«КысКы ертегі» Жаратылыстану
Оценка 5

«КысКы ертегі» Жаратылыстану

Оценка 5
Разработки уроков
docx
естествознание
Детсад
04.02.2018
«КысКы  ертегі» Жаратылыстану
1.Тәрбиелік – воспитательная: табиғатты қорғауға, табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу; 2.Дамытушылық – развивающая: қыс мезгілінің белгілері туралы білімдерін тереңдету; осы мезгілге тән құбылыстармен таныстыру; байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту; тілдік-сөздік қорын байыту. 3.Оқыту – обучающая: Қардың жаууын бақылау, оның ақ және үлпілдек екенін көрсету, қардың қасиетімен таныстыру: суық, қарды алақанға салғанда еритінін, одан аққала, сырғанақ жасауға болатынын түсіндіру.Қардың жаууын бақылау, оның ақ және үлпілдек екенін көрсету, қардың қасиетімен таныстыру: суық, қарды алақанға салғанда еритінін, одан аққала, сырғанақ жасауға болатынын түсіндіру.
09.02.18 қысқы ертегі.docx
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе Өткізу күні/Дата проведения: Тәрбиеші/Воспитатель:  Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание. Пән/Предмет: Жаратылыстану Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бізді қоршаған әлем» Тақырыбы/Тема: «Қысқы  ертегі» Мақсаттары/Цели:  1.Тәрбиелік – воспитательная: табиғатты қорғауға, табиғат әсемдігін  сезінуге тәрбиелеу; 2.Дамытушылық – развивающая: қыс мезгілінің белгілері туралы  білімдерін тереңдету; осы мезгілге тән құбылыстармен таныстыру;  байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту; тілдік­сөздік қорын байыту. 3.Оқыту – обучающая: Қардың  жаууын  бақылау, оның  ақ және  үлпілдек  екенін көрсету, қардың қасиетімен таныстыру: суық, қарды алақанға салғанда  еритінін, одан аққала, сырғанақ жасауға болатынын түсіндіру.  Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау  технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу. Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: түрлі көлемдегі  дөңгелектер.  Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қыс­зима, қар­снег,  аққала ­ снеговик. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы 1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:  Тосын сәт: ­ Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі? ­ Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі ­ жиі боран  соғып, қар жауып тұр. ­ Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме? ­ Қар қандай екен? ­ Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол  жылыдан еріп суға айналады. ­ Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді. Билингвалдық компонент:  қыс­зима, қар­снег. ­ Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз? ­ Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек. 2.Негізгі бөлім/оснавная часть: Балалар, қардан не жасауға болады? ­Аққала, сырғанақ жасауға болады.  Билингвалдық компонент: аққала ­ снеговик. Қазір бәріміз бірігіп, аққала жасаймыз. Ойын: «Аққала құрастыру»  Ойынның шарты: Берілген қиындылардан аққаланы құрастырып шығу.  Балалар, аққала неше дөңгелектен тұрады, қане айтайықшы? Алдымен үлкен бөлігін жасап қоямыз, енді екінші бөлігін жасайық, оны қайда  қоямыз? Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен дөңгелек­аяқ жағы, ортасы­кеуде жағы,  кішкентайы­басы, және екі қолымен бес дөңгелектен тұрады. ­ Байқаңдар, балалар, аққаламыздың бөліктерін орын – орынымен қояйық,  шатасып кетпесін. Аққаламыз дайын болды.  ­ Жарайсыңдар, балалар. Жеке жұмыс: Нартай, Бағлан аққаланың бөліктерін жеке­ жеке атайды.  Сергіту сәті. «Ұлпа қар»  Қар ұшады. /балалар қолдарын созып ұшқан болады/  Қар айналады. /балалар бір орында тұрып айналады/  Қар жерге қонады/балалар жерге отырады/  Қар ұйықтайды/балалар көздерін жұмады/ Қардың мына түрлерін есімізге сақтап алайық. Ақ қар. Жаңа жауған тап ­ таза қар. Ақша қар. Жаңа жауған ұлпа қар. Ала қанат қар. Бір жерде бар, бір жерде жоқ, бір жерде жұқа, бір жерде қалың қар. Жапалақ қар. Түйіршіктері ірі ­ ірі қар. Үлпілдек қар. Өте жұмсақ, үлбіреген жаңа жауған қар. Қимылды ойын: «Аяз»  Мақсаты: Балаларды тез жүгіріп, секіруге, ептілікке жаттықтыру. Бірлесе  ойнауға тәрбиелеу. 3.Қорытынды/итоговая часть: ­Қардың түсі қандай? ­Қарды сипаттап беріңдер? ­Қардан не жасауға болады? ­Қардың қандай түрлерін білесіңдер?  ­Қыстап қалатын құстарды атаңдар? Балаларды мадақтау.

«КысКы ертегі» Жаратылыстану

«КысКы  ертегі» Жаратылыстану

«КысКы ертегі» Жаратылыстану

«КысКы  ертегі» Жаратылыстану

«КысКы ертегі» Жаратылыстану

«КысКы  ертегі» Жаратылыстану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.02.2018