«Лиса и кролик сказка»
Оценка 4.8

«Лиса и кролик сказка»

Оценка 4.8
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
25.03.2019
«Лиса и кролик сказка»
Күні: 19.03.2019 жыл Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Түлкі мен қоян ертегісі» Мақсаты: Білімділік: Ертегінің мазмұнын түсіндіріп, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруне үйрету. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Балаларды батырлыққа, өжеттілікке, достыққа тәрбиелеу. Қостілділік компонет: Түлкі – Лиса,Қоян – Заяц. Сөздік жұмыс: Түлкі, қоян,
«Түлкі мен қоян ертегісі».doc
ҰОҚ конспектісі Күні: 19.03.2019 жыл Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Түлкі мен қоян ертегісі» Мақсаты: Білімділік: Ертегінің мазмұнын түсіндіріп, балаларды байланыстырып  сөйлеуге үйрету. Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне  қойылған сұрақтарға жауап беруне үйрету.  Дамытушылық: Ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру  қабілеттерін дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Балаларды батырлыққа, өжеттілікке, достыққа тәрбиелеу. Қостілділік компонет: Түлкі – Лиса,Қоян – Заяц. Сөздік жұмыс: Түлкі, қоян, Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Мотивациялық − қозғаушылық Ұйымдастыру − іздестіру Ш.ш: Салем аспан Салем жер Салем балабақшам Салем жер Түсіндіру, сұрақ−жауап: − Балалар қазір жылдың қай мезгілі? − Иа. Қазір көктем мезгілі. − Дұрыс айтасындар. − Балалар көктем мезгілінің ерекшелігі  қандай? − Қар ериді, ағаштар бүршік жарады, − Ендеше балалар бүгін біздер  оқу қызметін  бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын, сол жұмбақтың жауабымен байланысты. Жұмбақ 1. Құйрығымен бұлаңдап, Қандай аң ол алдайтын? 2. Көзі тостақ, өзі қорқақ. Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады. ­ Түлкі. ­ Қоян.  Тәрбиеші: балалар, қараңдар мына суретте не көріп тұрсыңдар? Түлкі мен қоян (ертегі) Бip күні болдырып келе  жатқан Түлкі жортып жүрген Қоянды көрді. Өтірік ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді де,  қасына шақырады. ­ Қоянжан­ау, Қоянжан, неге  сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала  жастан бipгe өскен, тоғайдың дәмін бip жеген көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ  келсеңші, қоштасайық, ­ депті. Сонда Қоян: ­ Eкi  құлағым сөзіңде тұр, eкi көзім өзіңде тұр. Ciз етті  жақсы көреді дейді жұрт. Сол рас па? – депті. ­ Рас  болғанда қандай? Tiпті, ет жемесем басым  ауырады. ­ Mінe, осыңыз жаман ғой. ­ Иә, соған  өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бip тауық жеп  едім, оған жаным ашып, жылап та жібердім.  Өйткені ол да тipi жүргісі келеді ғой. О, шіркін  тipшілік! – депті. Қоян: ­ Ciз оны өлтірмей тұрып,  ойланып көрдіңіз бе? – депті. Сонда Түлкі: ­ Мен  дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма  батып, ауырып жатқаным да соның өкініші, ­ дейді.  ­ Ұмытшақ болған жаман ғой. Мен де содан  қорқамын, сондықтан да жортамын, ­ деп Қоян  тұра жөнеліпті. Сергіту сәті: Т. Бердияровтың «Сұр қоян» Ұзын құлақ, сұр қоян Естіп қалып сыбдырды. Ойлы ­ қырлы жерлермен Ытқып ­ ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Өлең мазмұнына сәйкес қимыл ­ қозғалыстар  жасайды. Қорытынды: Балалар,біз бүгін қандай ертегімен  таңыстық?   Дидактикалық ойын: «Тез жина» Ойынның шарты: жерде егілген сәбізді жинау. Балаларды марапаттау. Рефлексиялық −  түзетушілік

«Лиса и кролик сказка»

«Лиса и кролик сказка»

«Лиса и кролик сказка»

«Лиса и кролик сказка»

«Лиса и кролик сказка»

«Лиса и кролик сказка»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2019