Кітап-рухани қазына (2класс)
Оценка 4.9

Кітап-рухани қазына (2класс)

Оценка 4.9
Документация
docx
воспитательная работа
2 кл
17.04.2017
Кітап-рухани қазына (2класс)
Адамзат қоғамы тарихында жазу-сызу басталғалы кітап бейне кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық есептеледі. Сонымен бірге, кітап ــ қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із болып қалар құнды белгі. Адамзат тарихында әр қоғам өзінің құндылықтарын әр кез соңына кітап арқылы қалдырып отырған. Шындығына келер болсақ, кітап таусылмас рухани қазынаның ең негізі, бастау алар бұлақ көзі есептеледі. Енді бір қырынан кітап оқу деңгейінің азайып бара жатқандығын адамдардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларынан, не базар экономикасының өзіндік кінараттарынан қарастыратын жағдайлар да бар. Бұл орынды көзқарас емес. Өйткені халқымыздың әл-ауқаты төмен делінген жылдардың өзінде де, олардың кітапқа құштарлығы онан ары арта түспесе кеміген жоқ болатын Компьютер керемет, интернет тамаша екені рас. Бірақ, біз кітап оқуды, көркем әдебиетке қызығушылығымызды компьютер әлеміне жұтқызып қоймауымыз керек. Кітаптың құндылығы жәйында дана халқымыз «Білімнің бастауы кітап»,-десе, данышпан Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,-дейді. Ал ұлы драматург Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат»,-деп кітаптың қүдіретін, оның мәртебесін онан ары асқақ көтеріп көрсеткен болатын. «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбатты қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын –кітап екенін білуге, бұл кітаптар қайдан шығатынын онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері ,қол жетпес мұралары жазылатыны туралы бүгінгі сабағымызда ой бөліссек.Кітап - рухани қазына
пнгпорг.docx
Сабақтың тақырыбы: Кітап­ рухани байлық Сабақтың мақсаты: Білімділік: Кітап заманымыздың өмірі. Рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып,  үлгі­ өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына­ кітап әлеміне шолу жасау. Дамытушылық: Кітап әлемі­ адамды арман биігіне самғатып, ақыл­ ой сұлулық әлемін  шарлатып, білім­ ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін  ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой­өрісін дамыту Тәрбиелік: Кітапты құрметтей білуге,ұқыптылыққа,адамгершілікке көркем әдебиет оқуға  тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интер. тақта, кітаптар көрмесі, Ұлы адамдардың кітап, оқу­білім  туралы айтқан дана сөздері: Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге Абай. Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир. Кітап­әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. М. Горький. Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесі сияқты. Л. Толстой. Сабақтың түрі: дөңгелек үстел Барысы: ҚР Әнұраны І. Кіріспе а) Қазақстан Тәуелсіздік күнімен құттықтау. б) Кітап­ сарқылмас рухани байлық. Адамзат қоғамы тарихында жазу­сызу басталғалы кітап бейне кәусар бұлақтай адамдардың  рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық есептеледі.  Сонымен бірге, кітап ــ қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес  із болып қалар құнды белгі. Адамзат тарихында әр қоғам өзінің құндылықтарын әр кез  соңына кітап арқылы қалдырып отырған. Шындығына келер болсақ, кітап таусылмас рухани қазынаның ең негізі, бастау алар бұлақ көзі есептеледі. Енді бір қырынан кітап оқу  деңгейінің азайып бара жатқандығын адамдардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларынан,  не базар экономикасының өзіндік кінараттарынан қарастыратын жағдайлар да бар. Бұл  орынды көзқарас емес. Өйткені халқымыздың әл­ауқаты төмен делінген жылдардың өзінде  де, олардың кітапқа құштарлығы онан ары арта түспесе кеміген жоқ болатын Компьютер  керемет, интернет тамаша екені рас. Бірақ, біз кітап оқуды, көркем әдебиетке  қызығушылығымызды компьютер әлеміне жұтқызып қоймауымыз керек. Кітаптың  құндылығы жәйында дана халқымыз «Білімнің бастауы кітап»,­десе, данышпан  Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,­дейді. Ал ұлы драматург  Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат»,­деп кітаптың қүдіретін, оның мәртебесін онан  ары асқақ көтеріп көрсеткен болатын. «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі  қымбатты қазынасын ұрпақтан­ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» Жансызды  жандандыратын, жандыны жаңғыртатын –кітап екенін білуге, бұл кітаптар қайдан  шығатынын онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері ,қол жетпес  мұралары жазылатыны туралы бүгінгі сабағымызда ой бөліссек. ІІ. Сабақтың бағдарламасымен таныстыру. І­бөлім. Тарих тағылымы / оқушылар ізденісі/  Кітаптың шығу тарихы  Баспахана өндірісі қашан пайда болды?  Ең алғашқы кітапханалар қай кезде пайда болған?  Кітап оқудың да сыры бар? ІІ­бөлім. Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары / ойын/  Кітаптар сыр шертеді.  Жеті жұрттың тілін біл. ІІІ­бөлім. Қорытынды. /«Ата толғауы» күй орындалады/ І­бөлім. Тарих тағылымы. Кітап!Сен адамзаттың жақын досы! Келмейді сені оқымай көңіл хошы Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры Басылған таңба болып өзіңде осы. Кітаптың шығу тарихы /№6 слайд/ Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.  Кітап өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу,тәрбие құралы. Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен  дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды. Папируспен қоса ежелгі дәуірде жас малдардың терісінен жасалған материал алынды (бұзау, лақ, қозы, қоян т.б.). Малайзия /Қазіргі Сирияда/ бұл материалды хат жазуға  пайдаланды. Пергамент деп аталды Ежелгі Египетте өсімдіктен жасалынған кітап­ленталар, плиталар ойлап тапты. Саздан  жасалынған плиткалардан кітапхана жасалды. Бұл кітапхана Ашшурбанипал патшасына  тиеселі болды. Ресейде ІХ ғасырда ағаштың қабығынан жасалған кітаптар пайда болды Қағаз .Қытайдың  оқымыстысы Цай­Лунь ойлап тапты. Бамбукпен судан жабысқақ зат жасап, оны жайып  тақтайдың үстіне қойып күнге қақтап кептіргенде жұмсақ материал пайда болған. Орта ғасырда кітаптарды монастырлерде әріптер мен суреттерді көшіру арқыл  жазды.Қазіргі кітап баспаларын алғаш рет ХV ғасырда Немістің өнертапқышы Иоганн  Гуттенберг ойлап тапты.Онымен 1 сағатта 16 бет кітап басып шығаруға болатын.Сөздерді  металл әріптерді біріктіру арқылы жазды ол шрифт деп аталды. Ең алғашқы орыстың баспа кітабы «Апостол» деп аталды оны 1564 жылы 1­наурызда Иван  Федоров шығарды. Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шықты. Кітап!Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы Ашқанда­ақ өткен күнмен беттеріңді Келер күн көз алдыма кеп тұрады

Кітап-рухани қазына (2класс)

Кітап-рухани қазына (2класс)

Кітап-рухани қазына (2класс)

Кітап-рухани қазына (2класс)

Кітап-рухани қазына (2класс)

Кітап-рухани қазына (2класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.04.2017