Пән:Қазақ тілі
Оценка 5

Пән:Қазақ тілі

Оценка 5
Разработки уроков
docx
русский язык
2 кл
16.11.2018
Пән:Қазақ тілі
Тақрыбы: Жұрнақ пен жалғау. Мақсаты: 1. Жұрнақ пен жалғауды пысықтау, түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да бірге жалғана беретінін түсіндіру; Оқушының таным мүмкіндігін анықтау. Пікір алысу стратегиясын пайдаланып, оқушыларды өздік Жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ. Қолданылатын стратегиялар: « Ой шақыру », « Венн диаграммасы ». Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2 сынып сабақ.docx
Пән:Қазақ тілі        Сынып:2  Тақрыбы:  Жұрнақ  пен  жалғау. Мақсаты:  1.  Жұрнақ  пен  жалғауды  пысықтау,  түбір  сөзге  жұрнақ та,                        жалғау  да  бірге  жалғана  беретінін  түсіндіру; Оқушының  таным  мүмкіндігін  анықтау. Пікір  алысу  стратегиясын  пайдаланып,  оқушыларды  өздік Жұмыс  істеуге,  ізденуге  үйрету. Сабақтың  түрі:  Дамытушылық  сабақ. Қолданылатын  стратегиялар: « Ой  шақыру »,  « Венн  диаграммасы ». Сабақтың  барысы: 1.  Ұйымдастыру.                                         Сәлеметсіздерме  балалар!                                         Көңіл күйлеріңіз  қалай?  Ал  енді  сабағымызды                                          Бастамас бұрын үй тапсырмасын  тексеріп алайық. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге не берілді?  Дайынсыңдар ма? Кәнеки  кім  бірінші  бастайды? Жаңа  сабақ. Ал  енді  сабағымызды  бастаймыз! Бүгінгі сабағымыз Жұрнақ пен жалғау. 1.  Қызығушылықты  ояту.      « Пікір  алсыу »  стратегиясы  бойынша  сұрақ  беру: Балалар, қай мезгіл? – Қыс. Қыста ауа – райы  қалай  болады? Суық. Қыстың күні аяғымызға не киеміз? Етік. « Етік » сөзін  тақтаға  ілу. Етігімізді  жөндегені үшін  кімге рахмет айтамыз? – Етікшіге. Етікшіге    сөзі   ілінеді. 2.  Мағынаны  ашу: ­ Енді  осы  сөздердің  жасалу  жолына  назар  аударып, қандай  қорытынды  шығаруға  болады?  Түбір  сөзге  жұрнақ  та,  жалғау да  жалғана  береді. Жұрнақ  бұрын, жалғау  жұрнақтан  соң  жалғанады.         Оқулықпен  жұмыс. 276 – жаттығу  ауызша  орындалады.  Сөздің  түбірі  мен  жалғауын  ажырату.                      Мүсіншілер...                      Жұмысшылар...                      Малшы... Сергіту  сәті:   Ұзын  мұртты құмырсқа                           Бара жатты жұмысқа                           Допты алды қолына                           Допты қойды жолына                          Оңға қарады, солға қарады Үлкен тау ма деп ойлады. 3.  Оқулықтағы  мақалды  екі  рет  оқытып, содан соң кітапты  жаптырып жатқа   жаздырту.                          Өнерлінің  қолы  алтын                           Өлеңшінің  сөзі  алтын. Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгімен белгілеу. 278 – жаттығуда  берілген « Заводта » мәтінімен «INSERT»  жүйесі бойынша жұмыс істеу.         V – білемін. ­ ­ білмеймін + ­ жаңалық. ? – мені  қызықтырады,  тереңірек білгім келеді. Қосымша жалғанған сөздерді көшіріп жазып, жұрнақ пен жаалғауды ажырату. 4. Бекіту. « Венн  диаграммсы »  арқылы  оқушылар  сөздер  тауып  жазады. Жұрнақ арқылы жасалған сөздер Жұрнақ + жалғау Жалғау арқылы жасалған сөздер 5.  Үй  тапсырмасын  түсіндіру. Қорытындылау.  Сонымен бүгінгі  сабақ  түсінікті ме? Жұрнақ жалғау тақырыбы  бойынша сұрақтарың бар ма?

Пән:Қазақ тілі

Пән:Қазақ тілі

Пән:Қазақ тілі

Пән:Қазақ тілі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.11.2018