«Ұлы жеңіс - жасасын!» тақырыбына тәрбие сағаты (2-сынып)
Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
2 кл
26.02.2017
Ұсынылып отырған материал тәрбие сағатының жоспары болып табылады. Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!» Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғысынан көріністер.разработка урока
Тәрбие сағаты.docx
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» (тәрбие сағаты)
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен,
қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен
адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы
Отан соғысынан көріністер.
Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
«Әнұран»
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар
болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы
Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ
емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 де болған еді. Бірақ сол кездегі
Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда бұға Ұлы Жеңіспен
аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа
ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын
қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Мұғалім: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын
қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс
басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
1 бала: Соғыс жалмап аға іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Мұғалім: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан
Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының
құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына
қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова
мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған
еді.
Момышұлы Бауыржан (1910 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық
қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері Жамбыл облысының Жуалы
ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы
командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде
қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде
взвод, рота, командирі болады.
Мұғалім: Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?
2оқушы:
Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.
3оқушы:
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз!
4оқушы:
Қайтпаған жауыннан
Қаһарман Бауыржан
Қан ішер фашисті
Қырды ол мыңдаған.
Ерлігі әрқашан
Есімде сақталады
Ұрпағы ұмытпайды.
Өмірінен үлгі алады.
Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ
үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
5оқушы:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен
еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы
нығая түсті.
Мұғалім:
Арылтып жаудан жерінді
Табанға жаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні
Тоғызыншы мамыр күні!
Балалар, жеңіс туралы тақпақтар айтайық.
6оқушы:
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай,
Ұмытылмас мәңгілік.
7оқушы:
Жүйрік озар әйгілі
Күні бүгін бәйгенің
Ура, Ура балалар!
Тоғызыншы май бүгін.
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова,
Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. Б
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан
ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу. (әуен
ойнайды.)
Мұғалім:. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын
қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін,
халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге
жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз,
шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі.
Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің
батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің
патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.
Мұғалім: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды? (солдаттар)
Айбек:
Шекарада солдат тұр.
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Ән: «Жеңістің туы желбіресін!»
Мұғалім: Осымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс – жасасын!» атты тәрбие
сағатымыз аяқталды.
«Ұлы жеңіс - жасасын!» тақырыбына тәрбие сағаты (2-сынып)
«Ұлы жеңіс - жасасын!» тақырыбына тәрбие сағаты (2-сынып)
«Ұлы жеңіс - жасасын!» тақырыбына тәрбие сағаты (2-сынып)
«Ұлы жеңіс - жасасын!» тақырыбына тәрбие сағаты (2-сынып)
«Ұлы жеңіс - жасасын!» тақырыбына тәрбие сағаты (2-сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.