Мақала
Оценка 4.7

Мақала

Оценка 4.7
Документация
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
29.11.2018
Мақала
Көшбасшылық ұғымы, анықтамасы. Кқшбасшылықтың түрлері. Көшбасшының орындайтын функиялары. Көшбасшының іс жүргізу бағыттары. Көшбасшылық қасиеттер. Нақыл сөздер. Ұжымдағы бала кқшбасшылығының түрлері. Кқшбасшы тұлғаны дамыту жолдары. Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптасытру жолдары. Оқушы үшін көшбасшылықтың маңызы. Мұғалім үшін көшбасшылықтың маңызы. тттттттт тттттт ттттттт
МАҚАЛА.docx
Тақырыбы: Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт­дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық»                                                                                                                                          Н.Ә.Назар баев          Көшбасшылар адамзат тарихының барысында барлық мәдениетте орын алған. Египет иероглифінің   арқасында   «көшбасшыны»   білдіретін   символдардың   бес   мың   жыл   бұрын болғанын біле аламыз.          «Көшбасшы» (leader) ағылшын тілінен аударғанда «жетекші, бірінші, алда жүруші» деген   мағынаны   білдіреді.   Бұл   мойындалған   үлкен   беделге   ие   және   ықпал   ете   алатын әрекеті басқаруда көрінетін қандай да бір топтың бет бейнесі. Бұл маңызды жағдаяттарда жауапты шешім қабылдауға құқығы бар топ мүшесі.               Көшбасшылыққа мыңдаған жылдар бойы тарихшылар мен философтар тарапынан үлкен қызығушылық танытылды. Дегенмен көшбасшылықты терең зерттеу ХХ ғасырдың басында   басталды.   Ол   әрбір   адамның   өмірінде   маңызды   рөлге   ие.   Адамзат   тарихы көрсеткеніндей,   дәл   осы  көшбасшылар  адамның  әрекеті  мен  оқиғаларға   шешуші   ықпал етуге қабілетті, сонымен бірге дәл осы көшбасшылар әлемге түбегейлі ықпал етеді.               Соңғы жүз жылда ғалымдар мен ақындар «көшбасшылыққа» жүздеген анықтама ұсынды. Бір америкалық ғалым 350 артық  анықтамасын шығарды. Яғни көшбасшылықтың бірыңғай ғылыми түсінігі жоқ.               Көшбасшы болуға ұмтылатын тұлғаларға көшбасшылықтың теориясын білуі қажет. Бұл оларға көшбасшылықтың не екенін толық және терең түсінуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде   көшбасшы   қандай   болуы   және   не   істей   алу   қажеттігі   туралы   дұрыс   пікір қалыптастырады.        Көшбасшының іс жүргізу бағыттары Көшбасшы жұмысты үш бағыт бойынша жүруі тиіс:  Тапсырма қажеттілігі – негізгі мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету;  Топ қажеттіліктері – топты белгілі бір тапсырманы орындау үшін құру, сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты марапаттау;  Жеке қажеттіліктер – әрқайсысының жеке қажеттіліктерін анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау; Егер көшбасшы жұмысын осы үш элементке негіздесек, онда оның басты мақсаты нақты жағдай шартында қойылған мақсатқа жету үшін адамдар арасындағы ең жақсы балансқа жету болып табылады. Көшбасшының орындайтын функциялары               Егер   көшбасшы   төменде   көрсетілген   үш   функцияны   орындап   жүрсе,   онда   оны көшбасшы деп толығымен атауға болады:  Бағыттаушы;  Ұйымдастырушы;  Ынталандырушы.        Бағыттаушы рөлдің негізін қарастыратын болсақ, көшбасшы іскерлік тапсырмаларды қойған және қабылдаған кезде, анықтағанда, жұмыстың ой мен стиліне аса мән беруі қажет. Көшбасшы   қойылған   мақсатқа   жету   үшін   топты   біріктіріп,   топтық   жұмысты   жақсы бақылай   алу   керек.   Бұл Ұйымдастырушы рөлінің   негізі. Ынталандыру  рөлі   ретінде қойылған тапсырмалардың маңыздылығын түсінуін, өзінің ісін сыртқы дүниемен қатынас кезінде қорғауы қарастырылады. Егер көшбасшы өзінің рөлін сәтті атқарғысы келсе, бұл үш рөлді бір­бірінен ажыратып қолдана алмайды.       Көшбасшының міндеті:   ұжымның   эталонға   жақын   тәртібін   (тілектестік,   жауапкершілік,   өзара   нәтижелі еңбек) және ұжымның келеңсіз тәртіп түрлерін орнатады және қолдайды (мысалы, агрессиялық, бөлектену, тартысу). топтың   әр   мүшесіне   баға   бере   отырып,   бұйрықпен   емес,   сөзбен   немесе   дене қимылымен топтың әр мүшесін ұжымның эталондық тәртібін қабылдауға мәжбүр етеді.        Көшбасшылықтың мектеп, мұғалім және оқушы үшін маңыздылығы қандай?   Көшбасшылықтың мектеп   үшін   маңыздылығы   оқуға   бағытталған   көшбасшылық негізінде әр оқушының көшбасшылық қабілетін анықтау, көрсету арқылы белгілі нәтижелерге, жоғары сапалы білімнің берілуіне қол жеткізу; оқушы   мен   мұғалімнің   көшбасшылық   қабілеттерін   жетілдіруге   бағытталған жұмыстар ұйымдастыру; нәтижесін түрлі білім сайыстарында (онлайн тест, олимпиада, КҒА) көрсету арқылы білім әлемінде көрсеткішке жету.  Көшбасшылықтың мұғалім   үшін   маңызы оқыту   мен   оқу   үдерісінде   оқудың   қажетті ауқымын   стандартты   жетілдірумен   шектемей,   одан   әрі   кеңейтуде   өз   көшбасшылығын көрсету. Оқушы үшін маңыздылығы өз тобында немесе ортада өз көшбасшылығын сезіну, соған қарай әрекет етуі.       Мектептегі жақсы басшылардың, мектептің барлық деңгейінде тиімді топтар құрудың және мұғалімдердің көшбасшылығы мен оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерін дамытудың маңызы зор. ХХІ ғасырда мұғалім жетістікке жететін, өзімен бірге тарта алатын және гуманист, шығармашыл адамдарды айналасына ұйымдастыра алатын көшбасшы болуы тиіс. Қазіргі таңдағы қоғамға қажетті көшбасшыларды тек мұғалім – көшбасшы тәрбиелей алады.          Көшбасшы­мұғалім  оқушыларды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы оқушыларды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшы оқытушы болу үшін сізге   өзіңіздің   дамуыңызға,   жұмыстағы   құлшысыңызға   көп   көңіл   бөлу   керек.             Мектеп   жасында   көшбасшылық   рөлді   орындауға   деген   дайындықтың,   әрекетті ұйымдастырушы   бола   алу   білігінің   маңызы   зор.   Сондықтан   педагог   немесе   кез   келген ересек   адам   балаға   айрықша   көңіл   бөлуі,   оның   жеке   белсенділігінің   көрінуі,   оның көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасауы қажет.         Көшбасшы (интеллектуалды) тұлға дамыту үшін: ­ Сенім ­ Бақылау ­ Қосымша жұмыстар (деректер, ізденістер) ­ Жауапкершілік ­ Бағалау ­ Қолдау      Қазіргі таңда қоғамның дамып өркендеуіне байланысты білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі –  жас ұрпақтың білім алуға деген сұранысын қанағаттандыру, яғни бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мен оқыту болып табылады. Дамыған   елдердің   оқу   жүйесінде   кеңінен   қолданыла   бастаған   «құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім   беру  жүйесіне   ене  бастады.   Мұндай  аса  жауапты  білім  деңгейіне   жету  үшін   оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби­ дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.  Осы мақсатта Қазақстан   мектептерінің   мұғалімдері   бірнеше   жылдан   бері   Кембридж   бағдарламасы бойынша   курстардан   өтіп,   сабақтар   өткізіп   жатыр.   Бұл   оқыту   бағдарламасы   жеті модульден құрылған: білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялар, сыни тұрғыдан ойлауға   оқыту,   оқыту   үшін   бағалау   және   оқуды   бағалау,   оқытуда   ақпараттық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, оқытудағы көшбасшылық және басқару. Осылардың ішінде оқытудағы көшбасшылық мектепте топпен жұмыстар атқарып, жеке оқушының қабілетін ашуда кеңінен қолдануда.  Көшбасшы мынандай қасиеттерге ие болуы керек: 1.Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуға тиіс. 2.Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау. 3.Дұрыс шешім қабылдау.  Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешеімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін  мүмкіндіктерді қалт жібермейді.  4.Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен басқаларға үлгі болып келеді. 5.Табандылық.  Көшбасшы   үнемі   қозғалыста   болып,   сұрақтың   мәнін   түсінеді.   Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.  6.Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.  7.Психологиялық   дайындық.  Сыныптағы   әрбір   адамның   пікірімен   санасады.   Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды. 8.Шынайы көзқарас.  Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, писсимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.  9.Білімге   деген   құштарлық.  Өз   бетінше   ізденіп,   жаңа   технологияларды   толығымен меңгереді. Сыныпты басқару да өзінің білімділігін де пайдаланады.  10.Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.  11.Байсалдылық.  Қандай   жағдай   болмасын   байсалды.   Ашу   мен   күлкінің   тек   уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.  12.Мінсіздікке ұмтылу.  Барлық жерлерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.  13.Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды.  Сабақ   барысында   немесе   топпен   жұмыс   істеуде   көшбасшы   мәселесі   туындайды. Мұғалім топпен жұмыс істегенде топ оқушыларының кейбіреулері басқаларына қарағанда белсенділік танытып, доминанттылық көрсетеді де, ал қалғандары солардың соңынан ереді. Осылай топта көшбасшы мен оның соңынан еретіндер қалыптасады. Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді. Сондықтан «Бұлақ көрсең көзін   аш»   деп   сыныптағы   көшбасшы   оқушылардың   бойынан   жоғарыдағы   қасиеттерді байқаған болсақ, ол оқушы өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне нәтижелі еңбегімен қызмет жасайтыны анық. Оқытудағы   көшбасшылық   және   басқару   модулі   бойынша   әр   сабақ   барысында топтағы көшбасшы оқушының рөлін ауыстыру қажет, сонда көшбасшы рөлінде болған әр оқушы   өзіне   деген   сабақтағы   жауапкершілікті   сезінеді,   берілген   тапсырманы   орындау кезінде   топ   мүшелерінің   жұмысын   дұрыс   ұйымдастыра   білуге   дағдыланады, сыныптастарымен жағымды қарым­қатынас жасауға ұмтылады, өзінің білімін жетілдіруге тырысады. Осы модульді сыни тұрғыдан ойлау модулімен біріктіріп қолдану, яғни сын тұрғысынан   ойлау   технологиясының   үш   қадамды   сұхбат,   әлемді   шарлау,   галереяда   ой шарлау, джиксо­1,2 стратегияларын қолданған кезде құндылығы басым болады.  Топтық жұмыстардан кейін оқушылар сабақтағы еркіндіктен өздерін ересек адам ретінде сезінеді, бұл оларды дербес болуға жеткізеді.               Мен сіздерге бір ғана сабақтағы көшбасшылық туралы айтып көрейін. Биология сабағы оқушылар үшін қызықты және асыға күтетін сабақтардың бірі. Сабақты үнемі түрлі әдістерді пайдалана отырып өткіземін. Оқушылар қызығады. 9­сыныпта биология пәнінен «Жануарлар   мен   гүлді   өсімдіктердегі   ұрықтану.   Ұрықтанудың   биологиялық   маңызы» тақырыбын   түсіндіру   топтық   жұмыстың   көмегімен   өткізілді.   Алдымен   жаңа   сабаққа бірнеше   сұрақтар   қою   арқылы   талдау   жасаттым.   Қалғанын   алдын   ала   үйге   берілген тапсырмалар бойынша топқа бөлінген оқушылар толықтырды. Сабағымда  «Елші»  әдісін пайдаланым. Оқушылар топ ішінде нөмірленді. Нөмірленген реттік сандары бойынша сағат тілімен   айнала   отырып,   тапсырмаларды   келесі   топтарға   түсіндірді.   Сабағымда оқушылардың берілген тапсырмаларды тиянақты орындап шыққандығын байқадым. Бұл әдістің   өзі   оқушыларды   көшбасшы   болуға   итермелейтін   әдістердің   бірі   болып табылатындығына   дәлел   болды.  Мен   көшбасшы   қоймай­ақ   оқушылар   өз   беттерінше көшбасшы болуға ұмтылып жатыр.         Оқушылар арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін әр түрлі тақырыптардағы сынып   сағаттарын,   сыныптан   тыс   іс­шараларды   да   өткізуге   болады.   Сыныптан   тыс   іс шараларда да көшбасшылықтың айқын көрінетін белгілері бар.                     Ұжымда бала көшбасшысының бірнеше түрі бар: 1.   Көшбасшылар   ­   ұйымдастырушылар   (топты   ұйымдастыра   алады)   тапсырмаларды орындау үшін құрдастар). 2. Көшбасшылар ­ эмоционалдық көңіл­күйдің генераторлары (бар команданың белгілі бір көңіл­күйін қалыптастыру қабілеті). 3. Көшбасшылар ­ бастамашылар (қиялға ие, қабілетті әртүрлі жобалар мен бастамаларға арналған идеяларды шығарады). 4. Көшбасшылар ­ ғалымдар (білім беру саласындағы беделді адамдар іс­шаралар). 5.   Көшбасшылар   ­   қолөнершілер   (қолөнер   шеберлігі,   сурет   салу)   және   осы   саладағы беделге ие).          Әр бір адамның басқалардан ерекшеленетін қабілеті болады. Күнделікті ауызекі сөзде “қабілет” деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,   осы   баланың   математика   пәніне   қабілеті   күшті   екенін   айтады.   Мектепте оқушыларға   түрлі   қоғамдық   жұмыстар   жүктелгенде   де   олардың   кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған   ерекше   мән   беріліп   отырылады.   Бұл   мысалдар   әр   адамның   әрекеттің   бір   түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс­ әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік   пен   дағдының   болуына   байланысты   болады.  Мұғалім   оқушылардың көшбасшылық   қабілеттерін   және   топтағы   қарым­қатынастарын   дамытуға, бастамашылдығын, өзін­өзі ұйымдастыруына нақты жағдайлар жасау керек.                                          Кеңес   Одағы   ыдырағаннан   кейін   қатты   қаймығып,   «Бізде   де   осындай   жағдай болмауына   кім   кепіл?»   деген   оймен   Қытай   компартиясы   бақандай   бір   ғылыми­зерттеу институтына   алпауыт   мемлекеттің   күйреу   себептерін   айқындауды   тапсырады.   Біраз уақыттан кейін ыдыраудың басты себебі де айқындалады. Ол ­ биліктің алмаспауы: өкімет бір партияның қолында болып, бас хатшылар билік басында ұзақ отырып, елдегі саяси өмірді бірқалыпты жасап, еш өзгерістер мен динамикаға жол бермеу салдарынан Кеңес Одағы өз өмірін тоқтатты.                Тамаша педагог Ш.Амонашвили сынып басшысын (старостаны) бір жылға ғана тағайындау керек деген ұсыныс жасайды. Өте жақсы ұсыныс!                Бізде әдетте сынып басшысын (старостасы) бірінші сыныпта озат оқушылардың қатарынан тағайындалады да мектеп бітіргенше осы міндетті атқарады емес пе? Басында құлшыныспен   атқарылған   бұл   лауазым   кейінде   үйреншікті   әдетке   айналып,   староста тарапынан еш құлықсыз, еш бастамасыз жүзеге асырылады ғой. Жалпы бір жұмыспен ұзақ уақыт айналысқан адамда жаңалыққа деген құлшыныс азаятыны дәлелденген.                     Қазақстанның нағыз патриоттары мен көшбасшыларын тәрбиелеу   ел келешегінің қажетіне   жарайтын,     өзіндік   идеясы   бар,   шешім   жасай   алатын,   айрықша   пікірі   бар, азаматтардың шығуына себеп болады.          Еліміздің, қоғамның алдында өкениетті 30 елдің  қатарына кіру мақсатында, барынша дамытушылық   жұмыстар   атқарылып   жатқан   кезеңде,   патриоттық   азаматтар   мен көшбасшылардың рөлі зор болмақ!           Қазіргі   өзгермелі қоғам  әлеуметтік танымы мол,белсенді, сауатты, еңбекқор, алғыр, өзіне жауапкершілік ала алатын, сенімді, білімді азаматтарға, тіпті  кез  келген  адам үшін де  көшбасшы болуды  талап  етеді. Олай болса осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді   ертеңіне   жалғайтын,   қазақ   елінің   ертеңі,   болашағы   үшін   жауап   беретін көшбасшы ұрпақ тәрбиелеуге ұмтылайық! 1 Қолданылған әдебиеттер мен дереккөздер: «Мұғалімнің   көшбасшылық   қасиеттері:   бағыттары   және   қалыптастыру   жолдары»   ПШО кітапханасы, Астана­2016. 2 Химия және биология пәндерінен дарынды оқушылармен жұмыс істеудегі тәжірибе// №3 мамыр­маусым 2014 жыл 40 бет. 3 Е.   Семак.   ЛИДЕРСТВО   И   РУКОВОДСТВО.   В   чем   сходства   и различия? http://cgac.com.ua/polezno­ponyat/liderstvo­i­rukovodstvo­v­chem­shodstva­i­ razlichiyaдереккөзінен 04.11.2015 алынған. 4 И.   Молчанов.   Основы   лидерства   (2004). http://psyfactor.org/lib/lider2.htm дереккөзінен 21.10.2015 алынған.

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2018