Тақырыбы: Отбасы -тәрбие бастауы
Мақсаты:
1. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың суреттері, отбасы туралы мақал - мәтелдер, шарлар.
Өткізу әдісі: сайыс түрінде
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! «Адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ұлы ғұлама әл - Фараби.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Отбасы -тәрбие бастауы». Осы тәрбие сағаты барысында біз отбасы туралы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы сөз қозғаймыз. Адамдар арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік жайында айтамыз. Ал осы адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік мен қайырымдылық қайдан басталады?
1 - топ: «Шаңырақ» тобы
2 - топ: «Қуаныш» тобы
Осы екі топтың бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлайық.
ІІІ. Сайыс
1. Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру)
Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)
Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)
2. Мақалды тез жалғастыр (мақалдың жалғасын табу).
Отбасы -...
Отан -...
Әке -...
Аға -...
Іні -...
Ана -...
3. «Ана» ана туралы өлең шығару.
4. Ана туралы оқушылардың тақпақтары
5. Отбасы дәстүрлері.(Әр топ өз отбасы дәстүрлерін көрсетеді).
6. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Олай болса қазір
« Аялы алақан» ойынын ойнаймыз.
7. «Менің отбасым» суретке қарап өз балаларының салған суретін табу.
8. «Мейірім» (жылы сөздер айтқызу).
9. Бағалау
ІҮ. Қорытынды. «Тілек шамы». Міне, қоштасатын да сәт жетті. Отбасы – ұшқан ұя, жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, от деген сөздің үлкен маңызы, мәні бар екенін сеземіз.Сабақтың тақырыбы: «Жемқорлыққа жол жоқ!»
Мақсаты:“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сыбайлас-жемқорлық деген не?(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
1 - оқушы
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.
2- оқушы
Әр ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.
3 - оқушы
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.
4 - оқушы
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.
Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .
1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
6.Сабақты қортындылау:
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
«Жемқорлыққа жол жоқ!».docx
Сабақтың тақырыбы: «Жемқорлыққа жол жоқ!»
Мақсаты:“Сыбайласжемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу
жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын
білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау
және әділдікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сыбайласжемқорлық деген не?(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
“Сыбайласжемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio"
деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондайақ
"corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу,
зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы
ісәрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайласжемқорлықты
пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің
сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайласжемқорлықпен күрес туралы”
Заңы сыбайласжемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік
міндеттерді орындайтын адамдар, сондайақ соларға теңелген адамдар, өздерінің
лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз
құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен
қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай
ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты
оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
1 оқушы
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан 2050» айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.
2 оқушы
Әр ата ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.
3 оқушы
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.
4 оқушы
Егеменді өсер елде тұрам Мен, Білдіремін сезімімді жыр әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ» деген ұранмен.
Адамгершілік, әділеттілік туралы мақалмәтелдер .
1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
6.Сабақты қортындылау:
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық,
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында
мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық
заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп,
әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің
біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа
жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп
қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Отбасы тәрбие бастауы
Отбасы тәрбие бастауы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.