Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына әрекет ету
Оценка 4.7
Научно-исследовательская работа
docx
администрации
Взрослым
28.05.2017
Барнс 1971 сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететіндігін айтады. Оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде , яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатының көрсетті. Мерсер мен Ходж кинсон зеттеулері Барнстың ертеректегіБарнс 1971 сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететіндігін айтады. Оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде , яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатының көрсетті. Мерсер мен Ходж кинсон зеттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуы мақсат етеді.
Тәжірибе кезінде өткізген сабақтарым көбіне диалог құру нәтижесінде
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына әрекет ету.docx
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына әрекет ету
Барнс 1971 сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына
соншалықты әсер ететіндігін айтады. Оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда
ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде , яғни сөйлесу, талдау
және дәлелдеу барысында да жүзеге асатының көрсетті. Мерсер мен Ходж
кинсон зеттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу
барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуы мақсат етеді.
Тәжірибе кезінде өткізген сабақтарым көбіне диалог құру нәтижесінде
өтті. Сондықтан оқушыларымның білім деңгейіне қолдау көрсететін менім
рөлім ерекше. диалогтық оқудың маңызын ұғынған соң, ең бірінші өзімнің
оқытуыма өзгеріс әкелуім керек түсіндім. Оқушыларға сұрақ қою және
олардың жауаптарына әрекет ету үшін сабағымда тақырыпқа сай әртүрлі
сұрақтар қоюды жөн көрдім және сабақ бастамас бұрын оқушыларымның
көңіл күйлерін сұрадым. Сабақ соңында біз нені үйрендік және нені білгіміз
келеді деген сұрақтарды жиі қолдандым. Мысалы: «Пайдалы қазбалар »
тақырыбында «қара металл мен түсті метал кендерінің айырмашылығы?»
деген сұрақ төңірегінде ойларымызды бөлістік. Сұрақ қойған кезді басым
бөлігі А оқушылары жауап берді,бірақ әр түрлі әдіс тәсілдер қолданған кезде
барлығы белсенділік танытып оз ойларын дұрыс жеткізе алды.
Мен
сабақтарымды өтізген кезде ашық сұрақ, жабық сұрақ және деңгейлік
тапсырмаларды беру арқылы оқушыларымды сабағыма тартып
отырдым.Топтық жұмыс кезінде диалогтық сұрақтар қойылған кезде
оқушыларда белсенділік болды. Сабақтарымның барлығына да сұрақ қоюды
әртүрлі әдіс тәсілдер арқылы қолдандым. Үй тапсырмасын тексергенде,
сабақты қорытындылағанда көбіне қолданған «жуан және жіңішке» сұрақтар,
«Ыстық орындық», «Өрмекші торы», «Қытай қағазы» стратегиларын
қолдандым .
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным:
оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанды, пәнге
қызығушылықтары арта түседі, зерттеуге ынталанды, оқушылар сыни
тұрғыдан ойлауға көмектесті, оқушылар бірбірінен сұрақ қоюға үйренді,
басқа оқушылардың идеяларын құрметтейді және бағалауға ықпал тигізді,
оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады. Оқушыларыма жай ғана сұрақ қоймай , оларды терең ойландыруға,
салыстыруға, толық жауап бере алатындарына байланысты қиын сұрақтарды
қарас тырдым.
Оқушыларға сұрақты қалай болса солай қоя салмай , мұғалім де оқушыға
қоятын әрбір сұрағын анық, толық, ойларын анық айтуға, идеяларын дамытуға
көмекесетіндей етіп құру екендігін түсіндім. Оқушылар қате жауап берген
жағдайда дұрыс емес, қате деген сөздердің орнына «Көмектесе алатындарың
бар ма?» «Тағы қандай ойларың бар?» деген қайта бағыттау техникасын
қолданамын. Дұрыс жауап берген оқушыларға «Жарайсың! «өте жақсы!»
сияқты бағалаумен бағалап отырдым. Дұрыс жауап берген оқушылаға қарап,
жауап бере алмаған оқушылар өзін өзі реттейді Маған Рэгг пен Браун
оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуді ұсынған
идеясы өте көп көмектесті. Және де мұғалім бастапқыда қоятын сұрақ ғана
емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын
сұрақтардың да маңызы зор. Мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап
немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі
секундтай кідірі керектігін айтқан Харгривс және Гэлтон(2002)
Диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы өте зор. Оқушыларға
сұрақ қою арқылы тіл байлықтары жетіліп сөйлеуге ашылды. Әсірсе тұйык,
ұян оқушылар сөйлеуге ынталанды.сыни тұрғыдан ойлауға, білімге
құштарлықты дамытады, зерттеуге ынталандырады, сындарлы сөйлеуге
ынталандырады , басқа оқушылардың ойымен бөлісуге,өз білімдерің басқа
адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі, пікір айтуға, әңгімелесу арқылы
ойларын жинақтауға көмек беретін болады. Қорытындылай келе сабақ
барысында оқушыларға мазмұнды сұрақ қоя білуім керек екенің түсіндім,
жәнеде оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтарға қарағанда диалогтік
сұхбаттасу мұғалімдерге де оқушыларға да білім алуға көп көмек береді.
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына әрекет ету
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына әрекет ету
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.