Ұлттық ою-өрнектер.
Оценка 5

Ұлттық ою-өрнектер.

Оценка 5
Разработки уроков
docx
искусство
5 кл
02.05.2018
Ұлттық ою-өрнектер.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол өрнектердің негізгі элементтерін ғана таныстырып жапсырмалауға ұсынып отырмыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен өзгергенін байқаймыз. «Ырғақ», «сағатбау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан» деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында түп нұсқасын жоғалтып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылып, оны әдемілігіне жеткізе, жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.
Ұлттық ою-өрнектер..docx
Сабақ тақырыбы:   Ұлттық ою­өрнектер. Сабақтың мақсаты: Ою­өрнек туралы түсінік беру. Білімділік: Қазақ халқының ою­өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау  технологиясын үйрету. Дамытушылық: Ою­өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың  шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Ою­өрнек арқылы оқушылардың ой­өрісін, білімін жан­жақты дамыту,  халқымыздың асыл мұраларын, салтдәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық Сабақтың көрнекілігі:Түрлі­түсті қағаз,қатырма қағаз,қайшы,желім Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.                                          2. Сынып тазалығын тексеру.                                          3. Оқушы назарын сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасын тексеру    сұрақ­жауап IІІ. Жаңа сабақ   . ­Өрнектің қандай түрлерін білесіңдер? Оларды ата. ­Өрнек бөліктерін қандай мақсатта жапсырмалаймыз? ­Өнерді таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Апамның киізінен, Қошқардың мүйізінен үйрендім. Ә. Қастеев. Қазақтың ою­өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол өрнектердің негізгі  элементтерін ғана таныстырып жапсырмалауға ұсынып отырмыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан  ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып  отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен  өзгергенін байқаймыз. «Ырғақ», «сағатбау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан» деп  аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында түп нұсқасын  жоғалтып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең  алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылып, оны әдемілігіне жеткізе, жаңа түр, жаңа  мазмұн бере дамытуымыз керек. Қазақтың осы күнгі ою­өрнектерін қарт шеберлері екіге бөліп қарайды. Біріншісі – қазақ  халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық өрнектері. Екіншісі – басқа халықтардан  ауысқан жаңа туындылардың үлгілері. Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою – өрнектері. Ұлттық ою – өрнектерді төрт топқа жатқызады: 1. Жан жануарлар тектес ою – өрнектер. Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі. Сыңар мүйіз – кең тараған ою – өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ  сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім­кешектердің жиегіне істетіледі. Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді  күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады. Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне  көбірек істетіледі. Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек. 2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою – өрнектер. Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек. Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай  дорбаға, аяққаптарға істетіледі. 3. Космогониялық ою – өрнектер. Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес  жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек. 4. Геометриялық ою – өрнектер. Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек. Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем  тоқуда пайдаланылады. Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың  жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі. Әр ою – өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты  меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі,  «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді. ІV Сарамандық жұмыс. Белгілі бір бұйымға сауатты түрде өрнектерді ою үшін, оның мәнерін, ойылу ырғағын  айыра білуіміз қажет. Осы мақсатта жапсырмалау өнері өрнектердің элементтерін нақтылы  түрде сауатты өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, белгілі бір өрнектің бөлігін сызбаға  түсіріп, мұғалімге тексертіп алғаннан кейін, ермексазбен өрнек үлгісін жапсырмалаймыз.  Белгілі бір әдісті таңдағаннан кейін, өрнек бөлігін арнаулы бір ұшқаттың немесе ДВП  кесіндісінің үстіне, тіпті қатты қатырма қағаздың үстіне жапсырмалаймыз. Ол үшін,  біріншіден,  қағаздан қажетті бөлігін қиып алып, мұғалім тексерген өрнек үстіне шекара  сызығы бойымен орнықтырамызЖапсырмалау кезінде құрал­саймандарды түгендеп ал. Берілген сызбадан басқа өрнек бөліктерін өз бетіңше жапсырмала. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету. Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау. Ү.Жаңа сабақты бекіту «Өзіндік мысал» ойыны: Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен  жорамалдарын дайындайды. ҮІ.Қорытынды. «Пайымдау сұрақтары» әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой­толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды.  Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с Бір сұраққа біренше оқушы жауап беруі мүмкін. Ұлттық ою – өрнектерді неше топқа жатқызады? Жапсырмалаудың қанша әдісі бар? VII Үйге тапсырма. «Үйге тапсырманы талдау» әдісі: Мұғалім оқушылармен бірге бір сұрақты талдайды: жаңа материалды түсіну үшін үй  тапсырмасы қандай болуы керек? Қазақ халқының ою­өрнектерін басқа халықтардың ою – өрнектерімен салыстыру. Ағаш  бетіне ермексазбен ою – өрнек жапсырмалау.

Ұлттық ою-өрнектер.

Ұлттық ою-өрнектер.

Ұлттық ою-өрнектер.

Ұлттық ою-өрнектер.

Ұлттық ою-өрнектер.

Ұлттық ою-өрнектер.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.05.2018