БАЛАБАҚШАДА ДӘСТҮРДЕН ТЫС ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Баланы кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып, дені сау, қайратты азамат етіп шығару балабақшаның тәрбие-білім беру ісінде басты мақсатқа айналып отыр. Бүгінгі күні баланың денсаулығын сақтай оқыту жаңа технологиялардың бірі ретінде тәрбие-білім беру үрдісіне еніп те кетті. Бұл оқыту технологиясы баланың ақыл–ойын дамытуды көздейтін басқа технологиялармен терезесі тең, мақсат-мүддесі ортақ. Тіпті бұл технология - олардың мазмұнын жинақтайтын, бағыттарын айқындайтын өзегі де бола алады.
Ендеше, тәрбие-білім беру жұмысының ұйымдастырылуы алдымен баланың денсаулығын сақтай жүргізуге бағытталуы тиіс. Денсаулығы түзу болмаған баланың толыққанды білім мен тәрбиеге ынтасы бола қоймайтынына күнделікті өмірде көз жеткізіп жүрміз. Балабақшада әр баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жәйдары, көңіл-күйі жоғары болады.
Егер де кезінде ала алмаған білімді кейіннен толықтыруға болса, денсаулықты қайта түзету өте қиын, ал бала кездегі түзелмеген денсаулықтың ақауын ешқашан түзету мүмкін емес.
Балабақша ұжымы бірнеше жыл бойы «Денсаулық» атты бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде. Бағдарламаның негізгі мақсаты – бала санасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, «Денсаулық» бағдарламасы бойынша алған білімі мен зейінін денсаулығын сақтауға қолдана білуі.
Балаларда салуатты өмір сүру салтын қалыптастырудың маңызды бағыты дұрыс ұйымдастырылған заттық кеңістік болып табылады. Ең алдымен бұл қимыл-қозғалысқа бағытталған заттық-дамыту ортасы. Балабақшада бұл дамыту бағытында көрініс табады, яғни әртүрлі, динамикалық, құбылмалы, полифункционалды.
Денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша жүргізілетін жұмыс бағыттарының бірі - дәстүрден тыс құралдар. Балабақшада өз қолымыздан жасалған дәстүрден тыс құралдар қолданылады. Жаңа спортты құралдар – дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын белсендіретін стимулы деп саналады.
Әр түрлі заттарға болжауға келмейтін екінші өмір сыйлауға беретін шығармашылық, тапқырлық және шебер қолдардың көмегі. Өз қиялдарын іске асыру үшін сан буын түрлі катушкалар мен тауық жұмыртқаларын, қақпақшалар, қораптарды және тағы басқа заттарды қолданамыз. Сол жоғалып бара жатқан түрлі тұрмыстық бұйымдардың орнына біз заманауи заттарға таңдау жасадық. Олар бізді өзгеше пішіндері мен жасалған материалдарымен қызықтырады. Мәселен, «киндер-сюрприздің» футлярлары, пластик бөтелкелер, йогурттардың бәнкелері, сонымен қатар әртүрлі қапталар, рәзенке пробкалар. Алғаш көзге керегі жоқ заттар енді қызықты ойыншықтарға, түрлі жаттығуларды орындайтын құралға айналып кетті. Балабақшаның әр жастағы топтарында денсаулық бұрыштары немесе дене шынықтыру бұрыштары ұйымдастырылған. Бұл жерде баланың қол жетімді деңгейінде қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға арналған түрлі құралдар орналастырылған. Бұл бағдарламалық спорт жабдықтары, сонымен қоса көбіне педагогтар мен ата-аналар жасаған дәстүрден тыс спорттық құралдар. Бұл жерде жалпақтабандылық алдын алуға арналған әртүрлі ұқалау және денсаулық жолдары, сақина лақтыру құралдары, жұмсақ нысаналар, түрлі-түсті жалаушалар, баулар, султанчиктер және тағы басқа құралдар орналасқан. Бұл қарапайым дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін қызықты ойынға айналдыруға септігін тигізеді.
Жабдықтар, дидактикалық инвентарлар жаттығуды орындауды, балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын аттырып, жаттығулардың орындалу сапасын көтереді, дұрыс және әдемі дене бітімін қалыптасуына көмектеседі.
Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезең екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелерімен дене мүшелерінің және жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түсен кезі. Ал жекелеген жүйелер, мүшелер - жүрек, тамыр, жүйке психологиялық тыныс алу, иммуналдық жүйелері толыққанды жетілмесе, онда бала ағзасының қорғаныс күші және ауруға қарсылықты көрсете алуы әліде жеткіліксіз болып келеді. Сондықтан да осы денсаулық сақтау іс-шаралары міндетті түрде кешенді және жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.