Ашық сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары.
Ашық сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды күкірт және оның қосылыстарымен таныстыру.
2. Уақытты бағалауға, өз бетінше жұмыс істеп, қорытындылай білуге дағдыландыру.
3. Өзіне қажетті білімді өзі іздеп тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Интерактивті және кіріктірілген сабақ
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Әдістері: СТО технологиясы, Венн диаграммасы, Политілділік
Көрнекілігі: Суреттер, тест, Д.И.Менделеевтің кестесі, видео
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
«Шаттық шеңбер» Сабаққа қатысып тұрған оқушылар бір – біріне тілек айтады.
Топқа бөліну «Жігіттер», «Гүлдер» тобы.
2. Қызығушылықты ояту
Ерте заманнан бастап, үйді аластауға, түрлі жараларды емдеуге қолданылатын элемент?
Оқушылар ойланып, топпен талқылап жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Жаңа сабаққа көшпес бұрын үй жұмысын тексеріп алайық
3.Үй жұмысын тексеру
· Кластер дайындау
· Шығармашылық жұмыс
4.Жаңа сабақ
Химия мұғалімі:
Қарапайым күкірт – Қазақстан Республикасының экономикасы үшін үлкен мәні бар минералды шикізат, адамның тіршілік етуі және өсімдіктердің дамуы мен өсуі үшін айрықша маңызды инертті, уытты емес минерал. Осы химиялық элемент аз мөлшерде тіршілік иелерінің бәрінде, соның ішінде адам ағзасында да бар және жер қыртысының шамамен 0,05%-ын құрайды.
Бүгінде күкірт өндірісінде Қазақстан жетекші жабдықтаушылардың бірі болып табылады. 2009 жылда ТШО-дағы тауарлық күкірт сату көлемі 3,2миллион метрикалық тонна құрады, бұл осы уақытта өндірілген күкірт көлемінен 45%-ға көп. Кәсіпорында алдағы уақытта өнім өткізу көлемін елеулі арттыруға ықпал ететін күкірт түйіршіктейтін өнеркәсіптік жаңа қондырғылардың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Қазақстан қазір әлемдік нарықты жоғары сапалы күкіртпен қамтамасыз ететін жетекші жабдықтаушылардың бірінен саналады, ол өнеркәсіп өндірісі шығаратын 30 мыңнан астам өнім түріне соның ішінде бірінші кезекте фосфаты тыңайтқыштар өндіруге аса қажет бағалы шикізаттың иесі.
2006 жылдан бастап күні бүгінге дейін ТШО күкіртті төрт тауарлық түрде шығарып, оны әлемнің 30 еліндегі 119 сатып алушы компанияларға жеткізуде. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Украина, Қытай, Жерорта теңізі бассейні мен Орталық Азия өңірінің елдері бар. Күкірт нарығының жаһандық болжамына тоқталсақ, күкіртке деген сұранысты біз 2016 жылға дейін жыл сайын 4%-ға өседі.
Өздік жұмыс. (Анықтамалық дерек, оқулықты пайдалану)
Екі топқа тапсырмалар беріледі: Уақыт шектеулі.
1. Күкірт атомының құрылысы.
1.
Күкірттің химиялық таңбасы
2. Электрондық формуласы
3. Мүмкін болатын валенттілігі.
Валенттілігі Атом құрылысы
4. Мүмкін болатын тотығу дәрежесі.
2. Күкірттің физикалық қасиеті.
5.
Күкірттің _______________________ түрлі аллотропиялық
____________________ болады. Олар ________________________ күкірт,
____________________ күкірт.
6. Мына физикалық қасиеттердің қайсысы күкіртке
тән?
Жылу өткізеді
Суда ериді
Кристалды зат
Ағылшын мұғалімі:
Күкірттің табиғатта кездесуі туралы баяндайды.
Natural collides. Табиғатта таралуы.
Minerals in the composition of which is sulfur.
Kazakhstan center, South Kazakhstan and Eastern district of common. Produce oil gas as part of the merger of sulfur Atyrau Aktau and Aktobe.
Аудармасы: Құрамында күкірті бар кен орындары Қазақстанның Орталық, Оңтүстік және Шығыс аудандарында көптеп кездеседі. Атырау, Ақтау және Ақтөбе жерінде өндірілетін мұнай мен газдың құрамында күкіртті қосылыстар мол болады.
Химия мұғалімі:
Күкірттің табиғаттағы биохимиялық айналымы туралы айтады.
Күкірт маңызды биогендік элемент болғандықтан, барлық тірі ағзаларда үнемі болады. Өсімдіктер құрамындағы күкірт 0,3 - 1,2 % болса, жануарларда 0,5 - 2 % құрайды.Күкірт белоктардың құрамдас бөлігі болғандықтан , тірі ағзалар үшін қажетті элементке жатады. Белоктардың құрамында масса бойынша 0,8 – 2,4% химиялық байланысқан күкірт бар.
Адам ағзасында (дененің орташа салмағы 70 кг) 140 грамм күкірт бар.
Өздік жұмыс. (Анықтамалық дерек, оқулықты пайдалану)
Екі топқа тапсырмалар беріледі: Уақыт шектеулі.
1.SО2 алынуы мен физикалық, химиялық қасиеті.
2. SО3 алынуы мен физикалық, химиялық қасиеті.
Ағылшын мұғалімі:
Күкірт және оның қосылыстарының қолданылуы.
Use of sulfur and its compound. (Қолданылуы)
Sulfur is used in many places. Widely used in the manufacture of bullet weapons hunter, rubber vulcanization, rubber, match paint production fight against insects. Sulfur used in medicine for skin diseases. In the industrial production of sulfur, use half of the nitric acid (H₂SO₄) Yellow sulfur powder used against insects.
Sulfur oxide used of silk, and bleaching straw cereals.
Discolors many organic dyes. Liquid sulfur dioxide is used in refined.
Sulfur dioxide kills microorganisms. On this vegetables and fruit smokes in warehouse storage and protects against insects.
Of hydrogen sulfur has healing properties sometimes water hydrogen sulfur cure rheumatism . Many sulfides nice on the obtained colored point.
For example; Mercury (II) suifides HgS pink color, Cadmium sulfides Cd S pale yellow color. Sadium sulfides used in tanning in leather.
Аудармасы: Күкірт көп жерлерде қолданылады.Аңшы мылтығының оқ дәрісін жасауда, көксағызды вулканизациялағанда, резеңке, сіріңке, бояу өңдірісінде қолданылады. Медицинада тері ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Сары күкірт ұнтағы өсімдік зиянкестерімен күресу үшін пайдаланылады.
Күкірт (ІV) оксиді жүнді, жібекті және дақылдардан алынатын сабанды ағартуға пайдаланылады. Күкіртсутектің емдік қасиеті де бар. Кейбір күкіртсутекті арасан суларымен ревматизм сырқатын емдейді. Натрий сульфиді тері илеуге пайдаланылады.
5.Бекіту
1.
Мына айналымды жүзеге
асырыңыз:
1 топ. S → SО2 → Н2SО3→ Na2SО3
→ SО3
2 топ. S → Н2S → SО2 → SО3
→ Н2SО4
Оқушыларға PISA тапсырмалары беріледі
1. Тақырыбы: Күкірттің биохимиялық айналымы
Күкірт- тірі организмге қажет нәруыздың құрамына кіреді.Шаштағы кератинде,құстардың қауырсынындажәне жануарлардың жүнінде көп болады.Бос күйіндегі күкірт өмірі үшін қауіпті емес, дегенмен аз мөлшерінің ішті жүргізетін әсері бар.
Сұрақ 1:Осы қасиетіне сәйкес күкірт қосқан майды қандай тері ауруларын емдеуге қолданады?
------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------
Сұрақ 2: Адам шектен тыс тамақты ішкенде іші кеуіп газ бөлінеді.Ол қандай газ?Себебін түсіндір.
2. Сұрақ 1: Концентрациялы күкірт қышқылына батырылған ағаш қараяды- көмірге айналады.Қантқа және көміртегі,сутегі, оттегінен құралған кейбір органикалық заттарға конценрациялы күкірт қышқылы әсер еткенде,оларда көмірге айналады. Көмірге қалай айналады? Мысал келтіріп, түсіндіріңіз
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Толық жауабы:Күкірт қышқылы мұндай заттардан су түрінде сутегі мен оттегін ажыратып алады,ал көміртегі көмір түрінде босайды.
Сұрақ 2:Күкірт қышқылына тән емес қасиетті көрсет.
А) суды сіңіргіш
В) тері илеу
С) газдарды құрғату
Д) тамақ өнеркәсібінде
Жауабы: Д) тамақ өнеркәсібінде
3. Сұрақ : Балама тест
Күкірт қышқылымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін көрсет?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз.
Күкірт қышқылымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін көрсет? |
Ия/Жоқ |
1. Стакандағы суға қышқыл құйып сұйылту |
|
2. Қышқылға су құю арқылы сұйылту |
|
3.Астына құм салған ыдыс қою |
|
4. Дәмін көруге болады. |
|
6.Қорытынды
Оқушы: Күкірт – дерт
Күкірт – дәру
Мұғалім: Күкірт – бөлме температурасында морт сынатын, сары түсті, иіссіз, дәмсіз қатты зат.
Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Күкірт оқ - дәрі, көксағыздан резеңке алуға және күкірт қышқылын өндіруге көп мөлшерде жұмсалады. Сонымен қатар ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы препараттар, сіріңке және әртүрлі бояулар өндірісінде де қолданылады. Медицинада түрлі тері ауруларын емдеу үшін күкірт қосылыстары пайдаланылады.
Күкірт (IV) және (VI) оксидтері - қышқылдық оксидтер. Олар сумен әрекеттесіп күкіртті және күкірт қышқылдарын түзеді. Күкіртті газ - ауаны ластайтын улы газ. Ол аз мөлшерде ауаға тарағанның өзінде адамдар мен жан жануарлардың тыныс алу жолдары тітіркенеді, аллергиялық реакция байқалады. Күкірт диоксиді қағаз, сабан және матаны ағарту, қоймаларды зарарсыздандыру үшін қолданылады.
7. Рефлексия:
Сабақта маған ұнады:..................................................................................................
Қиын болды:..................................................................................................................
Тілегім:...........................................................................................................................
8. Бағалау:
Оқушы:
Бағалау парағымен өздерін бағалайды.
Мұғалім:
Формативті бағалау арқылы жиынтық баға қойылады. Критерийлер арқылы бағаланады
Бағалау критерийлері
1. Күкірт және оның қосылыстары тақырыбын меңгеру деңгейін анықтау
2. Өмірмен байланыстыра отырып, нақты мысалдар келтіре алуы
3. Өз ойын еркін жеткізуі
4. Күтілетін нәтижеге оқыту нәтижесінің сәйкестігі
5. Логикалық тапсырмалардың дұрыс шешімін табуы
6. Ағылшын тілінің сауаттылық деңгейі
Ортақ баға шығарылады.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.