Биология-тіршілікті зерттейтін ғылым (биос-тіршілік, логос-білім). Биология ғылымы тіршіліктің барлық нысандарын жан-жақты, кең ауқымды зерттейді, яғни ол тірі ағзалардың және олардың табиғи қауымдастықтарын құрылысы, функциясын таралуын, шығу тегін, дамуын, олардың бір-бірімен және тірі ағзалармен өлі дүние арасындағы күрделі байланыс-тарды зерттейді. Биология терминін 1802 жылы Ж. Ламарк және Г. Тревиранус бір мезгілде, бір-бірінен тәуелсіз енгізген болатын.
молекулалық биология.docx
Тақырыбы:Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері,
даму тарихы.
Жоспары:
1.Биология.Биология ғылымының негізгі зерттеу әдістері.
2.молекулалық биолгия
3.Медициналық генетика
4. ХХ ғасырдың аяғында молекулалық биологияның жетістіктері. Қазақстанда
молекулалық биологияның дамуы
Биологиятіршілікті зерттейтін ғылым (биостіршілік, логосбілім). Биология
ғылымы тіршіліктің барлық нысандарын жанжақты, кең ауқымды зерттейді, яғни ол тірі
ағзалардың және олардың табиғи қауымдастықтарын құрылысы, функциясын таралуын,
шығу тегін, дамуын, олардың бірбірімен және тірі ағзалармен өлі дүние арасындағы
күрделі байланыстарды зерттейді.
Биология терминін 1802 жылы Ж. Ламарк және Г. Тревиранус бір мезгілде, бірбірінен
тәуелсіз енгізген болатын.
Биология ғылымының негізгі зерттеу әдістері:
Салыстыру
Сипаттап
жазу
Зерттеу
әдістері
Тәжірибе
жасау
Тарихи
1.Сипаттап жазу әдісі өте ерте заманда пайда болған ежелгі әдіс. Кез келген
құбылысты зерттеу үшін оны толық сипаттау қажет, ал ол үшін нақтылы деректер
жинақтау керек. Бұл әдісті қазіргі кездегі зерттеулерде де ғалымдар кеңінен қолданады.
2.Салыстыру әдісі ХVІІІ ғасырда кең өріс алып дамыды. Бұл әдістің мәні ағзаларда
не олардың ұқсастығын не айырмашылықтарын анықтау болып саналады. Осы әдіс
көмегімен өсімдіктер мен жануарлардың систематикасы құрастырылды.
3.Тарихи әдіс ертеде өмір сүретін, жойылып кеткен ағзаларды зерттей отыра, қазіргі
кезде тіршілік ететін ағзалардың құрылысын, шығу тегін және даму заңдылықтарын
анықтауда қолданылады. Бұл әдіс Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі пайда болғаннан кейін
қалыптасқан.
4.Тәжірибе жасау әдісі – табиғат құбылыстарын тәжірибе жасау арқылы зерттеу болып
табылады. Бұл әдіс химия, физика, табиғаттану ғылымдарының жетістіктерін кеңінен
қамтиды.
Биологияның алғашқы қалыптасқан салалары ретінде ботаник өсімдіктер туралы
ғылым және зоология жануарлар туралы ғылымдарды айтуға болады. Ботаник ғалымы
б.ж.с. дейінгі IVIII ғғ. қалыптасқан, оның атасы болып Теофраст танылды. Ол өсімдіктер
туралы 11 кітап жазған. Зология ғылымы да б.ж.с. дейінігі IVIII ғғ. қалыптасқан және
оның аттасы Аристотель саналады. Ол 500ден астам жануарлар түрлерін сипаттап жазып
Зерттеу әдістеріСипаттап жазуТарихиТәжірибе жасауСалыстыру олардың алғашқы жүйесін жасаған. Биолгия ғылымыының қалыптасуына ертедегі грек
дәрігері Гиппократтың рөлі ерекше. Ол жануар мен адамның құрлысы туралы көптеген
деректер қалдырған. Сүйектерді, бұлшықеттерді, сіңірлерді, миды және жұлынды сипаттап
жазған. Адам денесінің құрылысын зерттеуде Рим дәрігері Галеннің еңбегі өте үлкен. Ол
маймыл мен шошқаны сойып, оның ішкі құрылысын зерттеген. XVXVI ғасырлардан
бастап биология ғылымы жаңадан өрлеп дами бастады. 1583 жылы А. Чезальпино
өсімдіктердің алғашқы жасанды жүйесін құрастырды. 1543 жылы Везалий адам денесінің
құрлысын зерттеп «Адам денесінің құрылысы туралы» атты кітап жазған; 1628 жылы
У.Гарвей кіші қан айналым шеңберін зерттеп, қан айналым туралы ілімін қалыптастырған;
1665 жылы Р.Гук жасушаны, 1673 жылы Левенгук сперматозоидтарды және микроағзалар
дүниесін ашқан. К. Линней өсімдіктер дүниесінің жасанды жүйесін жасап, ботаниканың
дамуына зор үлес қосты.
1970 жылы молекулалық биологияның жаңа саласы генетикалық инженерия,
биотехнология, қалыптасып жасанды генотипті ағзаларды жасауға, көптеген гормондарды
лабораториялық жағдайларда синтездеуге қол жетті. Мысалы: осылайша 1977 жылы
соматотропин, 19781979 жылдары инсулин, интерферон, простагландин гормондары
синтезделінді. ХХ ғасырдың аяғында ғалымдар жоғары сатылы ағзалардың сомалық
жасушаларын клондауға қол жеткізді. Мысалы: 1997 жылы Англияда алғаш рет клондау
әдісі арқылы «Долли» атты қозы, 1998 жылы торай, 1999 жылы маймыл дүниеге келген.
Қазіргі кезде ғалымдар ДНҚтесттер арқылы адам геномы анықталады. Осылайша
молекулалық генетиканың жаңа саласы геномика қалыптасты. Мұның медицина үшін
маңызы өте зор, себебі, генодиагностика, генотерапия, жасушалық терапия т.б. ауруды
емдеудің және анықтаудың жаңа әдістері медицина практикасына енгізілуде.
ХХ ғасырбиология, оның ішінде генетика ғасыры деп аталуда. Оның болашағы
медицина үшін орасан зор, себебі жаңа жетістіктер, жаңалықтар нәтижесінде осы уақытқа
дейін емдеуге болмайтын адамның тұқым қуалайтын ауруларын емдеуге қол жетеді,
адамдардың өмір сүру ұзақтығын едәуір ұзартуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде
биология ғылымы осы әдістердің бәрін де пайдаланып, тірі ағзаларды кешендітүрде
зерттейді.
Медициналық биология биологиялық заңдылықтарды адам қауымдастығы
тұрғысынан қарастыратын жалпы биология ғылымының бір тармағы болып табылады.
Биологияның медицина үшін маңызы өте зорол медицина үшін теориялық негіз болып
саналады. Медицинаның көрнекті теоретигі
И. В. Давыдовскийдің айтуынша
«...медицинаны теория тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол ең алдымен жалпы биология
деп білуіміз керек....». Медициналық практикаға алғаш антисептика, ал кейін асептика
әдістері енгізілді. Антисептика жараны химиялық заттармен өңдеп микробтарды
жұқтырмау. Асептика жараны таңуға арналған заттарды стерилдеу деп айтуға болады.
И. Мечниковтың төменгі сатылы көпжасушалы жануарлардың ас қорыту ере
кшеліктерін зерттеулері, фагацитоз құбылысының ашылуына, иммунитет құбылысының
мәнін айқындауға мүмкіншілік берді. Адамдардың дене құрылысы, қызметі, әсіресе оның
қорғаныстық механизмдері адам тегінің миллиондаған жылдарға созылған эволюциялыө
қзгерістерінің нәтижесі екенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан адамдардың
патологиясының себептері де жалпы биологиялық заңдылықтарға байланысты екені анық.
Медициналық генетика
Медициналық генетика — тұқым қуалайтын аурулар, олардан сақтану, оларды
анықтау және емдеу туралы ғылым, генетиканың бір саласы. Медициналық генетиканың
дамуына молекулалық генетика ашқан ғылыми жаңалықтардың тигізетін әсері зор. Осы
заманның молекулалық генетиканың негізгі шешетін мәселесі — тұқым қуалаушылықтың
молекулалық негізін анықтап, оның механизмін зерттеу. Бұл — жасуша тіршілігін және тірі
жүйедегі организмдердің барлық деңгейдегі биологиялық бағыну тәртібін анықтайды. анемия,
Паркинсон ауруы,
гиперхолестеринемия,
Бүгінгі таңда тұқым қуалайтын 1 мыңнан аса ауру түрлері бар, соның 400ден астамы бір
ғана ген мутациясының себебінен болады. Жаңа туылған нәрестелердің орта есеппен 5%
ындағы кемтарлық олардың генетикалық материалына тікелей байланысты. Гендік терапия
ауру адамның соматикалық немесе ұрықтық (алғашқы дамуы стадиясында)
клеткасындағы кемістікті түзетумен байланыстырыла жүргізіледі. Бірақ мұндай емдеудің
қиыншылығы — геннің жеткізілу механизмімен тығыз байланысты, яғни ген қажетті
жасушаға дұрыс жеткізіліп, организмнің жұмыс істеу қабілеті жақсарып, оған ешқандай
қауіпқатер төнбеуі керек.
Қазіргі уақытта гендік терапия тұқым қуалайтын ауруларға бейім адамдарды,
жұқпалы, тағыда басқа ауруларды емдеуде жиі қолданылады. Мысалы,
меланома,
гемофилия,
Дюшени бұлшық ет
дистрофиясы, атеросклероз. Болашақта молекулалық генетиканың жетістіктерін тек тұқым
қуалайтын ауруларды ғана емес, қатерлі ісік және созылмалы вирустық инфекция
ауруларын емдеуде қолдану көзделіп отыр. Мысалы, осы күні меланоманы емдеуде
лимфоцитті пайдаланады, себебі, зақымданған органға лимфоцит енгізу — жақсы нәтиже
беруде. Қазақстандағы медициналық генетика саласындағы зерттеулер 20 ғасырдың
басынан басталады. Қазір медициналық генетикамен Ана мен баланың денсаулығын
қорғайтын ғылымизерттеу орталығы, ҚазҰМУ, Ақмола, Семей, Қарағанды, Батыс
Қазақстан медицин академиялары, Жалпы генетика және цитология, Қазақ онкология және
радиология ғылымизерттеу институттары, тағыда басқа мекемелер шұғылданады. Адам
баласында кездесетін түрлі тұқым қуалайтын ауруларды анықтап, оларға диагноз қойып,
емдеу жолдарын зерттейтін ғылымды медициналық генетика деп атайды. Статистикалық
мәліметтер бойынша, дүние жүзінде өмірге келіп жатқан сәбилердің шамамен 78 пайызы
түрлі тұқым қуалайтын аурулармен сырқаттанады екен. Сондықтан, мұндай ауруларды
дер кезінде зерттеп, алдын алу және емдеу — медициналық генетиканың басты проблемасы
болып табылады. Дүние есігін жаңа ашқан сәбидің ауру немесе мүгедек болып тууы —
отбасы мен атаана үшін үлкен қайғықасірет. Мұның алдын алу үшін отбасын құратын,
әсіресе, тегінде тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдар міндетті түрде
медициналықгенетикалық кеңес алғаны жөн. Мұндай кеңес беретін орталықтар қазір
Қазақстанның көптеген қалаларында қызмет көрсетеді. Тағы бір ескертетін жайт,
алкогольді ішімдіктерді қолдану мен темекі тарту, әсіресе, есірткіні қабылдау болашақ
ұрпақ үшін өте қауіпті. Себебі, олар гендер мен хромосомаларды улап, өзгертеді. Соның
салдарынан тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктер пайда болады. Ең дұрысы, қоршаған
ортаның тазалығын сақтауға, судың, ауаның және азықтүліктің канцерогендік әсерлері
бар заттармен ластанбауына көп көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар, дәрідәрмектер мен
тұрмыстық химиялық препараттардың және түрлі косметикалық заттардың «генетикалық
залалсыздығын» мұқият тексеруден өткізген жөн.
1869 жылы – Ф. Мишер (F. Miesher) алғаш рет лейкоциттер мен лосось тұқымынан ДНҚ
бөліп шығарды.
1935 жылы – А.Н. Белозерский өсімдіктерден ДНҚ бөліп алды.
1939 жылы – В.А. Энгельгардт миозинның АТРдық белсенділігін ашты.
1940 жылы – У. Эстбюри (W. Astbury) ДНҚның бірінші рентгенограммасын алды.
1944 жылы – О.Т. Эвери (O.T. Avery) генетикалық ақпаратты тасымалдаушы ДНҚ
(бұрынғы жорамалдағандағыдай белок емес) екендігін жариялады.
1951 жылы – Л. Полинг және Р. Кюри (L. Pauling, R. Corey) полипептидтік белок
тізбектерінде аминқышқылдық қалдықтардың шоғырлануының негізгі түрлерінің бар
екендігін дәлелдеді.
1953 жылы – Дж. Уотсон мен Ф. Крик (J. Watson, F. Crick) Р.Франклин мен М.Уилкинс (R.
Franklin, M. Wilkins) алған рентгенограмма негізінде ДНҚның қос спиральдік үлгісін
жасады. 1953 жылы – Ф. Сангер (F. Sanger) өгіздің алғашқы инсулиндік құрамын бағалады.
1956 жылы – А. Корнберг (A. Kornberg) ДНҚполимеразасын ашты.
1957 жылы – А.Н. Белозерский мен А.С. Спирин мРНҚның бар екендігі туралы
жорамалдады.
1960 жылы – Дж. Кедрью (J. Kendrew) кашалот миоглобинінің үшөлшемдік құрылымын, ал
М. Перутц (M. Perutz) – гемоглобин құрылымын алғаш рет хаттады.
1960 жылы – бір мезгілде бірнеше зертханаларда транскрипция ферменті – РНҚ
полимераза ашылды.
1961 жылы – Ф.Жакоб пен Дж. Моно (F. Jacob, J. Monod) оперон үлгісін жасады.
19651967 жылдары – Р. Холли (R. Holley) аланиндік тРНҚның, ал А.А. Баев – валиндік
тРНҚның алғашқы құрылымын анықтады.
1966 жылы – М. Ниренберг, С. Очоа және Х.Г. Корана (M.Nirenberg, S. Ochoa, H.G.
Khorana) генетикалық кодты ашты.
1967 жылы – М. Геллерт (M. Gellert) ДНҚ фрагменттерін біріктіретін фермент – ДНҚ
лигазаны ашты.
1970 жылы – Г. Темин мен Д. Балтимор (H. Temin, D. Baltimor) онкогендік вирустардағы
кері транскриптазаны (РНҚтәуелді ДНҚполимераза) ашты.
1972 жылы – П. Боэр, С. Коэн және П. Берг (P. Boyer, S. Cohen, P.Berg) ДНҚ клондарын
жасау технологиясын жасады, ген инженериясының негізін құрады.
1972 жылы – Х.Г. Корана (H.G. Khorana) аланиндік тРНҚ генінің химиялық синтезін
жүзеге асырды.
19751977 жылдары – Ф. Сангер (F. Sanger), сондайақ А.Максам мен У. Гилберт (A.
Maxam, W. Gilbert) ДНҚ бастапқы құрылымын тез анықтау тәсілін ойлап тапты.
1976 жылы – Ф. Сангер (F. Sanger) Х174 фагының ДНҚ нуклеидтік тізбегін анықтады.
1976 жылы – У. Гилберт (W. Gilbert) эукариот гендерінің мозаикалық құрылысын ашты.
1976 жылы – С. Ким, А. Рич және А. Клуг (S. Kim, A. Rich, A.Klug) тРНҚның үшіншілік
құрылымын анықтады.
ХХ ғасырдың аяғында молекулалық биологияның жетістіктері.
Қазақстанда молекулалық биологияның дамуы
ХХ ғасырдың 70 ші жылдардың аяғы мен 80ші жылдарында молекулярлық биология
өзінің шарықтап даму сатысына өтеді. Осы уақытта сплайсинг механиздері ашылды,(В.
Келлер және бас.), РНК ферменттері (рибозимдер) ашылады және аутосплайсинг
құбылысы түсіндіріледі (Т. Чек), генетикалық рекомбинация механизмдері және қозғалғыш
генетикалық элементтер өте белсенді түрде зертеле басталады (Д.Хогнесс, Г. П. Георгиев),
ферменттер мен биологиялық мембраналарды зерттеу жаңа деңгейге көтеріледі (Ю. А.
Овчинников), жоғарғы организдердің геномдарының құрылысын анықтау жұмыстары
басталады ( оның ішінде адам геномыда кіреді ), жаңа (гендік инженерлік)
биотехнологияның негізі жасалынады, жаңадан катализдік активті антитела (абзимдер)
табылған және синтезделген, белоктар инженериясы саласы пайда болған.
ХХғасырдың 80жылдарындағы молекулалық биологияның шарықтап дамуы жаңа ғылым
— биоинформатиканы (есептеу биологиясы, компьютерлық генетика), қалыптастырды. Ол
молекулалық генетика мен информатиканың тоғысқан аймағынан пайда болды. Оның пайда
болуына 1975— 1976 ж. Ф. Сангер мен А. Коулсон, сонымен қатар А. Максам және У.
Гильберт жасаған ДНҚның нуклеотидттік қатарын анықтаудың жылдам тәсілдері себеп
болған. 1982 ж. нуклеотидтік қатарлардың банклері жасалған, онда әртүрлі организмдер
ДНҚның нуклеотидтік қатарлары туралы информация жинақталған.
ХХғасырдың аяғындағы әртүрлі организдер ДНҚның нуклеотидтік қатарларын анықтау
( секвендеу) саласындағы жетістіктер ( бірінші рет толық бактериялық геном 1995 ж.
секвенделген, 1997 ж. — ашытқы геномы, 1998 ж. — нематод геномы, 2000 ж. —
дрозофилла шыбыны геномы және толықтайға жақын адам геномы секвенделген), ол
φ геномиканы қалыптастырды. Геномика бұл берілген организмнің гендер жиынтығын бір
тұтас күйінде зерттейтін ғылым саласы. Онымен біруақытта кезкелген организмнің әртүрлі
даму сатыларындағы функциялық қызмет атқаратын белоктардың толық жинағын
зерттейтін протеомика деген ғылым саласы пайда болды.
XX ғасырдың 90 жылдары жоғары сатылы диплоидты ағзаларды клондау тәжірибелері
сәтті аяқталып, 1997 ж. Үлыбританияда «Долли» атты қозы, 1998 ж. торай, ал 1999 ж.
маймыл баласы дүниеге келді.
20012003 жылдары «Адам геномы» атты халықаралық ғылыми бағдарлама толық
аяқталып, 2001 жылдан кейін адамзат постгеномдық дөуірге аяқ басты.
Молекулалық биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты,
олардың арасынан А.А.Баев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, В.А.Энгельгард, А.П.Георгиев,
ТДарханбаев, МААйтхожин, Х.Жуматов т.б. есімдерді атауға болады.
Біздің отандас академик М.Ә.Айтхожин өзінің ұстазы А.А. Спиринмен бірлесіп 1964 жылы
информасоманыРНҚ және белоктардың ерекше формасынан тұратын жасушалық
субмикроскопиялық бөлшектерді ашты. Осы ашылған жаңалықтар үшін ғалымдар Лениндік
сыйлық ( 1976) иегерлері болды. Мұрат Әбенұлы Айтхожин дүниеден ерте озды ( 1987),
алайда Қазақстанда біздің ұлы отандасымыздың атындағы Молекулалық биология және
биохимия институтында зерттеулер жалғасуда.
1983 жылы құрылған Молекулалық биология және биохимия институты үлкен ғылыми
орталыққа айналып, елімізде алғаш рет клеткалық және гендік инженерия, өсімдік геномы
зерттеле бастады. Алматы мен Астанада биотехнологиялық орталықтар құрылды.
Молекулалық биология
Молекулалық биология
Молекулалық биология
Молекулалық биология
Молекулалық биология
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.