Научная работа о купцах города Семей. О том как эти люди внесли огромный вклад в развитие экономики города Семипалатинска. О тех купцах которые первыми провели телефон в город, о тех кто создали первые заводы и фабрики, цехи в нашем городе.
Купцы города Семей.docx
Ермеков Марғұлан, "Электротехника колледжі" КМҚК,
жетекшісі: Сулейменова Хазина Какабаевна
СЕМЕЙ ӨЛКЕСІНІҢ САУДАГЕРЛЕРІ
Қалада тұратын және саудамен айналысатын ортаазиялық көпестер
тауарларын шетелден әкеп, шетелден шығарғаны үшін мемлекетке міндетті баж
төлеп тұрды.
Семей жерінен өтетін сауда керуендері Семей кедені арқылы тіркеліп отырды.
Әрине, мұндай керуен шерулер ұрықарасыз болмайтын, сондықтан Семей кедені
сауадгерлердің өтінішіне орай қазақ жері арқылы жанжаққа өтетін керуен
шерулерге қауіпсіздігі үшін күзет отрядын қосып беріп отырды.
Қазақстанда, соның ішінде Ұлы Жібек жолы Семейде ішкі сауданың дамуы мен
оның сыртқы байланыстарының қалыптасуы жергілікті қазақ саудагерлерінің
қалыптасуына әкелді. Алдымен олар Петропавловск, Семей тағы басқа қалалар
көпестерінің агенттері ретінде қызмет атқарса, сонан кейін қазақ саудагерлері
шекара жүйелерінде, форпостарында, әсіресе ауылдарда сауда жасай отырып өз
кәсіптерін ашты. Тройск, Ташкент, Бұхара, Хиуамен байланыс жасайтын қазақ
саудагерлері басымдық көрсетті. Тауар сатып алу үшін олар Ірбіт жәрмеңкесіне,
тіпті Қытайдың Шұғышақ қаласына дейін барды. Жекелеген қазақ саудагерлері
ірі сауда капиталына ие болды.
1854 жылы Семей облыс болып құрылғаннан бері қалада ірі мерекелер өтіп,
саудасаттық қызу жүргені тарихта белгілі. Осы мерекеге талайталай ақсүйектер
қатысып атсалысты. Қарапайым күрек ұстағандар оны көре алған жоқ. Қазақтар
сол бір қасаң заманда феодалдық өмір қатынасында өмір сүріп жатты. Жаңадан
ашылған Семей облысына әскери губернаторды Ресей императоры арнайы
Жарлығымен тағайындады. Бұл қызметке лайық деп полковник П.М. Спиридонов
тағайындалды. Ал, Семей қаласының басшысы – мэрді сайлау шаһар
жұртшылығына ұсынылды.
Семейде сол бір жалдары қазақ ішінде бірінші гильдиялы көпес шенін алғашқы
болып алғандардың бірі, қаланың тумасы, ауқатты қазақ Бұршақ Еспаев (1803
1889) болды. Ол Шоқан Уәлихановтың Қашғария экспедициясына қатысқан
саудагер. Бұршақ Еспаевтың Семей жұртшылығына беделі зор кісі болған.
Б.Еспаев – Қытаймен сауда жасаған көпес. Ол 1869 жылы генералгубернатор
Колпаковсийге Зайсан уезін ұйымдастырсақ, Қытаймен сауда жақсарады деген
ұсыныс жасайды. Ол іс 1869 жылы орындалады. Кейін бұл жұмыс жақсы нәтиже
береді.
Семейдің атақты миллионері, бірінші гильдиялы көпес Қаражан Үкібаев та
тарихта қалған тұлға. Қаражан Үкібаев Семей қаласына тұңғыш рет 100 нөмірлі
телефон орнатқан кісі. Соған орай ондай телефонды пайдаланушылар жөнінде сол жылы анықтама кітапшалар да шығарылған. Қаражан бұл телефонды барлық
жабдықтарымен қоса кезінде Америкадан сатып алды. Қаланың сол жақ
бөлігіндегі ”Тыныбай Слободкасы” деп аталған бір бөлігі уақ руынан шыққан
екінші гильдиялы көпес Тыныбай Кәукенов есімімен байланысты.
Тыныбай Кәукенұлы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда товарақша
қатынасы терең дамып, кең қанат жая бастаған кезде Семей өңірінде қазақ
арасында алғаш саудамен айналысып, 2ші гильдиялы көпес атағын алған ірі
саудагер бай.
Мұны 1839 жылғы 22 тамыздағы ”Семей қаласының жоғарғы жағында көшіп
жүрген қырғыздардың жағдайы туралы баяндама” атты мұрағаттық материал да
растайды: ”…Семейлік Тыныбай Кәукенов деген қырғыз сауда жасаумен
айналысып, біршама қаржы жинап алды, сөйтіп қалада үй салып, 1839 жылы
үшінші гильдия бойынша көпестікке жазылды”. Сондайақ Қазақстан архивінде
”Уақ болысының старшинасы Кәукеновты Семей қаласының көпестер
сословиесіне кіргізу туралы” 1842 жылғы мұрағаттық іс сақталған. Бұл
көрсетілген архивтік материалдар Т.Кәукеновтің шынымен Семей қаласында өмір
сүргенін қуаттайды. Көпес болғандықтан ол Ертістің сол жағалауынан тұрғын үй
салған. Үйдің жанынан мұсылмандарға арнап мешіт салдыра бастаған.
1880 жылы Латиф және Фатих Мусиндер қаланың басқа да көптеген
меценаттарымаен қосылып ”Областные ведомости” газетін бастырып шығаруға 10
мың сом көлемінде алтын ақша қосқан екен. Мусиндердің осы газетінде
кедейлердің тізімі үздіксіз жарияланып тұрды. 1881 жылы олардың саны 5 мыңға
дейін жеткен. Оларды қолдау мақсатында қайырымдылық қорын созған Мусиндер
жыл сайын алтынмен көмектесіп, осыған қосымша 1881 жылы әрбір кедейлік
жеңген отбасына екі қап ұн, қырық келі қант, елу келі ет, шай және тұз бөліп
беріп тұрған. Ағайынды Мусиндер, соныман қатар әлеуметтік жағынан аз
қамтылған жанұяның адамдарын жылына бір рет көпес пароходымен Ертістен
сонау Обьтың сағасына дейін тегін жеткізген. Бұған қосымша күніне төрт рет осы
кедейкөпшіктерге есебінен асханадан тегін тамақ ұйымдастырған. Мусиндер
халыққа білім беру ісін де өз қамқорлығына алған. Сондайақ спорттық
ойындарды да өткізуге мұрындық болған. Мусиндар тасының өрге домалағаны
соншалық, 1900 жылы Ресей мен Семей банкілерінің есеп шотында 50 миллион
ақшасы болған. Құжаттар айғақтағандай, Мусиндер өз капиталдарын көптеген
кәсіпорындарға салып отырған. Оның ішінде Змеиногорск мен Лениногорскідегі
алтын өндіретін рудниктері де болған.
Мусиндер әулетінің арғы атасы – Садық. Ол 1793 жылы Қазан қаласында
дүниеге келген. 1809 жылы ашаршылық құрсауынан қысқан бозбала астықты қала
Семейге қоныс аударады. Оның әкесі Мұса өз кезінде Аляска меңгерушісі
Григорий Шелоховтың көшірі болған кісі. Жалғыз ұлы Садықты бес жасынан
оқуға беріп, қара танытады. Садық аса зерек, алғыр болып өседі. Әкесі баласын
сауда ісіне баули бастайды. Оған атарба сатып әперіп, демалыс күндері таяу ауылдарды аралап ұн, шәй, тұз сияқты бақалшы саудаға қосады. Саудадан түскен
ақшаға Садық ұсақ және ірі қара мал терісін сатып алады. Әкесімен қосылып тері
илейді. Одан кеудеше, тұлып тігіп сатады. Әкесі 92 жасында қайтыс болады,
баласы Садыққа 500 мың алтын ақша қалдырады.
Садық әке мұрасын жалғастырып, ұн тартатын зауыт салады. Сол кездің өзіндеақ
Германия мен Америка фирмаларымен келісімшартқа отырып, жабдықтар
орната бастайды. Мусиндердің ұн тартатын зауыты Ұлы Отан соғысы
басталғанша үздіксіз істеп тұрған. Садық саудагер екі ұлы Фатих пен Латипті
Ресейде оқытып, шетелде білім әперді. Олар әке ойлағандай инженер, математик,
экономист болып шығады.
Кіші ұлы Латип Семей өзен портын құрады. Осы мақсатпен Ресейден
пароходпен баржа сатып алып, жаз туа Обь сағасымен Семейге 15 пароход, 20
баржа жеткізеді. Ал келесі жылы кемелердің саны тағы үдей түседі. Семейде
баржалар мен кемелер құрастыратын, жөндейтін шағын зауыт ашады. Осының
арқасында ол ұзын аққан Ертістің мыңдаған шақырымына қожалық етеді.
Баржаларға ұн артып, Сібірден қарағай тасиды.
Сондайақ, Қытаймен де саудасаттық жүргізген. Латип сонымен қатар, Ертісте,
жолаушылар кемесін ұстап, бірнеше жерден паром да ашады. Ол алтын ісімен де
айналысып, Ресейде де, Қазақстанда алтын өндіретін кеніштер ашады, Көптеген
кен қазбаларына қожалық етеді. Оның кеніштерінің саны 38ге жеткен. Осының
арқасында Змеиногрскіде, Өскеменде зергерлік бұйымдар сататын дүкен де
ашады. Электр қуатын өндірумен де айналыса бастайды.
1908 жылы Латип Мусин Қалжыр өзенінде су электр станциясының құрылысын
бастайды. Осымен бір мезгілде Зайсан уезінде қант зауытының құрылысын
жүргізуді де қолға алады. Оған қажетті құрылыс материалдарын, цементті,
металды Қара Ертіс арқылы өз есебінен жеткізеді.
1914 жылы Латип өз су кемелерін жаңарта бастайды. Кемелердің қайраңдап
қалмауы үшін көптеген шақырымдарға жаңа бакендер қояды. Мусиндер қай іске
болсын тиянақты қараған. Мәселен, диірменде ұнның сапалы болып тартылуымен,
оның тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін бидай мен қара бидайдың құрғақшылыққа
төзімді сорттарын таңдаған. 1903 жылы Мәскеу көпесі Г.Елисеевтен қара бидай
сатып алады. Ол Семей жерінде жақсы өнім берген, құрғақшылық жылдардың
өзінде 10 центнерден, ал ылғалды жылдары одан 30 центнерге дейін өнім алған.
Мусиндерді кез келген пайдалы істер қатты қызықтырған.
Семейдегі бір мұнаралы мешіттің салынуына да Мусиндер қаржы қосқан. Ол
ХІХ ғасырдың сәулет өнеріне жатады. Академик Павлов атындағы көшедегі көп
үйлерді Л.Мусин салдырған, мұнда кезінде дүкендер, керуен сарайлары да
болған.
Міне, Семей қаласының өркендеуі мен өсуіне сол заманда қызмет еткен татар
көпессаудагерлердің еңбектері осындай ұшантеңіз болды. Қазіргі уақытта да татарлар Семей өңірінің экономикасы мен мәдениетінің
өркендеуіне ерекше атсалысып жүр. Мәселен, қаладағы татар қоғамының
жетекшісі, 2002 жылғы Қазан қаласындағы Халықаралық конкурстың жүлдегері,
«Ертіс мұнары» ансамблінің жетекшісі Ғ.Ахунжанов шәкірттерімен Қазан
қаласында концерт қойып, Семей қаласының атын шығаруда. Танымал Камила
Исмаилова биден, Хасановтар спорттан Семей атағын шығарып жүр.
Бұл күнде Семей қаласында 12 мыңдай татар бар екен. Семей мектептерінің
арасында бір татар және екі аралас мектеп жұмыс істейді. Татар ұлтының тілін,
салтдәстүрін сақтауға қолайлы жағдай жасалынған.
Семей өңірінің экономикасының өркендеуіне Р.Хазипов, З.Хайрулин,
Я.Булатов сияқты меценаттар өзіндік үлестерін қосып жүр. Я.Булатов 2004 жылы
Семей еңірінің ең үздік фермері деген атақты жеңіп алды.
Қорыта айтқанда, Семей татарларының экономика мен мәдениет, спорт
салаларына қосып жатқан үлестері айтарлықтай қомақты. Олардың асыл
қасиеттері жергілікті қазақтардың бауырмалдығымен ұштасып, өңірдің ұлттық
достығы мен бірлігіне тірек болып тұр. Алдағы уақытта да бұл ізгі қасиет нығая
түседі деуге негіз бар. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақ Совет энциклопедиясы. 10 том. Алматы. 1977. 114115 б
2. Қарасаев Ғ. Қазақстанның шығыс және Алтай өлкесі ХІХХХ ғасырдың
басында. Алматы. 2007. 47б
3. Қалиақпаров Ш. Адольф Янушкевичтің ізімен. Семей. 2008.
4. Омаров А. Семей көне қала орны. // Семей таңы. 1991. тамыз
5. Сағындықұлы Е. Семей өңірінің тарихи деректері. Алматы. 1996
6. Серия: История городов Казахстана: Семипалатинск. Алмаата. 1984
7. Слямов А. Өзгеріп, өңейген қала. // Семей таңы. 1988. 9 қыркүйек
8. Төлебаев Т. Қалалар тарихы: жаңа деректер тың көзқарас// 7 дней. 2002.
24 мамыр
Купцы города Семей
Купцы города Семей
Купцы города Семей
Купцы города Семей
Купцы города Семей
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.