1960. – С. 120.
22 Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения: общедидактический аспект. – М.: Педагогика, 1982. – 256 с.
23 71 Арстанов М.Ж., Пидкасистый И.И., Хайдаров Ж.С. Проблемно – модельное обучение: вопросы теории и технологии. - Алматы: Мектеп, 1980. - 198 с. 70; 71].
24 Дистервег Ф.А. 1790 - 1866 Германия. Избр.педагогич сочинения «О дидактических законах и правилах». Гос.учебно-пед.. М.: Издательство, 1956. – С. 205.
25 Лейтес Н. Умственные способности и возраст. М., 1971
26 Ж.Түрікпенұлы Академик Төлеген Тәжібайұлы қазақтың көрнекті психолог-педагогы Алматы 1993 «Баспа»
27 Бержанов Қ .Педагогика тарихы Мектеп, Алматы 1969
28 Песталоцци И.Г. 1746 -1827 Швейцария. Избр.педагогич.произв. том ІІ М.: Педагогика, 1981. – 75 - 79 с
29 Гербарт И.Ф. 1778 - 1841 Германия. Главнейшие пед.соч. в систематическом извлечений. М.. 1906.- С. 199.
30 Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. 2- баспа. - Алматы: Жазушы, 1985. - 560 б
31 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы: Ғылым,
1994.- 228 б.
32 Сыдықов Ә. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі Мектеп-Алматы 1969 -154 б
33 Абай шығармалары. 2 том. Алматы: «Жазушы», 1994.- 228 б.
34 Әбішев Қ. Философия. Жоғары оқу орындары студенттері мен аспиранттарға арналған оқулық. Алматы, 1999. – 264 б.
35 Критика чистого разума И.Кант перевод с немецкого Н.Лосского М.Эксмо, 2007г
36 К.маркс, Ф.Энгельс., Об исскустве, Сборник 3 изд.том 1-2, Москва, 1976
37 Платонов К.Г. Структура и развитие личности М., Наука, 1986
38 Платонов К. Проблемы способностей. М., 1972 Платонов К.К. Психологический практикум. М., 1980.
39 Р.Наурызбаева Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу Қазақстан мектебі 2007, №2
40 Құдабаева К.І. Болашақ мұғалімдерді бастауыш мектептің оқыту үрдісінде сәндік -қолданбалы өнерді пайдалануға даярлау. Афтореферат 2005
41 Андреев В.И. Педагогика. Учебный курс для творческого саморазвития. Казань, 2000.
42 Л. С. Выготский , Психология исскуство, Москва, 1986
43 Я.А. Пономарев Психология творческого мышления
44 Давыдов В. Виды обобщения в обучении. М., 1972
45 А.В.Запорожца, Д.Б.Эльконинь Психология личности и деятельности школьника, Москва,1969
46 Давыдов В. Виды обобщения в обучении. М., 1972
47 Юдина Ю.Г. Проектные классные мероприятия как средство поддержки образовательного запроса подростков / Учебно-методическое пособие для студентов педагогических специальностей университета / Сост. Ю. Г. Юдина. – Красноярск: КрасГУ, 2003. – 50 с.
48 Лернер И.Я. Проблемное обучение. М., 1973
49 А.Н Лук Психология творчества, Москва, Наука, 1978
50 Караковский В.А. Стать человеком-М1993.-80стр
51 Анаьев Б.Г.Человек как предмет познания.-Л.: ЛГУ.-1968.-238с.
52 Леонтьев А.И. Деятелность. Личность. Сознание. М.. 1977-.304с.
53 Леонтьев А.И. Избранные психологические произведения. В 2-х томах.-М.. 1983.т. 2.-318с.
54 Рубинштейн С.А. Основы общей психологии. М.: Гос. уч. пед. из.-1964.-704с.-625с.
55 Высготский Л.С. Собр.соч.-М.: Педагогика т.1.-1982.-486с.
56 Высготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. С-П.: Союз.1997.-93.с /.
57 Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт теоретического и экспериментального исследование. АПН ССР.-М.: Педагогика.-1986.-336с.
58 Занков Л.В. Развитие школьников в прцессе обучения. –М.: Просвещение .
-167.-104с
59 Шамова Т.И. Исследовательский подход в упрвлении школой. –М.,
1991.-68с
60 Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М., 1981
61 Щукина Г.И. Активизация позновательной деятельностиучащихся .-М.: Педагогика .-1978.-245с
62 Махмутов М.И. Проблемное обучение –М.: Прсвещение. -1975.-368с
63 Данилов М.А. Дидактика средней школы. –М.: Прсвещение. -1978.
64 Скаткин М.И. Совершенствование процесса обучения.-М.: Педагогика -1971.-315с
65 Нұғыманов И.Н., Қайым Қ. Танымдық қызығушылық психологиялық-педагогикалық негізі. –Алматы .-1997.5-9б
66 Қараев Ж.А. Кобдикова Ж. Оқытудың жаңа технологиясының мәні . ИФМ.-1999.- №3.
67 Нургалиева Г.К. Психоло-педагогические основы системы ценностного орентирование личности. Автореферат док. Пед. наук..-Алматы.-1993.
68 Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқыту әдіс формалары. Автореферат док. Пед. наук..-Алматы.-1996.
69 Алимуханбетова Г.Е. Научные основы формирования готовности школьников к позновательной деятельности. Автореферат док. Пед. наук..-Алматы.-1997
70 Дайрабаева А.Е. Қазақстанда дидактикалық ойындардың дамуы . Автореферат п.ғ.к.,-Алматы.-1994
71 Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике.-Алматы: Алем. -2000.-381с
72 Технология жалпы орта білім беретін мектептердің 5 – 9; қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениеті 10 - 11-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. - Алматы, 2000. - 71 б.
73 Жолдасбекова С.А. Жоғары оқу орнында болашақ еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімін кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасы: автореф. ... пед. ғыл. док.: 13.00.08. - Алматы, 2006. - 41 б., 20 б
74 Қалназаров Б. Әдістемік оқу құралы Қызылорда , 2006-168б
75 Қазақстан мектебі // Алматы: №6. 2002. - Б. 3 - 7.
76 Қазақтың тәлімдік ой - пікір антологиясы. Бірінші том, (VI ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі кезең) // Құрастырған К. Жарықбаев, С.Қалиев. Алматы: Рауан, 1994. - 320 б.
77 Семушина Л. Г. Рекомендации по внедрнение современных технологии обучения // Cпециалист: № 9.- 2005. - С. 18 – 24.
78 Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М., Педагогика, 1995. - 215 с.
79 Гершунский Б.С. Прогнозирование развития образования: проблемы и перспективы // Образование в современном мире: состояние и тенденции развития. - М.: Педагогика, 1986. - 248 с.
80 Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика, 1989. - 123 с.
81 Машбиц Е.И. Психолого - педагогические проблемы компьютеризации обучения. - М.: Педагогика, 1988. - 191 с.
82 Борк А. Компьютеры в обучении: чему учит история // Информатика и образование. - 1990. - № 5. - С. 110 - 118.
83 Шапиро Э.Л. Компоненты знаний и их соотношения в сферах интеллектуальной деятельности // Вест. выс. Школы. - 1990. - № 11. –
С. 26 - 31.
84 Кастро К., Альфтан Т. Компьютеры во внешкольном образовании // Перспективы: вопросы образования. - М: Комиссия СССР по делам ЮНЕСКО, 1991.- № 2. - С. 59 - 71.
85 Атутов П.Р., Ложкин В.М. Подготовка преподавателей для профессио-нального обучения учащихся // Сов педагока. - 1985.- № 2. – С. 54 - 57.
86 Ваграменко Я.А. Новые грани специальности: Подготовка препо-давателей общетехнических дисциплин в педагогических институтах // Народное образование. - 1985. - № 3. – С. 63 - 65.
87 Васильев Ю.К., Дмитриев Ю.А., Дүйсенбаев К.А. Описательная модель учителя труда – выпускника педвуза. Научно - методическая рекомендация к разработке. – М.: НИИ ТО и ПО АПН СССР, 1990. – 50 с.
88 Адилов Ж.М. Информатизация системы образования: опыт, проблемы и пути рещения. // Сборник научных статей I Междун. Форума «Информатизация образования Казахстана: Шаг в ХХI век». – Алматы, 2001. – С. 9 - 16.
89 Балафанов Е.К. Мост в будущее. // Информационные технологии в Казахстане. - 1999. - № 1. – С. 27- 28.
90 Жумагулов Б.Т. Информатизация системы образования РК: проблемы и пути решений //Сб.научных статей I Межд. форума «Информатизация образования Казахстана: Шаг в ХХI век». – Алматы, 2001. – С. 31 - 29.
91 Айтмуханбетов А.А., Боранбаев С.Н. Применение Информационные технологии в образовании. // Сб. научных статей I Межд. форума «Информатизация образования Казахстана: Шаг в ХХI век». – Алматы, 2001. – С. 256 - 258.
92 Жумадильдин Б.А. Чело ХХI века. // Информационные технологии в Казахстане. – 1999. - № 1. – С. 3 - 6.
93 Мусин К.С. Информационные технологии в ХХI веке: тенденции развития/ Матер. научно - практ.конф. «ХХI век эпоха обновления образования и воспитания молодежи». – Алматы: АИПА, 2003. – 174 с.
94 Мутанов Г.М. Новый шаг в информатизации системы образования Республики Казахстан. // Сб. научн. статей II Межд. форума «Инфор- матизация образования Казахстана и стран СНГ». – Алматы. - 2002. - С. 9 - 10.
95 Нургалиева Г.К. Научно - методическое обеспечение процесса информатизации образования // Сб. науч. статей II Межд. Форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ». - Алматы. - 2002. - С.32 - 41.
96 Тажигулова А.И. Интеграция педагогической науки и дидактических возможностей информационно - коммуникационных технологий. // Сб. науч. статей II Межд. форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ». – Алматы. - 2002. - С. 9 - 10.
97 Татенов А.М. Технология системы управленияучебным процессом школы на основе новых информационных технологий // Технологии в Казахстане. - 1999. - № 1. – С. 29 - 34.
98 Программа информатизациисистемы среднего образования. Государ-ственная программа президента республики Казахстан // Информационные технологии в Казахстане. - 1999. - № 1. – С. 7 - 24.
99 Концепция информатизации системы образования Республики Казахстан на 2002 - 2004 годы. Одобрен постанов. Правительства РК от. 06.08.01. г. № 1037. Сб. Информатизация системы образования. – Астана: МОиН РК, 2001. – С. 23 - 30.
100 Цевенков Ю.М., Семенова Е.Ю. Информатизация образования в США. Новые информационные технологии в образовании: Обзор. Инф. /НИИВО. М., 1990. Вып. 8.
101 Ретинская И.В., Шугрина М.В. Отечественные системы для создания компьютерных учебных курсов Мир ПК, 1993. - № 7. – С. 55 - 60.
102 Кирмайер М. Мультимедиа: Пер. с нем. СПб.: BHV – Санкт - Петербург, 1994. - 192 с.
103 Роберт Н.В. Виртуальная реальность Информатика и образования. – 1993, № 5. – С. 53 - 56.
104 Христочевский С.А. Информатизация образования. Информатика и образование, 1994. - № 1. – С. - 13 - 19.
105 Новосельцев С. Мультимедиа. Мир Аррle Мультимедиа и цифровое видео.- 1997.- № 9. – С. 8 - 9.
сондай-ақ оның білім саласында пайдалану мүмкіндіктерін анықтаймыз. 106 Кушербаев К. Приоритетные направления развития образования и науки на ближайший период // Білім – Образование, 2000. - № 1. - С. 82 - 91.
107 Эрдниев П.М. Укрепление дидактических единиц как технология обучения.Часть 1,2. –М.: Просвещение. -1992.
108 Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды. –М.: 1989.-554
109 Давыдов В.В. Нерешенные проблемы теории деятельности Психологический журнал №2.-1992.-3-13с
110 Амоношвили Ш.А. Здравствуйте дети . –М.: Просвещение. -1983. -208с.
111 Беспалько В.П. Основы теории педагогических систем: проблемы психо-педагогического обеспечения технических обучающих систем
112 Караев Ж.А. Активизация позновательной деятельности учащихся в условиях компьютерной технологии Автореферат д.п.н. –Алматы.-1994.
113 Керимбаева М.С. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы, поиск. – Алматы: Гылым, - 1995. – 26 с.
114 Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход: методическое пособие. - М.: Высшая школа. - 1991. - 207 с.
115 Савельев А.Я. Технологии обучения и их роль в реформе высшего образования // Высшее образования в Росссии, № 2. - 1994. – С. 36 - 37.
116 Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования. Алматы. 2000. - С. 129
117 Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. - М.: Педагогика, 1986. - 152 с.
118 Леднев В.С. Содержание образование. Учеб.пособие. М.: Выш. шк, 1989.- 225 с.
119 Бим - Бад Б.М. Антропологические основания теории и практики образования . Педагогика, №5.1994. – С.120 - 124.
120 Петровский А.В. К психологии активности личности. Вопросы психологии. № 3. - 1975. - С. 26 - 38.
121 Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образование: учебное пособие для студентов под. ин-тов, слушателей института и пед. инс-тов. – М.: Просвещение, 1984. - 240 с.
122 Монахов В.М, Қабдықайырұлы Қ., Оразбекова Л.Н., Әлдібаева Т.Ә. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. – Алматы: РБК,
1999. - 149 б.
123 Буланова - Топоркова М.В., Духавнева А.В., Кукушин В.С., Сучков Г.В. Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов педагогических специальностей Под общей ред. В.С. Кукушина. – Серия «Педагогическое образование». – Ростов н/Д: издательский центр «Март», - 2002. - 320 с.
124 Максимов В.М. Межпредметные связи в учебно - воспитательном процессе современной школы. – М.: Просвещение, 1987. – 201 с.138
125 Поташник М.М., Селевко Г.К., Хмель Н.Д. Инновационные школы России: становление и развитие. Опыт программно - целевого управления: Пособие для руководителей общеобразовательных учреждений - М.: Новая школа, 1996. - 320 с.
126 Муравьёв Е.М., Молодцов М.П. Технология. Учебное пособие. / Под ред. Е.М. Муравьева. - М.: Просвещение, 2005. - 208 с.
127 Өстемиров К.Ө., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары: орта, кәсіптік және жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне, педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы. – Алматы: АГТУ, 2006. - 108 б.
128 Тажигулова А.И. Интеграция педагогической науки и дидактических возможностей информационно - коммуникационных технологий // В сб.: науч. статей II межд. форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ». – Алматы, - 2002. - С. 9 - 10.
129 В.М.Казакеевич Школа и пройзводства 2001/1, 1998/1,2003/3
130 А.Д. Райымқұлова Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
131 Ақышев К. Археологиялық аса бағалы ескерткіштер. Ежелгі мәдениет куәлары. Алматы, 1966, 57 б.
132 Жәнібеков Ө. Культура казахского ремесла.- Алма-Ата: Онер, 1982.-стр.27
133 Маргулан А. Х. Казахское народное прикладное искусство. – Алма - Ата: Өнер, 1986.- Т. 1. стр.31-87
134 Қасиманов С. Қазақ қолөнерi.- Алматы: Қазақстан,1996
135 Арғынбаев Х., Захарова И. В. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылған этнографиялық экспедициясының қорытындысы // ТИИАЭ АН КазССР. Т.12.- Алматы, 1961
136 К. Өстеміров Кәсіптік оқыту әдістемесі – Алматы.: РАД и АЛ ,
2006-239б
137 Загвязинский В.И. Инновационнные процесы в образовании и педагогическая наука. // В сб.: науч. статей межд. конф. Инновационнные процесы в образовании. - Тюмень, - 1990. - С. 3 - 9.
Қосымша А
Оқушыларға арналған бақылау сұрақтары
1.Технолгия пәніне сіздің қызығушылық деңгейіңіз
а) жоғары
б) орта
в) төмен
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
2. Шығармашылық жобаларға көзқарасыңыз
а) өте жақсы
б) орта
в) төмен
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
3. Жобаларды орындауға теориялық білімдеріңіз қаншалықты жеткілікті деп ойлайсыз?
а) жеткілікті
б) белгілі бір дәрежеде ғана жеткілікті
в) жауап беруге қиналамын
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
4. Жоба жұмыстарын ұлттық негізде орындау қаншалықты қажет деп ойлайсыз?
а) аса қажет
б) мақсатқа байланысты қажет
в) жауап беруге қиналамын
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
5.Жоба жұмыстарын орындауда өзіңізді қандай деңгейде көресіз?
а) жоғары
б) орта
в) айтуға қиналамын
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
Мазмұнды жауаптарыңыз үшін рахмет!
Қосымша Б
Оқушыларға арналған бақылау сұрақтары
1. Педагогикалық жүйені мұғалімнің оқу үрдісінде қолдануы сендерді қызықтырды ма?
а) иә
б) белгілі бір дәрежеде
в) жауап беруге қиналамын
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
2.Теориялық білімдеріңіздің деңгейі қаншалықты жоғарылады деп ойлайсыздар?
а) өте жақсы
б) жақсы
в) жауап беруге қиналамын
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
3.Шығармашылыққа көзқарасыңыз өзгерді ме?
а) иә, өзгерді
б) белгілі бір дәрежеде ғана өзгерді
в) жауап беруге қиналамын
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
4.Шығармашылық жобаларды орындауға қызығушылыққа не себеп болды?
а) мұғалімнің оқу үрдісіне жаңа материалдарды енгізуі
б) басқа (атап көрсетіңіз)
в) жауап беруге қиналамын
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
5. Технологиялық білім деңгейіңіз жоғарылады ма?
а) иә, жоғарылады деп айта аламын
б) белгілі бір дәрежеде жоғарылады
в) жауап беруге қиналамын
басқа жауабыңыз болса ____________________________________
Мазмұнды жауаптарыңыз үшін рахмет!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.