Бейнелеу өнерінен ашық сабақ Натюрморт жанры тақырыбында балалар натюрморт деген мағынаны терең танып, алдыңғыдан да суретті салу және бояу тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар тепе теңдікті сақтай отырып сурет салады. Натюрморттың пейзаждан айырмашылығы неде екенін біледі. Келешекте натюрморт жанрын қолдануды үйренеді.
ашық сабақ.docx
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.С.Пушкин атындағы №1 мектепгимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы: Натюрморт жанры
Сынып: 6 «А»
Пәні: Бейнелеу өнері
Күні: 16.11.2016
Өткізген: Амирбекова А.Т. Сабақтың атауы
Натюрморт, пейзаж, портрет.
Шымкент 2016
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Психологиялық
ахуал
Топқа бөлу
А)білу: оқушылар кескіндеме жанры туралы мағлұмат ала
отырып, олардың әрбір затты кеңістікте дұрыс көруге, түс
реңін ажыратуға, форма арқылы көлемін бейнелеуге, бояу
түстерін бірбіріне үйлесімді байланыстыруға жаттығады.
Затқа қарап сурет салуды және түстің шешімін ажыратуды
түсінеді.
б)дамыту: оқушылар ойөрісін түсті түсінеді, түстің
бейнелеу мүмкіндіктеріне қатысты түсінігін тереңдете түседі.
Оқушылар бойындағы шығармашылыққа деген сұраныс
артады, дамытады.
в)тәрбилеу: оқушылар рухани адамгершілікке,
инабаттылыққа, түстерді көңілкүйді бейнелеу құралы
ретінде қабылдай білуге тәрбиеленеді.
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен
бірге бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, дұрыс сурет
салуға, ойындағы бейнені жеткізе білуге үйренеді,
тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге
дағдыланады,топтық,жеке жұмысқа дағдыланады.
Психологиялық дайындық
«Жүректен жүрекке» шеңбері
– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге
ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі:
раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те
– бәрі де өзінше керемет, бәрі де
адамға қуаныш сыйлайды. Біздің
есіміміз де осындай керемет!
Әрқайсысы қасында отырған
оқушының атының бас әрпіне
байланысты бір бірден тілек айтып
өтеді.
Геометриялық фигуралар үлестіріледі Оқушылар таңдаған
фигураларына сай
топтарға бөлініп
отырады.
Үй тапсырмасын
сұрау
Қызығушылықты
ояту
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі
1. Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?
(кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер және архитектура).
2. Ал, кескіндеме дегеніміз не?
(Басты әсерлегіш құралдары түс және бояу болып табылады. Бояулармен орындалатын шығарма). Оның жанр түрлері:
портрет, пейзаж, натюрморт, тарихи, ботальді және
анималистік деп аталады.
3. Портрет дегеніміз не?
( Адам тұлғасын бейнелеу, оның сан қырын көре білу, тек
суретшіге тән қасиет. Адамды бейнелейтін шығарма).
4. Пейзаж нені бейнелейді?
(Табиғатты бейнелейтін көркем шығарманы пейзаж дейміз).
5. Натюрморт туралы не айтасыңдар?
(«Натюрморт» фр сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген
ұғымды білдіреді. Натюрмортта жеміс жидектер, гүлдер,
вазалар, тұрмыстық заттар бейнелейді.)
1.Кескіндеме түрлерін ата?
(монументтік, сәндік, қондырғылы, декорация, миниатюра)
2. Суық түстер дегенімізді қалай түсінесіңдер?
(Суық түстер: көк, көгілдір және осы түтің реңдері..
3.Жылы түстер дегенімізді қалай түсінесіңдер?
(Жылы түстер: сары, қызыл және олардың реңдері жатады).
4.Суда жақсы еритін бояу?(акварель)
5.Петроглифтер дегеніміз не?
(Тасқа салынған суреттер)
1.Жанр дегеніміз не?
(өнер туындыларын бір – бірінен ажырататын ерекше
белгілер)
2.Кескіндеме жанрларын ата?
(портрет, пейзаж, натюрморт, тарихи, ботальді және
анималистік)
3.Қазақстанның көрнекті суретшілерінен кімді білесіңдер?
(Ә.Қастеев, Ш.Уәлиханов,Қ.Телжанов, С.Мәмбеев және т.б.)
4.Пейзаж бен натюрморттың айырмашылығы?
(Пейзажтабиғат көрінісі, натюрмортжансыз заттардың
бейнесі)
5.Портрет дегеніміз не?
(Адам тұлғасын бейнелеу, оның сан қырын көре білу, тек
суретшіге тән қасиет. Адамды бейнелейтін шығарма).
Натюрмортфранцуз сөзі, өлі табиғат деген ұғымды білдіреді.
Адамды қоршаған ортаны бейнелейтін суретті натюрморт
дейді. Натюрморт негізінде ХVII ғасырда Голландияда
кеңінен дамыды, ол кездерде мыс заттардан құралған
натюрморттық композициялар болды. Натюрморт екі топқа
Жаңа сабақ күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым
натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды
жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары
қойылған композицияны жатқызады. Натюрморт кездейсоқ
таңдалған заттардан құралмайды. Олар бірбіріне ұқсайтын,
туыс заттар болуы қажет. Натюрморт композициясы таңдап
алынған заттар тобы табиғи әсер бергенде ғана әдемі шығады.
Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт.
Топтың ішінде мағыналық жағынан, көлемі, пішіні, түсі
жағынан негіз бола алатындай зат болуы қажет. Қалған
қосалқы заттар осы басты дүниеге бағынуы тиіс. Алдыңғы
қатарға бетбедері мен түсі жағынан өзге заттардан
ерекшеленіп тұратын кішігірім затты қоюға болады, ал артқы
планға көлемі жағынан үлкен заттарды қойған дұрыс. Жалпы
натюрмортта түс үйлесімділігі де маңызды. Натюрмортта
түстері біріңғай реңдік пен түске бағынуы тиіс.
Қойылымды құру: Натюрморт қойылымы тым тығыз және
шашыраңқы орналаспауы қажет. Олар бірбіріне
көлеңгелемей, бірбірінің қасиеттерін ашып тұратындай етіп
бейнеленуі тиіс.
Суретті салу реттілігі: Ең алдымен қағазға дұрыс
орналастыру, яғни қағазды тік немесе көлденең ұстау. Сурет
салғанда ұсақ бөліктерге көңіл бөлудің қажеті жоқ, ол
жұмысқа кедергі келтіреді, жұмысты жалпыдан бастаған
дұрыс. Түстің шешімі, жұмысқа ашық бірақ қатты көзге
ұрмайтын түстерді пайдаланған дұрыс және сурет үйлесімді
болуы тиіс.
Практикалық бөлім. Қағаз бетіне дұрыс орналастыру.
Түстік шешімін табу.
«Жасырын сөз» ойыны Мына кесте ішінен жасырынған 4
сөзді тап. Олардың барлығы бейнелеу өнеріне қатысты.
Г
У
А
Ш
Ь
А
К
Р
Е
Л
М
В
А
П
Е
М
Ж
А
З
И
А
Э
Т
Ю
Д
Бейнелеу
өнерінің
жанрлары
туралы орыс халқының ақыны, аудармашы А.Кушнердің өлең
шумағын айта отырып, өлең мазмұнына қарай натюрморт
құрастырамыз. Картинадан көрсең сен
Әжеңнің ожау тостағын,
Атаңның қара торсығын,
Немесе алмұрт, алманы,
Қасында тұрған шабдалы,
Жүзімді де табарсың.
Қызығып жақын барарсың
Салынған мұндай суретті,
Натюрморт деп қарарсың
Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп
мынандай сұрақтарға жауап берейік.
1) Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?
а) пейзаж б) өлі табиғат в) портрет
2) Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ма немесе түріне
жатады ма?
а) түріне б) графика б) жанры
3) Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?
а) Голландияда ә) Францияда б) Германия
4) Натюрморт қанша топқа бөлінеді?
а) 5 б) 3 в) 2
5) Күрделі натюрмортқа қандай қойылым жатады?
а) 13 б) 45 в) 5тен жоғары
Мынау сары қарындаш
Онымен күнді бояймын
Мынау қызыл қарындаш
Онымен гүлді бояймын
Мынау жасыл қарындаш
Онымен жерді бояймын
Қолға қаламды аламын
Мен суретші баламын
Түрлітүрлі бейнені
Әдемілеп саламын
БББ кестесі
Білем
Білдім
Білгім келеді
Сергіту сәті
Ой толғаныс
Үйге тапсырма
Жұмысты аяқтау
Күнделіктеріне Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау
Кері байланыс
жазып беремін
Бағалау парақшасын
толтырады.
Смайликтерді өзі
қалаған нұсқаға
жабыстырады
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.