Сабақ тақырыбы: Металдардың табиғатта таралуы және маңызы.
Сабақтың мақсаты:
а). білімділік: Оқушыларға металдар және олардың табиғатта таралуы,алынуы,қолданылуы,маңызы бойынша білім беру
б).дамыту: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін,пәнге қызығушылықтарын арттыру,топпен жұмыс істеуге,ұйымшылдыққа үйрету
в).тәрбиелік: Оқушылардың металлургия кен өндірісі жайлы түсініктерін қалыптастыру, металдардың қасиеттерін ажырата білу қабілеттерін арттыру және тұрмыста қолданылуы жайлы түсінік беру,мамандық таңдауға баулу Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақ әдісі: аралас әдіс, пікір алысу, сахналық көрініс, есте сақтау, сырлы сандық ойыны,жарыс әдісіСабақ тақырыбы: Металдардың табиғатта таралуы және маңызы.
Сабақтың мақсаты:
а). білімділік: Оқушыларға металдар және олардың табиғатта таралуы,алынуы,қолданылуы,маңызы бойынша білім беру
б).дамыту: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін,пәнге қызығушылықтарын арттыру,топпен жұмыс істеуге,ұйымшылдыққа үйрету
в).тәрбиелік: Оқушылардың металлургия кен өндірісі жайлы түсініктерін қалыптастыру, металдардың қасиеттерін ажырата білу қабілеттерін арттыру және тұрмыста қолданылуы жайлы түсінік беру,мамандық таңдауға баулу Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақ әдісі: аралас әдіс, пікір алысу, сахналық көрініс, есте сақтау, сырлы сандық ойыны,жарыс әдісі
Металдардың табиғатта таралуы және маңызы.docx
«№2 Қашар орта мектебі»КММ
Тақырыбы:
Пәні: Химия
Сыныбы:10
Мұғалімі: Табарикова Т.И
20152016 оқу жылы
10 сынып. Күні: 17.02.2016
Пәні: Химия
Сабақ тақырыбы: Металдардың табиғатта таралуы және маңызы. Сабақтың мақсаты:
а). білімділік: Оқушыларға металдар және олардың табиғатта
таралуы,алынуы,қолданылуы,маңызы бойынша білім беру
б).дамыту: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін,пәнге
қызығушылықтарын арттыру,топпен жұмыс істеуге,ұйымшылдыққа үйрету
в).тәрбиелік: Оқушылардың металлургия кен өндірісі жайлы түсініктерін
қалыптастыру, металдардың қасиеттерін ажырата білу қабілеттерін арттыру
және тұрмыста қолданылуы жайлы түсінік беру,мамандық таңдауға баулу
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақ әдісі: аралас әдіс, пікір алысу, сахналық көрініс, есте сақтау, сырлы
сандық ойыны,жарыс әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интертактивті тақта, периодтық кесте, химиялық
элемент таңбалары ,металдар үлгілері,металдар таңбалары.математикалық
фигуралар
Сабақ байланысы : биология,география,әдебиет,математика
Сабақ барысы:1 Ұйымдастыру
2. Оқушылар топқа бөлінеді.Жаңа тақырып жаңа әдістермен өткізілетіні
айтылады,бұнда ойындар.сұрақ жауап,жұмбақтар шешу,жылдам жауап
берушілер,есте сақтау,сахналық көрініс арқылы сабақ өтілетіні айтылады.
Әрбір топқа ат қойылады,топ басшылары сайланады.
1 топ «Жас химиктер»
2 топ «Жас зерттеушілер»
3 топ «Жас металлургтер»
Сабақ жоспары:
I.Ой қозғау. « Миға шабуыл» «Кім көп элемент біледі»
Бірінші есте сақтау әдісі бойынша оқушыларға элементтердің таңбалары
көрсетіледі,олар аттарын айтады.М: Lі,Na,Ca, Al, Mg, Ті, Zп,Тс,Сd ,Nі,Нg,
Cи,Ag, Aи,Рt ,Ra, Pd ,Mo ,W
II Жылдам жауап: «Сырлы сандық»
Бұнда оқушылар сандықтан алынған сұрақтарға ауызша жауап береді.
1 топқа сұрақ: Элементтер орналасқан кестенің аты (периодтық кесте)
2 топқа сұрақ: Периодтық кестені кім ашты (Менделеев)
3 топқа сұрақ: Элементтер неше топқа бөлінеді
(2 топқа,металдар мен
бейметалдар ) 1 топ: Периодтық кестеде неше металл бар
(110 элементтің 89 ы
металдар)
2 топ: Қайсы топтың барлық элементтері металдар болады
(1,2,3 топтың сутегі мен бордан басқасы )
3 топ: Қайсы топта әрі металл,әрі бейметал орналасқан
( 5,6 топ негізгі
топшасында)
III.Топтық жұмыс. (Дұрыс жауап үшін әрбір топқа жұлдызшалар
беріліп отырады.)
1топ: Қайсы топтың қосымша топшасында металдар орналасқан
(4,5,6,7,8 топтардың қосымша топшаларында
) 2топ: Металдардың
табиғатта таралуы
(Олар тұздар,оксидтер,сульфаттар
түрінде)
3 топ: Тұрмыста металдардың маңызы
(Металдарсыз тұрмысты көзге елестетуге
болмайды)
IV.«Металдар тілге келгенде» атты сахналық көрініс.
(Бұнда 3 топтан оқушылар шығып,металдардың қасиеттері мен пайдасы
жайлы көрсетеді.Оқушылардың әрқайсысы бір элемент жайлы
тақпақтар айтады) «Элементтер айтысы»
Тіршіліктің көзі болған жерімде, Химиялық элементтер елінде.
Жиын болды мерекелік бас қосқан, Менделеев кестесінің төрінде.
Жиын соңы жақсы айтысқа ұласты, Элементтер өздерінше сынасты.
Осы айтысты біз де тыңдап көрейік, Өздерінше қандайқандай сыр ашты?
«Cu» Мен созылғыш, жұмсақ металл мыс деген,
Өмір бақи қолданыстан түспеген.
Адамзатқа қажеттігім соншалық, Мені өндіріп алады гой күшпенен.
Табиғаттың орын алған төрінен, Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.
Екі түрлі валенттілік көрсетіп, Басқалардан ерекше боп бөлінем.
2 түрлі – қола, жез қорытпам бар, Оны жақсы біледі қорытқандар.
Қола медаль алған да жаман емес « Алтын алу қайда» деп торықпаңдар.
Таулы Алтай, Жезқазғаннан шығамын, Жауап берем және бар ма сұрағың?
Мекен –жайым –Менделеев кестесі, 29шы тор көзінде тұрамын.
«AI» Алюминий атым бар,өзім жеңіл, Металмен ие болған төзімге бір.
Коррозия дегеннен қорықпаймын, Тотықпас қасиет бар өзімде бір. Қолданылам электр желісінде, Осы менің негізгі жеңісім де,
Жарқыратып әр үйге жарық берем, Бағалымын адамға сол үшін де,
«Mg» Мен – Mагний күміс түсті металмын, Көп жағдайда магнезия аталдым.
Жапырақта хлорофильді түзуші Тіршіліктің көзі болып кете алдым
Жануарда, адамда да бармын мен, Талай снаряд, бомбаларды жардым мен.
Қайткенде де болашағым зор менің, Полиграфия да артып маған зор сенім,
Тіршіліктің тірегімін көзімін, Дұрыс болар есте сақтап сенгенің.
«Ag» Мен –күміспін, алтынмен барабармын,
Ақша болып қоғамда дараландым.
Бұйым жасап зергерлік мына менен, Ерекше боп мәртебем бағаландым.
Менің емдік қасиетім тағы бар, Мүмкін болса күміс қасық тауып ал,
Сол қасықтан иондарым бөлінген, Ішкі ағзаңа шипагер боп табылар.
Әрбір айтқан сөзімді ақтай алам, Бұзылудан суыңды сақтай алам.
Тұрмыста да, өмірде мен өзімді, Қай жағынан алсаң да мақтай алам.
«Ca» Кальций деген күміс түсті металмын,
Өмір бойы керегіңе жете алдым.
Менмінәктас, ақ бор, мәрмәр ғанамын, Қыртысында жердің менде кездесем.
Артық болсам «жер металы» мен десем.
Ғарыштағы ракетада, ұшақта, Қолтаңбамды табасың сен іздесең.
Жануардың бақалшағы, қаңқасы, Жер бетінің минералды әр тасы.
Сан құрылыстың сәулеті мен негізі, Қаланды менен ғана ойланшы.
«Fe» Жер әлемге кең таралған темірмін, Өндірістің тұлғасы боп көріндім.
Қара металл патшасы боп танылдым, Иесімін өте үлкен сенімнің .
Қарапайым үйдегі тұрмыстарда, Дамып жатқан ең алып құрылыстарда.
Мені білмес адамның баласы жоқ, Мен қатыспас техника саласы жоқ.
Тарихымның тамыры терең жатыр Египет пен Индиядан келе жатыр.
Шойын, болат ,прокат құймаларым, Заманымыз дамуын демеп жатыр.
«Au» Ардақтымын жасыңа да кәріңе, Дүниенің менмін көркі, әрі де
Толықсыған толған айдай жарықпын. Өлшемімін барлық баға нарықтың
Бар базардың әлемге ортақ тілі –мен Даңқ болып омырауға да ілінем.
«W» Мен Вольфрам, риза еткен халықты, Нұрға бөлеп, үй көшені,зауытты.
Электр шам балқып тұрып ішінде, Мен емес пе шығаратын жарықты.
Табиғатта өте сирек кездесем, Қараңғыда менсіз жарық көрмес ең
Жарық берген инертті газ екеуміз
«Zn» Металл көп жөндіжөнсіз мақтанатын,
Көбінде бар кемшілік таттанатын
Соларды таттанудан сақтап жүр ғой, Сыртынан мына менің ақ қабатым.
Өндіреді атақты Текеліден, Қазыналы Текелі мекенімнен.
Қорғағыш қасиетім бойынша мен. Қалмаймын Ni, Cr екеуінен.
«As» Элементтер тізіміне Лавуазье қосыпты,
120дай минералым табиғатта тарапты. Қосылыстарым улы болған соң,
Медицинада тіс емдейді тұздарым.
«Na»Мен Натрий сілтілік жеңіл металмын
Өзім жайлы баяндауға бет алдым.
Алуан түрлі қасиетім бойымда, Қосылысым сабынның да бойында.
Бу түрінде сары түске енемін, Суынды да айналдырам сілтіге,
Су бетінде еріп жүре беремін. Мен ауаға сутекті де бөлемін.
Тұздарыммен астың дәмін кіргізем, Сол арқылы зор пайдамды тигізем,
Космоста да сары түсті буымен, Зымыранды көз алдында жүргізем
V.Топ басшыларына сұрақ: «Металдарды сипаттау».Қалта ішіндегі
металл бұйымдарды алып,қандай зат,қайсы металдан жасалған,не үшін
қолданылады қасиеттері қандай екендігі туралы әңгімелейді.
VI. Қызығушылықты ояту:»Ой қозғау» Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтар. 1.Су бетінде қалықтап қандай метал жүзеді,
Айтшы,ойланып денеңде жетпейтін қандай тұз еді. «Натрий»
2.Ертеден белгілі жетеудің бірімін
Электроника саласының пірімін
Көптеген құймаларға кіремін
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. «Мыс»
3.Өзі ауыр металдарға жатады,
Емшілер қорықтық құюға қолданады. «Қорғасын»
4.Қара металлургия жанымын
Машина,трактор қанымын
Сегізінші қосымша топшада болсамда
Металл атаулының көп қолданатын санымын «Темір»
VII.Мағынаны тану: Топтық жұмыс постермен
1 топ: «Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі»
2 топ: «Металдардың адам өміріндегі маңызы»
3 топ: «Металдарға бай тағамдар»
VIII. Сәйкестендіру: «Сиқырлы гүл» ойыны
IХ.Полиглот. «Адасқан әріптер»
Х.Бекіту: «Бейнекөрініс»
Х1.Қорытындылау: Сабақты қорытындылау,топ орындарын
белгілеу,мадақтау.
Металдардың табиғатта таралуы,маңызы
Металдардың табиғатта таралуы,маңызы
Металдардың табиғатта таралуы,маңызы
Металдардың табиғатта таралуы,маңызы
Металдардың табиғатта таралуы,маңызы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.