Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1
Оценка 4.6

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
математика
1 кл
02.06.2017
Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1
Публикация является частью публикации:
Матем открытый урок.doc
"Арқалық қаласының білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күнді жалпы білім беретін бастауыш гимназия "ММ. Қостанай облысы АБДЫКАСЫМОВА ГАЛИЯ ЖУМАНОВНА жоғары санаттағы бастауыш сынып мұғалімі Математика, 1 –сынып Білімді тиянақтау  Сабақтың тақырыбы:  Сабақтың мақсаты: 1.   Қосу және азайту амалдарының баған түрінде   орындаудың үлгісін пысықтау, алгаритмге   машықтандыру   ,   екі   амалмен   шығарылатын   есептер   және   кері   есеп құрастыру, ауызша жаттығулар орындау. 2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта  отырып  ауызша, жазбаша  есептеу  дағдыларын меңгерту, дара оқытудың элементтерін кіргізе отырып,  оқушының  білім деңгейінің бірдей өсуін қадағалау. 3. Астана қаласы туралы білімдерін молайтып, қаланың  қалыптасу тарихымен  таныстыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, есептер жазылған қағаздар, карточкалар,  Астана  қаласының тарихы жазылған слайдтар, жұмыс түрлері, нақыл сөздер.   Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ­жауап, ауызша және жазбаша жұмыс,білімдерін  жинақтау,  бекіту, слайдпен жұмыс. I. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылап шығу, балаларды  түгендеу. 2. Психологиялық даярлық:   Бір –бірімізге бұрылып, Жылы жүзбен қарайық. Сабаққа салып ынтаны, Қуанышпен тарайық. Мұғалім: Қазір   біз   математика   сабағында,   балалар,   Астана   қаласыныа   саяхатқа барамыз.   Өздерің   білесіңдер   Астана   қаласы   ­   Республикамыздың   астанасы, көркейіп өсіп келе жатқан жастардың қаласы. Бұл қала да бір күнде салынған жоқ. Оның да үлкен тарихы бар . Олай болса сабақтың барысында тапсырма орындай отырып  қала тарихымен танысамыз II. Есептерді ауызша шығарып, Жасырылған сандарды табайық. 1. Ауызша жұмыс жүргізіп , білімдерімізді тиянақтайық. 870 ­  800              +30     960  ­  900  + 40    2.Қосу мен азайтуды ауызша орында: 40+50 18+29   8+5   9+9 11­8 12­3  70­40 80­80 50+20  Мұғалім:   55­28  47­19 59+16 500­250 750+150 900­440  360+440 Жақсы,   балалар,   берілген   тапсырманы   орындай   алдыңдар.   Олай   болса танысайық : 1­слайд 1830 жылы 18 маусым­Ақмола қаласының алғашқы іргетасы қаланды.   1830 жылы 16 шілде­Ақмола ресми түрде округтік қала болды.  III. Бұл сабақта болма бос, Біліміңе білім қос. 1.Дәптермен   жұмыс   жүргіземіз.   Сынып   жұмысы.   Таза   жазу     47   және   471 сандарын жүргізе отырып жазу.  2. Математикалық диктант: 7   ондық   6   бірлік,   90   санынан   7   санын   кеміт,   10   ондық,   50   мен   4   санының қосындысы, 70­тің алдындағы сан,  16 мен 18­дің ортасындағы сан,  4 пен 4­тің қосындысының мәні, 4 ондық 4 бірлік, 100 санынан 10­ды азайт, 22 бірлік.   (   Интерактивті   тақтаға   жауабы   шығады   де   оқушылар   өз   беттерінше қателерін іздейді) 3.Ондықтан аттап қосу және азайту амалдарын баған түрінде орындау: 45+19 63­12 76­53 88­64 73+19 42­33 59+24 4.Берілген мазмұнды есепті оқып орындау және оған кері есеп құрастыру: 25+14 Ағасы 12 жаста, ал Елдос одан 5 жас кіші. Елдос неше жаста? Мұғалім:   Бұл тапсырмаларды да орындадық. Олай болса , Астана қаласының тарихымен одан әрі слайдпен танысалық:  1921 жыл   25 мамыр­­­­­­ Ақмола губерниясы құрылды.  1929 жыл    8 қараша ­­­­­­Ақмолаға алғаш поезд келді. IV.   Карточкамен   жұмыс   жүргіземіз.   Алдарыңда   мазмұнды   есеп   жазылған   карточка  Білгенге маржан,,,       Білмегенге арзан.  бар. Сол бойынша есепті өз беттеріңмен дәптерге орындайсыздар. Мазмұнды есеп. Үй құрылысына   бір автобуспен   23 жұмысшы, екінші автобуспен 17 жұмысшы келді.   Түстен   кейін   олардың   16­сы   басқа   құрылыс   алаңына   жіберілді.   Үй құрылысында неше жұмысшы қалды? Есептің   шешуі   2­3   оқушыдан   тексеріледі   де,   қалғандары   өз   қателері болса жөндейді. Мұғалім: Сонымен карточка бойынша жұмысты да орындай алдыңдар, олай болса , Ақмола қаласында не өзгеріс болды екен? Слайдқа көңіл аударайық: 1939 жыл 14 қазан­ Ақмола облысы құрылды. 1961  жыл 20 наурыз ­Ақмола Целиноград болып өзгертілді. V.  Тапқыр болсаң тауып көр. Біліміңді байқайық. 1. Логикалық есептер  .­   Мен   бір   сан   ойладым,   сендер   сол   санға     1­ді     қосыңдар,   одан   2­ні кемітіңдер, шыққан санға 3­ті қос. Мен қандай сан ойладым.  .­2 әтеш екі аяғымен тұрғандағы салмағы 8 кг, ал олар бір аяқпен тұрса салмақтары қандай болады ?  Үстелдің   төрт   бұрышы   бар,   егер   оның   екі   бұрышын   кесіп   тастаса   неше бұрыш  болады ?   4.­Екі стақанға бірдей су құйылды. Бір стақанды тәрелкеге төңкерді. Қай стақанда су көп ? 2. Шығармашылық жұмыс:  Кез келген тік төртбұрыш беремін. Осы тік төртбұрышқа байланысты есеп құрастырыңдар. Есептерің әр түрлі болсын.    ( 2­3 оқушының шығармашылық жұмыстарын тексеремін де кімде осыған ұқсас есеп шыққанын сұраймын. Бұл жерде тік төртбұрыштың   периметрі, ұзындығы не енінің  біреуі белгісіз болуы керек. т.с.с.) Мұғалім: Сонымен бұл тапсырманы да аяқтадық. Енді Астана қаласының тарихына көз жүгіртейік. Келесі слайдпен танысалық:  1994 жыл 6 маусым­ Целиноградқа қайтадан Ақмола аты берілді.  1997 жыл 10 желтоқсан ­­­Қазақстан астанасы Ақмола қаласы болды  1998 жыл 8 мамыр ­Ақмолаға Астана аты берілді. Сонымен, биыл Астана қаласына 15 жыл толады. Сендер де өз білімдеріңмен үлес қосудасыңдар. Математикалық тапсырмаларды орындай отырып біз Астана қаласына   саяхат   жасадық.   Саяхаттың   арқасында   қазіргі   Астана   қаласының тарихымен таныстық. Сабақ   барысында   алған   білімдеріңді   тиянақтадыңдар.     Сөз   қорларымызды,   Білімдерің   ойлау   қабілеттерімізді   ұштадық, білімдерімізді,   толықтырық. бағаланып , жақсы  көрсеткіштерге еңбектеріңмен жеттіңдер. V. Бағалау. VI.Үйге тапсырма. Оқулықтан 128­ бет , № 6

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1

Математика пәні бойынша ашық сабақ "Білімді тиянақтау"1
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.06.2017