"Квалифицированный учитель -талантливый ученик"
Оценка 4.8

"Квалифицированный учитель -талантливый ученик"

Оценка 4.8
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
25.03.2019
"Квалифицированный учитель -талантливый ученик"
Картаева Таншолпан Сериковна Қарағанды қаласы, «Ақ ерке» б\б Білікті педагог − дарынды бала Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізілгені белгілі. Бала дарындылығын дамыту жүйесі мұқият ойластырылуы, шынайы дараланып және оны жүзеге асыруы қолайлы жас кезеңдеріне сай болуы тиіс. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық шақ болып табылады. Мектепке дейінгі жастың ерешеліктері қиялдау, шығармашылықпен елестету, стандарттан тыс ойлай білу болса, мұнан басқа айрықша сезімталдығы, айналасына сергектікпен қарайтындығы анық байқалады.
Білікті педагог − дарынды бала.doc
Картаева Таншолпан Сериковна Қарағанды қаласы, «Ақ ерке» б\б Білікті педагог − дарынды бала   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат  негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы  жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізілгені  белгілі. Бала дарындылығын дамыту жүйесі мұқият ойластырылуы, шынайы  дараланып және оны жүзеге асыруы қолайлы жас кезеңдеріне сай болуы тиіс.  Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық  шақ болып табылады. Мектепке дейінгі жастың ерешеліктері қиялдау,  шығармашылықпен елестету, стандарттан тыс ойлай білу болса, мұнан басқа  айрықша сезімталдығы, айналасына сергектікпен қарайтындығы анық  байқалады. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта  жетелеу­педагогтың міндеті. Дарындылық − адамның өз бейімділігі арқылы,  шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Баланың  дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе педагогтың кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты. Оны еліміздің  “Білім туралы заңының 5 − тарауындағы 41 − баптың 1− бөліміндегі “педагог  қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі. “Қазақстан  −2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға  өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым − қатынасымызды  мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында  “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы  балалардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті  мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Елбасымыз «Қазақстан ­2030 »  бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті­тұлғаның ұлттық және  жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде  қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар  жасау»­ деп көрсетті. Әр баланың болашағы оның қазіргі алған білімінің  сапасына,көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, педагогтар  қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді. Жас буынның  бойындағы табиғат берген ерекше дарындылықты тани білу, оның әрі қарай  дамуына бағыт­бағдар бере білу басты міндет болып табылады.    Баланың дарындылығы  ерте жастан байқалады. Оның дамуының өте  қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жасқа дейін. Осы жастан бастап тұлғалық   қасиеті қалыптасады. Мектепке дейінгі жастағы дарындылық бірнеше  кезеңдерден тұрады: Бірінші кезеңде  (2­3 жас)  бала алғашқы сенсорлық әсер  алады. Екінші кезеңде (3­4 жас) әрекеттерге еніп кетеді, сонымен қатар табиғи материалдардың бастапқы белгілері туралы түсініктері  пайда болады. Үшінші кезеңде (4­5 жас) баланың шығармашылық ізденісі, қосымша әрекеттер үшін  қабілетті балаларды біріктіруге болады. Төртінші кезең (5­6 жас) бала оң  нәтижелерге жетуге ұмтылады. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру  мақсаты бойынша бағдарлама мазмұны: «Таным», «Шығармашылық» білім  беру салаларына негізделе отырып, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, олардың жан­жақты дамуына бағдарланады. Мектеп жасына дейінгі  дарынды балаларды анықтау олардың  тәрбиешілер мен ата­аналарымен  байланыс жасау арқылы жүзеге асады. Дарынды балалардың  санынан орташа  даму деңгейіндегі балалар саны басым болатындығын зерттеулер көрсетеді.  Дарынды балалардың саны саусақпен санарлық . Осы мәселеге байланысты  мектеп жасына дейінгі дарынды балалаларды дамуыту мақсатында  көмек  жасап  қолдау қажет. Бұл дарынды балалармен жұмыс бағдарламасын  мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының  жұмысына қолдануға болады. Дарынды бала – ұлт мақтанышы. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2008ж 2.«ҚР Білім туралы заңы» 2007 3.«ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» Астана 2007.

"Квалифицированный учитель -талантливый ученик"

"Квалифицированный учитель -талантливый ученик"

"Квалифицированный учитель -талантливый ученик"

"Квалифицированный учитель -талантливый ученик"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2019