изучая историю молодого поколения, изучая историю родной земли и помогая расширить понимание познания. Поговорите о нефти, поверхности - священной, священной, полной человеческих духовных ценностей. Оглядываясь на историю родины и формируя понимание будущего страны. Формирование страны любви к Родине, уважение ее страны, ее место, язык, традиции.изучая историю молодого поколения, изучая историю родной земли и помогая расширить понимание познания. Поговорите о нефти, поверхности - священной, священной, полной человеческих духовных ценностей. Оглядываясь на историю родины и формируя понимание будущего страны. Формирование страны любви к Родине, уважение ее страны, ее место, язык, традиции.
Досымхаова К.Б. Сынып сағаты.docx
Май ауданы
Павлодар облысы
Қаратерек ауылы
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Досымханова Қарлығаш Байтемировна
Жоғары санатты мұғалім
Тәрбие сағаты: «Туған жер – алтын бесігім!» Туған жер – алтын бесігім!
Мақсаты: балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге тарихын
зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу. Асты – мұнайға, үсті –
адами рухани құндылыққа толы қасиетті, киелі өлке туралы білгендерін
ортаға салу. Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы
өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Елін, жерін, тілін, әдет – ғұрпын
құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.
Түрі: танымдық сайыс.
Әдісі: сұрақ жауап
Көрнектілігі: туған жер, ел туралы нақыл сөздер, буклеттер,
тапсырмалар, шарлар, жалаушалар.
Жүру барысы: Кіріспе сөз.
Қадірменді қонақтар! «Туған жер алтын бесігім!» атты тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
Иә, осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы
мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы кенге толы өңірі мен малға толы
өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады.
Ал болашақ иегерлері, сендер қандай болуларың керек?
Бүгінгі танымдық сайысымызда сіздердің туған ел, туған жер туралы
білетіндеріңізді ортаға саламыз.
1. ҚР Әнұранын орындау.
2. Танымдық ойынды бастаймыз.
1топ: Каспий
Ұраны:
Толқынындай Каспийдің тербелеміз,
Биіктерге білімменен кенелеміз.
2 топ: Аманат.
Ұраны:
Аманат деп аталатын тобынан біз,
Аманатын бабалардың орындаймыз.
1кезең. Өткел. Өткелден өту үшін топ басшыларына 5 сұрақ беріледі. Әр
дұрыс сұрақ 5 ұпаймен есептеледі.
«Каспий» тобының басшысына сұрақ:
1.Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991жыл16
желтоқсан)
2.Туған жер туралы мақал айт. (Ел іші алтын бесік) 3.Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылдынды?
(1995жыл 30тамыз)
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
5. «Туған өлкем» өлеңінің авторы кім? (Өтебай Тұрманжанов)
«Аманат» тобының басшысына:
1 Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
2 Қазақстан қай жылы Республика болып жарияланды? (1990жыл 25
қазан)
25
3.Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түркіменстан, Әзірбайжан Республикасы
мен шектесетін тәуелсіз мемлекет? ( Қазақстан Республикасы)
4. Қазақстан Республикасының бас қаласы? (Астана)
5. Туған жер туралы мақал айт. (Туған жердей – жер болмас, туған елдей ел
болмас)
2 кезең. «Белес». Бұл кезеңде әр топқа қатарынан 2 сұрақ беріледі. Әр
дұрыс жауап 5ұпаймен есептеледі. Қосымша көмек алса, 1 ұпайы кемиді, яғни
4 ұпай болып есептеледі.
Ұпайы көп топ бастайды.
1.–Шіркін, жауынды жерге не жетсін! Жер бетінің үнемі ылғал
тартып,тұрғаны қандай рақат! – деп мәз – мейрам болып жатты.
Сұрақ: Бұл қай мәтіннен алынған үзінді, кейіпкерлерін ата.
Қосымша көмек: Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен, жайлы қоныс бар
ма екен? «Кімнің мекені жақсы?», Тышқан, құрбақа, құмырсқа.
2.Халқымыздың қасиетті тілі туралы айтылған шығарманы ата.
Қосымша көмек: Бұл шығарманы авторы М.Мақатаев. «Отан туралы».
«Аманат тобына»:
1.Адам сыйға алған дәнін әрі құрғақ, әрі жылы жерде бір күз, бір қыс
сақтайды. Көктем шыққан шақта, ақылының арқасында, үйшігінің жанындағы
қара топырақты жерді қопсытып, соған әлгі дәнді түгел себеді.
Сұрақ: Бұл қай шығармадан алынған үзінді? авторы кім?
Қосымша көмек:Адам тіршілігінің арқауы деп нанды қалай қадірлесе, бидай
да өзіне қамқор болған адамды солай кенелтіп келеді.(«Ақ бидай». Өтебай
Қанахин).
2.Кешкі ауыл көрінісі қай мәтінде суреттелген?
Қосымша көмек: Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға
қарап отыр.(Ыстыққой, шіркін, туған жер!)
3кезең. «Бекет». Бұл кезеңде берілген сұраққа әр топтың жанашырлары
жауап береді. Дұрыс жауап 6 ұпаймен есептеледі.
«Каспий» тобының жанашырларына:
Маңғыстау өңірінде неше әулие мекендеген деп айтады?( 362 әулие
мекендеген).
«Аманат» тобының жанашырларына: Бейнелеу ауданының әкімі кім?(Басшы Әзірханов).
Ән: Туған жер
4 кезең. «Асу». Екі сөзге 5ұпай беріледі.
«Қазақстан» деген сөзден заттың атын білдіретін сөз жасау. (Қаз, ана, ат, тас,
нан, сақа, ата, тана, Асан, қас).
5 кезең. «Бәйге». 9 терезеге сұрақтар жасырылған, әр топ өз кезегімен
қалаған терезені таңдайды. Егер дұрыс жауап берсе сол терезедегі ұпайды
алады.
1. Маңғыстау облысы қашан құрылды? (1973 жыл 20 наурыз).
2. Маңғыстау облысының орталағын ата.(Ақтау)
3. Маңғыстау – Қазақстанның қай бөлігінен орын алған?(Оңтүстік қиыр
батысында).
26
4. Батыс Қазақстан облыстарын ата.(Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс
Қазақстан).
5. Маңғыстау облысының әкімі кім?(Алик Айдарбаев).
6. Маңғыстау облысының ең биік нүктесі қалай аталады?( Бесшоқы тауы).
7. Маңғыстау өңірі неге бай?(мұнай).
8. Маңғыстау Каспий арқылы қай елдермен іргелес?(Түрікменстан, Иран,
Азербайжан, Ресей).
9. Маңғыстау облысына биыл неше жыл?( 41жыл).
6кезең. «Жерұйық». Бұл кезеңге ұпайы көп топ қатысады.
Жарысып ойнап желменен,
Биікке талмай өрлеген,
Бағыттан тайып көрмеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Көңілін қиял кернеген,
Өмірін шаттық тербеген,
Ертеңге қанат сермеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Бұл қай өлеңнен алынған? Өлеңдегі ой кімнің атынан беріліп отыр?
(Ұланымыз ұлы елдің. Балалардың атынан.
Ән. «Атамекен».
Моя родина - золотая колыбель!
Моя родина - золотая колыбель!
Моя родина - золотая колыбель!
Моя родина - золотая колыбель!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.