Наш класс
Оценка 5

Наш класс

Оценка 5
Разработки уроков
docx
чистописание
2 кл
15.02.2018
Наш класс
.Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру.Оқылым, тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. 2.Тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, ұжымда салауатты өмір салтына баулу және мәдениеттілікке тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Сөздік қорын байыту. Сабақтың түрі: Аралас,жарыс сабақ Сабақтың типі: жаңа білім беру Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, аударма,топпен.Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру.Оқылым, тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. 2.Тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, ұжымда салауатты өмір салтына баулу және мәдениеттілікке тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Сөздік қорын байыту. Сабақтың түрі: Аралас,жарыс сабақ Сабақтың типі: жаңа білім беру Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, аударма,топпен
откр урок.docx
Күні: 13 наурыз 2015ж Сыныбы: 3б Сабақтың тақырыбы: Наш класс Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды  жалғастыру.Оқылым, тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып,  тілдесім әрекетіне жетелеу. 2.Тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, ұжымда салауатты өмір салтына баулу және  мәдениеттілікке тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Сөздік қорын байыту. Сабақтың түрі: Аралас,жарыс сабақ Сабақтың типі: жаңа білім беру Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап, аударма,топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі:оқулық, интерактивті тақта,доп Пәнаралық байланыс: музыка,орыс тілі,сурет,салауаттану,математика. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,назарларын сабаққа аудару. Сыныпты екі топқа бөлу: І «Ұлдар» тобы, ІІ «Қыздар» тобы Қай топ көп балл жинаса,сол топ жеңіске жетеді. Мотивация : ­ Балалар,қазір кімнің көңіл­күйі өте тамаша,қол көтерсін! ­ Бүгінгі сабақта белсенді болатын бала смайликпен көңіл­ күйін білдірсін? ­ Бұл сыныптың оқушылары қандай, смайликпен көрсетсін? ­ Кім өз­өзіне сенімді,қолын шапалақтасын! ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі  «Біздің сынып» өлеңін жатқа айту Сөздіктерді жатқа қайталау. Сөздікпен жұмыс. «Сен маған, мен саған» ойыны ІІІ.Ой ашар. Сөздерді І және ІІ жақта жікте.  Сынып, парта, орындық, кітап,сөмке. Сөздерді І­ топ І­жақта, ІІ­ топ ІІ­жақта жіктейді. ІҮ. Шешсең жұмбақ­ көңілің тынбақ. І­ топқа: Он бір түйе, бес жылқы                Екі сиыр, бес ешкі,                Екі қоян, үш түлкі                Бәрі нешеу,кім білді?                                                                    (шешімі­28аң) ІІ­топқа: Ал санайық, санайық,                Ретіменен алғашқы                Досым менің­ Асхат.                Паша,Саша,Самат.                 Тағы бір дос­ Қанат.                Бағжан менен Медеу                Ал санайық әрі,                Қанша болды бәрі?                                                                          (шешімі­ 7) Оқушылар өлеңнен сан есімдерді табу керек. Ү.Ой толғам. Тапсырмалармен жұмыс 4­ тапсырма.Сан есімдерді толықтырып жаз,жұрнақтардың астын сыз. Бір...                           он үш...                     отыз бір... Төрт...                        он алты...                  отыз жеті... Алты...                       он тоғыз...                қырық екі... Тоғыз...                      жиырма бір...           елу үш... Сергіту сәті. 5­ тапсырма.Сөйлемдерді аудар. Күнде мектепке барамын. Күнде сабақ оқимын. Күнде автобусқа отырамын. ҮІ. «Ойлы болсаң, озып көр» Әр топ берілген суретті бояп, оның атауын үш тілде айту керек.                                                                              (қазақша,орысша,ағылшынша) ҮІІ. Ситуациялық сұрақтар І­ топқа.   Сен бүгінгі сабаққа оқу құралын әкелмегенсің,дайындықсыз келдің.Оқушылар  жазу жазып отырғанда  сен не істеріңді білмей,әркімге бір тиісіп балалардың мазасын  алдың,партаға сыздың,оны көрген мұғалім саған ұрысты.Осы кезде сен не істер едің? ІІ­топқа.  Сен бүгін сабаққа ерте келдің. Сыныпқа кірсең 1­сынып оқушылары сыныпты  шашып тастаған,шеколад т.б заттардың қабығы,тақта сүртілмеген, гүлдерге су  құйылмаған,сыныптан жағымсыз иіс шығады.Осы кездегі сенің іс әрекетің қандай? ҮІІІ. Сабақты бекіту                                                         үлкен                     таза                                кір Жақсы                                                                                                 Терезелер,парталар,тақта бар \           Нашар            Біздің сынып Біздің Жарық                лас              кішкентай    Әдемі                                     қараңғы                                  ойыншықтар,ыдыстар бар Оқушылар «сиқырлы микрафонмен» өз сыныбы туралы айту. ІХ. Қорытындылау. Бағалау.Оқушылардың білімін бағалау,жеңімпаз топты анықтау. Үйге тапсырма беру. 192­бет, 6­ тапсырма. Күні: 11 наурыз 2015жыл Сайыстың тақырыбы: Ынтымағы жарасқан туған өлкем Мақсаты: Оқушылардың туған жері туралы мәліметін молайту,өз өлкесінің қыр­ сырын  тануға деген қызығушылығын арттыру.   Қазақша сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды бірлікке,табиғатын аялауға, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Сайысты әнұранмен ашу. Мұғалімнің кіріспе сөзі: ­ Қымбатты оқушыларым менің! Мен бүгінгі сайысты мына өлеңмен бастағым  келіп тұр. Қазақстан – туған өлкем, Алға қадам басуда Басып озып жарысқаннан Талай қырды асуда. Туған жер, еш нәрсе жоқ сенен ыстық, Себебі сенде туып, сенде өстік!   Осы сәт терезеге қарасам, жылымық ауа­ райы,Қазақстанның бүгінгі келбеті,сендердің  нұрлы жүздерің мені үлкен әсерге бөлеп отыр.Менің жан дүниемде қазір «еліміз қандай  болса,халқы да сондай болады» деген ой туындады.Ал, сендер қалай ойлайсыңдар? Біз,өсіп келе жатқан жастар қандаймыз,айтып көріңдерші? Балалар: ­ Тату. ­ Дос ­ Көпұлтты  ­ Ауызбіршілігі мол ­ Білімді  ­ Ақылды  ­ Мәдениетті  ­ Инабатты Мұғалім: ­ Тамаша ! сайыс барысында өздеріңнің білімді, ақылды,мәдениетті екендеріңді  дәлелдейтінд еріңе сенімдімін. Олай болса,2­сынып оқушыларынан құралған мәнерлеп оқу сайысымызды  бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. 1.Бастауыш сыныптардың оқу­ісі жөніндегі орынбасары: Жаленова А.А 2. Қазақ тілі пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшісі:Жорабекова Р.Т 1­ Оқушы: Маскубаева Жансая  Туған тілім Дихан Әбілев Туған тілім­бабам тілі­өз тілім! Туған тілім­ана  тілі­өз тілім! Туған тілім­далам тілі­өз тілім! Туған тілім­адам тілі­өз тілім! Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар, Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып­ақ алыңдар! 2­ Оқушы: Мельникова Марьям Туған өлкем Өтебай Тұрманжанов Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем. Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар.                         Осы менің туған өлкем.                         Ер еңбегі шалқып,тасқан, Ел еркіндей бақыт тапқан. Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем. 3­ Оқушы: Алтынханқызы Арай Қазақстан  Қасым Аманжолов Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы, Баршы өзің,көңіл қойып қарашы! Тұр ғой соғып туған дала жүрегі, Жеріміз бар қасиетті,киелі, Сен бақытты, атам қазақ баласы. Кең далалы,кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз,еркін жанбыз, азатпыз! Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз, Ел намысын ешбір жауға бермейміз. Сертің осы азат жігіт, азат қыз! 4­ Оқушы:  Отан туралы Мұқағали Мақатаев Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем, Ағынды өзен,асқар тау, күнін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған. Жаным менің, кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған. Отан, Отан, Бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем... 5­ Оқушы:   Отан Жақан Смақов Гүлдердің ертемен Қауызын ашқанын, Көктемнің көкпеңбек, Мөп­мөлдір аспанын, Таулардың қол жетпес асқарын­ Ұнатам бәрін де, Өйткені ол Отан­ Ұлы Отан. Бәрін де, бәрін де Ұнатам, Өйткені ол Отан­ Ұлы Отан. Оқушылардың білімдерін алғыс хаттармен марапаттау,жеңімпаздарды анықтау.Сөз кезегі  әділ қазылар алқасында. Мұғалімнің қорытынды сөзі: ­  Оқушылар, бүгінгі мәнерлеп оқу сайысымыз туған өлкемізге арналды. Біз туған өлкеміз  туралы көптеген мағлұмат алдық. «Армансыз адам,қанатсыз құспен тең» дегендей,біздің  барлық арманымыз туған жерімізге байланысты болуы керек,себебі туған жер­ алтын  бесік.Туған өлкеміз жаңарып,жанданып,көркейіп,әсемденіп,келешекке жарқырай бой  түзесе екен деймін.Ол үшін келешек иесі мына өздерің үлкен жауапкершілікті  сезініп,Қазақстанның шынайы патриоты болуларың керек.         Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштық  болсын деп тілей отырып бүгінгі  сайысымызды аяқтаймыз. Біздің сынып                     Сөзі: Эльмира Ербайқызы                     Әні: 3бсынып оқушылары 1. Сынып тұрмайық              Қане жырлайық             Болашақтың жастарына              Міне, біз лайық Припевь              Ұстаздар келіңдер,            3 Б­ны көріңдер            Біздің сынып оқушыларына              Баға беріңдер 2.Білім­оқу үйреткен,   Ақмарал анамыз.  Тақылдатып сөйлеткен,  Ұстаз данамыз. Жақсы                         үлкен             таза                   кір Терезелер,партала р,тақта бар \                 Біздің сынып Жарық             лас               кішкентай Әдемі                                қараңғы                            ойыншықтар,ыдыстар бар

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс

Наш класс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.02.2018