Қоқыс дерті- ғасыр дерті. Ғылыми жоба
Оценка 4.8

Қоқыс дерті- ғасыр дерті. Ғылыми жоба

Оценка 4.8
docx
06.02.2023
Қоқыс дерті- ғасыр дерті. Ғылыми жоба
Қоқыс дерті - ғасыр қасірет.Қайырхан Қайыржан.docx

Мазмұны

1.Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------1

 2. Негізгі бөлім  -----------------------------------------------------------------------

2.1.Қоқыс  және оның  түрлері ---------------------------------------------------2-4

2.1.Қоқыстың  зияны  мен  пайдасы---------------------------------------------4-9

2.2.Менің  қалам – Риддердің экологиясы------------------------------------10-11

3.Қорытынды  бөлім ----------------------------------------------------------------

3.1. Қорытынды  ой  мен  ұсыныстар---------------------------------------------12

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі -----------------------------------------------13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

«Қоқыс  дерті- ғасыр  қасіреті» жобасында оқушы қоршаған  ортаның  шамадан  тыс  ластануы және онымен  күресу  жолдарын дерек  көздері  арқылы салыстырмалы түрде қарастырып,кең  көлемде  жұмыс  жасай білген.

 

Зерттеу  жұмысының  өзектілігі:

    Қоқыс  туралы  деректердің анықталуы және осы  тақырыптың қоршаған  ортаны  қорғауға ықпал  етуі.Ақпарат көздерін жинақтау, қоқысты пайдаға  жарату және  зиянын  білу, қорытынды шығару.

 

Зерттеу  жұмысының  мақсаты: Қоқыс  дерті – қоршаған  ортаның  экологиялық  дағдарысы  екенін  дәлелдеу.

 

Зерттеу жұмысының міндеттер:

 *Қоқыс  туралы деректер жинақтай  отырып , өз сыныптастарыма жеткізу.

*  Әдебиеттерге  шолу жасап, ғаламтор  материалдарымен  жұмыс  жасау. 

 * Сауалнамалар жүргізу.

* Өзіндік  ой  қорыту,іздену.

 

Зерттеудің жаңалығы:

            Жер  ғаламшарының  шамадан  тыс  қоқыстар мен  өндіріс қалдықтарымен ластануы  - қоқыс қасіретінің ғаламдық экологияға тигізер  зияны  екенін анықтау.Қоқыс  қалдықтарының  зияны  мен  пайдасын  білу. Қоршаған  ортаға  аяушылықпен  қарап, оны қорғауға  жол  ашады.

 

Зерттеу әдістері:

Іздену, зерттеу, баяндау, талдау, бақылау, жүйелеу, салыстыру,  ой қорыту.

Маңыздылығы:

        Қоршаған  орта  туралы білімдерін  айқындауға  жәрдемдеседі,бұл жоба оқушылардың экология  туралы білімдерін  жетілдіре  түседі.

Зерттеудің   дереккөздері:

        Энциклопедиялар,әдеби кітаптар, журналдар,ғаламтор  көздері.

Зерттеудің  практикалық  құндылығы:

          Сауалнама, статистикалық мәліметтер,дерек  көздерін  салыстыру.

Зерттеу  жұмысының  тәжірибелік  құндылығы:

Бұл  жобаның  материалдарын  дүниетану және  математика  пәндерінде  қолдануға  болады.

 

1.     Кіріспе

           Бұл  тақырыпты  таңдау  себебім : қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі -  қоқыс полигонының  да  жедел өсуіне  әкеліп  отыр. Мен  Жер  ғаламшарына  қоқыс  қалдықтарының кері тигізер  әсерін  және  қоқыстың  пайдасын зерттегім  келді.

    Дүниежүзі банктің есебінше 2050жылға  қарай әлемдік  тұрмыстық  қалдықтар көлемі 70 % -ға өсіп,3,4 млрд тоннаға  жетеді.Бұл  дегеніңіз келешекте Жер планетасының үлкен  қоқыс полигонына айналуға шақ  қалғанын білдірсе  керек.Бір  қатар  дамушы  елдерде қалдықты бөліп  жинау мәдениеті әлі  күнге дұрыс  жолға  қойылмаған.Өкінішке  орай, бұл  елдердің  қатарында  Қазақстан  да  бар.Экологтар жағымсыз  үрдіс  жалғаса  берсе,адамзатқа жаһандық  қауіппен бетпе-бет келуіне  тура келетінін айтады.Мәселен, жыл  сайын  елімізде 4,3 млн  тоннадан астам қатты  тұрмыстық қалдық жиналып,соның  небары 12% пайызы  ғана қайта  өңделіп,қалғаны қоқыс полигондарына жеткізіледі. Елімізде тұрмыстық қалдық  тасталған 3520 полигоны  бар,соның  18% пайызы  ғана  талаптарды  сақтап  отыр.Қоғам  белсенділері,экологтар  заңсыз  қоқыс  алаңдарының  азаймай тұрғаныны  айтып,  дабыл қағып  жатқаны  бекер  емес.Полигондардың  дені  санитарлық  талаптар  мен  экологиялық  стандарттарға  сәйкес  келмейді.Қоқыс  орындары  халық    тұратын  мекендерге  жақын  орналасқан.Бұл  аумақтарда өрт  жиі  болатындықтан халықтың  денсаулығы  мен  қоршаған ортаға  орасан  зор  зиян  келіп  жатыр.

  Жерде  жатқан бір  жапырақ қағазды  жинап  жүрудің  де  пайдасы бар.Мысалы: дүкенге матадан  тігілген дорбамен  баруды  дағдыға  айналдыру  керек. «Әлемді өзгерткің  келсе – өзіңнен  баста!» деген қағиданы ұстану  қажет.Өзіміз  өмір  сүріп  жатқан төңіректі таза, гүлденген  күйінде келер  ұрпаққа аманаттау сіз бен  біздің  мойнымыздағы  міндет.

                                                        1

 ІІ. Негізгі  бөлім

ІІ.1.Қоқыс  және  оның  түрлері

     Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жеранаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын  күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды .Қазіргі кезде саябақта, не табиғат аясында серуендеп жүріп, жерде жатқан қоқыс қалдығын кездестіріп қалу ғажап дүние емес. Иә, адам аяғы басқан жерге өзінің осындай ізін қалдырып кетпесе болмайтындай.  Бір  жылда  жиналған қоқыс  қалдықтары - Еуропаның  ең  биік тауының  шыңы – Эльбрус  тауының биіктігіндей (5642м) болар еді.

      Тасталған қоқыстың ішінде түрлі тұрмыстық заттар бар.Жұрт оларды көтеріп, қоқыс жәшігіне жеткізуге ерінеді, жиіркенеді. Дегенмен солай істесе, қоршаған ортаға зор пайдасын тигізетінін көпшілік біле бермейді. Бірі ол мәселе жайында бас қатырмайды, енді бірі өзгелерге сілтейді, үшіншілері бұл заттар сол жерде жатып шіріп кетеді деп ойлайды.  Алайда, олардың шіруіне неше күн, тіпті, неше жыл, ғасыр керек? Ендеше түрлі тұрмыстық қалдықтардың ыдырап, жерге сіңуі қанша уақытты талап ететінін сандар айтып берсін.

     Қоқыс түрлері мен олардың түбегейлі шіру уақыты:

Жануарлардың тезегі - 10 күнге дейін

Тамақ қалдықтары – 10 күннен 1 айға дейін (жазғы күндері 1-2 апта)

Қағаз сүлгі – 2-3 апта

Банан қабығы – 3-4 апта

Қағаз пакет – 1 ай

Бұтақ, жапырақтар – 1 айдан 1 маусымға дейін

Газет қағазы – 1 айдан 1 маусымға дейін

                                                  2

Алма қалдығы – 2 ай

Апельсин қабығы – 6 ай

Картон қорабы – 1 жылға дейін

Жіп – 1-1,5 жыл (қалыңдығына байланысты)

Қағаз – 2 жыл

Табиғи матадан тігілген заттар – 2-3 жыл

Жүн нәски – 1-5 жыл

Сүт қорабы – 5 жыл

Жуан бұтақтар – 10 жылға дейін

Ағаш тақтайлар – 10 жылға дейін

Темір арматура – 10 жылға дейін

Темір құтылар – 10 жылға дейін

Темекі тұқылы – 10-12 жыл

Темір – бірнеше он жыл (1 мм тереңдікке 10-20 жыл керек)

Синтетикалық мата, былғары етік – 40 жылға дейін

Пенопласт стақан – 50 жыл

Қаңылтыр құты – 90 жылға дейін

Фольга – 100 жылға дейін

Бетон, кірпіш сынығы – 100 жылға дейін

Авто аккумулятор –  100 жылға дейін

Металл бұйымдар – 100 жыл немесе одан да көп

Электр батареясы – 100 жылға дейін

Резеңке қаптар – 100 жылдан астам

Пластик бөтелкелер – 100 жылдан астам

Полиэтилен қабық (пленка) – 200 жыл

Алюмин құтылар – 500 жыл

Әйнек – 1000 жылдан астам

     Көріп тұрғанымыздай, қалдықтардың жерге сіңіп жоқ болып кетуі үшін

                                                        3

ұзақ жылдар керек екен. Бұл заттар жатқан күйі шіріп кетсе, әрине, түк емес қой. Ең өкініштісі, тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерінде болып тұр.

      Қоқыс түрлері.

    Қоқыс – өнімнің қалдығы  немесе белгілі бір шикізаттың жарамсыз түрі. Әр қалдықтың өзінің түзілуіне байланысты өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және тұрмыстық деп 3 топқа бөліп  қарастыруға болады.

Өнеркәсіптік қалдықтар – өнеркәсіп шаруашылығының нәтижесінде пайда болған қалдықтар және қайтадан оларды кәдеге жарату немесе пайдаға асыруға мүмкіндігі бар қалдық түрі.Бұл  мата түрлері, қара  немесе түсті  металл сынығы,шыны,полимерлі қалдықтар, өңделген  майлар,автодөңгелектер, органикалық  заттар т.б 500-ге жуық  түрі  бар.

Ауылшаруашылық қалдықтар –биогенді немесе өсімдіктер қалдықтарынан түзілген, нәтижесінде ауылшаруашылық өнімдерді сақтау немесе олардың  қайта  өңделуі.

Тұрмыстық  қалдықтар – күнделікті  адам өмірінде өз қимыл-қозғалысынан пайда болған қалдықтар. Мәселен, қоқысты жатқызуымызға болады.Қоқыс –тұрмыстық  жағдайда түзілген қатты тұрмыстық қалдықтар мен тастанды заттардың жиынтығы.Осы қалдық түрлері жер  бетінде  күннен-  күнге  жарысып көбеюде.

2.2.Қоқыстың  зияны  мен  пайдасы

   «Гарбология» ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы  ағылшын  ғалымы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Уильям Рэджи қоқыс  қалдықтарын оның  сапасына, құрамына,  зиянды, зиянсыз, газ  тәрізді, сұйық,жанатын және жанбайтын т.б түрлерге  бөлді.Және  ол қоқыс  қалдықтарының зиянды  және  зиянсыз  болатынын ажырату жолында көп еңбек  етті.                                     

Овал: ҚоқысМысалы:

 

 


Овал: Зиянсыз
(Пластмасса,қағаз т.б)
Овал: Зиянды
(Химиялық, биологиялық)

          Қоқыс- халықтың дамуына кесірін  тигізеді. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы.Қоқыс  қалдықтары  өзен- көлдерді , тіршілік  иесі  тыныс  алатын  ауаны т.б ластап жатқанынын ауызбен  айтып жеткізе  алмаспыз. Жер – ананы  қоқыстан  тазаламаса  қоқыстың  көбею жылдамдығын есепке алсақ,жер  беті  50 жылда  қоқыс  астында  қалады  деп  болжам  айтылуда.

Статистикалық  мәліметтерге  сүйенсек жылына бір  адам өндіретін қалдық – қоқыстар:

*60  сусын  ыдысы;

*40 шыны  бөтелкелер;

* 2 ағаштан  шығатын  қағаз;

*20 ыдыс;

*15 кг пластик;

     Біздің елімізде де полиэтилен қалташалар мен пластикалық құтылардың кесірінен қоқыс күн санап көбейіп отыр. Әсіресе, желмен ұшып кететін пластикалық қалталар тал-талдың, шөптердің басына ілініп, жалауланып, жалпылдап алыстан көзге түрпідей тиеді. Ауылдық жерлерде тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, көму мәселесімен айналысатын тұрақты құрылымдардың жоқтығы байқалады. Ол үшін қоқыс жинайтын алаңдар ашылса, адамдар қоқыстарын сонда келіп өткізер еді.

                                                    5

 

 Қоқыс қалдықтарының  пайдасы:

        Сондықтан барлық  елде қоқысты  қайта  өңдейтін  зауыттар  ашылуда.Қоқыс  полигонын  сатып  алып  жатқан  адамдар  да  бар.Олар  қоқыс  қалдықтарын  қайта  өңдеп, өзіне  де  халыққа  да  пайдасын  тигізуде.

Қағаз  қалдықтарын  қайта өңдегенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.   1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан  5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді.

             Кез- келген  үйден істен  шыққан  , керексіз  заттардың  табылуы  анық. Сол керексіз  заттарды далаға  лақтырмай , пайдаға  асырып көрдіңіз бе? Орайын  тапқан  адам күл-қоқыстың өзінен де өзге  бірдеңе жасап  шығаруға  болады.Ол  үшін  қиялға  қанат  бітіріп, ақылға  жүгінсеңіз болғаны. Сіз  жасап  шығарғаннәрсенің тұтынуға тиімді  болғаны абзал. Әрине  басқадан ерек, өзгеше бір нәрсе ойлап  табамын десеңіз  тіпті 

 керемет.Осы  орайда Эдуард Мартине, Джейн Перкинс  және Финч атты суретшілер  көмекке  келеді. Олар  бізге қажетсіз заттарды қалай  пайдалану  керектігін  көрсетеді.Баяғыда  бір  данышпан «Әлемді қоқысқа  толтырып  қайтесіз. Бұл  әлем онсыз да лас» деген  екен. Бұл  сөздер  біздің  ойымызға  дәл  келіп  тұрған  сияқты. Ендеше  керексіз  заттарды  «керек»  қылып  үйренейік!

 

 

 

                                                        

 

                                                     6

Төменде  керексіз  заттардан  жасалған  тамаша дүниелерге көз  жүгіртейік:

Рояльдан жасалған сөре

 

Ескі тырнауыштан жасалған стакан ілгішВеллосипед бөлшектерінен жасалған аспашам

 

                                                    

 

 

 

 

                                                     7

Ескі рояльдан жасалған субұрқақВелосипед – қол жуғыштың астына қойылған тіреуіш

 

Айна - ракеткаларШанышқы – көңілді ілгіштер

 

 

https://fsd.compedu.ru/html/2018/12/21/i_5c1c6a6b7cc90/img_phpITyfzn_oys_13.jpghttps://fsd.compedu.ru/html/2018/12/21/i_5c1c6a6b7cc90/img_phpITyfzn_oys_14.jpg

 

                                                          8

 

https://fsd.compedu.ru/html/2018/12/21/i_5c1c6a6b7cc90/img_phpITyfzn_oys_15.jpg

 

 

https://fsd.compedu.ru/html/2018/12/21/i_5c1c6a6b7cc90/img_phpITyfzn_oys_16.jpg

 

                                                    9

https://fsd.compedu.ru/html/2018/12/21/i_5c1c6a6b7cc90/img_phpITyfzn_oys_18.jpg

2.3.Менің  қалам – Риддердің экологиясы

    Ұлан – байтақ Қазақстанның бір бөлшегі – Риддер қаласы. Риддер қаласы Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. Қазіргі уақытта туған өлкенің экологиясы мені қатты аландатып отыр.Қаланың  қоқыс  тастайтын  контейнерлері көбінесе аузы – мұрнынан шығып қоқыс  сыймай  асып-төгіліп  жатады.  Табиғат аясына  барсаң  да  маңайға  шашылып  жатқан  қоқыстарды  көруге  болады. Сондықтан, ауданымның экологиялық жағдайы мәз емес. Және  аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Риддер қаласының халқы  58 057 адамды құрайды. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса ,онда 58 057  адам 1 жылда 1 294 497 532 792, 8 кг қоқысты қоқыс  полигонына апарады екен.

Риддер қаласының  2000-2020жж.арналған қоқыс полигонының сызбасы және қалдықтарды көму технологиясы көрсетілген. Әр 20 жыл сайын қоқыс полигонының  орнын ауыстырып өзімізді - өзіміз жұбатамыз. Риддер қаласындағы  қоқыстың   35% қағаз, кардон, 15% полимер, 5% резенке, тері, 10% текстиль болып табылады.

 

                                                    10

         Сауалнама  нәтижесі :

 Сыныптас  достарымнан қоқыс  туралы қаншалықты білетіндерін білгім келді.Ол үшін сынып  оқушыларынан қоқыс  туралы сауалнама алдым.

Қорытындысында:

*Гарбология терминінің мағынасын   оқушыларының 85%  нақты білмейді;

*Оқушылардың 48% қоқысты өңдейтін зауыт  барын  біледі;

*Балалардың 65 % арнайы қоқыс жәшігіне салады.

* 44 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтты;

* 45%  қоқыс  туралы  мәселе  қызықтырмайды.

*60 % қоқыстың  зиянын біледі;

* 35% қоқыстың пайдасын  біледі

  

Қызықты  ақпарат

* Қоқысқа тасталған жүздеген жұмыртқадан балапандар жарып шықты.

* Нұр Сұлтан қаласында қоқысқа байқаусызда 2,5 млн теңгенің әшекейі тасталды.

* Бангладеш Республикасының кеденшілері Даееа әуежайының қоқыс жәшіктен 10 құйма алтын тауып алды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 11

 

3.Қорытынды  бөлім

Зерттеу  нәтижесінде: Қоршаған  ортаны , Аялы ана-Жерімізді қоқыс  қалдықтарынан сақтау  әр  бір  адамның  қолында  екенін білдім.Табиғатты және  оның байлықтарын көздің қарашығындай қадірлеу- бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты екенін айтқым  келеді.Ата-бабамыздан  қалған ұлан –байтақ  жерімізді құрметтеу  керек  екенін  ұғындым. Осыған орай жұмыр жердің ризығын алып, ауасын жұтып отырып, оған қатыгездік жасау пенденің күнәһарлығы  екенін  айтқым  келеді. Қай уақытта да ғұмыр кешіп отырған ортамызды таза ұстау, Жер-Ананың жүрегін жараламау-бізге міндет екенін білдім. Сыныптас  достарыма да қоқыстың зияны  мен  пайдасы  туралы айтып, түсіндірдім. Олар  да  қоршаған  ортаны  таза ұстап,аялау  керектігін білді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей  баба­лардың қасиетті қағи­дасына адалдық танытып, жомарт дала­мызды күл-қоқыстан та­зар­тып, тынысын аша  түсуіміз қажет деп білдім. Келешекте осы тақырыпты әлде  де терең зерттей  беру керек деп  ой түйдім.  

  Ұсыныстарым:

*Қазіргі таңда  ауданымызда қолға алынған жұмыстардың бірі сәуір-мамыр айларында экологиялық-санитарлық тазалық айлығы жарияланып, үнемі осы  жұмысты  жүргізіп  отырсақ деймін;

* ”Жасыл ел”бағдарламасына сәйкес түп ағаштар отырғызылып  отырса, нұр  үстіне нұр  болар  еді;

* Сыныптарда  туған өлкенің экологиялық жағдайы туралы баяндамалар оқылып, тәрбие  сағаттары жүргізілсе; 

*   Қоқыс  қалдықтарын өңдейтін орындар көбірек ашылса;

*Қоқыстарды тастайтын контейнерлер әр  аулаға  жеткілікті қойылса;

*Қасиетті жерімізді  ұрпақтан-ұрпаққа мұра  етіп , көздің  қарашығындай  сақтап, аман-есен  жеткізсек деймін;

                                                           Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды,

                                                           бәрі орынды, бәрі шындық ал, адасу

                                                           мен жаңылысу тек қана адамда болады”   

                                                                                                                  Гёте

 

                                                    12

                      

Пайдаланған әдебиеттер.

 

1.“Атамекен” газеті 2015-2020 ж.ж.

2.Биология және салауаттану негізі № 4,5. 2017ж.

3.  Соқпақ Тропинка  ғылыми -әдістемелік журнал №1,2 2019ж.

4. Заң газеті №154. 21 қазан 2018жыл.

5. «Экология негіздері» журналы ю7,№9 2019ж

6.Интернет жүйесі

 

 

 

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

                                                         13

             Атқарылған  жұмыстардан  көріністер

                                Сауалнама

               

 

 

Кітапханамен  жұмыс

   

 

 

                       Ұстазымен  кеңесуде

 

 

 

 

 

 

                          Қалдық  заттарды  іске  жарату

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Мазмұны 1.Кіріспе --------------------------------------------------------------------------------- 1 2

Мазмұны 1.Кіріспе --------------------------------------------------------------------------------- 1 2

Аннотация «Қоқыс дерті- ғасыр қасіреті» жобасында оқушы қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы және онымен күресу жолдарын дерек көздері арқылы салыстырмалы түрде қарастырып,кең көлемде жұмыс жасай…

Аннотация «Қоқыс дерті- ғасыр қасіреті» жобасында оқушы қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы және онымен күресу жолдарын дерек көздері арқылы салыстырмалы түрде қарастырып,кең көлемде жұмыс жасай…

Кіріспе Бұл тақырыпты таңдау себебім : қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр

Кіріспе Бұл тақырыпты таңдау себебім : қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр

Негізгі бөлім ІІ.1.Қоқыс және оның түрлері

Негізгі бөлім ІІ.1.Қоқыс және оның түрлері

Алма қалдығы – 2 ай Апельсин қабығы – 6 ай

Алма қалдығы – 2 ай Апельсин қабығы – 6 ай

Бұл заттар жатқан күйі шіріп кетсе, әрине, түк емес қой

Бұл заттар жатқан күйі шіріп кетсе, әрине, түк емес қой

Мысалы: Қоқыс- халықтың дамуына кесірін тигізеді

Мысалы: Қоқыс- халықтың дамуына кесірін тигізеді

Сондықтан барлық елде қоқысты қайта өңдейтін зауыттар ашылуда

Сондықтан барлық елде қоқысты қайта өңдейтін зауыттар ашылуда

Төменде керексіз заттардан жасалған тамаша дүниелерге көз жүгіртейік: 7

Төменде керексіз заттардан жасалған тамаша дүниелерге көз жүгіртейік: 7

8

8

9

9

Менің қалам – Риддердің экологиясы Ұлан – байтақ Қазақстанның бір бөлшегі –

Менің қалам – Риддердің экологиясы Ұлан – байтақ Қазақстанның бір бөлшегі –

Сауалнама нәтижесі : Сыныптас достарымнан қоқыс туралы қаншалықты білетіндерін білгім келді

Сауалнама нәтижесі : Сыныптас достарымнан қоқыс туралы қаншалықты білетіндерін білгім келді

Зерттеу нәтижесінде: Қоршаған ортаны ,

Зерттеу нәтижесінде: Қоршаған ортаны ,

Пайдаланған әдебиеттер. 1.“Атамекен” газеті 2015-2020 ж

Пайдаланған әдебиеттер. 1.“Атамекен” газеті 2015-2020 ж

Атқарылған жұмыстардан көріністер

Атқарылған жұмыстардан көріністер

Кітапханамен жұмыс

Кітапханамен жұмыс

Ұстазымен кеңесуде

Ұстазымен кеңесуде

Қалдық заттарды іске жарату

Қалдық заттарды іске жарату

Қоқыс дерті- ғасыр дерті. Ғылыми жоба

Қоқыс дерті- ғасыр дерті. Ғылыми жоба
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.02.2023