Открытый урок по предмете устройство автомобиля "Шанак, кабина"
Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
технология
Взрослым
21.04.2017
Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, студенттердің білімін пысықтау, Автомобильдiң шанағы мен кабиналарының қызметтерін және айырмашылықтарын ажырата білу
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
ываааааааааааааааааааа лвалччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччжйййййййййййййййййййййййй
шанак.кабина - копия.docx
Байконырский колледж имени академика С.А.Джиенкулова
Байконур Кызылординской область Казахстана
Открытый урок для
Профессиональных технических колледжей
"Кузов и кабина"
подготовил на казахском языке
преподаватель специальных дисциплин
Тлегенов Даурен Аманжолович Байконур 2017 г
Сабақ тақырыбы: Шанақ, кабина
Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып,
студенттердің білімін пысықтау, Автомобильдiң шанағы мен кабиналарының
қызметтерін және айырмашылықтарын ажырата білу
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта
отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Кредиттік модульдік технология бойынша сабақ барысын
ойын арқылы, студентердің өзіндік ізденістерін арттыру. Студенттің өзіндік
жұмысы (СӨЖ) студенттердің жаңа сабаққа өзіндік дайындықтарын көру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео таспа, сұрақ жауап
слайдтары.
Сабақ барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: оқу құралдары
* Өткен сабақты пысықтау
Көлік құралдарының жүріс бөліктерінде орналасуы
(мұғалім өткен сабақтан сұрақ қояды)
Жүріс дөңгелектері автомобильді жол бетімен байланыстыратын торап
болып табылады. Олар атқаратын қызметтеріне қарай жетекші және басқару
дөңгелектері болып бөліңнеді. Осы екі түрі де автомобильдің салмағын жол
бетіне таратады. Осыған қосымша, жетекші дөңгелектер двигательден
трансмиссия арқылы келген моментті автомобильді тарту күшіне
айналдырады, ал басқару дөңгелектері машинаның жүріс бағытын өзгертеді. Егер автомобильде жетекші дөңгелек алдыңғы дөңгелектер болатын болса,
онда алдыңғы дөңгелектер әрі жетекші әрі басқарушы дөңгелектердің
қызметін атқарады. Ол кезде артқы дөңгелектер әрі жетекші, әрі басқарушы
дөңгелектердің қызметін атқарады. Ол кезде артқы дөңгелектер тек ұстап
тұрушы дөңгелектер ғана болады.
• Дифференциал жетекші дөңгелектерге айналдыру моментін
әртүрлі етіп бөліп береді. Сондықтан оны дөңгелек аралық
дифференциал деп атайды. Көбінесе әртүрлі момент автомобиль
бұрылған кезде керек болады. Себебі бұрылған кезде ішкі дөңгелек аз
жылдамдықпен, ал сыртқы дөңгелек көп жылдамдықпен айналуы керек.
• Кардан Карданды берілістер бір – бірінен алшақ орналасқан
трансмиссия тораптарының аралығына айналдыру моментін тасымалдауға
арналға. Ондай кезде екі жалғанатын тораптың осьтері бір – біріне дәл
келмейтіндіктен, олар моментті белгілі бір бұрыш жасап бере алады. Бірақ,
бұл карданды берілістер айналдыру моментінің шамасын өзгертпейді.
• Амортизатор және серіппе Серпімді элементтер, жол бетіне келген
әсер күштерін өздеріне жинап алып, ол күштер әсерін тоқтатқан кезде
қайтарып береді. Ал осы күштер серіппеге берілерде онымен қатар жұмыс
істейтін жұмсартқыштар да оларды әлсіретеді, яғни оның энергиясын жұтып
алады.
•
Рессор иілуге жұмыс істейтін, бір немесе бірнеше ұзын тілімдерден
тұратын көліктік құрал аспасының металлды серпімді элементы; солбір
уақытта бағыттаушы және сөндіру элементтерінің функцияларын орындайды.
Қосымша рессора көліктік құралдың жүкпен артылып тұрганда
негізгі рессорга бекітілген жұмысқа кірісетін рессора.
Негізгі рессора көліктік құралдың жүктелмегенінде және толық
жүктелген кезінде, снымен катар қосымша рессорамен бірігіп жұмыс
істеуіне есептелетін әрқашанда аспаның ықшам сызбасына қосылған
рессора.
Көлденең рессора көліктік құралдың бойлық есіне көлденең
орналасқан рессора.
Бойлық рессора көліктік құралдың бойлық өсі бойынша орналсқан
рессора. Тайғанауыш рессора тіреуіш ішінде жүктелудің өсуіне байланысты
ұзындығының өзгеруін қамтамасыз етіп еркін шетімен жылжитын
рессора.
• Доңғалақ аспалары Дөңгелек аспаларының негізгі қызметі жер бетінен
жүріс дөңгелектері арқылы келетін күштерді жұмсартып, сол күштердің
әсерінен автомобильдің тербелісін азайту болып табылады. Сондықтанда олар
негізінен екі түрлі элеменгттен тұрады: серпімді және жұмсартқыш
элементтер.
Жаңа сабақ тақырыбы: Шанақ, кабина
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) студенттердің жаңа сабаққа өзіндік
дайындықтары
Шанақ (Кузов) – Жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған көліктің
құрамдас бөлігі. Шанақ көліктің рамасына бекітіледі. Рамасы жоқ
шанақтардың түрлері де болады. Оларға көліктің қалған құрамдас бөліктері
бекітіледі.
Кабина жұмыс істеу үшін немесе жүргізушімен оның әріптестерін
орналастыру үшін арнайы қоршалып, оқшауланған орын.
Жүргізушінің кабинасы жүргізуші мен жолаушыларды орналастыру
үшін қызмет ететін жүк автомобиль шанағының бөлшегі.
Қозғауыш үстіндегі кабина қозғауыштың үстінде орнатылған
жүк автомобиль шанағы.
Аударылатын кабина топсадағы жүк автомобиль кабинасы, әдетте
оның астында орналасқан қозғауышқа жетуді қамсыздандыру үшін сол
топсалардың айналасымен ол айналады.
Жататын орны бар кабина жүргізуші орнының артында кабинаның
көлденеңінен жату үшін орны бар жүк автомобилінің ұзартылған кабинасы.
Жеңіл көліктердің кең таралған шанақ түрлерін қарастырайық.
Минивэн – көліктің рөлі машинаның алдыңғы білігінің тура үстінде
орналасқан, біркөлемді, жолаушыларды тасымалдауға арналған шанақ түрі.
Бұл анықтамаға жапондық және корейлік көліктерді жатқызуға болады. Кабриолет жиналмалы төбесі бар шанақтың түрі. Жұмсақ жиналмалы тент
пен шешілмелі
Халықаралық
классификацияға байланысты бұл көліктің бүйір терезелері түсірілмелі емес,
шешілмелі.
бүйір терезелермен жабдықталады.
Купе – екі немесе үш көлемді есіктері бар жолаушылар шанағы. Бір негізгі
немесе бір негізгі және бір қосымша отырғыштар қатарымен жабдықталады.
Лимузин – жолаушылар шанағы, бірінші мен екінші қатарлардың арасында
қорғаныс қалқасы болады. Германияда бұндай шанақты көліктерді Pullman
деп атайды. Кейде лимузин деп құрамында 3 тен кем емес отырғыштар қатары
болатын көлікті атайды.
Пикап – жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған шанақ түрі. Жүкті
орнату платформасы ашық түрде орындалған. Көлік кабинасы мен жүк
салғыш стационарлы қалқамен ажыратылған.
Родстер – ашық, екі орынды жолаушыларға арналған шанақ түрі. Алынбалы,
жұмсақ төбесі болады. Седан – үш көлемді, төрт есігі бар көлік шанағының кең таралған түрі. Шет
елдерде басқа атауларға ие: АҚШ Sedan, Англия – Saloon, Франция –
Berline, Германия – Limousine, Италия – Berlina.
Универсал – үлкен көлемді жүкті тасымалдайтын орны бар жолаушылар
шанағы. Артқы отырғыштар қатарын алып тастауға болады. Соның
салдарынан жүк салғыштың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Екі көлемді,
артқы есігі бар шанақтың жүк салғыш орны жолаушылар салонынан қалқамен
қоршалмаған.
Фургон – шанағы жабық жүк көлігі. 2. Жүк пен жолаушыны тасымалдайтын
көліктің шанағы. Жолаушы мен жүк орындары бірбірінен қалқамен
қоршалған. 8090 жылдары қосымша отырғыштар мен бүйір тереземен
жабдықталған көліктер үлкен сұранысқа ие болған. Басқа атаулары: Англия
Van, Германия Kastenwagen, Франция Fourgonette.
Хэтчбек – универсалға ұқсас шанақ түрі. Айырмашылығы еңкейтілген артқы
есігінде, сондықтан жүк салғыштың көлемі де кішірек болады. Қорытындылау.
• Жаңа материал бойынша сұрақтар қою:
• Автомобильдің шанақ түрлері?
Жұмыстан қорытынды шығару.
• Топ қалай жұмыс істеді. Студенттер қандай жаңа нәрсені үйренді.
Қай студент ерекше тырысты. Студенттерді салыстырмалы түрде
бағалау.
Үйге тапсырма беру. • Автомобиль шанағы мен кабина. Қазіргі таңдағы жаңа көліктерде
қолданысқа енген бөлшектерді іздеу?. Бөлшектердің тозуын алдын
алу шаралары.
Пайдаланылған әдебиеттер
Список использованной литературы
1. П. Жүнісбеков "Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы" Астана.
Фолиант2013 жыл
2. П. Жүнісбеков, М. Жетпейісов Автомобильдерді жөндеу және
техникалық қызмет. Астана: Фолиант, 2007.
3. Алиев Б – Тракторлар мен автомобильдер құрлысы. Алматы: Наз 2005.
4. Жүнісбеков П. Ж – Автомобильдің құрлысы және пайдалануы – Астана:
Фолиант, 2007
5. Youtube сайтынан видеолар алынған
Открытый урок по предмете устройство автомобиля "Шанак, кабина"
Открытый урок по предмете устройство автомобиля "Шанак, кабина"
Открытый урок по предмете устройство автомобиля "Шанак, кабина"
Открытый урок по предмете устройство автомобиля "Шанак, кабина"
Открытый урок по предмете устройство автомобиля "Шанак, кабина"
Открытый урок по предмете устройство автомобиля "Шанак, кабина"
Открытый урок по предмете устройство автомобиля "Шанак, кабина"
Открытый урок по предмете устройство автомобиля "Шанак, кабина"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.