ҚАЛАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
«КҮЗ БОЯУЛАРЫ» АТТЫ
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
Өткізіп дайындаған:
Қалалық техникалық
шығармашылық орталығының
қосымша білім беру педагогі
Нұрсеитова Үзіл Оразбаевна
Ақтөбе
2018
«Күз бояулары» атты қалалық семинар
Семинар-практикумның тақырыбы: «Күз бояулары». Семинар Ақтөбе қаласы бастауыш сынып және технология пәні мұғалімдеріне арналған.
Семинар-практикумның мақсаты: білім сапасын арттыру, Ақтөбе қаласының жалпы орта мектептеріндегі бастауыш сынып және технология пәні мұғалімдерімен іс-тәжірибе алмасу.
Білімділік: педагогтардың дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Семинар-практикумның міндеттері: түрлі-түсті қағаздың қолдануымен маскалар жасап үйрену.
Семинардың көрнекілігі:
- Компьютер
- Күз мезгілі туралы слайд
- бейнеролик
- ҚР әнұраны
- Күз бейнеленген фотосуреттер
Жұмыс кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Педагогтарымен амандасу;
Тақырыбы, мақсаттар мен міндеттері.
Дайындық кезеңі:
1.Алғысөз, Сұхбаттасу
Негізгі:
2.Семинардың практикалық бөлімі;
Қорытынды:
3.Қорытынды жасау
Семинарды жүргізу кезеңі:
Ұйымдастыру кезеңі:
Семинарымызды Қазақстан Республикамыздың әнұранымызбен бастайық.
Семинар тыңдаушылардың зейін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізілді.
«Мен бәрін жасай аламын» деп әр педагог батыл болу үшін мынадай сөздер айтады:
1. Бүгінгі күн тамаша!
2. Мен өщімді жақсы сезінемін!
3. Менің көңіл-күйім керемет жақсы.
4. Менің қолымнан барлығы келеді.
5. Барлығы қолымнан келеді.
6. Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Педагогтармен амандасу, қауіпсіздік техникасы.
Құрметті әріптестер! «Күз бояулары» атты семинарымызға қош келдіңіздер!
Шығармашылық семинардың қатысушыларына қызықты болады деп ойлаймыз. Өздеріңізде тек қана көтеріңкі көңіл күйлеріңіз болсын.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.