Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасқандығымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану – келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
Бастауыш мектептерде компьтерл3к технологияларды колдану.docx
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің
барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда,
олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта
және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан2030»
бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.
Педагог мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқутәрбие
процесiн ұйымдастырудың негiзгi құралдарын, жаңа әдiстер мен формаларды кез келген уақытта
таба бiлуiне мүмкiндiк туғызу қажет. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзiнөзi дамытуына және
өздiгiнен бiлiм алуына мүмкiндiк алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі жаңа ақпараттық
коммуникациялық технологияны оқутәрбие процесiне жанжақты, әрi еркiн пайдалана бiлуге
үйрету, дайындау кезеңдерiнiң сапалылығымен анықталады [1].
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк
бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн
көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында
мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны
өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң кәсiби
шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда,
бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жанжақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне
компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң
қалыптасқандығымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен
құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын
арттыруда. Ақпараттық технологияны оқутәрбие процесiне пайдалану – келесi педагогикалық
мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа
материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық
технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (мәселелік, ұйымдастырушылық, iсәрекеттiк,
компьютерлiк ойындар және т.б.);
мәселелік, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық
әдiстердi жетiлдiру;
жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация,
виртуальды орта және мультимедиатехнология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық
техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлау мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi
ұсынылады:
ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерi мамандарының
қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы
бойынша жаңа бiлiмдер алу [2];
информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау; балабақша қызметкерлерiн, бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн
жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету.
Бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере
отырып, «жас балаларға компьютердің қанша қажеті бар?» деген сұрақты айналып өту еш мүмкін
емес.
Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар педагогтар кіші сыныптардағы компьютер
тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты
пайдалану оқушыларды компьютер қастарында болмаған жағдайда екі санды қоса алмайтын,
қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деп негізі бар қауіп білдіреді. Компьютер
мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныптағы теледидар сияқты дүниелер, сондықтан да
білім беру мен оқу үрдісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар. Компьютерлерді
мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы салмақты аргументтің бірі – ақпараттық технологияның
екпіндеп дамуы мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына қарамастан, оның
созылмалы аурудай артта қалуына әкеп соқтырады деп санайды.
Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн: тек компьютермен қарым
қатынаста болған балалар гуманитарлық қызмет түрлеріне аса қажет сезімталдық пен
мейірбандылықты жоғалтып алып, дәлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарымқатынасқа бас
ұрулары әбден мүмкін.
Біз мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуден басқа жолы жоқ, ал есептегіш техникалармен
танысу соның бір ғана бөлігі деушілерге толық қосыламыз. А.Ершова және басқа авторлардың
еңбектерінде көрсетілгендей, информатиканың мынадай: процедура, функция, рекурсия,
тармақталу, цикл, мәліметтер құрылымы деген сияқты негізгі ұғымдарды меңгеруі операциялық
деп аталатын қазіргі ойлау стилін қалыптастыруға ықпал етеді.
Осының өзіақ оқу пәні ретінде информатиканы мектепке енгізудің алғышарттарын жасады.
Сонымен қатар, оқытылатындардың жас кезеңі жөніндегі мәселелер де көтеріледі.
Ойлау стилі балаларда кіші сыныптарда басталатыны белгілі. Бұл балалардың ойлау қабілетіне
ықпал ететін іргелі бірқатар математикалық ұғымдарды бастауыш мектепте меңгертумен
түсіндіріледі. Базалық сапа ретінде қарастырылуы тиіс оқушылардың ғылыми дүниетанымын
қалыптастыруды сөз етсек, информатиканың негізгі ұғымдарының артықшылығына тағы да көз
жеткіземіз. Информатиканың негізгі ұғымдарын ерте бастан оқытудың қажеттігін мынаданақ
көруге болады: білім берудің алғашқы кезеңінде информатиканың әдістерін меңгерген оқушы
мектептің қалған сатылардың білім алуда (атап айтқанда, түрлі пәндердегі сабақтарда) адам
қызметінің түрлі салаларында компьютерді пайдалану дағдысын меңгереді [3].
С.Пейперт,
Ю.Первиннің еңбектеріндегі «информатика курсы» түсінігі
аясында
«Информатика» деп аталатын пән жайында емес, мектептің барлық пәндеріне кіріп кеткен
информатика ұғымдары мен тұжырымды құрылымдары, әдістәсілдері жайында айтылатындығын
байқау қиынға соқпайды. Ю.Первин және оның әріптестерінің жеткіншектерге ерте жастан
информатикадан дәріс беру жөніндегі тұжырымдарын қорыта келіп, мынадай пайымдаулар жасауға
болады.
Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың
операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды. Екіншіден, бастауыш мектепте информатика курсын өткізу көптеген пәндер бойынша
мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтай өзгертуге алып келеді. Бұл жерде мынаны ұққан жөн:
«информатика» мектеп пәндерінің бірдебірін алмастыра, мектеп пәндері жалпы жүйесіндегі
оқулықтарының бірдебіреуінің рөлін атқара, мектептегі гуманитарлық және жаратылыстану
пәндерінің ара қатынасын қайта бөліске сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқытылатын әрбір
пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұстатады. Осы кілтті дұрыс
пайдалана білген мұғалім оқушыларының алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша
түседі.
Информатиканы ерте жастан оқытудың мүмкіндігі мен мақсаткерлігі әлемдік эксперимент,
зерттеу нәтижелерімен де нақтылана түседі. Осыны назарға алған В.Буциктің зерттеулерінде ерте
жас кезеңіндегі оқушыларға компьютерлік сауаттың алғашқы элементтерін беріп қана қою
жеткіліксіз, оларға компьютер негізінен бастауыш білім және түсініктер, ісәрекет әдістәсілдері
жөнінде нақты сауат беру жайы айтылады. Атап айтқанда, В.Буцик кіші мектеп жасындағыларға
бастауыш компьютерлік сауат берудің мынадай әдістемесін ұсынады: бірінші және төртінші сынып
аралығында сызбалық және мәтіндік редакторлардың көмектері арқылы орындалатын
тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру, яғни, ақпаратты өңдеу (компьютер сурет салады,
есептейді, жазады); ақпаратты сақтау (компьютер суретті, сандарды, мәтінді есте ұстайды);
ақпаратты беру (адамнан компьютерге, компьютерден адамға) салаларынан компьютердің
мүмкіндіктері жөнінде түсінік пен сауат қалыптастыру [4].
Сонымен қатар, Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасына мынадай негіздерді енгізе отырып,
әдістемелік жүйе ұсынады.
Бастауыш сыныптарда компьютерді қолданудағы басты мақсат дүниетанымдық және
жалпы мәденилік сипатта болуы, баланың тұлғасы мен ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.
Оқытудың мазмұны мен әдістемесі оқушылардың теориялық ойлауын дамытуы қажет.
1.
2.
Дәстүрлік әдістеме эмпирикалық ойлауды ғана дамытуға бағытталған.
3.
Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірінбірі толықтыратын компьютердің екі
қызметін: өлшеу аспабы және пәндік әлемге ықпал етуші пәндік әлемнің белсенді элементі ретінде
пәндік және компьютерлік әлем жөніндегі білім қалыптастыруды үйлестіруі қажет.
Е.Смирнов пікірінің В.Буцик пайымынан айырмашылығы мынаны аңдатады: «информатика»
шеңбері аясында барлық пәндерді оқыта отырып, соңында информатиканы бөлек курс ретінде бөліп
алу қажеттігін дәлелдейді. Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда, кіші мектеп жасындағыларға түрлі
пәндерді оқытуда компьютерді оқыту құралы ретінде қосалқы көмек үшін қолданудың
мүмкіндіктері қарастырылғаны жөн.
Сонымен, қорыта келе қазіргі уақытта кіші мектеп жасындағыларды оқыту үшін
компьютерді пайдалану жөнінде төмендегі бағыттарды ескерсек, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге
мүмкіндік болады.
информатика элементтерін оқыту;
нақты пәнді оқытуда әдістемелік жүйені түбегейлі өзгеріске ұшыратуға
соқтырмай, ЭЕМсын бесаспап оқу құралы ретінде пайдалану;
кіші мектеп жасындағыларда компьютерлік сауаттың жекелеген элементтерін
ғана емес, информатиканың бастауыш білімін, ісәрекетіндегі әдістәсілдері жөніндегі негізгі
түсініктерді қалыптастыру.
ӘДЕБИЕТТЕР 1. Информатика негіздері //Ғылыми әдістемелік журнал.
2. Безруких М.М., Ефимова С.П. Знаете ли вы своего ученика?
3. Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.К., Сағымбаева А.Е. Информатикадан оқушылардың
білімін бақылау, бағалау. /Әдістемелік құрал. Алматы, 2003.
4. Шекербекова Ш.Т., Сағымбаева А.Е. Информатика /Әдістемелік құрал. Алматы, 2005. Ж.ШЕРМАНТАЕВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ МИК911 тобының магистранты
Ғылыми жетекшісі: техн.ғ.к., доцент Қойшиева Т.Қ.
ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША ҮЙ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік Бағдарламасын орындау
мақсатында оқушылардың жүйелікақпараттық орта мен адамның арасындағы тиімді қарым
қатынас, ақпараттық технологияны қолданудың дағдыларын жетілдіру арқылы жалпы білім беру
мекемелерінде информатика пәнін оқытудың ролі артады.
Психологиялықпедагогикалық зерттеулердің практикада кең қолданылуын, білім беру
процесін жетілдіру бағытында дамыта оқыту идеяларын пайдалану, оқу процесінің озық түрлері
мен әдістерін ұйымдастыру, білімді игерудің механикалық тұрғысынан өз бетімен білім алу түріне
өтуін қамтамасыз ететін білім беруді ақпараттандыру қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру процесінің
негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Осы орайда үй жұмысын ұйымдастыру мәселесі қазіргі таңда айтарлықтай өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Педагогика [1] оқулығында айтылғандай, оқушылардың үй жұмысының
қажеттілігі таза дидактикалық міндеттерді шешуге (білімді бекіту, шеберлік пен дағдыны қолдану,
т.с.с.) ғана емес, сонымен қатар өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, өзінөзі
қалыптастыруға да негізделген. Үй жұмысы сабақтың құрылымдық элементі ретінде оқушылардың
танымдық ісін белсендендіру үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады. Ол мектептегі информатиканы
оқудың тиімділігін арттырудың әлі толық қолданылмай келетін резерві болып табылады. Солай
бола тұрса да, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде, мерзімдік баспаларда үй жұмысын
ұйымдастыру мәселесіне қажетті көңіл бөлінбей келеді. А.В.Хуторскийдің «Қазіргі заманғы
дидактика» [2] деген іргелі және шын мәнінде заманауи оқулығында да үй жұмысы туралы
айтылмаған.
Педагогика туралы оқу құралдарында [1,3] үй жұмысы оқытудың қосымша ұйымдастырушы
түрі ретінде қарастырылған. Оқушылардың үйдегі дайындалуы дәстүрлі оқытудың ажырамас бөлігі
екендігін ескере отырып, В.И.Загвязинский оны тақырыптық және күнтізбелік жоспарда
қарастырылған сабақты органикалық толықтыруы және оның жұмыс жүйесін құрауы тиіс, оқытуды
ұйымдастырудың сабақтан тыс толықтырушы түріне жатқызады [4]. Кейбір мамандар оқушылардың
үй жұмысын өз бетінше жұмыстың әртүрлілігі деп те қарастырады. Оқушылардың үй жұмысы сабақ
кестесінің шегінен тыс сабақ тапсырмаларын өз бетінше орындауды білдіреді [5].
Оқушылардың оқуындағы үй жұмысы сыныптықтан ең алдымен қағидалы тұрғыда
ерекшеленеді. Ол мұғалімнің нұсқауы бойынша, бірақ оның тікелей басшылығынсыз орындалады.
Оқушы тапсырманы орындау уақытын, жұмыс істеудің өзіне ыңғайлы ритмі мен қарқынын өзі
таңдайды.
1960шы жылдары оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі үй жұмысынсыз насихатталып келді, ол
кезде барлық материалмен жұмыс сабақта жүргізілді. Алайда бұл тәжірибе өзінөзі ақтамады.
Оқушылардың үйдегі дайындалуы сыныпта мұғалімнің жетекшілігімен орындалған жұмыстарды (негізгі түсініктер мен идеяларды енгізу және сараптау, жаңа ісәрекеттермен танысу)
алмастырмай, оны аяқтауы қажет.
Үй жұмысының түрлері. Оқушылардың үй жұмысының теориялық аспектілері жеткілікті
зерттелмегендіктен, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде үй жұмысын жіктеудің түрлі
негіздері ұсынылады.
Үй жұмысы дидактикалық мақсаттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді [3,5]:
• жаңа тақырыпты зерттеуге, жаңа материалды қабылдауға дайындайтын;
• сабақта алынған білімдерді бекітуге, шеберлік пен дағдыны қалыптастыруға бағытталған;
• сыныпта өтілген оқу материалын тереңдетуге және кеңейтуге жағдай жасайтын;
• жаттығуларды өз бетінше орындау шеберлігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған;
• оқушының мүмкіндігіне сәйкес келетін, бағдарламалық материалдың шегінен тыс көлемдегі
жеке тапсырмаларды өз бетінше ойлап орындауды дамытуға жағдай жасайтын.
Ерекше түрдегі шығармашылық сипатты тапсырмалар (шығармалар, пікірін жазу, сурет салу,
көрнекі құралдар дайындау және т.б.) болып табылады.
Оқушылардың оқу ісінің түріне қарай үй жұмыстары келесі түрлерге бөлінеді [6]: оқу
мәтінімен және түрлі қосымша ақпарат көздерімен (сөздіктер, мерзімдік басылымдар, Интернет
және т.б.) жұмыс; жаттығуларды орындау және есептерді шығару; жазбаша жұмыстарды орындау;
жұмыс дәптерлерін баспа түрінде толтыру; рефераттар мен баяндамалар жазу; көрнекі құралдар,
макеттер дайындау және т.б. Өнегелі педагогтар өз тәжірибесінде қосымша әдеби көздерді оқу
және сараптауды; мерзімдік басылымдармен жұмыс істеуді; кино және видеофильмдерді
талқылауды да қолданады.
[134] Webсайтында болатын сабақтың типіне қарай келесі жіктеу ұсынылады:
• жаңа материалды зерттеу сабақтары үшін:
оқулық материалын оқу және түсінік айту;
сабақта өтілген материалмен соңына дейін жұмыс істеу;
материалды қандай да белгісі бойынша топтау;
қосымша көздерден және қоршаған ортадан материалдар жинау.
1)
2)
3)
4)
• білімді пайдалануға үйрететін сабақтар үшін:
1)
практикалық жұмыстар (қосымша әдебиеттерден, анықтамалықтардан, сөздіктерден
алынған, өз бетінше ойлап табылған оқу құралдарын, карточкаларды, кестелерді және т.б.
дайындау);
2)
3)
4)
5)
6)
7)
сыныпта орындалған немесе үлгіге ұқсас есептерді шығару;
үйреншікті емес есептерді шығару;
пәнаралық байланыс арқылы есептерді шығару;
өз бетінше есептер құрастыру;
материалды өз бетінше оқып үйрену;
байқалған құбылыстар мен фактілерді салыстыру және олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын түсіндіру;
8)
• байыту сабақтарына:
қателермен жұмыс істеу. 1) мұғалімнің арнайы қойылған сұрағына жауаптар;
2) мұғалім берген жоспар мен тапсырмасы бойынша жауап беруге дайындық;
3) тақырып бойынша жауап берудің өзіндік жоспарын құру немесе осы жоспар бойынша
дайындалу,
4) мәтіндегі негізгі және екінші дәрежедегі материалды бөлу;
5) белгілі бір заңдылық немесе қорытындыны болмасын сабақтағыға ұқсас түрде өзіндік
дәлелдей білу;
топтық);
6) тақырып бойынша қосымша материалды таңдау;
7) зерттелетін тақырып бойынша өзінше тапсырмалар құрастыру (жеке, жұптық немесе
8) айғақты материал негізінде қорытындылар жасау (бақылаулар,
эксперименттер, экскурсиялар);
тәжірибелер,
9) кестелер, схемалар, тірек конспектілер дайындау;
10) байыту сипатындағы дәстүрлі емес тапсырмалар: зерттелінген материал бойынша
оқытылатын бағдарлама негізінде кроссвордтар, тестер, т.с.с құрастыру.
• Білімді тексеру мен бақылау сабақтарына:
1) сұрақтарға жазбаша жауаптар;
2) үйдегі жеке бақылау жұмысы;
3) стандартты емес тапсырмаларды шешу.
Мақалада келесі үй тапсырмасы жұмыстары қарастырылады: жеке, топтық, шығармашылық,
дифференцирленген, бүкіл сыныпқа біреу, парта бойынша серіктесі екеуіне арналған үй
тапсырмасын құрастыру (тұрақты құрам жұптарында).
Жеке үй тапсырмасы заң бойынша жеке сынып оқушыларына беріледі. Мұғалім нақты
оқушының білім деңгейін тексере алады. Мұндай жұмыс баспа негізінде дәптерлерді қолдана
отырып немесе карточка түрінде қолданылады. Оның мақсаты нақты тақырып бойынша бар білімді
түзету, жоқ жерлерін толықтыру, т.с.с. саналады. Оған міндетті емес тапсырмалар да жатады,
мәселен, сыныптан тыс жұмыстар.
Оқу үй тапсырмасын топтық түрде орындауда оқушылар тобы жалпы сынып тапсырмасының
бөлігі болып саналатын тапсырмасын орындайды. Мұндай тапсырмаларды алдын ала беру мақсатқа
сәйкес болып табылады.
Үй тапсырмасының жеке түрі ретінде шығармашылық жұмыс бөлінбеген, бірақ ол барлық
түрдегі үй жұмыстарын біріктіруі тиіс. Мысалы, тапсырмаларды ертегілік сюжеттер, хабарлама
және баяндамалар түрінде құрастыру. Мұндай үйлік оқу жұмыстарын «кешіктірілген» деп атауға
болады.
Дифференцияланған үй тапсырмасының жұмысы «күшті» және «әлсіз» оқушыларға бірдей
есептеле алады. Бұл кезеңдегі дифференцияланған тәсілдің негізі болып өзіндік жұмысты
ұйымдастыру болып саналады, ол келесі типтік тәсілдер мен дифференциалды тапсырмалардың
көмегімен жүзеге асады.
1. Мазмұны бойынша тапсырмалар барлығына бірдей, бірақ орындалу тәртібі бойынша әртүрлі,
мысалы, тапсырмалардың көлемі әртүрлі.
2. Бірнеше нұсқасы мен өзінің қалауы бойынша таңдай білу хұқығы бар тапсырмалар: «Үйде
таңдау бойынша № немесе № нөмірлерді № ... бастап орындап келу...». Тапсырманы еркін таңдай
білу – мұғалімнің кезкелген оқушыға оңайырақ, содан соң қиынырақ тапсырмаға өтуіне кеңес бере
алмауында емес. «Әлсіз» оқушыларға карточкалар: толтыруы тиіс орындары бар; түзетуі тиіс қателіктері бар;
толық аяқталмаған шешімдерімен беруге болады.
Бүкіл сыныпқа біреу – үй тапсырмасының ең кең таралған түрі.
Парта бойынша көршісіне үй тапсырмасын құрастыру (тұрақты жұп құрамы). Мысалы:
«өзіңіздің көршіңізге сабақта қарастырылған жұмыстарға сәйкес екі тапсырма құрастырыңыз».
Іс жүзінде 80% мұғалім үй тапсырмасын бүкіл сыныпқа беретіндігін, тек кейде ғана
дифференциялданған тапсырмалар беретіндігін атап өту керек.
Үй тапсырмасының үш деңгейі
Үй тапсырмасының бірнеше деңгейін қолдану ұсынылады [3,5].
Бірінші деңгей – міндетті минимум. Тапсырмаға барлық оқушының күші бірдей жетуі және
түсінікті болуы керек.
Үй тапсырмасының екінші деңгейі – жаттығулық. Оны пәнді жақсы білгісі және қиындықсызақ
бағдарламаны меңгергісі келетін оқушылар орындайды. Ол кезде олар бірінші деңгейдегі
тапсырмалардан босатыла да алады.
Үшінші деңгей – шығармашылық тапсырмалар – ол сыныптың дайындығына, сабақтың
тақырыбына тәуелді қолданылады. Ол өз еркі бойынша бастау алады да жоғары бағалар мен
мақтаулармен марапатталады. Шығармашылық жұмыстар шегінде оқушыларға мыналарды өңдеу
ұсынылады: тақпақтар, мысалдар, ертегілер, фантастикалық әңгімелер т.с.с. (тақырып бойынша);
чайнвордтар,
мысалдар,
тапсырмалардың тақырыптық жинақтары; таңдалынған тақырып бойынша мақала аннотациясы
жинақтары; оқу комикстері; плакаттар–тірек сигналдары, схемалар, көрнекі құралдар т.б.; өлеңдер,
мнемоникалық түрлендірулер, т.с.с.
кроссвордтар және т.с.с.; қызықты фактілер жиынтықтары,
Үй тапсырмасы жұмысын ұйымдастыру
Үй жұмысын орындауды ұйымдастырудың әдістемесі – мектеп жұмысының ең әлсіз
звеноларының бірі болып саналады. Көбіне үй тапсырмасы ретінде сабақ тапсыру сабақтың өзіндік
жұмысы ретінде тіптен саналмайды. Ал ол оқушыларды тапсырманы орындауда өзіндік және
танушылық қабілеттеріне дайындау үшін беріледі.
Мұғалімдердің 80% үй тапсырмасын сабақтың соңында береді, болмаса оның да бірнеше тәсілі
бар: сабақтың басында, ортасында, сабақ барысында.
Пәннің ерекшеліктеріне байланысты (компьютердегі интерактивті жұмыс) үй тапсырмасын
оқушылардағы бар білімге сәйкес тапсыру қажет.
Үй тапсырмасының жүйелі ұйымдастырылуы
Үй тапсырмаларының жүйесін ұйымдастыру мағыналы болып саналады, өйткені ол кезде
өзіндік оқу қызметін жасау тәсілдері, танымдық қызмет түрлері жобаланады.
Үй тапсырмасы жұмысына маңызды оқытудың, тәрбиелеудің және дамудың міндеттері
жүктеледі. Бірақ өкінішке орай практикада ол әрдайым іске аса бермейді, оның басты себебі болып
мұғалімнің негізгі мәселесі сабақ мәселесі саналады. Көбінесе үй тапсырмасы кездейсоқ, ойластырылмаған түрде болады, олардың орындалуына дайындық нашар түрде жүргізіледі, тексеру
тек формальды түрде жүреді. Осы жобалаудағы, дайындық пен үй тапсырмасын ұйымдастырудағы
жетіспеушіліктердің нәтижесі болып оқушыларды үй тапсырмасымен шамадан тыс жүктеу
саналады, ал ол өз кезегінде оқушылардың оқуға деген белсенділігі мен қызығушылығын төмендетіп
жоғалтады.
Іс жүзінде және көптеген зерттеу жұмыстары көрсетіп отырғандай, көпшілік үлгерімі төмен
және үлгерімі орташа оқушылар үй тапсырмасын орындауға салғырт қарайды. Мұндай жағдайдың
бір себебі болып үй тапсырмасын дифференцияламау саналады (көбінесе ол бүкіл сыныпқа ортақ).
Оқушыға үй тапсырмасын жылдам жолдасынан көшіріп ала салатын жағдай туындайды, ал ол сабақ
басталардың алдында ғана іске асатын болғандықтан оқушы оның мағынасы мен орындалу тәртібін
де түсіне алмайды.
Сондықтан дифференцияланған тәсіл аса қажет, ол жеке, топтық және фронтальды
жұмыстардың үйлесін табады. Ол оқытудың барлық кезеңдерінде тек сабақ уақытында ғана қажет
емес, сонымен бірге үй тапсырмасын орындауға да қажет.
Дифференцияланған тапсырмаларды әсіресе мына жағдайларда беру мақсатты:
қиын түсініктер ұшырасатын тақырыпты өткенде;
өткен тақырыпты байыту мен қорытынды жұмыстарға дайындық жасағанда;
бақылау жұмыстарында қателермен жұмыс жасауда.
Дифференцияланған үй тапсырмасын әсіресе оқу материалын бекіткен кезде қолдану маңызды.
Егер үлгерімі жақсы оқушылар бұл кезеңде оқытылған материалды негізінен меңгеріп түсінсе,
үлгерімі төмен оқушылар әлі де сенімсіздікті сезеді, сондықтан сабақта өткен материалды бекітуге
дифференцияланған үй тапсырмасы әр оқушыға арнайы туындаған қиындықтарға сәйкес соны шеше
білуге арналып құрастырылуы қажет.
Дифференцияланған үй тапсырмасын ұсынарда мыналарды ескеру қажет:
оқу жұмысына баланың қабілеті (оқу материалын, оның мағынасын тереңінен тез
қабылдау);
өз ойын жеткізе білуі;
танымдық белсенділігін (білімге қызығушылығын көрсетуі);
жұмыста ұйымдаса білуі (басталған істі аяғына дейін жеткізе білуі).
Балалардың жеке қабілеттеріне орай, білім біріңғай танымдық мақсатта бағындыру мен бір
тақырыпта қиындық деңгейіне байланысты таңдалып алынады. Сонымен бірге жеке тапсырма
карточкалары қатарында әдетте үш нұсқа болады (оқушылар өздері нұсқаны таңдайды, немесе әр
нұсқаны мұғалім белгілі бір топ үшін арнайы дайындайды), бірнеше деңгейдегі тапсырмалары бар
жұмыс дайындауға да болады, мұндай тапсырманы орындау барысында оқушылар танымдық
қызметтің субъектісі болады, ол бастамашылдығы (бұл жағдайда деңгей таңдауда), білімді,
шеберлік пен дағдыларды, ойлау қабілетінің дамуын, ес пен шығармашылық қиялын меңгерудегі
өзіндік қабілетті тәрбиелейді.
Үй тапсырмасы жұмыстарында келесі тәсілдерді қолдану маңызды:
пікірлерде немесе жазбаларда жіберілген қателіктерді қосатын тапсырмаларды орындау;
заңдылықтарды айқындауға арналған тапсырмаларды орындау;
артық немесе жетіспейтін мәліметтер бойынша тапсырмаларды қарастыру;
өзін өзі бақылаудың әртүрлі тәсілдері.
Үй тапсырмасын тексеру тәсілдері Үй тапсырмасын орындау сапасының болуы үшін оны тексеру үлкен әсерін тигізеді. Ол кезде
оқушының үй тапсырмасын үйде өз бетінше орындауының тиімділігі тек қана мұғалімнің оқушыға
үй тапсырмасын орындауына қоятын талапқа ғана емес, сонымен бірге оны тексеру тәсілдеріне
байланысты болады, ал ол тек формасы жағынан ғана емес, сонымен қатар мағынасы тұрғысынан да
әртүрлі болуы шарт. Егер үй тапсырмасын тексеру тұрақты және заң бойынша сабақтағы жұмыс
мазмұнына орай байланыстырылған болса, онда келесі сабаққа дайын болу үшін оқушылар оны
орындауға аса жауапкершілікпен қарап өз бетінше орындауға тырысады. Осыған байланысты үй
тапсырмасын жүйелі түрде тексеру тиімділігін арттыру мәселесі туындайды.
Үй тапсырмасын тексерудің бір тәсілі болып келесі әдіс саналады: әр оқушыда жеке үй
тапсырмасына арналған дәптер болады. «Әлсіз» және «орта» үлгерімді оқушылар дәптердің бетін
екі колонкаға бөледі (көлденең немесе тік жұмыстың түріне байланысты). Жұмысты орындауда
оқушы тек бір шетіне жазып екінші бөлігін таза күйінде қалдырады. Мұғалім жұмысты тексере
отырып «плюс» белгісін қателік жіберілген жерге дейін қояды, қателіктің тұсына «минус» белгісін
қояды. Бұл дәл осы жерден қателік кетті деген мағынаны білдіреді. Қандай баға алғанына тәуелсіз
оқушы екінші колонкаға қателіктермен жұмыс жасауы керек. Ол кезде оқушы дұрыс орындалған
жұмыстардың қайтадан тапсырма шарттары мен оның шешімдерін жазбайды. Осы арқылы оқушыны
шамадан тыс жүктеу мен артық жұмыс жасау сұрағы шешімін табады.
Сонымен қатар, қателікпен жұмыс жасай отырып, оқушы қателік неліктен кеткенін, оны тауып,
біріншілік шешім мен қайтадан шешілген шешім екеуін салыстыруы қажет. Бұл кезде де оқушы қате
жіберуі мүмкін, салыстыру жұмысы шешім дұрыс табылғанша жалғасады.
Мұндағы индивидуалды тәсіл болып мұнда әр оқушы өз ырғағы бойынша жұмыс жасайды,
өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін өзінше пайдаланып, алға тек өз күшімен жылжи алады. Оқушыға
басты талап өзіне жақын деңгейіне көтерілуі саналады. (базалық, ілгерілетілген немесе жоғары).
Базалық деңгейдегі үй тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін ол «үш» деген бағамен, егер өзіндік
немесе жеке бақылау жұмысы сыныпта болса – «төрттен» жоғары ала алмайды. Бұл жағдайда
қатемен жұмысты оқушы үйде атқарады.
Бізбен сипатталған жеке өзіндік үй тапсырмаларын тексеру тәсілі дәстүрлі тәсілдермен қатар
іске асырылады.
Толықтай жазылып біткен оқушының жеке дәптері тасталынбай мұғалімде сақталады. Оларды
қарап отырып, мұғалім оқушының қай жерде нендей қателік жібергенін, қай тұсын толықтай
меңгере алмағандығын саралай алады. Мұның барлығы оған одан арғы жеке жұмыс жасауына көмек
етеді (тек қана сыныптық немесе үй тапсырмалары емес, сонымен бірге демалыс аралықтарында).
Жоғарыда айтылғандар оқушылардың мүлдем ортақ өзіндік жұмыстарын орындамайды дегенді
білдірмейді. Жаңа тақырыппен танысу кезеңі мен біріншілік материалды бекіту кезеңінде
оқушылардың барлығы ортақ фронтальды формадағы жұмыспен айналысады.
Үй тапсырмасын тексерудің тәсілдері алуан: мұғалім де, оқушы да (өзінөзі тексеру), басқа да
оқушылар тексереді (өзара тексеру). Бұл жағдайда мұғалім көмекшілерінің рөлі жоғарылайды. Оқу
жылы бойынша дидактикалық материал жинақталады, оны оқушылар сынаққа, диктантқа,
емтиханға, топпен жұмысқа, жеке жұп болып жұмыс жасағанға дайындаларда қолданады.
90% мұғалімдер мұндай үй тапсырмасын тексеру формаларын ауызша және жазбаша,
карточкамен жұмыс түрінде қолданады. Үй тапсырмасын тексеру міндетті түрде бағамен немесе белгімен белгіленіп отырылуы шарт.
Қанағаттанарлықсыз бағаны қоймаса да болады, одан гөрі үй тапсырмасын қайта орындауын талап
еткен жөн, жіберілген қателіктерді түзеп, немесе біріншісіне ұқсас үй тапсырмасын беру керек.
Мұндай тексеру тәсілі әсіресе шығармашылық жұмыстарда пайдалы.
Келесі үй тапсырмаларын тексеру тәсілдері ұсынылады [6]:
1. Үй мысалдарын шешу:
а) оқушы тақтаға шығып үйге берілген мысалды шығарады, параллель түрде шешу кезеңдері
бойынша сұрақтар беріліп отырады;
б) оқушылар кезекпен (кезең бойынша) мысалды шешеді. Фронтальды түрде тапсырманың
орындалу тәртібі сұралады.
2. Тапсырма орындалмағаны немесе көпшілік оқушыларда қате орындалғаны анықталды:
а) мысал мұғаліммен оқушылардың көмегі арқылы орындалады, оларға мұғалім сұрақтарын
беріп отырады;
б) тақтаға шақырылған оқушымен ұқсас мысал орындалады, шешімін өз өтініші арқылы
оқушылар өз орындарынан айтады.
3. Тақтада оқушы тапсырманың немесе мысалдың шешімін жазады. Кезкелген кезеңде оны
мұғалім тоқтатып келесі оқушыға жалғастыруын өтінеді, т.с.с.
4. Сыныпта көмекшілер көмегімен үй тапсырмасы, оның дұрыс орындалғандығы тексеріледі.
Қорыта айтқанда, мұқият ойланған, жүйелі және тұрақты түрде орындалмаған үй тапсырмасы
болмаған жағдайда жоғары сапалы білімге қол жеткізу мүмкін емес. Үй тапсырмасы оқушылардың
бойындағы өз бетінше жұмыс істей алу мен танымдық қызығушылық қабілеттерін оятады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сластенин В.А. Педагогика. М.: ШколаПресс, 1998.
2. Хуторской А.В. Современная дидактика. СПб: Питер, 2001.
3. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии / Под ред. С.А.Смирнова. М.:
Академия, 1998.
4. Загвязинский В.И. Теория обучения. Современная интерпретация. М.: Академия, 2001.
5. Пайман С.А. Педагогика. Основные положения курса. Минск: ТетраСистемс, 2002.
6. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. Воронеж, 2005. ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
«Қазақстан2050» стратегиялық бағдарламасының приоритетінің бірі ұлттық білім моделін
қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстанда білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне
кіріктіруімен сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде инновациялық
индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді
дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни, негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу,
сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатқан
уақыт.
Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстан тарихын инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық техноло
гияларын қолдану арқылы білім алушылардың ойлау қабілетін арттырып, ақпараттық технологиялар
негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана оты
рып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің
рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық
зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар
мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адам
гершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке яғни қазақстандық патроитизмге тәрбиелеу бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болып отырғандығы барша ғыламдар мен білім берушілер құзырында. Осы орайда
халық педагогикасындағы «Анаңболса да оныңжаман қылықтарына еліктеме, жауың болса да оның
жақсы қылықтарына елікте» деген қағида жас ұрпақты оқытумен тәрбиелеудегі жаңа талап, жаңаша
көзқараспен тікелей байланыстылығын байқау қиын емес. Себебі бұл тұжырым қазақстандық патори
тизмді насихаттайтын бірден – бір педагогикалық шара екендігі айқын.
Тарих соның ішінде Отан тарихын оқыту және оның оқытудағы жаңашылдық жас жеткіншектерді
жеке адам (тұлға) ретінде қалыптастыруға, ойөрісін дамытуға, өзінің түптамырларын білуіне, казіргі
заманның күрделі проблемаларын дұрыс шешуге көмектеседі. Отан тарихын оқытудың басты мақсаты
оқушыларға өз жерінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі мекендеп келген, адамзат жүріп өткен та
рихитанымдық жолдарының аса маңызды фактілерін, оқиғаларын, құбылыстарын оқытып үйрету,
адамдар жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибені меңгерту, сол арқылы жас ұрпақтың
тәуелсіздік жолында Қазақстанның жаңа қоғамды құруға белсене қатысуына және тәуелсіз Қазақстан
мен дүниежүзінің тағдырына деген жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастыру, яғни қазақстандық
патриотимзді насихаттаудың негізі болып табылады.
Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттың прогрестік
ерекшелігіне, қоғамдықтарихи, саясиәлеуметтік, экономикалық жағдайына сай негізделеді. Білім бе
руде ақпараттандыру, Отан тарихымен байланысты пәндерді технологиялық ғылымитеориялық негіз
де оқыту мақсаты бүгінгі күннің алға қойыған шарасы. Кезкелген мемлекеттің дамуы – ақпараттық
мәдениеттің деңгейіне байланысты дегендей оқытудағы инновация, Отан тарихына қатысты тәрбиелік
ісшаралар барысында кәсіптік жаңа технологияларды қолдану педагогикалық саладағы маңызды
мәселелерге айналды.
231
Қазіргі күнде білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты – жаңа ақпараттық технологияларды пай
далану арқылы дамыта және дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттан оқыту мақсаттарын жүзеге
асыра отырып, оқутәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен санасын көтеруді көздейді.
Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың
көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушының білімін тексеру, тест алу, әр түрлі
ойындар, т.б. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни, оқытуда
компьютердің екі бағыты болады:
1.Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім,
дағды, іскерліктермен қаруландыру. 2.Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.
Қазіргі кезде оқытушы сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті
материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет – оқытуды компьютерлендірудің
концептуалды аспектісін жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру
қажет:
*Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде тек бағдарламалау тілін немесе дербес компьютердің
ақпараттық құралдарын емес, компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық
жағдайда модельдеуге үйрену.
*Компьютерлендіру оқытушыны оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше студентпен
неғұрлым тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек.
*Білімді топтық түрде бере отырып, оқытуды даралаулы күшейтіп, студенттің білім сапасының
көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады.
*Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін
жағдайда ғана пайдалану қажет.
*Оқытуды компьютерлендіруді студент өз бетімен ойлап, шығармашылық белсенділік танытып,
дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп ойластырған жөн.
*Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалықпсихологиялық талапқа сай ана тілінде элект
ронды оқулықтар жасалып жатыр. Ондағы теориялық материал, жаттықтырушы тапсырмалары, тексе
ру тесттері, анықтамалықтар, т.б. білім сапасын арттыруға көмектеседі.
Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Оқытушы әдістемесінде қажетті ізденістің
болмауынан оқытудың да қызығушылығы жойылады. Сондықтан оқытушы үшін оқытудың жаңа
әдістәсілдерінің бірі – «Компьютер арқылы пәндік сабақтар» өткізу. Сондай сабақтардың бір үлгісін
қарастырсақ... Мысалы: Ел дербестігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен саяси тұлға, қазақтың соңғы ханы
«18371847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық көтерілісі» тарихын алатын болсақ мына
дай үлгіде өткізгенді ұсынар едім. (Әрине бұл ұсыныс тек менің ғана үлгім болып қалады, Ал пайдала
нушы ұстаз немесе Отан тарихын оқытушы үшін өз қалауынша қабылдайтын тәжірибелік үлгі болмақ)
Сонымен тақырыпты өткізудегі үлгі ні назарларыңызға ұсынсам..
Сабақ тақырыбы:
«Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық қозғалыс» (18371847 жж)
Сабақ мақсаты: жаңа сабақ тақырыбындағы тарихи оқиғаларды жанжақтылы түсіндіру.
Білімділік мақсаты: К.Қасымұлы бастаған ұлтазаттық қозғалыстың тарихи себептері мен
әскери қимылдар барысы мен тарихи маңыздылығы мен сипатын түсіндіру. Қозғалыс басшысы
К.Қасымұлының тарихи тұлға, саясаткер және дипломат екендігін дерек көздері арқылы сипаттап
түсіндіру. Бүгінгі еліміздің саяси дамуына сол кездегі қозғалыс басшысы Кенесары ханның ұстанған
саясатының өмірмен байланыстыра отырып баяндау.
Дамытушылық мақсаты: қосымша әдебиеттерді, тарихи шығармаларды пайдалана отырып,
ұлтазаттық қозғалыстар тарихының салыстырмалы венндиаграммасын жасау. Студенттердің жүйелі
ойлауы мен өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Елді қорғау әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру және қазақстандық
патроитимзге баулу, бағыттау.
Сабақ түрі: сын тұрғысынан оқыту
Сабақ әдісі: сұрақжауап, пікірталас, әңгімелеу,
қосымша материалдармен жұмыс
Пән аралық байланыс: Саясаттану негіздері, Құқық негіздері,
Халықаралық құқық , Дүние жүзі тарихы, Әдебиет.
Көрнекіліктер: Кенесары суреті, кестелер мен баспасөз материалдары,
Кенесары хаттарынан үзінділер
232
Техникалық құрал: Интерактивті тақта және слайдсуреттері
Жоспар:
1.К.Қасымұлы бастаған ұлтазаттық қозғалыстың алғы шарттары, басталу себептері мен
барысы
2.Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
3.К.Қасымұлы және феодалдық мемлекеттің құрылымы
1сұрақ: ХІХ ғасырдың 30шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі
күшейтті. Қазақ халқының саяси дербестігінің біржола жойылуына бағытталған шаралар патша өкіметі
тарапынан жүзеге асырылып жатты. Олар: қазақ хандары Әбілқайыр, Абылай хандар заманындағы
жасасқан шарттары елеусіз қалды. Салықтар төленбеді. Әскери шептер келіп, қоныстандыру саясатының
шаралары жүргізілді. Қазақ жерінің шұрайлысы Ресейдің қолына қарады. Пайдаланғандарға салықтар салынды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру (18221824 жж. Уставтар) барысында қазақ жер
лері округтерге ( Батыс –Сібір және Орынбор) бөлінді. «Бөліп ал да билей бер» деген отаршылдық
қағидасы бұлжытпай орындалды. Бекіністер салынды. Әсіресе бекіністер Торғай, Ақмола, Көкшетау,
Қарқаралыда көтерді. Әрине қазақ даласындағы мұндай сұмдық жағдайлар кімкімнің де болсын
жанын ауыртатыны рас. Патша өкіметінің отыршылдық саясатына қарсы шыққандардың бірі Абылай
ханның баласы Қасым еді.
Қасым сұлтан патша әкімшілігіне хат жазып, кісі салып, халыққа қысым жасалмауын талап етіп
түсіністікке шақырды. Бірақ жауапсыз қалған хаттардан кейін Қасым патша өкіметіне ашық қарсы
шығуды ойлады. Қарсылық күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Бірақ Қоқандықтардан
күткен көмек бола қоймады. Олар керісінше патша өкіметінің қолдауына ие болып, Қасым бала
лары Саржан мен Есенгелдіні, кейіннен Қасымның өзін өлтіреді. Кенесарыны Ташкент түрмесіне
қаматты.
Түрмеден босап шыққан Кенесары ата мекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Өз өмірін ел дербестігіне
арнады. Ондай арман ел басын біріккенде ғана жүзеге асатындығын түсінген Кенесары Қасымұлы бо
лып жатқан жайттарды ойдан өткізіп, алдымен мәселені дипломатиялық күш арқылы шешуді көздеді.
Көздеген мақсаты Ресейге де, Орта Азия хандықтарына тәуелді емес, олармен тең қарымқатынаста
болу еді. «18251840 жылдар аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды.
Мұндай қысым мен тонау, талау, адамдарды өлтіру бізді басқа жаққа кетуге мәжбүрледі. Сондықтан
мен К.Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы күресін бастауға патша үкіметіне ашық қарсы
шықтым» деп жазады.
Кенесары Қасымұлы кім еді? ( слайдтан көрсету)
1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келді. Шыңғыс ханның 27ші ұрпағы. Абылай ханның неме
ресі. Жаужүрек батыр, шабандоз, көрнекті қолбасшы, қайраткер, халық бостандығы үшін күрескер және
ұшықиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, бірбеткей мінезді, қайсарлы және жетекшілігі
мен адамшылдығы бір басынан табылатын тарихи тұлға еді. ХІХ ғасырдың 30шы жылдарындағы ұлт
азаттық қозғалыс басшысы Қасымның баласы Кенесары болды.
Қозғалыстың алғы шарттары:
* ХІХ ғ. 20жылдары Ұлы жүздің бір бөлігін, Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып,
233
қазақтардан салықтар жинады.
* Хиуа хандығы Кіші жүздің шекті, төртқара, байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзені бойына бекініс
тер тұрғызып, сауда керуендерін тонады.
* 1822 жылғы Жарғы қазақтар шаруашылығын құлдыратты.
* Ағасы Саржанның, әкесі Қасымның Ташкент билеушісінің қолынан қаза болуы.
Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына себепкер болған әкесі – Қасым
еді. Жаңағы оқиғалар оның елінің азаттығы үшін басталған күрестің басшысы болуыға итермелеген
оқиғалар еді.
Кенесары Қасымұлы қозғалысының басты мақсаты патшалық Ресейдің құрамына қосылып
үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу
арқылы жанжақты отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды
босату, Қазақ хандығына қосу еді. Қозғалыс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Сипаты ұлтазаттық. 10
жылға созылған қозғалыстың басты қозғаушы күші – бұқара халық болды. Ақсүйек өкілдері де болды.
Олардың қатысуының себебі: өз мүдделеріне пайдалану және бұрынғы артықшылықтарын қайта алу,
көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
2сұрақ: 1838 жылы мыңдаған сарбаз жиналып үш жүздің қазағы бас қосты. Кенесарының жауға
қарсы жорығында Ағыбай /Орта жүзден/, Иман Дулатов /Амангелдінің атасы/, Бұқарбай /Ұлы жүзден/,
Мыңжасар, інілері –Наурызбай мен Әбілғазы, әпкесі –Бопай қатысты.
Кенесары жасақтары қатарында қарақалпақ, түрікмен, қырғыз, өзбек өкілдері де болды. Қозғалысқа
қатысушылардың саны 18431845 жылдары көбейе түскен. Кенесары қазақ жерлерінің тартып алы
нуына күйініп қана қойған жоқ, атамекенді кері қайтару үшін де халықты батыл күреске шақырды
(Е.Бекмаханов. «Қазақстан ХІХ ғ. 2040 жылдарында» А 1994, 186 бет) Дегенмен Кенесары барлық
әдісамалдарын қолданып тырысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің рутайпалық
бөлімдерін біріктіре алмады. Қазақ ақсүйектері екіге бөлінді. Біріпатша өкіметін жақтағандар, екін
шісі өз саясатын күшейтуге әрекет етушілер.
1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған
жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Ақмола қаласын қиратып, Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын
шапты. «Кенесары ұрыстың түйіні шешілген жерге келіп, көкбурылдың үстіне ажалдан қорықпай тік
тұра қалып «Абылайлап» қамалға қарай құйындата жөнелді. Кенесарыны көрген жау орындарында тұра
алмады. «Абылай», «Атығай», «Қабанбай» деп ұрандап бекініске лап қойды. Ақмола әскері жеңілді.» Сөйтіп Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісінің үйлерін тегіс өртеп, қорғанын құлатып, Шығыс
Сібірдің орталық қамалы тұрған жерді тыптипыл етті. Сонымен жеңістен кейін қайта Ұлытауға қарай
бет алды. Бұл шайқаста Кенесары өзінің қолбасшылық дарынын танытты. (І.Есенберлин. Қаһар.
Алматы1969ж. 160165 беттер)
Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету жолында дипломатиялық айла
амалдарды шебер пайдаланып, патша үкіметіне хат жазды. Хаттар мазмұндарына назар аударсақ...
Бірінші хат: «Бүкілроссиялық дара билеуші патша ағзамға. (Ол кездегі патша І Николай еді). Бүтін
қырғызды билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлынан. Тақсыр! Төмендегі жағдайға
көңіл аударсаңыз өзімді бақытты санаймын. Менің атам Абылай хан билептөстегенде халық тыныш
өмір сүрді. Екі жақ саудаласты, жайлы өмір сүрді. Кейінгі кезде бізден салықты жөнсіз сыпыра бас
тады, әртүрлі жәбір көрсетуді сезіп отырмыз. Бейбіт келісімдер бұзылып, ақиқатты аяқпен тап
тап, барша қырғыз халқын Ресейдің уысында деп қарайды. Барша қырғыз халқына қысымды тоқтату
және бұрынғы тыныш өмірді қалпына келтіру үшін сізден, ұлы патша, өмірімізге қол сұқпауыңызды,
даламызда салған қоныстарыңызды жоюды өзіңізден өтінуді бақыт санаймын» (Ж.Қасымбаев.
Кенесары хан. А1993, 1517 беттер). Бірінші хат мазмұны дипломатиялық этикалық талаптармен
жасалды. Бұл жерде Кенесары сұлтанның дипломатболғандығын түсіну қиын еместі.
Хатта көзделген мәселе не болды? (студенттер пікірін тыңдау)
Басты тілек – тыныш өмірдің шырқын бұздырмау. Осылайша Кенесары сұлтанның қайсарлығы
қазақ даласына кеңінен тарады.
1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүзбен Кіші жүздің адамдары келіп қосылды. Ақмола
шайқасынан кейін патша үкіметінің губернаторлары дау көтерді. «Кенесарының қолы көбеюде. Тез
арада жоюды ойластыру керек», деген пікірді айтқан генерал Обручев болды. Осы тұста Кенесары
Қасымұлы екінші рет хат жолдады. Бұл жолғы хат айбарлы болды. Онда: «Сіздің есіңізге салайын.
Екі халықтың тыныштық өмірін қамтамасыз ету. Менің атам Абылайдың иелігінде жөнсіз бірне
ше дуандарды ұйымдастырып, салық жинаттырып отырған сіздер емес пе? Ойлыңыз, егер Ресейді
басқа бір мемлекет билептөстеп отырсыз, қалай шыдар едіңіз? Біздің де пайымымызды еске
234
алыңыз...!» Кенесарының 5 елшісі жеткізді. Олар қамауға алынды. Тіпті оларды бірбірінен бөліп
жеке бөлмелерде қапаста ұстауды қажет дегендер де болды.
Қалай ойлайсыңдар неге? (студенттер пікірін тыңдау)
Е.Бекмахановтың зерттеуінде Кенесарының бес елшісінің үшеуінің ғана атыжөндері берілген:
Тобылды Тохтыұлы , Қошымбай Жанкүшікұлы, Қосымбай Қазанқапұлы. (орыс тілін жақсы білді, тен
тектік, бүлікшілік мінезі бар). Т.Тохтыұлы жауапты тапсырмаларды орындаушылардың бірі болған.
Сібір әскери корпусының командиріне 1840 жылы қазан айының 18інде Ресейдің соғыс минист
ріне жолдаған хаттарының бірінде, егерде қауырт шаралар қолданылмаса Кенесары келесі жылдың
көктемінде күшейіп алып, батыс округтарды қамтып дес бермей кетем деген қаупін білдіреді. Кенесары
сұлтанның расында да саясаткерлік қызметті жетік білгендігін байқаймыз.
1840 жылы күзде көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін
қолдаушы жергілікті байшонжарға қарсы күресті күшейтті. Кенесарының қозғаушы күштерінің
қимылы күшейе түсті. Ұлы жүздің қазақтарын босатып, өзіне қосып алу мақсатымен Кенесары Қоқан
хандығына басып кірді. Кенесарының аты қазақ даласына одан әрі кеңінен тарады. Алайда заңды
талаптілегі орындалмай өтініштер аяққа басылды. Елі мен жерінің біртұтастығына қатты қауіп
төнгендіктен, ту ұстап, тұлпар мініп қол бастады. Осы тұста Кенесарының әскери қолбасшы екендігін
байқаймыз. Шебер қолбасшы ретінде соғысқа жанжақты дайындалды.
Қару – жарақ соғу, зеңбірек құю, өзге ұлт шеберлерінің ұсталығын пайдаланып, 20 –ға жуық қол
жинады. Кенесары сұлтанның ұлт –азаттық қозғалыстың күшейген кезеңінде арқа сүйер батырлары
болды. Олар... (Е.Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 2040 жылдарында» монографиясы. Алматы
1994 210212 беттер). Батырлары туралы әдеби жазбалардан үзінділер бойынша мәліметтер беру.
(Есенбай Дүйсенбай Хан Кене. Алматы, 1993 273277 беттер)
1841 жылы қыркүйекте қозғалыс орталығы Торғайға ауысты. Үш жүзден адам жинап, әкесі
Қасымға ас берді. Осы астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл
қазақ халқының ханы етті. Қазақтың соңғы ханыКенесары Қасымұлы. (18411847 жж)
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алымсалық реформасы іске
асырылды. Егіншілікті дамыту, көрші елдермен саудасаттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді.
Малшылардын зекет, егіншілерден ұшыр салығы алынды. Керуеншілерді тоқтатып, олардан салық
алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Оған батырлар, билер,
сұлтандар, ханның туысқандары енді.
Басқару Кенесарының өз қолында болды. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Тәртіпке
бағынбағандарға өлім жазасы қолданды. Көрші елдермен татулық қарымқатынас орнату үшін әрекеттер жасалды. Барымтаға тиым салынды. Бірақ нәтижесіз болды.
18411842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды
алды. Ташкентке жорық жасады, бірақ нәтижесіз аяқталды. Себеп жұқпалы аурудың жасақ арасында
тарауы. Осыдан кейін көрші Бұқара хандығымен қарымқатынас саясатын жасап, ол өзгешелеу бол
ды. Әскери көмек, қаружарақтар алмасып отырды.
235
1843 жылы Орынбор генералгубернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Кенесары мен
Перовский бірбіріне сыйластықпен араласты. Обручев пен Горчаков Кенесары бастаған ұлтазаттық
көтерілісін тұншықтыруға және Кенесарының көзін жоюға 1843 ж. 23 маусымда патша І Николайдан
рұқсат алды. Тіпті қаржы бөлді. Әскерлер соғысқа дайындалды. Кенесарыға қарсы 50000 әскер жі
берілді. 17 қыркүйекте екі жақтың арасында күшті шайқастар жүрді. Көп шығын болды. Кенесары
әскері тіке шабуылдамай, әр тұстан, тұтқиылдан жау әскерін мазалап, берекетін кетірді. Патша әскері
кейін шегінді.
18441845 жылдары қазақ даласындағы ұлтазаттық қозғалыстың өрлеу кезеңі басталды. Жақсы
дайындық жүрді. Жасалған қимылдар табысты аяқталды. Татулық саясаты Бұқара мен Хиуа хандығы
Кенесарымен тығыз байланыс жасауға ұмтылып, сыйлық жіберді. Патшалы орыс мемлекеті
Кенесарымен келіссөз жүргізу елші Долговты бір топ адамымен қазақ жеріне аттандырды. Кенесары
мәселені ойланып қарауды екі айға созды. Елшілер бітім болмайтындығын сезгеннен кейін «ке
теміз» деп, Кенесары патшаға хат аттандырды. Хатта қазақ жеріндегі бекінісқамалдарын бұзып,
қазақ халқына жасап отырған зорлықзомбылығын тоқтағанда ғана Ресей қол астына енуге дайын
екенін жазды.
1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуға келіп тоқтады. Көздегені Ұлы жүздің халқын
біріктіру, қырғыздармен одақ құру, Қоқан хандығына шабуыл жасап, қоқандықтардан қазақтарды
азат ету. Жетісу келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды. Патша осы тұста Кенесарының
төңірегіне тор құрылды. Қазақтың бай шонжарларымен қырғыз манаптары (Орман хан, т.б.) бас қосып
Кенесарының еңсесін көтертпейтін соңғы соққы беруге әзірленді.
1846 ж. мың жасағымен Кенесары қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне
бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар өкілдерінің құрылтайы
шақырылды. Кейбір тайпалар хан талаптарын орындамады. 1847 ж. Кенесары қырғыз жеріне ба
сып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кекіліксеңгірі тауында үш жақтан қоршауға түсіп, жан
жақтан қамауға алынды. Үш күн шайқас болды. Талай адамдар осы шайқаста соңғы демі біткенше
қарсыласты. Арасында қара халық арасынан шыққан Ағыбай, Бұқарбай мен топ жарып шыққан батыр
інісі Наурызбай болды. Наурызбай қолға түскен ағасының жайын ойлап қырғыз қолына өзі түсті. Екі
батырдың басы кесілді.
«Кенесары тұсында қарт бурадай жарадық,
Жауды жасқап жапырып,
Жауған қардай борадық
Дұшпанның алдын орадық.
Кене ханнан айрылып,
Шіл боғындай тарадық.
Көрінгеннен қорғалып,
Кісі аузына қарадық» деп Нысанбай жырау жырлады.
Хан Кене. Алматы1993 1720 беттер.
Қозғалыстың әлсіреу себептері болды. Олар: 1.Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық
көрсетуі, 2.Хан тобының Қоқан феодалдарына қарсы соғысып күшті біріктіре алмауы, 3.Қазақ
руларының тарапынан қолдау болмауы, әсіресе Қоқан мен қырғыздарға қарсы күрестерде. Қозғалыстың
жеңілуінің себептері:
Ресейден жеңілдіктер алған ру ақсүйектерінің мақсатты ұмытып кетуі, яғни мемлекет құру
мүддесін ойламауы;
Ақсүйектерден қолдаудың болмауы;
бытыраңқылық;
Ресей тарапынан Қоқандықтар мен қырғыздар күшінің Кенесары хан күшіне қарсы біріктірілуі.
Сипаты: отаршылдыққа қарсы ұлтазаттық қозғалыс. Тарихи маңызы: үш жүзді қамтыған, патша
лы Ресейдің саясатына қарсылық туып, халық азаттығы үшін күресу керектігін халықтың түсінуі.
3 сұрақ: Кенесары Қасымұлы –мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, Ұлтазаттық қозғалыстың
көсемі. Шыңғыс ханның 27ші ұрпағы, Абылай ханның немерес.і Жеке басының ерлік қасиеттері, бір
беттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күшжігері оның жетекшілік
қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесары ханның арқа сүйеген тобыбилер мен сұлтандар, батырлар. Хандық сот енгізілді. Салық және қаржы тобы құрылды. Кенесары талаптары уағыздалды. Барымтаға шек қойылды. Дипломатиялық
қызмет ұйымдастырды. Әскери істерде жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Өлім жазасы
болды. Көтерілісшілер сауда керуендерін шабуылдап, экономикалық байланыстарға нұқсан келтірді.
236
Кенесары хандығының өмірі ұзақ болмады. Бірақ ел тәуелсізідігімен ел билігінің еркіндігі үшін тама
ша ерлік істерімен ел тарихындағы ұлы тұлға болып қалды.
Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып,
басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясат
шы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскер қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Қазіргі ел саясатының
да төркіні осыған ұқсас болып, қазіргі таңда зор табыстарды иеленудеміз. Еліміз егемендігін алып,
атабаба ұстанған сан ғасырлық шындық бүгін ақиқатқа айналды. Тәуелсіз Қазақстан өзінің қандай ел
екендігін көрсетіп, халықаралық саясат сахнасында зор табыстарды игеруде. Соның бірі кешегі өткен
ел ордадағы Астана саммитін алсақ соның өзі аз уақыттың ішіндегі бар ел бас иетін үлкен табыс, та
маша жетістік. Міне біздің елдің тарихындағы күрестер өз нәтижесін беруде. Түсініктерін тексеріп,
өз ойларындағы тарихи бағалауларын жинақтағаннан кейін Қорытынды жасалады. К. Қасымұлы
бастаған қозғалыс ел тәуелсіздігі мен ұрпақ болашағының өмірі жайындағы қарулы күрес еді. Батырлар
есімін еске ұстап, ұлы тұлғалардың ерлігін өзімізге үлгі ету кезкелген қазақ азаматының санасында
болуы тиіс. Яғни аға буынның салған дара жолының иесі біздер, қазақстандық азаматтар екендігін та
разылап қайталап түсіндіру қажет.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп
оқытып отырған қазақстандық жастардың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне
еш күмән жоқ.
Білім алушылардың танымдық көзқарасын байыту ақылой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау
және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байла
нысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға
үйреткенде ғана білім алушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.
Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.
Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен
жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең
ұғыну қажет болады, келесі бір жағдайда пәндік саладағы білімді талдау маңызды рөл атқарады, ал
үшінші бір жағдайда оқытудың психологиялық ұстанымдарын ескеру басты рөл атқарады. Осы орайда
ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер
көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бірбірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізу
ге болады. (қашықтықтан оқыту технологиясы)
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу материалының
сапасын арттырады.
Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондайақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс
істеуге мүмкіндік алады. «Компьютер көрнекі бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша
қарымқатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер
туғызатыны туралы дәлелдер бар» деп, көрсетеді Нокс Джордж.
Қазақстан тарихы бойынша электронды оқулықтарды пайдаланып, электронды оқулықтағы
көрнекіліктерге, деректерге сүйене отырып оқушылар өздерінің ойөрісін кеңейтіп шынайы дерек
көздерінен мәліметтерді жинауға дағдыланады. Сонымен бірге ғаламтор арқылы (интернеттен)
қосымша материалдар іздеу, алынған материалдарды саралау, анализ жасау арқылы тарихи объекти
визм принципін ұстанып өз бетімен ізденуге дағдыланады.
Қазіргі заманауи оқытуды мультимедиа технологияларынсыз елестету қиын. Мультимедиа –
біруақытта бірнеше ақпараттық ортаны: графика, мәтін, видео, фотосуреттер, дыбыстық эффектілерді
пайдаланатын компьютерлік технологиялардың жиынтығы. Мультимедиалық құралдарды қолдану та
рихты оқытудың сапасын және тиімділігін арттырады, оқу ісәрекетін дамытады. Компьютердің көп
функциялылығы оқушының танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Тарих сабақтарында компьютерлік технологияларды қолдану оқутанымдық ісәрекетті оптимиза
циялау, оқытуды индивидуализациялау, оқушылардың өздігінен білім алуларын ұйымдастыру және
топтық ғылымизерттеу жұмыстарын мультимедиалық құралдар негізінде ұйымдастыру мүмкіндігі
арқылы білім беру сапасын арттырады.
Тарих сабағында қолдануға болатын ақпараттықкоммуникациялық құралдар көп. Бұлар ең алды
мен: мультимедиалық оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар, тарих курсы бойынша электрон
ды кітапханалар, интерактивті жаттықтырушылар (тарих курсы бойынша тестілеу, ҰБТға дайындық).
Әрине бұл айтылған оқытудың әдіснамалық амалдарын біз сабақтарда қолдана аламыз. Бірақ сабақта 237
оқытушыны ештеңе де алмастыра алмайды. Мультимедиа құралдарын сабақтың бір этапында ғана
қолдануымыз керек, тек игерілген материалды толықтыру не бейнелеу үшін.
Соңғы заманауи сандық құрылғылардың бірі ол электронды интерактивті тақта болып табыла
ды. Электронды интерактивті тақта – компьютермен және проектормен комплексте жұмыс істейтін
сенсорлық панель. Электронды интерактивті тақталар мультимедиалық материалмен жұмыс істеуде
үлкен экранды ұсына отырып компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін байытады. Сыныптағы
барлық оқушылар көретін бұл экран оқушылармен оқытушының өзара ісәрекетін жаңа сатыға
көтереді.
Интерактивті тақталар сабақтың қарқынын тездете алады және оған бұған бүкіл сыныпты тарта
алады. Электронды тақтаны қолданғанда оқушылар мұқият болады.
Электронды оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды
оқулықты дайындаудың негізі – модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда
теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, графикалық иллюстрациялар, әр түрлі суреттер
арқылы теориялық білім толықтырылады.
Қорыта айтқанда, әрбір ұстаз заманға сай өз кәсібін жетік білетін, ұлттық құндылықтарды меңгеріп,
өз ісінде жаңа технологияны пайдаланып, ісәрекетінде әлемдік компьютерлік жүйенің ақпараттық
мүмкіндіктерін қолдана алатын адам болуы керек. Сонда ғана «ұстаз» деген ұлағатты атқа лайық бо
ламыз.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру,
мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және
психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық
технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа,
саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді
баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып
табылады.
Әдебиеттер
1. ҚайырлиеваА. Қоғамдық пәндерді оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың маңызы // Жалпы тарих
және құқықтану мектепте.2005.№3.2527 б.
2. ЖүрекеноваА. Использование информационнокоммуникационных технологий в обучении истории
Казахстана.
3. Куран Е.В. Использование мультимедийных технологий на уроках истории и обществознания.
Интернет.
4. Тажибаев Б.Х. Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын тарих сабағында
қолдану
арқылы оқушыларды тарих мамандығына беіндеу. – Интернет материалдары.__
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Мектептегі компьютерлік білім
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.