ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР «SMART – ОБУЧЕНИЕ: ТЕНДЕНЦИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ»
Оценка 4.6
Семинары
doc
информатика +2
Взрослым
21.04.2017
Жаңа білім контенті оқушыларға жаңа дағдылар мен жаңа білімдер алуына көмектеседі. Оқытушы Smart education шеңберінде пәндерге бөлу арқылы әрбір оқушыға жеке білім беруді ұйымдастыра алады. Боллондық оқыту жүйесі де осыған негізделген. Сонымен қатар оқушы өзі жаңа пән жасауға қатысу мүмкіндігі де бар. Smart education оқытушыға курстың техникалық жасақталуына уақыт кетірмеуіне мүмкіндік береді. Мұғалімге мұндағы арнайы модульдерге бөлінген контенттерді пайдалануына болады. Осы модульдерді технологиялар арқылы өзімізге ыңғайлы етіп жинақтауға және автоматтандыруға болады.
Smartоқыту технологиясы – жаңа міндеттер мен жаңа мүмкіндіктер
Ақтөбе қ., №23 орта мектеплицейінің информатика мұғалімдері:
Досмаганбетова Г.А., жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Таурбаев Т.Р., техникалық ғылымдарының магистрі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» жолдауында білім беру саласының келесі міндеттерін белгіледі:
«Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып,
білім берудің онлайнжүйелерін белсене дамыту керек болады. Біз қалайтындардың
барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру
жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге
тиіспіз».
Оқытудың жаңа ақпараттықкоммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі
заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім
жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім
беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары
алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай
білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып
табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жанжақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
ХХІ ғасыр –технология ғасыры болғандықтан,Қазақстан әлем бойынша ең жаңа
деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сонымен
қатар өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі толық қалыптаспай жатыр. Сұранысқа орай
технология даму үстінде. Бірақ соңғы жылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды
оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart
орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз. Яғни, Elearning орнына SMARTlearning келуі,
ақпараттық қоғам орнына «smart қоғам» қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі
таңда Smart технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. Қазір
елордамызда да Smart мектептер қалыптасып келеді.
Smart білім беру тұжырымдамасы – үлкен көлемдегі әр түрлі білім
ресурстарының(аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы
түрде жеткізілуі. Сонымен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын және әрдайым
сыртқы білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.
Smart education немесе
ақылды білім беру – бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік
деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады. Smart education
түсінігінің негізі ол кең ауқымды қол жетімді білім ресурстары. [1]
Оңтүстік Кореяның SMARTоқытудағы негізгі мақсаты оқушылардың білімі мен
дағдысын дамыту арқылы XXI ғасырдың қазіргі қоғамында жоғары деңгейлі бәсекелестікке
қабілетті орта құру: ынтымақтастық, әлеуметтік жауапкершілік, сыни ойлау қабілеті,
мәселені шұғыл және сапалы шешім қабылдай алуға жағдай жасау. Смарт – оқыту смарт
жабдығында, әлеуметтік желі арқылы пікір алысу, білім алушыға бағытталған орта құру,
жеке қабілеттеріне қарай оқыту қызметіне негізделген. SMART educationнің негізгі
идеясы техникалық құралдарды, қызметтер мен интернетті қолдану арқылы адам өмірінің
барлық аспектісін жетілдіру болып табылады.
SMART –мақсат бойынша басқарудың белгілі әдісі:
S (specific) — мақсаттың нақтылығы (ерекшелігі)
М (measurable) — өлшемділік
А (achievable) — қолжетімділік (келісімділік) R (relevant) — релеванттылық (сәйкестік)
Т (time bound) — уақытша мерзімдер.
«Smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді.
Оңтүстік Кореялық білім жүйесінің SMART education (білім беру) – әлемдік контенттің
көмегімен интерактивті білім беру ортасындағы икемді оқыту, яғни оқытудың кең
көлемде,
SMART оқытудың басты
қағидасы «Оқыту әрқашан да және баршаға қолжетімді»: білім алушылардың санына,
жас ерекшелгіне, уақытқа және кеңістік көрсеткіштеріне тәуелсіз. Осы қағидат тұрғысынан
барлық білім беру ұйымдарында бұл оқыту түрі кеңінен қолдануда. [2]
қолжетімді түріне бағытталған.
шексіз,
Оңтүстік Кореяны қай жағынан алсақта жақсы дамып, әлемге үлгі боларлық нәтиже
көрсетуде.
Сондықтан Қазақстанның ендіенді аяқ басып келе жатқан білім
ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесін одан әрі дамытуға, біртебірте SMART
оқытуға ену жолымызда бұл елден аларымыз көпақ.
«Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында және облыс мектептерінде 2014 жылдан
бастап Smart – оқытуды еңгізу мақсатында «Білім беру сапасын көтерудегі Smart –
оқытудың тиімділігі» тақырыбында тәжірибелік – эксперименттік жұмыс басталған
болатын. Тәжірибелікэксперименттік жұмыс білім беру ортасын құру, инновациялық
білім беру бағдарламалары мен технологияларын дайындау және енгізу, педагогтердің
ғылымизерттеушілік мәдениетін дамыту мен кәсіби құзыреттілігін арттыру міндеттерін
шешуге бағытталынды. Эксперимент жұмысы басында Ақтөбе қаласының № 10 ОМ, № 28
ОМ және № 23 ОМЛ эксперименттік алаң болып бекітілсе, жұмыс мазмұны мен көлемінің
кеңеюіне байланысты аталған қатарға 6 білім беру ұйымдары (Ақтөбе қаласының №14 ОМ,
№31 ОМ, №42 ОМ, Пригород ОМ және №40 МДҰ, Хромтау ауданы № 3 ОМ) қосылды.
Тәжірибелікэксперименттік жұмыс жүргізілген үш жыл ішінде ғылыми тұжырымдама
дайындалды, жұмыс тобы мен зерттеушілік қызметтің жеке кестесі құрылды, жаңашыл
педагогтарға институт қызметкерлері тарапынан әдістемелік көмек үнемі көрсетіліп
отырды.Экспериментатор мұғалімдердің оқыту үдерісінде кездесетін қиындықтарын
бірігіп шешу мақсатында смартқұрылғыларды қолдануға арналған семинарпрактикумдар
мен кеңес беру жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
Smart education барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын барлық
әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды тақта,
ақылды экран, кезкелген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың
туындауына себеп болады. Осы пайда болған жаңа технологиялар контентті жасақтап,
жүйелеп, пайдаланушыға жеткізеді. Соның арқасында білім беруді жүзеге асыру тек
сыныпта ғана емес, кезкелген жерде: үйде немесе мұражай, кафе сияқты қоғамдық
жерлерде де мүмкін болады. Яғни білім беру үдерісінің кез келген қатысушысы(оқушы
немесе мұғалім) интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз
кезегінде білім беру үдерісінің уақытқа немесе орынға(сынып, аудитория) тәуелділігін
жояды.
Жаңа білім контенті оқушыларға жаңа дағдылар мен жаңа білімдер алуына көмектеседі.
Оқытушы Smart education шеңберінде пәндерге бөлу арқылы әрбір оқушыға жеке білім
беруді ұйымдастыра алады. Боллондық оқыту жүйесі де осыған негізделген. Сонымен
қатар оқушы өзі жаңа пән жасауға қатысу мүмкіндігі де бар. Smart education оқытушыға
курстың техникалық жасақталуына уақыт кетірмеуіне мүмкіндік береді. Мұғалімге
мұндағы арнайы модульдерге бөлінген контенттерді пайдалануына болады. Осы
модульдерді технологиялар арқылы өзімізге ыңғайлы етіп жинақтауға және
автоматтандыруға болады.
Соңғы кезде әсіресе жастар арасында әлеуметтік желілердегі (Facebook, Twitter және
т.б) білім ресурстарын пайдалану кеңінен таралды. Мұндай технологияны пайдалану да
білім сапасын арттыруға айтарлықтай септігін тигізеді. Smart тұжырымдамасының енуіне байланысты оқушының да, мұғалімнің де білім беру
жүйесіндегі рөлдері өзгереді. Бұрын оқушы үшін жалғыз білім ресурсы сабақтағы дәріс
болғандықтан оқушы сабаққа қатысуға міндетті болатын. Ал қазір ақпараттық
технологиялардың негізін меңгерген оқушы интернет құралдары арқылы өзіне қажетті кез
келген ақпаратты таба алады. Сондықтан қазір білім алушының дәріске қатысуының
қажеттілігі шамалы. Бірақ оқушыға бағдар беруші қажет. Ол – мұғалімнің міндеті.
Оқытушы жаңа білім контенттерін жасақтап, оқушыны соған бағыттауы керек.
Қорытындылай келе, қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып
келе жатқан саласы – электронды жүйемен оқыту.
Жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың кешенді үрдісі немесе
ғылымитехникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжірибеге
енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы – инновация көрсеткіштері. Осы
талаптарға отандық білім жүйесінің сай келуі, соңғы болып жатқан өзгерістерге, өскелең
сұраныстарына үлгеру басты талапқа айналып отыр.
Қай елдің болсын, заман ыңғайына қарай экономикалыққоғамдық қатынастарының
барлық саласы өзгеріп, дамыған сайын білім беру жүйесі де өзгеше мәнмазмұнға ие болып,
сол қатынастарға сәйкес дамитыны табиғи заңдылық.
Бүгінде әлемдік озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде
кең қолданысқа ие болып отыр. Smart технологиясының кешенді дамуы – Smartқалалардың
негізі болып табылады, ал бірлесіп жұмыстануымыздың нәтижесінде SmartҚазақстанды
құраймыз деген үлкен мақсатқа қол жеткізуге үміттіміз.
Бүгінгі таңда электрондық оқыту – бұл объективтік заңдылық. Атап айтқанда,
электрондық оқыту ақпараттық қоғам мұхитында жаңа түрленуді және еркін азаматтың
тұлғалығын қалыптастырудың қуатты факторы бола алады. Электронды оқыту жүйесінің
арқасында кейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың сапалы білім алуына оң нәтиже
береді. Заман талабына сәйкес электронды оқыту жүйесін ұтымды және өз дәрежесінде
қолдана білуі қажет. Инновациялық ақпараттықбілімдік орта ретінде электрондық
оқытудың контенттік жасақтамасы жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.
Электронды оқыту жүйесі – көрнекілік, жүйелілік, біртұтастық, ұғынымдылық сияқты
дидактикалық қағидаларды, тәрбиелейтін оқытуды жаңа деңгейде іске асыру үшін
мұғалімге де, оқушыға да жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; танымдық іс
әрекет кезеңдерін, оқытуды дараландыруды, оқушылардың құлшынысын арттыруды,
оқушылардың өзінөзі бағалауын қалыптастыруды, ұлттық бірыңғай тестілеуге
дайындықты, педагог кадрларды қайта дайындаудың жаңа мүмкіндіктерін, мұғалімнің
шығармашылық өсуін және т.б. іске асыруды қамтамасыз етеді.
1.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н.Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауы 14.12.2012 ж. «Қазақстан2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты [Электрондық ресурс] //
http: //www. akorda.kz/ru/
Г.Ш.Бектыбаева,
Н.В.Цой,
2. Оқытушылар біліктілігін арттыру жүйесіндегі Smartоқыту: Әдістемелік оқулық.
А.С.Тен,
М.К.Умербеков,
Н.А.Филинова, Д.Д.Ускенбаев, Д.Т.Омаров, Н.К.Дускалиев, Г.С.Жарылгамысова
Алматы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ, 2014112 б.
Е.М.Кушкарбаев,
3. SMARTобучение: тенденции, проблемы, новые возможности для развития:
Методическое пособие / Под общей редакцией д.п.н.С.Д. Мукановой. Караганда,
2014. 37 с.
ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР «SMART – ОБУЧЕНИЕ: ТЕНДЕНЦИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ»
ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР «SMART – ОБУЧЕНИЕ: ТЕНДЕНЦИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ»
ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР «SMART – ОБУЧЕНИЕ: ТЕНДЕНЦИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ»
ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР «SMART – ОБУЧЕНИЕ: ТЕНДЕНЦИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.