9 cынып информатика пәні мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары пайдалануға болады. Қауіпсіз техникасы ережесі туралы сабақ жоспары. Күнтізбелік жоспар бойынша бірінші сабақ . Информатика пәні мұғалімдеріне сабаққа қолдануға өте ынғайлы барлығы толық түсінікті жазылған анық шрифпен 14 қолдануға рұқсат. жақсы материал
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
________________
Оқу
ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін
қайталау
операторы – REPEAT.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін
- REPEAT операторымен таныстырып, программа құруға
қайталау
дағдыландыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың паскаль программалау тілінде есеп
шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
Цикл дегеніміз не?
Қайталау операторларының қанша түрі бар?* WHILE қандай оператор?
Жаңа материалды түсіндіру
REPEAT қайталу операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы –
қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір
рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған
болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау
доғарылады.
Бұл оператор Repeat (оқылуы: рипит, қайталау болып аударылады) және
Until (оқылуы: антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін
пайдаланып орындалады.
№12 Р=1*2*3 … * N N ! факториалды табу программасын жаз.
Компьютермен жұмыс
Program fakt;
Var I , n , p: integer;
Begin
WriteLn ( ‘ n= ‘);
ReadLn (n) ;
I: = 1;
P:= 1;
Repeat
P:= p*1;
I:= i+1;
Until i>n;
Writeln (p:4);
End.
№13. у =3x+1 x €[1 ; 2 ], h =0,5 өрнегін WHILE, REPEAT
операторларын пайдаланып программа құр.
Program y-tabu;
Var x , y : real ;
BeginX:=-1;
Repeat
Y: = 3*x+1;
WriteLn (‘ y = ‘ , y);
X:=X+0,5;
Until x>2;
End.
№14. x €[1 ; 3 ] аралығында 0,2 қадаммен өзгергендегі y=
õ
1
1
õ
функциясының мәнін тап.
Program esep;
Var x, y: real;
Begin
X:=1;
repeat
y:= sqrt (x+1)-1/x ;
Writeln ( x:3, y:5);
x:=x+0.2;
until x>3
readln;
end.
Сабақты бекіту сұрақтары
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
Цикл дегеніміз не?
Қайталау операторларының қанша түрі бар?
REPEAT қандай оператор?
REPEAT операторының жалпы жазылу түрі қандай?Үйге тапсырма: REPEAT операторы.