Полатбек Жанбаев
Оценка 4.7

Полатбек Жанбаев

Оценка 4.7
Научно-исследовательская работа
doc
искусство +1
Взрослым
19.10.2019
Полатбек Жанбаев
Публикация является частью публикации:
ПЕРВАЯ ЧАСТЬ НАУЧКИ пОЛАТБЕК.doc

         

               Ғылыми-зерттеу жұмысы

 


                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

Полатбек Жанбаев -

жаңа ғасырдың ірі тұлғасы

 

 

Орындаған:

Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназияның

8«Б»сынып  оқушысы: Канафин Мадияр

Бағыты: әдебиет

Секциясы: әдебиет

Ғылыми-жетекшісі: Арыстанбекова

Ботагоз Газизқызы

 

 

 

                   Степногорск ,2015

Ақмола облысы

Степногорск қаласы

Л.Н.Толстой атындағы №4

мектеп-гимназия

 

 

 

Полатбек Жанбаев-

жаңа ғасырдың ірі тұлғасы

 

Орындаған:8«Б»сынып  оқушысы

                              Канафин Мадияр

Бағыты: әдебиет

Секция: әдебиет

Ғылыми-жетекшісі:

Арыстанбекова Ботагоз Газизқызы

 

 

                          

        

 

 

 

            

 

 

              

                    Степногорск,   2015

 

                               Аннотация

Зерттеу       тақырыбы:  Полатбек  Жанбаев - жаңа ғасырдың ірі тұлғасы.

Зерттеу  мақсаты:  Полатбек Жанбаевтың   өмірбаяның,  және шығармашылық  жолын зерттеу . Полатбек Жанбаев қазақ әдебиетіндегі  заманауи  ірі тұлғасы екенің дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері:

-Керекті ақпараттарды оқып және Полатбек  Жанбаевпен кездесу барысында өмірбаянымен, қызметтік жолымен таңысу.

-Өлеңдер топтамасымен таңысу.

Зерттеу болжамы:

Полатбек Жаңбаев қазақ ақыны, жыршы, жазушы, қоғам қайраткері жаңа ғасырдың ірі тұлғасы.

Зерттеу  жұмысының жоспары:

-зерттеу  жұмысының тақырыбын, мақсатын, міндетін анықтау.

- зерттеу болжамын шығару.

-зерттеудің әдіс-тәсілдерін таңдау.

 Зерттеудің әдісі - тәсілдері:

1. Теориялық материалды жинақтау;

2. Тақырып бойынша материалдарды іріктеу;

3. Полатбек Жанбаевпен  кездесу;

4. Ақпарат  көздерінен мәлімет алу;

5. Керекті  кездесулер өткізу;

6. Зерттеу жұмыстарын өткізіп, бақылау шешімдерін жинау;

7. Сауалнама жұмыстарын өткізу.

8. Қиындық туғызатын сұрақтарды анықтау.

Зерттеу кезеңдері:

1.Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсатын, гипотезасын                                айқындау,  зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгерту

2.Теориялық кезеңі: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми 

   әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау;

3.Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды мен  

    ұсыныстарды дайындау , ғылыми жобаны қорғау:

 Жұмыстың нәтижесі мен қортындысы: Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатының орындалуы, гипотезаның  дәлелденуі.

Зерттеу  тәжірибелік базасы: Ақмола облысы Степногорск қаласы, Л.Н. Толстой атындағы №4  мектеп-гимназиясы  8 сынып.

 

                                  

 

 

                                                Аннотация

Тема:  Полатбек  Жанбаев – яркая  личность современного мира.

Цель исследования: Исследовать жизнь и творчество Полатбека Жанбаевича. Доказать, что Полатбек Жанбаев один из видных деятелей соременной литературы.

Задачи:

-Прочитать нужную литературу. Организовать встречу с Полатбеком Жанбаевичем на тему: «Автобиография и творчество»

-Знакомство с творчеством Полатбека Жанбаевича

Гипотеза:

Возможно, что Полатбек Жанбаев является казахским акыном, журналистом, а так же яркой личностью  своего времени.

План работы :

-определить тему,  цели и задачи.

- выдвинуть гипотезу.

-выбрать методы исследования.

Методы:

1. Собрать теоритическую базу;

2. Выбрать необходимую информацию;

3. Встреча с Полатбеком Жанбаевичем;

4. Прочитать  нужную литературу;

5. Организовать необходимую встречу;

6. Провести полную исследовательскую работу, сделать заключение;

7. Провести анкетирование.

8. Выявить проблемные вопросы.

 Направления:

1.Подготовительный этап: определить тему проекта, цель, гипотезу, методы исследования.

 2.Исследовательская работа: изучить необходимую литературу, собрать дополнительную информацию.

3.Заключение: использовать нужную информацию, вывести заключение, защита проекта.

Выводы и решения: Достигнув цели, подтвердить гипотезу данной темы. Исследовательская база: Ақмолинская область; Г. Степногорск, 8 класс ШГ№4 имени Л.Н. Толстого.

 

                                  

 

 

 

 

 

 

                                                   ANNOTATION
Theme: 
Polatbek Zhanbaev is bright personality of themodern world.
Research aim: to Investigate life and work of 
Polatbek Zhanbaev. To prove that  Polatbek Zhanbaev one ofvisible figures of  modern,  literature. 
Tasks:
 read a necessary literature. To organize meeting with Polatbek Zhanbaev  on a theme: "Autobiographyand work"

-
acquaintance with work of   Polatbek Zhanbaev
Hypothesis:
It is possible that 
 Polatbek Zhanbaev is Kazakh the poet,journalist, 

and similarly  by bright personality of the time.
Plan of work :
- determine theme, aims and tasks.
- to suggest a hypothesis.
-select methods of research.
Methods:
1. To collect a  theoretically base;
2. To choose necessary information;
3. Meeting with Polatbek Zhanbaev ;
4. To read necessary literature;
5. To organize the necessary meeting; 
6. To conduct complete research work, conclude; 
7. To conduct a questionnaire.
8. To educe problem questions.
Directions: 
1.Preparatory stage: to define the theme of project, aim,

2.Research work: to study necessary literature, collectadditional information.
3.Conclusion: to use necessary information, show outconclusion, defence 

of project.
Conclusions and decisions : Achieving objective, to confirmthe hypothesis of this theme. Research base:Akmolaarea; 
Stepnogorsk, 8 class of school -gimnaziya №4 names Л.Н. Tolstoy.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

Мазмұны

Кіріспе ....................................................................................................................3

І. Полатбек Жанбаевтың өмірі

1.1 Өмірбаяны..........................................................................................................5

1.2 Ата тегіңді   ұмытпа..........................................................................................7

ІІ.  Полатбек Жанбаевтың шығармалары туралы

2.1 « Жыр-жаңбыр» жинағы  туралы....................................................................8

2.2 Лирика түрлері ..................................................................................................9

III.  Полатбек  Жанбаев  жаңа  ғасырдың ірі тұлғасы

3.1 Сауалнама.......................................................................................................13

3.2 Полатбек Жанбаев ақын, жыршы.............................................................13

3.3 Полатбек Жанбаев   журналист..................................................................14

3.4 Полатбек Жанбаев   философ.....................................................................14

3.5 Полатбек Жанбаев  редактор......................................................................18

3.6 Полатбек Жанбаев публицист....................................................................19

3.7 Полатбек Жанбаевтың сүйікті музыкалық аспабы..............................19

Қорытыңды..........................................................................................................21

Қолданылған  әдебиеттер...................................................................................23

Қосымша...............................................................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Менің   таңдап  алған тақырыбым: «Полатбек Жанбаев».

Мақсатым: Полатбек Жанбаев қазақ әдебиетіндегі  заманауи ірі тұлғасы екенің дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері:

-Керекті ақпараттарды оқып және Полатбек  Жанбаевпен кездесу барысында өмірбаянымен, қызметтік жолымен таңысу.

-өлеңдер топтамасымен таңысу.

Зерттеу  тәжірибелік базасы:

 Жанбаев Полатбек Тыллабайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан Республикасы Бұхара облысы Тамды ауданында дүниеге келген. Анасының аты Патшагүл Нұрпейісқызы. Шаруа жанұясында туылған ол 1970-1978 жылдары Тамды ауданындағы Юрий Гагарин атындағы 8-жылдық мектеп-интернатта тәрбиеленген. 1978-1980 жылдары Жабай Балиманов атындағы орта мектепте білім алған. 1980-1982 жылдары Мәскеу қаласында Отан алдындағы әскери борышын өтеген. 1983-1985 жылдар аралығында Тамды ауданындағы «Керегетау» совхозында қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарған. Түйе баққан. 1985 жылдан бастап, яғни 23 жасынан журналистика саласына бет бұрған. 1985-2005 жылдар аралығында 20 жыл бойы Тамды ауданындағы «Тамды шаруагері» газетінде тілші, жауапты хатшы және редактордың міндетін атқарушы лауазымдарында қалам тербеген. Сонымен бірге Полатбек Тыллабайұлы Ташкент қаласынан шығатын қазақ тіліндегі республикалық «Нұрлы жол» газетінде де қосымша еңбек еткен. Өзбекстанда 1 миллиондай қандастарымыз тұрады десек, «Нұрлы жол» газеті олардың нағыз айнасы болды. Полатбек осы газеттің көркемдігінің артуына, оқырмандарының толысуына бір адамдай өзінің үлесін молынан қосты.1980 жылдан бері өлең, жырлар жазады. Оның өлеңдері Алматыдан шығатын

«Балдырған», «Парасат», «Арай» және «Ара» журналдарында, сондай-ақ «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», «Азия» газеттерінде үнемі жарияланып

 келді. 2001 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ташкент қаласында өткізген халықаралық журналистер байқауында 3-орынға ие болды. Ол шығармашылық жолынан қол үзбестен Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік Әл-Фараби атындағы Университетінің журналистика факультетінде білім алды. 1987-1993 жылдары оқыған.

Өзбекстандағы Науайы облысы әкімінің, облыстық баспасөз басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2005 жылы атажұртқа оралғалы да Полатбектің абыройы асқақтады. Степногорск қаласына қоныс тепті. Ақмола облыстық тілддерді дамыту басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

3

 

Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск  ақшамы» газетінің  редакторы Полатбек Жанбаевтың  өлеңдер жинағы қалың оқырманға арналған.Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында жарық көрген «Жыр жаңбыр» жинағы жыр сүйер қауымның көңілінен шыққан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  4

 

І.Өмірбаяны

1.1 Өмірбаяны туралы.

Жанбаев Полатбек Тыллабайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан Республикасы Бұхара облысы Тамды ауданында дүниеге келген.Әкесі  Тыллабай Жанбайұлы  (сурет №1.1).Анасының аты Патшагүл Нұрпейісқызы

(сурет №1.2,1.3). Шаруа жанұясында туылған ол 1970-1978 жылдары Тамды ауданындағы Юрий Гагарин атындағы 8-жылдық мектеп-интернатта тәрбиеленген. 1978-1980 жылдары Жабай Балиманов атындағы орта мектепте білім алған. 1980-1982 жылдары Мәскеу қаласында Отан алдындағы әскери борышын өтеген. 1983-1985 жылдар аралығында Тамды ауданындағы «Керегетау» совхозында қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарған. Түйе баққан. 1985 жылдан бастап, яғни 23 жасынан журналистика саласына бет бұрған. 1985-2005 жылдар аралығында 20 жыл бойы Тамды ауданындағы «Тамды шаруагері» газетінде тілші, жауапты хатшы және редактордың міндетін атқарушы лауазымдарында қалам тербеген. Сонымен бірге Полатбек Тыллабайұлы Ташкент қаласынан шығатын қазақ тіліндегі республикалық «Нұрлы жол» газетінде де қосымша еңбек еткен. Өзбекстанда 1 миллиондай қандастарымыз тұрады десек, «Нұрлы жол» газеті олардың нағыз айнасы болды. Полатбек осы газеттің көркемдігінің артуына, оқырмандарының толысуына бір адамдай өзінің үлесін молынан қосты.1980 жылдан бері өлең, жырлар жазады. Оның өлеңдері Алматыдан шығатын «Балдырған», «Парасат», «Арай» және «Ара» журналдарында, сондай-ақ «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», «Азия» газеттерінде үнемі жарияланып келді. 2001 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ташкент қаласында өткізген халықаралық журналистер байқауында 3-орынға ие болды. Ол шығармашылық жолынан қол үзбестен Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік Әл-Фараби атындағы Университетінің журналистика факультетінде білім

алды. 1987-1993 жылдары оқыған.Өзбекстандағы Науайы облысы әкімінің, облыстық баспасөз басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2005 жылы атажұртқа оралғалы да Полатбектің абыройы асқақтады. Степногорск қаласына қоныс тепті. Ақмола облыстық тілддерді дамыту басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Степногорск қаласы әкімінің  Құрмет грамотасына қол жеткізді. Ақмола облысы әкімінің «Алтын қалам» жүлдесін жеңіп алды (сурет№1.8). «Өлмейді адам өмірде» деген жыр жинағы, 2-сынып оқушыларының оқулығында өлеңі жарық көрді. Бірнеше кітаптарда оның өлеңдері бар. 2010 жылдан бері «Степногорск ақшамы» газетінде редактор болып қызмет атқарады ( сурет№ 1.9,1.10). Оның жетістіктері көп.

 

 

5

 

Кеше ғана Ақмола облыстық ақындар мүшәйрасында аймақ бойынша жүлдеді 1-орынды жеңіп алып, үлкен марапатқа ие болды. Бұл ағаның ел тәуелсіздігінің 20-жылдығына жасаған сыйы болды. Өлең жинақтары жарық көрген. Жақын күндерде Алматы қаласындағы баспалардың бірінен өлеңдері кітап болып басылып шықты. Сол сияқты ақын ағамыз ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы құрметіне «Жыр-жаңбыр» атты өлеңдер жинағын шығарды. Осы кітап пен оның электронды нұсқасы біздің қалалық кітапханамызда бар.

Жанұялы, жұбайы Қалдыгүл Көшекқызы (сурет№1.4,1.5,1.6,1.7.). Ұлы Манас Тыллабаев Степногорск қалалық Ішкі істер басқармасында тергеуші. Қызы Қарашаш Тыллабаева қалалық әкімдікте маман. Кіші ұлы Нұрсұлтан Тыллабаев әскер қатарында қызмет етіп жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

1.2 Ата тегіңді   ұмытпа

Алаш

Қазақ, Созақ  (Қарақалпақ).

Ұлы жүз( Ақарыс),  орта жүз (Жанарыс),  кіші жүз(Бекарыс)

Кіші   жүзден: Арғымақ, Алау.

Алаудан: Алшын.

Алшыннан: Қыдуар.

Қыдуардан: Қыдырқожа жәнеҚадырқожа.

Қадырқожадан: Байсары,Шөмен,Әлім.

Шөменнен:Шөмекей,Дөйт.

Шөмекейден:Тоқа,Көнек,Аспан,Бозғыл.

Тоқадан:Бескем,Қармыс,Есқара.

Бескемнен:Бәтікей.

Бәтікейден:Досқұл.

Досқұлдан:Амалдық.

Амалдықтан: Аралбай.

Аралбайдан:Асан.

Асаннан:Сүйінбай.

Сүйінбайдан:Әбдір.

ӘбдірденЖанбай,Олжабай.

Жанбайдан:Тіллабай,Жадыракүл,Маржанкүл,Бақтылы.

Тіллабайдан:Шойынбек,Өмірбек,Алмагүл,Балғабай,Балтабай,

                     Полатбек.

Полатбектен: Манас,Қарашаш,Нұрсұлтан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

              ІІ.  Полатбек Жанбаевтың шығармалары туралы

 

2.1 Жыр-жаңбыр жинағы туралы

«Жыр-жаңбыр» жинағы  09. 08.2011  жылы  теруге  жіберілген.Басуға 05.11.2011 жылы қойылды. Пішімі А4  өлшемді   қағаз. Таралымы 200 дана.Тапсырыс №171. Полиграфия салонында басылды. «Тоқа Дөйт» компьютерлк баспа орталығы.2012  жылы Степногорск  қаласында  жарық көрді.Ақмола облыстық Ардагерлер Кеңесінің мүшесі, Степногорск қаласындағы «Қазақ  тілі» қоғамының төрағасы Сағиев   Тоқтамыс «Жыр- жинағы» туралы кіріспе сөзіндегі  Полатбек Жанбаевқа арналған өз лебізін  қосқан. Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск  ақшамы» газетінің  редакторы Полатбек Жанбаевтың бұл  өлеңдер жинағы қалың оқырманға арналған. Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында жарық көрген шығарма жыр сүйер қауымның көңілінен шыққан. Жыр-жаңбыр»  атты  Полатбек Жанбаевтың  жинағы сегіз  тараудан тұрады. «Отан сүйгіштік-ұлы сезім», «Лирика және махаббат», «Ана тілің – арың бұл», «Жыр   маржаны», «Өрілген өлең өрнектері», «Алтыншы асыл жырларым», «Арнау  өлеңдер   тобы», «Балладалы поэмалар» деген  тараулардан құрылған. Полатбек Жанбаевтың «Жыр-жаңбыр» жинағындағы поэзиясы сан қырлы.Ақын адал еңбек, пәк  махаббат, биік адамгершілік,Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге деген сүйіспеншілікті жырларына арқау еткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         8

2.2 Лирика түрлері

 «Отан сүйгіштік-ұлы сезім» атты  лирикасы. Полатбек  Жанбаевтың  өлеңдерін түрлі бағыттардан қарауға болады деп ойлаймын. Негізге «Жыр  -жаңбыр» өлеңдер топтамасын алып, бір неше лирикаға бөліп көрдім.Біріншісі: «Отан сүйгіштік-ұлы сезім» атты  лирикасы. Мұнда ақын өзінің нағыз патриоттық сезімін ортаға салады. Қазақстан Республикасының  алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнайы шығарған  «Елбасым!» атты өлеңі бар.Туған елінің тәуелсіздігіне қол жеткізіп отырған  халықпен бірге қуаныш сезімін «Тәуелсіздікке -20 жыл» атты өлеңі жарық көрген. Туған жеріне деген ыстық сезімін «Туған жерім-тамдым!», «Қазақ  елі», «Отан жайлы ода», «Қазақстан   даласы», «Қазақстан жалауы», «Елтаңбам»,  «Әнұраным»,«Ұлы мақсат», «Егеменді елдемін» , «Өзіне келдім, Астанам!»,  «Ынтымақ жыры»,  «Қазақ жері»,  «Елімдемін»,  «Арқа елімнің мақтаны!» және т.б. өлеңдері.

«Махаббат » лирикасы. Мұнда ақын жұбайына, туған туысқандарына  деген бар жылы, ақ сезімін білдіріп көрсеткен.Оған: «Жан жарым», «Сені сүйдім», «Көрші қыз», «Алтыншаш», «Айым қыз» деген өлеңдері жатады.

«Табиғат »лирикасы.  Полатбек  Жанбаев табиғатты жалаң алып суреттемей, оны адам, қоғам тіршілігімен тығыз байланыстыра отырып бейнелеуді  шығармашылық мақсат еткен.Оның өлеңдері: «Көкшетау табиғаты», «Қар жауды», «Мақта  қар»,  «Бұлтты  аспан»,  «Орманға келгенде», «Қыс аязы»,  «Қарлы дала, арлы дала»,  «Қысқы аспан»,  «Ұйқыдағы  ағаштар», «Жаз келді жадырап», «Наурыз келді», «Ақ көлім- бақ көлім»,  «Мәуліт түн», «Көктем келді», «Күн жылыды», «Бұлбұл», «Бөлмедегі ағаш», «Жазғы ауыл», «Бұлттар»,  «Жауынды күні», «Жұлдыздар»,  «Қарашаның аязы», «Сәуір келді», «Жаңбыр жауды», «Жаңбыр».

«Қазақ  тілге  деген  сезім» лирикасы. Полатбек Жанбаев  қазіргі заманымыздың  тіл мәселесін қозғауда. Көптеген қазақ адамдардың  өз тілің білмейді, орыстанып кеткені жайлы ішкі мұнды жар салады. Оған :«Ана тілім», «Орыс боп кеткен қазақ», «Қазақтың тілі» өлеңдері  дәлел.

«Философия » лирикасы. Полатбек Жанбаевтың   өлеңдері өмірдің мәніне, ішкі адамның сезіміне де бағытталған.Оған: «Кішірейгім келмейді», «Кім мені  түсінеді?», «Көңілім қалды», «Менің жаным», «Дауылды шабыт»,

«Есейдім бе?», «Жыр салмағы», «Сапардамын», «Қатардамын», «Жақсылық жасау ғанибет», «Арман жол», «Қыс мінезі», «Болдашағым», «Шақырады күндерім», «Сағатым», «Ақындар жолы», «Шабыт қысқанда», «Арманға аттану», «Атом ғасыр», «Барлық адам ақын болса», «Өкінбеймін   өміріме»,

«Алаулаймын», «Не бердім», «Базарлы шақ», «Жүрегім», «Жоғалмасын жырларым», «Бақыттымыз», «Артта қалмандар»,  «Құмдар қайда?», «Қаймықпан», «Қайран   өмір»,  «Не істейін?», «Әнім қайда?», «Пейілдену»,

«Қырық бес», «Заманым», «Тау болып кетсе», «Мені ұмытып кетпендер»,

 

9

«Жанымның жазы», «Гүлдеймін», «Өмір деген домбыра»,  «Жаңа күн», «Мұнар күн», «Күндер кетіп барады»,  «Менсіз әлем не болар?», «Өмірім менің өмірім!», «Қайта түледім», «Жаңа тынысым ашылды», «Тағы бір күн кетіп барады», «Бағамды кім береді?», «Алысу», «Кедергі келтірмендер!», «Таңғы шабыт»,  «Кім маған   қол созады?», «Мен сендердің бауырыңмын»,

«Өмірді бағалайық», «Кітабым неге шықпады», «Алысты неге көрмедім?» деген өлеңдері жатады.

«Арнау»  лирикасы. Полатбек Жанбаев: «Кімге қандай жыр арнауға болады немесе болмайды? Осы сауал мені мазалады.  Арнау өлеңдер де аз емес еді. Оның бәрі топтамаға сыймайды. Мен тек жақындарымды  бетке алып кетпедім, кім маған  осы жинақ  үшін  қол береді, көбінесе соларды  көрсетуге тырыстым»Одан басқа өнер, мәдениет, әдебиет өрендері  аз болмайтын. Ел тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында жарық көретін

осынау аздаған жиған-тергенім қолдарыңызға тисе,менің басты көздеген мақсатыма еріскенім.Әрбіріңіздің отбасыңызда той болсын, Алла жаманшылықтан аулақ етсін!»- деп  арнау өлеңдері алдындағы алғы сөзі.

Полатбек Жанбаевтың «Арнау»өлеңдері: «Балаларыма»,  «Бауырларыма», «Туыстарға», «Степногорлық туыстар», «Туған күнмен!», «Шөкеңнің 60-жасына»,  «Жеңешемнің -55 жасына», «Інім Қуаныш пен келінім Жаңылайға!»,  «Тоқтамыс Серәліұлына!», «Нұркен менен пернешке!», «Қанат Шайханұлының 60 жасына»,  «Ұлы күн ғой Маруся тәте туған күн!»,

«Ақылшысы ана менен баланың»,  «Биік еді Көкшетаудай  тұлғалы»,  «Әнші Роза  Отарова апамыз 50-жаста!»,  «Таңдаулы мектеп», «Ирина –қазақстан мақтаны!», «Аяпберген атаға!», «Римма Нұрлығайымқызына», «Рахила жеңгеме!», «Жеңгелеріме».                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

«Сатиралық» лирика. Полатбек Жанбаевтың сатира тұрғысына жататын өлеңдері де бар. Олар: «Қыс мінезі», «Қала адамы», «Ақшалы-ақшасыз».

«Жеңіс» лирикасы. Полатбек Жанбаев өз жырларында Ұлы Жеңістің биіктігін, оңайлықпен келмегенің, ұйқы көрмей шайқастарда аштыққа да көніккен ата -апаларымыз жайлы  жар салады.Оған: «Жеңіс күні», «Жеңіс жеңіл келген жоқ».

«Мамандық» лирикасы.Полатбек Жанбаевтың арнайы мамандықтарға арналған өлеңдерінде  құрметтілік пен сенімділік көрсетілген. Мамандықтың өз ерекшелігі , еңбегінің қиындығы сезілмей  тыным таппай  жүрген өз ісінің мамандарына арнаған. Олар: «Полицияшы», «Журналист» атты өлеңдері бар.

«Білімге, оқуға» лирикасы. Полатбек Жанбаевтың білім шаңырағы  С.Сейфуллин  атындағы № 5 КМЛ  арналған «Таңдаулы мектеп» атты өлеңі бар. «Соңғы қоңырау» атты өлеңіңде  түлектердің мектеппен қоштасу сәті суреттелген.

«Деңсаулық» лирикасы.

Полатбек  Жанбаевтың  аурған кезде жазған өлеңдері өзіндік ерекшеліктерімен таңылады.Мысалы: «Тіс ауруы», «Тағы да емханада» атты

өлеңдері оны растайды.

10

III.  Полатбек  Жанбаев  жаңа  ғасырдың ірі тұлғасы

3.1 Сауалнама

№5 С. Сейфуллин атындағы  КМЛ,  №4   Л. Н. Толстой атындағы мектеп-гимназияда сауалнама жұмысын өткіздім ( сурет № 3.1,3.2 ).Сауалнаманың сұрақтары:

1.Полатбек Жанбаев кім?

А)  Журналист   Ә) ақын    Б) білмеймін   в) журналист,ақын

2.Полатбек Жанбаевтың  отбасы туралы білесің бе?

А)  иә   Ә) жоқ   

3.Полатбек Жанбаев қай қалада тұрады?

А)  Тараз   Ә) Степногорск   Б) білмеймін   в) Астана

4.Полатбек Жанбаевтың  шығармалары туралы білесің бе?

А)  иә   Ә) жоқ   

3.2 Полатбек Жанбаев ақын  (сурет№ 3.3-3.12)

Болжамы: Полатбек Жанбаев-ақын.

Мақсаты: Полатбек Жанбаевтың  өлеңдерің оқып зерттеу.

Тәсілі: Степногорск қалалық кітапханаға барып Полатбек Жанбаевтың өлеңдер жинағын көріп, оқыдым.Кездесу барысында  оның Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған тіл көркемдігін жетілдіру, тәуелсіз еліміздің мәртебе дәрежесін қастерлеуге, өскелен ұрпақты атамекенің ардақтауға, ата-бабаларының ерлік дәстүрлерін жалғастыруға шақыру мақсатында өткізілген облыстық «Тәуелсіздік жыршысы» ақындар

мүшайрасында «Сайыпқыран»номинациясы бойынша Полатбек Жанбаев  бірінші жүлделі орынға ие болғаның  анықтадым. 1980 жылдан бері өлең, жырлар жазады. Оның өлеңдері Алматыдан шығатын «Балдырған», «Парасат», «Арай» және «Ара» журналдарында, сондай-ақ «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», «Азия» газеттерінде үнемі жарияланып келді.

Шешімі: Полатбек Жанбаев- ақын.

3.3 Полатбек  Жанбаев  - журналист. (сурет№ 3.13-3.18)

Болжамы: Полатбек Жанбаев-журналист.

Мақсаты: Полатбек Жанбаевтың журналистика саласын анықтау.

Зерттеу  барысында табылған ақпарат:

1985 жылдан бастап, яғни 23 жасынан журналистика саласына бет бұрған.

2001 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ташкент қаласында өткізген халықаралық журналистер байқауында 3-орынға ие болды. Ол шығармашылық жолынан қол үзбестен Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік Әл-Фараби атындағы Университетінің журналистика факультетінде білім алды. 1987-1993 жылдары оқыған.

Өзбекстандағы Науайы облысы әкімінің, облыстық баспасөз басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2005 жылы атажұртқа оралғалы да Полатбектің абыройы асқақтады. Степногорск қаласына қоныс тепті. Ақмола облыстық тілддерді дамыту басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

11

Степногорск қаласы әкімінің  Құрмет грамотасына қол жеткізді. Ақмола облысы әкімінің «Алтын қалам» жүлдесін жеңіп алды.

Шешімі: Полатбек  Жанбаев –журналист.

3.4 Полатбек  Жанбаев  - философ. (сурет№ 3.19-3.20)

Болжамы: Полатбек Жанбаев-философ.

Мақсаты: Полатбек  Жанбаевтың  философиялық лирикаларын анықтау, зерттеу.

Зерттеу барысында табылған  ақпарат: Полатбек Жанбаевтың   өлеңдері өмірдің мәніне, ішкі адамның сезіміне де бағытталған.Оған: «Кішірейгім келмейді», «Кім мені  түсінеді?», «Көңілім қалды», «Менің жаным», «Дауылды шабыт»,

«Есейдім бе?», «Жыр салмағы», «Сапардамын», «Қатардамын», «Жақсылық жасау ғанибет», «Арман жол», «Қыс мінезі», «Болдашағым», «Шақырады күндерім», «Сағатым», «Ақындар жолы», «Шабыт қысқанда», «Арманға

аттану», «Атом ғасыр», «Барлық адам ақын болса», «Өкінбеймін   өміріме»,

«Алаулаймын», «Не бердім», «Базарлы шақ», «Жүрегім», «Жоғалмасын жырларым», «Бақыттымыз», «Артта қалмандар»,  «Құмдар қайда?», «Қаймықпан», «Қайран   өмір»,  «Не істейін?», «Әнім қайда?», «Пейілдену»,

«Қырық бес», «Заманым», «Тау болып кетсе», «Мені ұмытып кетпендер»,

«Жанымның жазы», «Гүлдеймін», «Өмір деген домбыра»,  «Жаңа күн», «Мұнар күн», «Күндер кетіп барады»,  «Менсіз әлем не болар?», «Өмірім менің өмірім!», «Қайта түледім», «Жаңа тынысым ашылды», «Тағы бір күн кетіп барады», «Бағамды кім береді?», «Алысу», «Кедергі келтірмендер!», «Таңғы шабыт»,  «Кім маған   қол созады?», «Мен сендердің бауырыңмын»,

«Өмірді бағалайық», «Кітабым неге шықпады», «Алысты неге көрмедім?» деген өлеңдері жатады. Мысалы:

 


ӨКІНБЕЙМІН ӨМІРІМЕ

Неге енді өкінейін тірлікке,

Масайрадық, мақтанып та жүрдік те.

Жастық шақты базарладық балдайын,

Алыс болған емес сонда шың тіпте.

 

Өкінетін түгі де жоқ жалғанның,

Қызығына ұрпақ батсын қалғанның.

Әлі талай есейгенді тойлармыз,

Қайтарармыз еселерін алғанның.

                                                                    

Өмір өзі өлең менен өктемдік,

Қыс келгенде орын берер көктемдік.

Балаларым бақытты боп жүрсе деп,

Дәурен сүріп жалған күнді өткердік.

 

 

 

 

 

12

Өмір көші бізді алып асырар,

Біз кеткенмен ұрпаққа ұрпақ қосылар.

Жаратқанның заңы осы бұзылмас,

Реті жоқ құтын күйттеп ұшырар.

 

Қызық өмір ешкімді де шеттетпес,

Тоғышарды, тоқтамсызды көктетпес.

Өмір деген беріледі не үшін,

Ақың болса оны Аллам жеп кетпес.

 

Жаратқанның жазуынан аспайсың,

Бұйрық болмай бір қадам да баспайсың.

Өмір деген алып теңіз шарқ ұрған,

Құрығынан құтылам деп қашпайсың.

 

Келші достым, өмір жайлы толғашы,

Өкпелеме сылтау іздеп болмашы.

Келмей кетсем, келмей кетсең іздейміз,

Бәрі бұйрық, бәрі өмір олжасы.

18.03.08.


 


 

АЛАУЛАЙМЫН

Жыр тұлпарға міндім бүгін ерттеп,

Шабыт шоғын жандандырып көріктеп.

От керекке қызуымды беремін,

Мұз болсаңыз тап осы сәт еріп кет.

 

Мен алаумын, шоғым жатыр маздаған,

Ақын ағаң ермекке жыр жазбаған.

Сезімдерді серік қылып тулаған,

Сәтім осы сонардан жыр бастаған.

 

Шауып кетіп барамын алыстарға,

Қарамаймын жат па әлде таныс бар ма.

Қазақ үшін қазақтың таңсығы жоқ,

Күлмейме жұрт туғаның қалыс қалса.

 

От күректі қолдарым шоқ ұстаған,

Шоқ ұстасам бола ма толыспасам.

Кімдер келіп кетпеген мына әлемге,

Неге мәзбін бәйгеде жарыспасам.

 

Маздап тұрмын, мәз боп тұрмын тап қазір,

Қауыз жарды мен үшін де бақта гүл.

От беремін баршаға жылынатын,

Сырым болса деймін іштен ақтарыл.

14.05.08.


 

                                                               13

 

                         


СЕГІЗ АМАЛ – ЖАНЫМНЫҢ ШАРАЙНАСЫ

Құдайына құл болған мұсылманмын,

Сегіз амал айнасы мұсылманның.

Үмметімін Мұхаммед пайғамбардың,

Шадиярдың досымын, түсін жаным!

 

Құдай жолы - кір шалмас аппақ арым,

Ақ пейілден ешқашан аттамадым.

Мәдинада Мұхаммед сыйынғаным,

Түркістанда Қожахмет сақтағаным.

 

Сегіз амал басында Парыз тұрар,

Алла берген міндетті қарыз тұрар.

Мұны орындау пендеге амал басы,

Ол болмаса қадамы шалыс тұрар.

 

Одан кейін бір амал Сүннет деген,

Қағидалар іске асар міндеттеген.

Пайғамбардың тәлім мен тәрбиесін,

Борышты өтер басынан күнде өткіз

 

Үшіншісі амалдың Уәжіп болар,

Осы уәжіп жаныңды ашып тұрар.

Мұсылманның міндеті бұл да аса,

Мұны өтеген ұжмаққа ұшып барар.

 

Амалдың бір нұрлысы Мұстахабы,

Оны жөн деп санаймыз ұстағанды.

Кейде істеп, істемей пайғамбарым,

Сондадағы амалдан тастамады.

 

Зейін қойсақ болады Мұхабқа аса,

Орындамау күнә емес мұны аса.

Кейе орындап зияны тимесе егер,

Тиюға да болады ұнатпаса.

 

Тыйым салған амал бар Харам деген,

Мұнан аулақ болады адам деген.

Мұсылмандар харамды ниет етпес,

Жараспайды кімге де жаман деген.

 

Тежеу керек адамға Мәкруһде,

Ойға алып барлығын ақылымен.

Ұстам болса ар болар мұсылманға,

Байланыста жарменен, ашығымен.

 

 

 

 

14

Мұсылманым ақ жолды ұстамаса,

Батар деймін күнәға сонша аса.

Сегізінші амалдың түрі осы,

Әдепке еш жатпайтын Мұстахара.

 

Мұның бәрі зейінде жүргендерім,

Үлкендерден ұққаным, білгендерім.

Сегіз амал жанымның шарайнасы,

Соны орындап өмірде гүлденгенмін.

 

Имандылық жүректің ұнатқаны,

Жетім көрсем қаладым жұбатқанды.

Алла алдында парызды өтей білсем,

Орындалар жанымның мұраттары.

19.11.07



Осыдан шыққан нәтиже: Полатбек  Жанбаев-философ.

3.5 Полатбек Жанбаев – редактор. (сурет№ 3.21-3.30)

Болжамы: Полатбек Жанбаев – редактор.

Зерттеу мақсаты: Полатбек Жанбаевтың редакторлық саласын анықтау.

Зерттеу барысында анықталған мәлімет: 1985-2005 жылдар аралығында 20 жыл бойы Тамды ауданындағы «Тамды шаруагері» газетінде тілші, жауапты хатшы және редактордың міндетін атқарушы лауазымдарында қалам тербеген. Ташкент қаласында шығатын қазақ тіліндегі республикалық «Нұрлы жол» газетінде де қосымша еңбек еткен. 2010 жылдан бері «Степногорск ақшамы» газетінде редактор болып қызмет атқарады.Ақмола облыстық тілддерді дамыту басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Степногорск қаласы әкімінің  Құрмет грамотасына қол жеткізді. Ақмола облысы әкімінің «Алтын қалам»

жүлдесін жеңіп алды.

Полатбек Жанбаевтың бұл салада  қызмет жасағанымен байланысты өлең жолдары бар:

 


ГАЗЕТТІҢ  ЖАҢА САНЫ

Қолыма түсті жаңа газет саны,

Газет қой журналистің білсек жаны.

Қараймын қайта-қайта жазғаныма,

Бар ғой деп мұнда мендік жүрек қаны.

 

Газеттің жаңа саны, дана саны,

Дегенмен шектелмейді бала қамы.

Кәсіптің маңызы бар ойып берген,

Жазғыштың жауыр болған алақаны.

 

Газеттің жаңа саны, жаңа жаны,

Қойды емес, ойды әкеп қамағаны.

Төрт парақ айтып берер бар сырыңды,

Өсек те болса жұртқа таратады.

 

15

Газеттің жаңа саны, жарамдысы,

Май сіңген, оймен тағы қалам, кісі.

Қарлығаш қанатымен тарап жатқан,

Хабардың қолмен ұстар алаңсызы.

 

Газеттің жаңа саны, жасаң саны,

Баспадан бусап шығып босанғаны.

Талайдың көзмайынан алып барын,

Тамсантқан қалыңдықтай жасанғаны.

 

Не десең о дейтіндей жарнамалым,

Жазғаным қарап қалмай барда амалым.

Жұмада жететұғын сауабымен,

Обалын газетімнің арқаладым.

 

Жаңа сан - жаңа бағым бағамдаған,

Абырой әкелетін бағам маған.

Кетейін жақпай жатса оқырманнан,

Қойшыдай отар қойын баға алмаған.


 


Осыдан шыққан нәтиже: Полатбек Жанбаев – редактор.

3.6 Полатбек Жанбаев -публицист. (сурет № 3.31)

 

Болжамы: Полатбек Жанбаев-публицист.

Зерттеу мақсаты: Полатбек Жанбаевтың публицистика саласын анықтау.

Зерттеу барысында анықталған мәлімет: 2-сынып оқушыларының оқулығында өлеңі жарық көрді. Бірнеше кітаптарда оның өлеңдері бар. Оның өлеңдері Алматыдан шығатын «Балдырған», «Парасат», «Арай» және «Ара» журналдарында, сондай-ақ «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», «Азия» газеттерінде үнемі жарияланып келді.

Осыдан шыққан нәтиже: Полатбек Жанбаев-публицист.

3.7 Полатбек Жанбаевтың сүйікті музыкалық аспабы. (сурет № 3.32)

 

Болжамы: Полатбек Жанбаевтың сүйікті,музыкалық серігі бар.

Мақсаты: Полатбек Жанбаевтың қандай аспапта ойнайтының  анықтау.

Зерттеу барысындағы мәлімет: Полатбек Жанбаев мандолина мен домбыра аспаптарында ойнайды.Мандолина аспабына арнаған өлеңі де бар:


 


МАНДОЛИНА

Сегіз ішек төрт қатардан жұптасқан,

Әнге бассаң қолдай кетіп құптасқан.

Мандолина менің жақын бір досым,

Өзі ықшам пернелерін нық бассаң.

 

 

 

 

16

 

 

Мандолина менің сүйген саз басым,

Қалап жүрмін оның ұзақ тозбасын.

Ән салғанда соны қосып шырқаймын,

Салам сонан өлеңге ән жазғасын.

                                                                            

Мандолина жұртты таңырқататын,

Маған тиді сенің сәулең, шапағың.

Сен бар жерде менің қолым ұзындау,

Аспабымсың сүйе-сүйе тартатын.

 

Даусың анық, үнің сондай сыңғырлы,

Ойнай қалсам ән әуелер мың түрлі.

Жастайымнан серік еткен досымсың,

Домбырадан кем емессің күмбірлі.

 

 

Шағын аспап шапшаң ойнай салатын,

Биіктерге алып ұшар қанатым.

Жұрттар білмей жүрседағы бағаңды,

Бағаладым санам болған санатым.

22.01.08.


 

Шешімі: Полатбек Жанбаев домбыра мен мандолинада ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17

Қорытыңды

 

Жанбаев Полатбек Тыллабайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан Республикасы Бұхара облысы Тамды ауданында дүниеге келген. Анасының аты Патшагүл Нұрпейісқызы. Шаруа жанұясында туылған ол 1970-1978 жылдары Тамды ауданындағы Юрий Гагарин атындағы 8-жылдық мектеп-интернатта тәрбиеленген. 1978-1980 жылдары Жабай Балиманов атындағы орта мектепте білім алған. 1980-1982 жылдары Мәскеу қаласында Отан алдындағы әскери борышын өтеген. 1983-1985 жылдар аралығында Тамды ауданындағы «Керегетау» совхозында қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарған. Түйе баққан. 1985 жылдан бастап, яғни 23 жасынан журналистика саласына бет бұрған. 1985-2005 жылдар аралығында 20 жыл бойы Тамды ауданындағы «Тамды шаруагері» газетінде тілші, жауапты хатшы және редактордың міндетін атқарушы лауазымдарында қалам тербеген. Сонымен бірге Полатбек Тыллабайұлы Ташкент қаласынан шығатын қазақ тіліндегі республикалық «Нұрлы жол» газетінде де қосымша еңбек еткен. Өзбекстанда 1 миллиондай қандастарымыз тұрады десек, «Нұрлы жол» газеті олардың нағыз айнасы болды. Полатбек осы газеттің көркемдігінің артуына, оқырмандарының толысуына бір адамдай өзінің үлесін молынан қосты.1980 жылдан бері өлең, жырлар жазады. Оның өлеңдері Алматыдан шығатын «Балдырған», «Парасат», «Арай» және «Ара» журналдарында, сондай-ақ «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», «Азия» газеттерінде үнемі жарияланып келді. 2001 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ташкент қаласында өткізген халықаралық журналистер байқауында 3-орынға ие болды. Ол шығармашылық жолынан қол үзбестен Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік Әл-Фараби атындағы Университетінің журналистика факультетінде білім алды. 1987-1993 жылдары оқыған.

Өзбекстандағы Науайы облысы әкімінің, облыстық баспасөз басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2005 жылы атажұртқа оралғалы да Полатбектің абыройы асқақтады. Степногорск қаласына қоныс тепті.

Ақмола облыстық тілддерді дамыту басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск  ақшамы» газетінің  редакторы Полатбек Жанбаевтың  өлеңдер жинағы қалың оқырманға арналған. Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында жарық көрген «Жыр жаңбыр» жинағы жыр сүйер қауымның көңілінен шыққан.

 

 

 

 

 

 

 


18

 


      

Қолданылған  әдебиеттер

 

 

 

1. «Степногорск ақшамы» газеттері 2014-2015 ж.ж.

2.   «Нұрлы жол» газеті

3. «Балдырған», «Парасат», «Арай» және «Ара» журналдары

     4. «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», «Азия» газеттері

     5. «Жыр-жаңбыр» атты өлеңдер жинағы 2012 ж.Степногорск қаласы.автор: Полатбек Жанбаев

     6. «Өлмейді адам өмірде» 2001ж. Томдыбұлақ  автор: Полатбек Жанбаев

     7. «Тамды бұлақ»  өлеңдер жинағы  Төлепберген Нұрышұлы

     8. «Жадымдасың  Жаңаөзен» өлеңдер жинағы

     9. «Алтын алқа» Өзбекстандағы қазақ ақындар жинағы.

    10. «Айтыс»жинағы 2000ж.

    11. «Жыр өзегі- елдік, тіл, рух!» жинағы 2004ж.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

 

Қосымшалар.

 

Полатбек Жанбаевтың өлеңдері:

 


ҰЛЫ КҮН ҒОЙ МАРУСЯ ТӘТЕ ТУҒАН КҮН!

Көкте - Күн мен аспанда - ақ Ай тұрды,

Соған лайық Маруся апай сай тұрды.

Біздер үшін Жер-әлемде ғажап күн,

19-ы қарашаның айтулы!

 

Он тоғызы қарашаның – ғажап күн,

Уайымсыз, той тойлайтын азат күн!

Барша ғалам шаттанатын бұл шақта,

Туған еді Марусясы қазақтың!

 

Жыл бойына жалғыз рет келетін,

Жанымызға жылулығын беретін.

Мұндай күнді аңсауменен күткенбіз,

Сол себепті тілеулестер елесін.

 

Он тоғызы қарашаның ұлы күн,

Ұлы күннің бағасы асқақ кім үшін?!

Тәтейіміз Маралқызы Маруся,

Еңбек еткен қазақ үшін, ел үшін!

 

Қарашада қар жауса да қатпаған,

Айналасы мейірім толы қаптаған.

Жан жүрегі жылу сыйлап тәтенің,

Кемтарларға көмек берген, жатпаған.

 

Талай дарын ашты бойда талантын,

Екендігін көрсетерде сара алтын.

Қолдау берді Маруся апа деуменен;

Қазағымның қажетіне жарарсың.

 

Бар байлығын кемтарлармен бөліскен,

Достар тапқан жер-әлемдей өрістен.

Дүниенің төрт бұрышын аралап,

Небір ғажап көріністі көріскен.

 

Алла алдында құл екенін ұғынған,

Сол үшін де құдай жолда жығылған.

Денсаулығы ең бірінші байлығы,

Пірі – ері, бағы – оты бұрыннан.

 

Саф алтынын елі үшін шығарған,

Даңққа бөлеу жан қазағын ұлы арман.

Алпысқызы Сара апай секілді,

Жанжүрегі мейірімнен құралған.

 

Мақсаттар бар алда әлі жететін,

Өтесе апа міндеттерін өтесін.

Бар адамға шашып жүрген шуағын,

Құтты болсын, туған күні тәтенің!

16.11.07.


 


АНАЛАР КҮНІ

Ана деген барша жанның пірі нық,

Пір болған соң болар онда ұлылық.

Бас иеміз ана десе тк тұрып,

Ана барда жаның қалар тынығып.

 

Қартаймайды анасы бар шал-дағы,

Болсадағы қолға ұстар балдағы.

Анасы бар кемпір-дағы қартаймас,

Біл осыдан ананың қай салмағы.

 

Аналардың мейрамы бар күзде де,

Табылады қастер жолын іздесе.

Ана болу ұлық болу дегенің,

Оның нұры күшті күннен жүз есе.

 

Ана деген жұмақтардың бастауы,

Мейлі болсын қарысы мен жастауы.

Бала емізсе мейірленіп жүрегі,

Достай болып көрінеді қас жауы.

 

Сол үшін де бас иеміз ана деп,

Аналардай қастерлі ұлық дана жоқ.

Мәңгі жасайберсін біздің аналар,

Бар өмірін сарп ететін бала деп.

20.11.07.


 


 

 

 

 

                                                                    20

 

 

 

 

 

 

 

 

МАҚТА ҚАР

Мақтадай ұлпа жауды биіктерден,

Сиырдай сүтін молдап иіп берген.

Сабалап төпеп жатыр аямастан,

Алланың сыйы сынды үйіп берген.

 

Мақта қар жауа түсті жапалақтап,

Адамдар қорынады қапалақтап.

Мақтақыз ақ мақтасын шашып жатса,

Ал мысық тұрғандай қол шапалақтап.

 

 

Мақта қар жер әлемді жаба түсті,

Келер деп Аяз атты ата сұсты.

Баршаны қуантатын қар емес пе,

Біздағы күтудеміз атамызды.

 

Ақ қары ақ бояумен тұмшалады,

Бораны бұрқап-бұрқап үн шалады.

Ит пенен бала мәз боп жүгіреді,

Кім бізге сыйлады деп мұнша қарды.

 

Мақта қар қарқынменен көме түскен,

Арылтып жердің бетін көне ізден.

Жер менен аспанды ақпен тұтастырып,

Күзді қыс қуып жатыр ерегіскен.

 

Не етсе де қыс келеді қылышымен,

Дәрменсіз күз күмілжір мұнысымен.

Мақта қар мамыражай жаусадағы,

Аяздай састырады бір ісімен.

22.11.07.

 

 

ҚЫЗЫЛ   ІШІК

Барады бір қыз кетіп көз ұшында,

Ұқсайды киікке бір өзі шында.

Жолымыз қатар еді, өкшеледім,

Лезде-ақ жетіп келдім тазы сында.

 

Қып-қызыл түлкі түсті ішікті қыз,

Киімін бір-ақ түстен пішіпті қыз.

Қан қызыл аяқтағы етігі де,

Жолдағы тесіп жатқан ісікті біз.

 

Көмкерген бөрігі де қызараңдап,

Барады от боп жанып қыз алаңдап.

Мен келдім ыстығына күйінуге,

Құр қалсам жаным сірә ызаланбақ.

 

Өртеніп кетердей-ақ жақындаған,

Шабыттап кетті жаным ақындаған.

Болсыншы ай жүзіңді дегендеймін,

Бір көру сыйлайтұғын бағың маған.

 

Киік қыз тастан тасқа орғығандай,

Елемей қиятұғын торды қандай.

Бұрқырап бара жатты иіс суы,

Сұлудың жұрттан ерек парқы бардай.

 

Ішігі жан жылуын таратқандай,

Жігітті тамам әлем қаратқандай.

Тамсану ол да бақыт құралайға,

Сұқ үшін Алла ием жаратқандай.

 

Бөлініп кетті сұлу бағытынан,

Сезімім ақтарылды ағытылған.

Жалтақтап қарай бердім ішігіне,

Айрылып қалатындай бақытынан.

22-23.11.07.


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ГАЗЕТТІҢ  ЖАҢА САНЫ

Қолыма түсті жаңа газет саны,

Газет қой журналистің білсек жаны.

Қараймын қайта-қайта жазғаныма,

Бар ғой деп мұнда мендік жүрек қаны.

 

Газеттің жаңа саны, дана саны,

Дегенмен шектелмейді бала қамы.

Кәсіптің маңызы бар ойып берген,

Жазғыштың жауыр болған алақаны.

 

Газеттің жаңа саны, жаңа жаны,

Қойды емес, ойды әкеп қамағаны.

Төрт парақ айтып берер бар сырыңды,

Өсек те болса жұртқа таратады.

 

Газеттің жаңа саны, жарамдысы,

Май сіңген, оймен тағы қалам, кісі.

Қарлығаш қанатымен тарап жатқан,

Хабардың қолмен ұстар алаңсызы.

 

Газеттің жаңа саны, жасаң саны,

Баспадан бусап шығып босанғаны.

Талайдың көзмайынан алып барын,

Тамсантқан қалыңдықтай жасанғаны.

 

Не десең о дейтіндей жарнамалым,

Жазғаным қарап қалмай барда амалым.

Жұмада жететұғын сауабымен,

Обалын газетімнің арқаладым.

 

Жаңа сан - жаңа бағым бағамдаған,

Абырой әкелетін бағам маған.

Кетейін жақпай жатса оқырманнан,

Қойшыдай отар қойын баға алмаған.

23.11.07.

 

ШАБЫТ ҚЫСҚАНДА...

Танылмады атым әлде танылды,

Ақын болу оңай емес дарынды.

Көмейімде өлеңім тұр кептеліп,

Қалай оны жыр етпейін жалынды.

 

Жырларыммен қанаттанып кетейін,

Жетеріме кешікпейін, жетейін.

Мезгілінде жазылмаса жыр жетім,

Нөсерлетіп төгіп-төгіп өтейін.

 

Жыр қанатым биіктерге көтерсін,

Қайран өмір зырлауықтай өтерсің.

Соның үшін қыр басына тырбанам,

Осы болсын арманыма жетер күн.

 

Кімдер келіп бұл дүниеге кетпеген,

Мен бақытты жария болып жетсе өлең.

Сағат сайын сайыпқырын атанам,

Биік болмас менде қолым жетпеген.

 

Желіп өтем, жанып өтем оқтайын,

Несіне мен аялдайын, тоқтайын.

Жарап жатсам керегіне елімнің,

Жоғы болса табу үшін жоқтайын.

 

Жыр-жапырақ жайқалады жайылып,

Сырларым мен көңілімнің жайын ұқ.

Тамырлаймын өнеріммен теректей,

Жырқұмардың жандүниесін байытып.

 

Жырлап өтем бойымнан әл кеткенше,

Қыс, жаз, күзде, жалындаған көктемде.

Толысамын адым сайын ақырын,

Аспандау бар, өркендеу бар тек менде.

 

Бала болам бір сәттерде балдырған,

Кезім болмас көңілдерді қалдырған.

Сол бағытпен қарызымды өтеймін,

Ризамын сосын барып шал қылсаң.

 

Жырларым жүр құйын сынды оралып,

Кетпесін де шалқар шабыт жоғалып.

Кешегі өскен түйешінің баласы,

Болып алды осы күні қалалық.

 

Жырым-өзен қияндарға бастаған,

Арман қалам шақырады Астанам.

Сенді жүрсем мерейімнің өскені,

Ту биіктен тұрып сосын мастанам.

 

Жырым шалқар толқындаған теңізім,

Құшақтар кең ашылғандай мен үшін.

Қамшылаймын тұлпарымды толымды,

Туған жанмын деп ойлаумен ел үшін.

 

Жыр құрығын кең құлашпен атамын,

Тұлпар-өлең менің байлық, атағым.

Өркендеймін, өртенемін, өрлеймін,

Жанымда бар жалындаған от ағын.

12.07.06.


 


 

                                                                   22

 

 

БҰЛТТЫ АСПАН

Бұлтты аспан мұнарған, қоңырланған,

Қорғасындар ап-ауыр шоғырланған.

Көк теңбілді көрсетпей заңғардағы,

Жылжымастай жазылмай ауырласқан.

 

Бұлтты аспан бұлыңғыр түнереді,

Күн шыққанда нұр шашып күлер еді.

Шілдеде де жасырып сәулелерін,

Кәрі бұлт қасқайып түрегелді.

 

Сұп-сұр болып еңсені басады ауыр,

Бейкүнә күн еріксіз тасада тұр.

Тамшысын да шашпайды сараң бұлт,

Тұйық жандай мінезі аса ауыр.

 

Қаптай қалып аспанды көрсетпеген,

Көрсетпеген күн көзін, өртетпеген.

Шілдедегі бұлттың сиқы осы,

Терлейтұғын кезіңде терлетпеген.

 

Аспаныма жабылған қолшатырым,

Қарайлайды биікке барша бүгін.

Жауыны жоқ, шуағы, дауылы да,

Сыр бермейтін тұйықсың мұнша бүгін.

 

Мейлі, болсын осылай күндеріңіз,

Өтеледі сонда да міндетіміз.

Тек соғыстың бұлты торламасын,

Тұра берші тапжылмай түн бе, күндіз.

12.07.06.

 

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Қазағымда жер кең бе, неткуен керім,

Таусылмайтын бұралған бейне өрім.

Көз тігемін, түкіріп "тіфә!" деймін,

Байтақ елдің әр таңын сүйген едім.

 

Сүйген едім жерімді құмартқаннан,

Басталады шабытым бұлақтардан.

Жер ананың қойыны ұлы байтақ,

Болсын сынақ бір маған құлап қалсам.

 

Қазағымның жері кең таусылмаған,

Аралаймын даласын, тау, қырды асам.

Құшақ жайып қарса алар әр белеңі,

Жаяу кезіп жаһанды мауқым басам.

 

Неткен керім дала еді мынау ғалам,

Жазғы дала, қысқы ой қыраулаған.

Күзгі аймақ, көктемгі көгілдір бел,

Даласына ақынның жыр аунаған.

 

Қазағымның қаймақты шөлдері де,

Көз қамаға тұп-тұнық көлдері де.

Ақынында не арман аралаған,

Құшақ жайып қарсы алар келгенінде.

12.07.06


 

 

 


ТАҒЫ ДА ЕМХАНАДА

Түстім кеше тағы да емханаға,

Емделмесе кісіге ем қона ма.

Палатада жатырмын жеке қалып,

Бұйырсын деп ем-домы жанға дауа.

 

Емханада жатырмын жалғыз ғана,

Шабыт па ол дүлей жыр жазғызбаса.

Тән жарасы не етер ед, кетеді да,

Жан жарасы бойымды алғызбаса.

 

Емханада жатырмын ине күтіп,

Инесінен келеді емі кіріп.

Ауырды деп тәнімді шошымаймын,

Шошынатын кезім ба сүйретіліп.

 

Емханада тәртіп бар бірсыдырғы,

Тентектің де жуасыр сырқы тұрды.

Ақын да бар, шоферда, шопан да бар,

Мейіркеш кеп бәріне укол ұрды.

                                                                 23

Әзіл қуған мұндағы шалдар да бар,

Көзін салған етекке алды ашылар.

Кемпірлер де қоймайды шалды кертіп,

Жатқан дейді байғұсты жорта осылар.

 

Емханада емделген жазылады,

Өміртартыс өзінен жазылады.

Ауырмасын еше адам кеселденіп,

Дәрігерге сонда да іс табылады.

11-12.07.06.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРМАНҒА КЕЛГЕНДЕ

Қарағайлы орманның ішіндемін,

Орман сырын білмедім, түсінбедім.

Көкке ұмтылып кетіпті кекілдері,

Ал мен болсам балақай пішіндемін.

 

Ормандамын, жап-жасыл желектемін,

Осылайша болар деп елеп пе едім.

Сексеуілді тоғайдың баласы едім,

Бұл орманға сірә мен керек пе едім.

 

Қарағайдың қылқаны қошқылданған,

Биігіне мендегі қосылды арман.

Қазағымның даласы орманды да,

Топырақ жоқ жерінде жасылданған.

 

Орман осы арманды арқалаған,

Құс қиқуы мұндағы тарқамаған.

Мен де келдім ортаңа, құшағыңды аш,

Адастырма нуыңмен қоршалаған.

11.07.06.

 


                                                                                                                  

 


ЖАН ЖАРЫМ

Асылым, жан жарым,

Өзіңсің таңдарым.

Қарызбын алдыңда,

Қалмасын арманым.

 

Асылым, жарқыным,

Өзіңмен әр күнім.

Бақытты өтуде,

Алаңсыз жан-жағым.

Асылым, жан жарым,

Алтыным, ардағым.

Сыңарым өзіңсің,

Өзіңді таңдадым.

 

Қарағым, қалқаным,

Балауыз бал дәмім.

Өзің деп өмірде,

Қатардан қалмадым.

 

Бақытым, байлығым,

Сен барда жайлымын.

Қарызбын өзіңе,

Жарығым, Ай-Күнім!

11.07.06.

 

ЕЛІМДЕМІН

Қайда келдім демеймін, елімдемін,

Өз елімде бел буған сенімдемін.

Бақытты жан жоқ шығар менен аса,

Сол бақытты болса егер елінде кім.

 

Елімдемін, қазақтың жеріндемін,

Қабанбайдың жау қуған беліндемін.

Райымбек бабамдай аты әйгілі,

Сонан бүгін қалқайып бекінгенім.

 

Жерімдемін, қазақы жұртымдамын,

Жақсылыққа күн сайын ұмтылғаным.

Жаңалықты менен көр сағат сайын,

Көрсін жұрттар биікте кім тұрғанын.

 

Елімдемін, елеулі ордамдамын,

Бір кездері жетуім болды арманым.

Елім берсе мен-дағы берем оған,

Жараспайды жұртымнан қорғанғаным.

11.07.06.


 


 

 

 

 

 

 

                                                                    24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АРМАНҒА АТТАНУ

Арман қуып барамын алыстарға,

Алыстарға, білмес бейтаныстарға.

Бағым ба әлде сорым ба, соны білмен,

Құр қауқарсыз қалмаспын намыс барда.

 

Арман қуып барамын көзкөрмеске,

Талантымды халықым ескермеспе.

Аман болсам шығармын топты жарып,

Қырықта да қаймықпай бес белеске.

 

Арман қуып барамын айшықтылып,

Шағылытын түрім жоқ қайтып қалып.

Қазақтығым қанымда-қасиетім,

Өлеңменен ойымды айтып қалып.

 

Қырдан асып барамын қыраттарға,

Қыраттарға, шықпаған жырақтарға.

Орыным бар білемін ол жақта да,

Жауабым бар қойылар сұрақтарға.

 

Шалдығатын шағым ба, айтшы қане,

Мені күтіп тұр екен қайсы мәре?

Армандардың алайын асуларын,

Той етейін көңілім той тілесе.

11.07.06.

 

ЖЕРЛЕСТЕРІМЕ

Бәріңе де ынтықпын, жерлестерім,

Білем еш жан сендерге теңдеспесін.

Әрбіріңді құшақтап сүйер едім,

Қадіріңді жырақта енді ескердім.

 

Жерлестерім, бауырым, туғандарым,

Өздеріңмен бірге өтті думандарым.

Итермедің кеудемнен ешбірің де,

Сол арқылы жүректе туды арманым.

 

Жаным десем жарасар алдарыңда,

Елден ұзап, көз жазып қалғаным ба?

Сенде сүйдім асылым, ардағымды,

Базарладым балды өмір жас шағымда.

 

Жерлестерім, жарқыным, жомарттарым,

Қатеме де қапа боп, көз алартпадың.

Өздеріңнің ортаңда құсың болдым,

Өздеріңмен ұшталды талаптарым.

 

Қызылқұм мен тастағың толыстырды,

Талайменен бәйгеде жарыстырды.

Қуанған да өздерің бәйге алсам,

Сүйгеніммен тағдырым таныстырды.

11.07.06.


 


АТОМ ҒАСЫР

Кеудесі де сияды басы сиса,

Нелер кіріп шықпайды осы миға.

Бар адамның тірлігін осы күнде,

Оңайлатып берді ғой техника.

 

Бас қатыру, білмедім жан күйгенін,

Дискасына сияды ән-күйлерің.

Шым-шытырық есепті бір секундта,

Шешіп берер бадырақ компьютерің.

 

Күнді қолдан жасадық шақырыйтып,

Неге керек мисызға ақыл айтып.

Кіммен кімнің сөйлесіп тұрғандығын,

Көрсетеді айнадан бадырайтып.

 

Бар кәсіптің тетігі адамда тұр,

Планета дегенің табанда тұр.

Техника дегенің жақсы болды,

Қарыштасын ғарышқа атом ғасыр!

11.07.06.                                            25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАРЛЫҚ АДАМ АҚЫН БОЛСА

Жаралған ба ақының жыр құрауға,

Өлең десе шабытым бұрқырауда.

Әр сәт сайын аунатып парақтарды,

Тұлпар өлең өрісте шұрқырауда.

 

Өлеңдерім өрілген өмірлікке,

Өлең барда бағалы өмір тіпте.

Бар әлемді жыр етіп, гүл етейін,

Баламағын мұнымды жеңілдікке.

 

Өмір деген қазаның қайнап жатқан,

Қайнап жатқан тірлікті ойлап жатсаң.

Арпалысы ғұмырдың бейне керуен,

Опық жейсің абайсыз ойнақтасаң.

 

Өлең-өмір екеуі егіз ұғым,

Қосылғанда екеуі нағыз мығым.

Біреуінсіз біреуі ақсап жатар,

Көрсете алмас мықты да ақындығын.

 

Ақын деген халықтың төл баласы,

Адалдық пен пәктікке жол салады.

Барлық адам дүниеде ақын болса,

Планета осімен қозғалады.

Атом бомба дегеннің аты өшсін,

Әйтпесе өмір адасып, қор болады.

11.07.06.


 


ҚЫС АЯЗЫ

Қыс аязы қысады бетті шымшып,

Бүрсиеді, тоңады байғұс шымшық.

Саршұнақ бұл аяздың аяры жоқ,

Қып-қызыл боп қызарды бет пен тұмсық.

 

Күтірлейді ақ қары аяқ бассаң,

Мұнарады төбеде күмбез аспан.

Табан асты көктайғақ жүргізбейді,

Жығыларың ол анық шәлкес бассаң.

 

Ақ қырауы жабады телпегіңді,

Тоңдыруға дайын боп көрсе кімді.

Арқа қысы қысады талайларды,

Көзалдыңа келтіріп ертегіңді.

 

Қыс аязы бітпеген қытымырлы,

Сондадағы қысының құты тұрды.

 

 

Мұзқалада шулайды бала біткен,

Сырғанақта мәз болып құтырулы.

 

Қыс аязы шапанын желбіреткен,

Сонда адам тоңазып дір-дір еткен.

Бұрқасыны бұрқады толастамай,

Ұрып жатыр, таңданам бұл бір неткен.

 

Қыс мінезі тым асау қарағанда,

Бура сынды қайратты жарағанда.

Қырды қымтап алыпты аппақ көрпе,

Ақ пейілін сепкендей бар адамға.

 

Қыс аязы қатқақты, тайғанақты,

Сондадағы ойға арам ойламапты.

Қысса қыссын аязы, ол да керек,

Жыл маусымы қыс деген салтанатты.


18.01.08.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕМАЛЫСТАМЫН

Демалыста жүргенім тыныққаным,

Сондадағы өлеңді ұмытпадым.

Жыр жазамын отырып компьютерге,

Лақтырып шабыттың құрықтарын.

 

Жыр тоқимын өрмектей қиыстырып,

Ойларымды тоғытып жиыстырып.

Маржан ойлар тізіліп келе берер,

Махаббатты ғашықтай сүйістіріп.

 

Демалыста жыр жазу шабыттайды,

Шабыттайды ақының, қалықтайды.

Айтылмаған ойларды тауып алып,

Қалтарыстың қатпарын анықтайды.

 

Демалыста ағаңыз өлеңдетер,

Тыңнан тауып керегін елеңдетер.

Жырың болса өміршең, өзің бассың,

Көсегеңді көгертіп кемелдетер.

 

 

Демалыста тынығу - қайралуың,

Арзан менен қымбатты айыра алуың.

Ессіз жырды қайтемін санға қосып,

Алыстарға бастайды айта алуым.

 

Шабытты жыр жыраққа бастай берген,

Шабытымның арынын ашпай білгем.

Мен өлеңмен егізбін, соны білем,

Көтеретін биікке алып бірден.

 

Неткен ғажап шақтамын, шалқарлымын,

Қозып келе жатқандай арқам бүгін.

Түймешеге тимесе саусақтарым,

Жыр құралмас даламдай дарқанды тым.

 

Демалыста отырмын шабыттанып,

Түйдек-түйдек жыр жазып анық-анық.

Ұшып бара жатқандай ғарышына,

Ғарышкердей деймін бір шарықталық.

Армандымын алысты алқымдаған,

Не болсада жыр үшін тартынбаған.

Бар байлығым өлеңім болғаннан соң,

Алмастайын өзімді жарқылдатам.

 

Мазақ ет те, сүйсін де, өзің білгін,

Бұрай салдым мен бүгін сезім кілтін.

Жаным жайсаң, пейілім аққу қаздай,

Қияндарға бастайды тылсым шіркін.

 

Ақын біткен осылай дүркірейме,

Бұл мінезін өзгелер күлкілейме?

Демалыста осылый ой еледім,

Жауын жырсыз құр аспан күркірей ме?!

20.01.08



ҚАРЛЫ ДАЛА, АРЛЫ ДАЛА

Ақ қарлы дала жатыр айрандалып,

Адам тұр мінезіне қайраң қалып.

Жауған қар тағы жауып үсті-үстіне,

Бораны жатыр сосын ойран салып.

 

Қар қаптап кең даланы бүркеп алған,

Үрген қар құлардайын түрте қалсаң.

Ағаштар ауыр қанат тағып апты,

Қолшатыр сияқтанып бейне қалқан.

 

Қатқақты жердің жүзі жұтынардай,

Қыстың да өзіне сай құты бардай.

Демалып қайта жауар аппақ қары,

Әйнектей дала тоңды шытынардай.

 

Аспанның барлық қары құлап жатыр,

Жауған қар балаларға ұнап жатыр.

Көк мұзда тайғанайды мәшинелер,

Көбісі автокөлік тұрақта тұр.

 

Қар мінез адамы да арқа қырдың,

Құлы емес қарабастың ғана құлқын.

Өр мінез қазағы бар Сарыарқаның,

Өзіне татитұғын сарбаз жырдың.

 

Қар жауса құты бірге жауатындай,

Ашылған балапанның сауатындай.

Ақ қарда ізім қалды әріп болып,

Табылған осы өлкеде тағатымдай.

 

Қар дала сүт көбіктің дәл өзіндей,

Созылған жырау жырдай әні үзілмей.

Келемін маң далада жатсынбастан,

Бураның тайсалмаған жүрісіндей.

 

Қарындай пейілім бар тазаланған,

Жырларым толысады жаза алған.

Тағы көп жазатұғын дүниелерім,

Пәк дүние бар ма артық таза қардан.

22.01.08.

 


                                                                  27

 

 

 

МАНДОЛИНА

Сегіз ішек төрт қатардан жұптасқан,

Әнге бассаң қолдай кетіп құптасқан.

Мандолина менің жақын бір досым,

Өзі ықшам пернелерін нық бассаң.

 

Мандолина менің сүйген саз басым,

Қалап жүрмін оның ұзақ тозбасын.

Ән салғанда соны қосып шырқаймын,

Салам сонан өлеңге ән жазғасын.

 

Мандолина жұртты таңырқататын,

Маған тиді сенің сәулең, шапағың.

Сен бар жерде менің қолым ұзындау,

Аспабымсың сүйе-сүйе тартатын.

 

Даусың анық, үнің сондай сыңғырлы,

Ойнай қалсам ән әуелер мың түрлі.

Жастайымнан серік еткен досымсың,

Домбырадан кем емессің күмбірлі.

 

Шағын аспап шапшаң ойнай салатын,

Биіктерге алып ұшар қанатым.

Жұрттар білмей жүрседағы бағаңды,

Бағаладым санам болған санатым.

22.01.08.

 


 

 


ҮЙДЕМІН

Үйдемін, үйімдемін дамылдаған,

Кезі жоқ жырдың сірә жазылмаған.

Ой елеп жаттым маржан елегінен,

Арнама тоғысуда асылзадам.

 

Үйдемін, ордамдамын, қанамдамын,

Қалай жыр жаңа-жаңа қаланбасын.

Күмбезін құрып жаттым жыр отаудың,

Байлығым шалқып жатыр таланбаған.

 

Үйден жыр топтағаным толтырғаным,

Шабытты тұлпарым бар ер-тұрмандым.

Талай қыр, белестерге көтерілем,

Шалқарға шыққаннан соң жәй тұрмадым.

 

Үйіңнен жыр толтыру қанарыңа,

Қанатты қозғау салу талабыңа.

Мен сонау жолда тұрмын тұлпарланған,

Ілесіп көтерілдім қанатыма.

 

Үй толы өлеңдерім қабатталған,

Шығады биігіне талаптанған.

Арманды қуып барам сағымдағы,

Жәйім жоқ шабыт қысса қарап қалған.

 

Өлеңім кімге керек осы менің,

Алғыр ой, уа, халқым  тосып едің.

Ойыңнан шыға алмасам - осалдығым,

Қамшыңдай толысамын тоғыз өрім.

 

Үйдегі ойды жалғап түзде тағы,

Жетістік жеткерсін деп бізге тағы.

Келемін айтылмаған жырды жалғап,

Бабалар салып берген ізбен-дағы.

22.01.08

 


 

ҚАҢТАР

Қыстың айы бұл қаңтар қаңтарылған,

Омбы қары сыйлайтын аңға құрбан.

Шыршаларды жабады ұлпалары,

Қорғасындай ап-ауыр таңда тұрсаң.

 

Қаңтар осы қатқақты, тайғанақты,

Аяз әнін күн сайын қайталатты.

Боранында бұрқады бұршақтарын,

Ақпан барын алдында ойламапты.

 

Қаңтар айдың суығы, аяздысы,

Ақ бетімді қызартып аяз қысты.

Сондадағы қорқатын мен де жоқпын,

Жыр жалауы желбіреп ой ап ұшты.

                                                                    28

Қабатталған қар қыртысы күртілдер,

Оңтүстіктен қалай келіп жүрсің дер.

Бізге айтқан осы ойы мазалап,

Тоңған сәтте осы ғана күрсінтер.

 

Қаңтар тұрса ауыздықпен алысып,

Мен келемін шаңғыменен жарысып.

Сыр бермеймін кәнігі ұл сияқты,

Сырғанақта балалармен тағы ұшып.

 

Қаңтарымда аңтарылып тұрмаспын,

Қыстың айын қатар тұрып жырластым.

Қыс келгенде қысылмайтын болайын,

Сол үшін де қаңтарменен сырластым.

22.01.08.

 



ҚЫСҚЫ АСПАН

Қысқы аспан жаздағыдан тым бөлек,

Түнгі түнек тұрғанымен дөңгелеп.

Жұлдыздары шақырмайды жыраққа,

Саудагердей жылмаңдайды теңгелеп.

 

Бұлт қаптап тұрмасада аспанын,

Тоңазиды қарағанда жас жаным.

Шілдедегі масасы жоқ болғанмен,

Беттеріңді аяз шымшып тастасын.

 

Қысқы дала шыршалары сұстыдай,

Шалқып-шауып жүре алмаймыз біз былай.

Барша әлем түнереді жымысқы,

Жауырныңнан алақанмен ысқылай.

 

Қары жауып жатпасада мезетте,

Танауыңа қылау тұрып мезі етсе.

Өкпелейтін түрің де жоқ мұндайға,

Құлап қалмай жетуің тұр кезекте.

 

Қысқы аспан алыс кеткен жұлдызды,

Қолтықтап ап жүре берсең бір қызды.

Сонда ғана қыс аязы тоңдырмас,

Жаның күндей жадырайды күндізгі.

22.01.08.

 

ҚҰРБЫЛАРДЫ САҒЫНУ

Сағыныштың сазындамын шықпаған,

Дос бола ма достың жанын ұқпаған.

Жырақ қалған құрбыларды аңсаймын,

Орны бөлек көңілдерді жықпаған.

 

Сағынысу кереметтің бөлегі,

Кімдер мені өздеріңдей еледі.

Қарайлаймын ойға алып бәріңді,

Деп жүремін іздеп бірде келеді.

 

Достың бары қандай жақсы іздейтін,

Өмір тінін тартатұғын, үзбейтін.

Бала болып кеткің келер бір сәтте,

Алысуға жаралғанбыз біз дейтін.

 

Кештер қайда бірге тойлап, шырқаған,

Гүл теруші ек белеңдерден, қырқадан.

Жусан исі аңқып тұрар тұсынан,

Туған жер-ай, не жетеді бір саған!

 

Құмдар қайда, тасы қайда Ақтаудың,

Орны бөлек оны ойға сақтаудың.

Құрбылар ше, достар қайда дарақы,

Күндер қайда масайраған мақтаулым.

 

Бейнелерің көзалдымнан өтеді,

Бәрі-бәрі есте тұр ғой кешегі.

Қырық беске келгеніме сенбеймін,

Өмір неге сонша тез-тез өтеді?

 

Кім ұғады жан сырымды айтпаған,

Балалығым бара жатыр қайтпаған.

Қол бұлғаймын құрбыларға тұрып ап,

Неге сонда тұра алмадық, айт маған?!

22.01.08.


 

ГҮЛСЕЗІМДЕР СОЛМАСЫН

Жастық жыры түгесіліп қалмасын,


Жастық жыры тіршілікті жалғасын.

Арман асу шыңдарына көтеріп,

Тарта берсін қызық өмір арбасын.

 

Гүлсезімдер көктей берсін жайқала,

Бақ әкелсін кеткен күнді қайтара.

Жапырақтар сыбдыр қағып тоқтамай,

Ашсын бізге есіктерін айқара.

 

Балғын шақтар балғұмырын жалғасын,

Сезім толқын семіп сірә қалмасын.

Аққу өмір айдынында қалықтап,

Жігіттік шақ салсын суға қармағын.

 

Гүлді дәурен бүрін жарсын бүгін де,

Жастық жыры шырқалардай үнінде.

Арманына жетіп барсын жүректер,        29

Маза болмай қиқулаған түнінде.

 

Гүлсезімдер тарқатпасын базарын,

Жазып болған жоқ та шығар жазарын.

Өмір өзі өбектесін, өртесін,

Махаббаттың жазбасын тек азабын.

 

Алда күндер көктемдермен көктетсін,

Кеткен күндер сол қалпында кеп жетсін.

Арман болмас барлық жанда жайнаған,

Демейтіндей болса өмірі текке өттің.

 

Гүлсезімнің солатұғын шағы жоқ,

Көктем сайын көктейтіні тағы көп.

Сонда өмір мәңгібақи жалғасар,

Көктем ғұмыр адамзаттың жағы боп.

22.01.08.


 

 


ҰЙҚЫДАҒЫ АҒАШТАР

Жапырағын жоғалтып ап жаздағы,

Ағаштар тұр жабырқаулы аз сәні.

Сыбдырламас сом денесі керіліп,

Осы дейді тәңірінің жазғаны.

 

Ұйқыдағы ағаш қаңқа серейген,

Базарлары тарқап шуы кемейген.

Торғайлар да ұшып барып қонбайды,

Қалтырайды атырабы үрейден.

 

Өткен-кеткен қарап оған тұрмаған,

Өлеңі жоқ жазда айтып жырлаған.

Қарғаларда қарайламай кетіпті,

Тым болмаса ұя сала тұрмаған.

 

Қаңтарында қалтырайды бұтағы,

Бұл кейіппен енді нені ұтады.

Көктем келсе ертерек деп тосады,

Жаным дейді бір азырақ шыдашы.

 

Ағаш біткен тап осындай сыңайда,

Қарағайлар жасыл болып тұр ойда.

Қайыңдар мен теректерден сән кеткен,

Биігінен түскені жоқ алайда.

 

Ұйқыдағы ағаштарды кім ұғар,

Терек біткен тап осындай тынығар.

Аялайық ұйқыдағы ағашты,

Ағаштардың айтып-айтпас сыры бар.

23.01.08.


 

ЖАЗ КЕЛДІ ЖАДЫРАП


Жаз да келді былтыр кеткен кідірмей,

Осы күнге келгеніміз жүгірмей.

Тамаша бір уақыттың жылдамы-ай,

Бел де тұрса жарар еді бүгілмей.

 

Жазым осы ыстық күні күйдірген,

Ақылымды түйіншекке түйдірген.

Даналардың жолы жатыр бұрынғы,

Сүйіктісі мұнда да бар сүйдірген.

 

Жаз да келді жадыраулы, шырақты,

Кім баптаса сол иелер пырақты.

Пырақ-өмір бара жатыр желдіріп,

Кім мәңгілік етер дейсің тұрақты?!

 

Жаз келгені күздің хабар бергені,

Көрмегеннен көп болар ма көргені.

Жаздың гүлі көркем болар тым әсем,

Жарасады жаздың жайлап келгені.

 

Маусым келсе мамыражай боламыз,

Шілде келсе шідерленіп қаламыз.

Тамыз сайын тағаттарды тауыспай,

Жаз күнінен алысыны аламыз.

 

Күндер осы жүрдек пойыз сықылды,

Естіреді темір жолы тықылды.

Сағаттары апарады қиырға,

Тазартады өмір өзі сырыпғы.

 

Жаз келгенде маса тірлік шағады,

Кімдер келіп кімге кінә тағады.

Тіршілікте қадір білмей жүргендер,

Қорымдарда қатар ғана жатады.

 

Жаз өмірі – мәз өмірі баратқан,

Есейген шақ арқасына қаратқан.

Күзден қорқып қысқа қалай барамыз,

Көктем кетті бар қызығын таратқан.

 

Жаз мезгілі жанға сыйлар қуатын,

Қызықтар көп бұл маусымда қаутын.

Барлық адам жаздан алсын аларын,

Күн төккенде молынан кеп шуағын.

2.06.08.

 


 

 


НАУРЫЗ КЕЛДІ

Жер бедері жанданып, түлегенде,

Жайқалғанда жауғазын гүл екен де.

Көктем келді, көктеммен Наурыз келді,

Бүкіл тірлік ұйқыдан түрегелді.

 

 

                                                                    30

 

 

 

 

 

 

 

 

Құстар келді былтырғы кеткен ұшып,

Дихан терлеп үй көрмес кетпен құшып.

Қозылары маңырап малшылардың,

Нұрландырды нұр суы көктен түсіп.

 

Наурыз келді жасыл да қызыл түсті,

Әжем менің айранды күбі пісті.

Арып жеткен көктемге тайлақ тұрып,

Талғап жатыр жап-жасыл шөпті күшті.

 

Ағаш біткен ақ-сары гүлге бөкті,

Айыра алмай бала жүр көбелекті.

Қарағайлар қасқайып қоюланып,

Жаңартуда демімен көне лепті.

 

Сарыарқаға саз келді самарқаулы,

Ұйқысынан оятып орман-тауды.

Күннің өзі күледі таңырқаумен,

Жерден білу керек деп армандауды.

 

Алла ием мейірін иіп берген,

Далам осы сән көйлек киіп келген.

Наурыз келсе құты да бірге келген,

Абыройы қатталып биіктеген.

 

Құт дегенің Наурыздан басталады,

Ашылғанда ықылым қас-қабағы.

Наурызкөже піскенде дастарқанға,

Ұсынылар мәзірдің бас табағы.

 

Барлық бақыт, байлық та осы айда,

Неге керек беріліп тосын ойға.

Құтты болсын Наурызың, қалың елім,

Қуану да бір бақыт осындайда!

17.03.08.


 


АҚКӨЛІМ – БАҚ КӨЛІМ!

Ақкөлден ұшқан аққулар,

Сағынтып неге жетпейді?

Жігітті көрмес баққұмар,

Елесі естен кетпейді.

          Ақкөлім – асыл ардағым,

          Өзгертер кім бар қалпымнан?!

          Көлінде қалып арманым,

          Балапан ойым талпынған.

Сағынтып құрбы құшағы,

Уақыт тоқтап тұрмады.

Ақ парақ жырлар ұшады,

Ақкөлге сонау қырдағы.

      Мүмкін бе сырды ашпауым,

       Жанымды қарып бораны.

       Үнқағаз болып бастауым,

       Қағазға жырым толады.

Толғанған сәтте мені көр,

Өзіңді жаным іздедім.

Аруы - айнай, ері - өр,

Ақкөлде қалды іздерім.

     Жұпары аңқып исінің,

     Арқама қайта қарадым.

      Балауса болып түйсігім,

      Балапан болып барамын.

Жетіліп пісіп, қайнауым,

Қалған жоқ сезім тонаусыз.

Жанымның тауып жайлауын,

Ақкөлден кеттім амалсыз.

      Сағынып сені кейде тым,

       Шығамын түнде еліктеп.

       Үнқағаз сол бір бейнетім,

       Пісірген мені көріктеп.

Нәзік бір жанмын ұққанға,

Кімім бар менің сендердей?

Жүзінші саны шыққанда,

Қалайын қалай тербелмей?

        Көзімнің жасын сыққанда,

        Келерме тағы құштарым.

        Жүзінші саның шыққанда,

        Жолдайын өлең құстарын.

Тілектер ойға тығылды,

Келгенде жазар кезегім.

Еліне сондай жұғымды,

Ғұмырлы болсын газетім.

18.03.08.


 

 


ӨКІНБЕЙМІН ӨМІРІМЕ

Неге енді өкінейін тірлікке,

Масайрадық, мақтанып та жүрдік те.

Жастық шақты базарладық балдайын,

Алыс болған емес сонда шың тіпте.

 

 

 

                                                                  31

Өкінетін түгі де жоқ жалғанның,

Қызығына ұрпақ батсын қалғанның.

Әлі талай есейгенді тойлармыз,

Қайтарармыз еселерін алғанның.

 

Өмір өзі өлең менен өктемдік,

Қыс келгенде орын берер көктемдік.

Балаларым бақытты боп жүрсе деп,

Дәурен сүріп жалған күнді өткердік.

 

Өмір көші бізді алып асырар,

Біз кеткенмен ұрпаққа ұрпақ қосылар.

Жаратқанның заңы осы бұзылмас,

Реті жоқ құтын күйттеп ұшырар.

 

Қызық өмір ешкімді де шеттетпес,

Тоғышарды, тоқтамсызды көктетпес.

Өмір деген беріледі не үшін,

Ақың болса оны Аллам жеп кетпес.

 

Жаратқанның жазуынан аспайсың,

Бұйрық болмай бір қадам да баспайсың.

Өмір деген алып теңіз шарқ ұрған,

Құрығынан құтылам деп қашпайсың.

 

Келші достым, өмір жайлы толғашы,

Өкпелеме сылтау іздеп болмашы.

Келмей кетсем, келмей кетсең іздейміз,

Бәрі бұйрық, бәрі өмір олжасы.

18.03.08.


 


АҚШАЛЫ-АҚШАСЫЗ

Ақшам жоқ қос қалтамда қомпаятын,

Орнына ақылым бар томпаятын.

Ақшалы масайраса менменсініп,

Оны аяп жабырқаумен ортаямын.

 

Ақшам жоқ алақанда шауытталған,

Ақшалы ит сияқты қауып та алған.

Қорғаштап байлықтарын ырылдаса,

Иттен де айнытпаймын, тауықтардан.

Ақшам жоқ сандығымда сақтап қойған,

Ақшалы өз байлығын мақтап қойған.

Аяймын ондайларды сорлайды-ау деп,

Қабыры сол ма екен деп тақтап қойған.

Ақшам жоқ қоржынымда бүктетілген,

Ақшалы алтындалған жүкке мінген.

Аяймын ондайларды қу тірліктің,

Қадірін емес деумен түкке білген.

 

Мастанса, масайраса байлығымен,

Мендағы толысамын айлығыммен.

Аяймын қалталыны сорлайды-ау деп,

Опасы болмағанда қайырымымен.

 

Ақшалы бүгін басса алшаң қадам,

Мендағы саулығыммен талтаң қағам.

Ол ойлап ақшаларын жаратуды,

Түнімен ұйқы көрмей тарбаңдаған.

 

Ақшаның тояттатар түрі болмай,

Тоқтамас тойымсызым ірі болмай.

Мендағы ондайларды аяй беріп,

Жырлының тоқтамаспын пірі болмай.

18.03.08


 

 

 


МӘУЛІТ ТҮН

Бұл түннің орны ерек басқалардан,

Қасиет осы түннен бастау алған.

Мұхаммед пайғамбарым туылған түн,

Тұрады аппақ болып асқан ардан.

 

Мәуліт түн мағыналы қасиетім,

Өзіңсің құрмет тұтып бас иерім.

Бұл түнде ұлылық бар біз байқайтын,

Назарға алып жүрген өсиетін.

 

Мәулітім – меніңдағы сиынғаным,

Шешетін мағыналым қиындарын.

Алдыңда бас иемін құлың болып,

Алланың орындаймыз бұйырғанын.

 

Мәуліт түн маржан толы моншақталған,

Арманың орындалса қанша ақтарған.

Таңданып отырарсың киесіне,

Мешітке келгеніңде аңсап барған.

 

Мәуліт түн мәуе бағым тірліктегі,

Орының бөлек сенің бірліктегі.

Сәждеге бас қоямын тәубе етіп,

Жұлдызға қарап алыс түндіктегі.

19.03.08.


 


КӨКТЕМ КЕЛДІ

Жылғалардан су ақты, жер бусады,

Бой көрсетті жауғасын, жер жусаны.

Ұшып жетті қарғалар күзде кеткен,

Ұйқысынан оянды сақ сусары.

 

                                                                    32

Ақсу ақты қайтадан мұзын қуып,

Шаңыраққа шыншылды ұзын уық.

Бұлттар көшіп барады әлдеқайда,

Қыран көкте қалықтар қызыл қуып.

 

Көктем келді оралып былтыр кеткен,

Бәйшешек тұр сығалап дір-дір еткен.

Мұздың-дағы мазасы кетіп жатыр,

Күннің көзі ерітіп селдіреткен.

 

Арналарға су толды тасынардай,

Жаяу адам саз басып батына алмай.

Айналады жолдарды із таба алмай,

Бассаң балшық жабысар ақы бардай.

 

Көктем келді қалаға, айдалаға,

Таусылмайтын қызыққа айнала ма.

Көктем келсе демалыс бірге келер,

Бала ма ол мәз болып ойнамаса.

 

Күн күркіреп, найзағай қылыштасты,

Қозықұйрық қалқайды күміс басты.

Тал-теректер жасылдан көйлек киіп,

Ақ гүл тағып келбетін дұрыстасты.

 

Көктем осы әлемді оятатын,

Жер-жаһанды сан түрге боятатын.

Құтты болсын, баршаға ұлы күні,

Көктемнің де жырлайық саясатын.

26.03.08.

 


 

         ӨЗІҢЕ КЕЛДІМ, АСТАНАМ!

Не десем екен, па шіркін!

Жанымда жалау желбіреп.

Көңлімді таудай өсірдің,

Жауындай жаным мөлдіреп.

 

Армандар алып келгенмін,

Қайда оны енді ән етем.

Қолдаушым болшы сен менің,

Қанаттанамын демесең.

 

Оқ болып сірә атылам,

Мылтығым дайын шабыттан.

Жыр ғана емес,- ақын ән,

Салады шырқап бақыттан.

 

Бәйтерек көңіл аспандап,

Табысып жатыр арманмен.

Егемен елді бастаған,

Көремін күнді алдан мен.

 

Көргенмін күнді кеше де,

Мақсатым менің орнаған.

От жанып жатыр көшеде,

Түнінде жарық маздаған.

 

Тәуелсіз елдің ордасы,

Шаһар жоқ саған теңесер.

Тұрғызған ұлы Елбасы,

Өзіңді жырға бөлесем.

 

Өзіңе келдім өріліп,

Не десең еркің өзіңде.

Жазайын жырды керіліп,

Сезімге сергек кезімде.

18.12. 07.


 


ХАЛҚЫМ-АЙ!

Халқыммен бірге өсемін,

Мақтансам бірге мақтанам.

Жетілді ну боп кешегім,

Гүлдеді далам ақтабан.

 

Армандар алып ұшырды,

Биікте жүрмін шарықтап.

Ордаңа келдім құзырлы,

Айбарым кеткен алыптап.

 

Биікке ұшсам қаншама,

Алдыңда пәспін, кішімін.

Құмарым жырға қанса да,

Келеді қайта пысығым.

 

 

 

                                                                  33

 

Халқыммен бірмін еншілес,

Төбем бір жетсе көкке де.

Бауырым өзің көршілес,

Наз артам айтқан өкпеңе.

 

Ауылға келсем жыл салып,

Араға талай сағынам.

Жазылмай жатса жыр қалып,

Хандаймын қалған тағынан.

 

Арманшыл күндер көгертіп,

Өсірді мені өрлерге.

Аулына келсе егер кім,

Ақысы бар ғой төрлерге.

 

Таулар мен шағыл сағынтқан,

Байтағым неткен керім-ді!

Кие бар мені табынтқан,

Бәрі де от боп көрінді.

 

Сағына жетсем сарғайып,

Қарсы алар текке өздерің.

Есімде жүрген әрдайым,

Балдәурен бала кездерім.

 

Халқымнан жырақ жүрерге,

Жібермес арым адамдық.

Келмей де кетсем егерде,

Түсімде жүрер алаң қып.

10.01.08.


 

 

 

 

 


ТАМСАНСЫН МАҒАН ТАМСАНАР

Жұлдызша жанып әуселем,

Алыстан тартам көздерді.

Дәу дей бер мейлі дәу десең,

Сойылым бүгін өзгерді.

 

Алыстан тағы алпауыт,

Бұлттар көшіп келеді.

Барады күнмен таң да ауып,

Кептіріп ерін кенебі.

 

Тамсанар жұрттар қарасын,

Ақынның бүгін кімдігін.

Емдеймін жанның жарасын,

Кесемін сәби кіндігін.

 

Алатау, Ақтау бір өзім,

Биік жоқ менен асатын.

Келгенде бүгін кезегім,

Мен емес жаудан қашатын.

 

Тұлпарлы бүгін тақымым,

Бәйгенің бәрі менікі.

Адуындасын ақының,

Балақта мұзы еріді.

 

Тамсанса егер тамсансын,

Қарап отырар мен емес.

Арасын жарып шаңдардың,

Шындық боп кетер көп елес.

 

Оқ болып кетем атылып,

Мылтығым миым бастағы.

Жауымды суға батырып,

Қуатым алға бастады.

 

Таңдарым күтіп талғажу,

Қайраған сондай сенімдер.

Мақсатым ылғи алға озу,

Мұқалсам егер көріңдер.

 

Құрығым бүгін бос емес,

Тайбурыл атым зулайды.

Аттансам жолға кеш емес,

Жүрек те тайдай тулайды.

 

Есейдім рас қырдамын,

Бала деп маған қарама.

Өмірдің жықпай ырғағын,

Ауылдан кеттім қалаға.

 

Жолдамын бірақ, жолдамын,

Қалғам жоқ тоқтап тиылып.

Алда көп алар арманым,

Мақсат боп тұрған жиылып.


8.04.0

 


АҚМОЛА ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Насихат болар ұл-қызға,

Қалдырар іздей артына.

Ақмолам толды жұлдызға,

Еңбегі сіңген халқына.

 

Сәкендей сері ақыным,

Біржан сал елден ерегім.

Ғазиздің биік аты тым,

Ұғады халқым керегін.

 

 

 

                                                                   34

Балуан да шолақ атамыз,

Күш пенен өнер иесі.

Паң Нұрмағамбет бабамыз,

Бас иер әруақ киелі.

 

Алтыншаш Жаған ұрпағы,

Өңірдің осы қызы еді.

Руханият тобын құрғалы,

Түйсігін елдің түзеді.

 

Бестөбе кенті тумасы,

Рысты болар жазушым.

Рамазан сазгер думанды,

Хакімім актер азулы.

 

Есімжан тегі Рәбиға,

Бұлбұлдай әншікөмейлі.

Қасымжан, Роза, Майра да,

Осал ғой ешкім демейді.

 

Целина кезі тыңдағы,

Дүбірлі науқан болатын.

Елімнің қыз бен ұлдары,

Кеңірек жайған қанатын.

 

Ақмолам жайлы, жамиғат,

Жұлдызды көптеп білейік.

Еңбегін етіп насихат,

Мадақтап әр кез жүрейік.

13.03.08.

 


 

 

 

 


КҮН ЖЫЛЫДЫ

Жазды күтіп көктем келді көгершін,

Көк қылтиды қар астынан сығалап.

Енді міне қызғалдақ та көрерсің,

Қызғалдаққа қыруар жаным құмар-ақ.

 

Күн жылыды, көктем бүгін көктеді,

Мұз құрсауы бусап жатыр қатталған.

Осы екен ғой өмір шіркін өткені,

Жылдар жылжып көктем сайын аттанған.

 

Қарғаларым келді қайтып қарқылдап,

Дала дуға бөленуде тынбастан.

Көңіл шалқып күйі бірге тартылмақ,

Жазады деп компьютер тұр кім дастан.

 

Бұлттар жөңкіп бара жатыр тоқтамай,

Тоқтап тұрмын қарап оған ой тоқып.

Болады ма балалықты жоқтамай,

Күндер қайда айғайлап ән айтатын?

 

Күн күледі сол баяғы қалпымен,

Мені есейтіп күндерім тұр есепсіз.

Домбырамды шертіп-шертіп тартып ем,

Ән төгілі көмейімнен өсексіз.

 

Күн жылыса жаным бірге жылыған,

Әлі ысыр жаздай болып шілделі.

Не түсінер жастар менің мұнымнан,

Өмір өзі біле білсек күрделі.

 

Жылыдым мен, жаным енді жайнаған,

Көктем сондай көз тоймайтын бір бағым.

Бақытты сәт қарай қалсам айналам,

Өз орнымды басып жатыр ұрпағым.

8.04.08.


 


БҰЛБҰЛ

Бұтақтағы бұлбұлды,

Үркітпеймін сайраған.

Әнін салып ол тұрды,

Тыңдай бердім қайтадан.

 

Бұлбұл әлем әншісі,

Тыңдау деген бір бақыт.

Зейін қойса әр кісі,

Бүкіл әлем шырқатып.

 

Бұлбұл маған таңсық-ты,

Зейін қойдым жалықпай.

Тап қасымнан ән шықты,

Ұшпай тұрып қалықтай.

 

 

 

 

                                                                 35

 

 

Шөкімдей-ақ әнші құс,

Даусы сондай жағымды.

Сондай болса құлшыныс,

Нұрландырған бағымды.

 

Бұлбұл болу құсқа бақ,

Ән айтуы тым бөлек.

Салсаң торға ұстап ап,

Сені зұлым, сұм демек.

 

Бұлбұл еркін әншідей,

Сахнасы бақтары.

Жаны жақын көршідей,

Мені де ол жақтады.

 

Бұлбұлсыз ән сазды емес,

Тарғыл дауыс қарғашыл.

Мендегі шақ мәз де емес,

Бұлбұлсыз күй тартатын.

 

Ұзамашы, бұлбұлым,

Әуеніңе батайын.

Жиып берсем қыр гүлін,

Деші исін жұтайын.

8.04.08.



ЖАНАРГҮЛ ҚАРЫНДАСҚА!

Жанарында қазаққа тән иба бар,

Пейіліне имандылық жиналар.

Өзіңіздей қарындастан айрылса,

Әріптес бұл мендей ағаң қиналар.

 

Көз алдымда қарақат көз – жанар тұр,

Келбетіңнен қазақы нұр тарап жүр.

Бір жылдай-ақ қалам тарттық ел үшін,

Қош есен бол, амал бар ма, Жанаргүл!

 

Амал бар ма тағдыр жазса осыны,

Жұмыс қайнап күннен-күнге тасыды.

Бәрінде де жауынгердей ерледің,

Демеймін мен Жанагүл қыз жасыды.

 

Жақсы атың жаңғырықтай тарасын,

Сызаттама сыйластықтың арасын.

Жолың болсын, әріптесті ұмытпа,

Қайта ұшып Тайыншаға барасың.

 

Қыр гүлі ең, тап өзіңдей кім болар,

Ұмытылмас еңбексүйгіш тұлғалар.

Жас келеді қимастықтан жанарға,

Өзіңе арнар арқаңызда жыр қалар.

 

Өтсін жылдар, апта артынан ай қуып,

Осы өлеңім жүрсін ылғи айтылып.

Ақын ағаң жан сезімін жеткізсе,

Аллам берсін жанұяңа қайтымын.

 

Қимастықты қайтем енді меңдеген,

Сағынамыз мезгіл сайын келмесең.

Ол жақта да елден озып ерекше,

Тайыншаның тұлғасы бол мен деген.

30.04.08


 


АЛАУЛАЙМЫН

Жыр тұлпарға міндім бүгін ерттеп,

Шабыт шоғын жандандырып көріктеп.

От керекке қызуымды беремін,

Мұз болсаңыз тап осы сәт еріп кет.

 

Мен алаумын, шоғым жатыр маздаған,

Ақын ағаң ермекке жыр жазбаған.

Сезімдерді серік қылып тулаған,

Сәтім осы сонардан жыр бастаған.

 

Шауып кетіп барамын алыстарға,

Қарамаймын жат па әлде таныс бар ма.

Қазақ үшін қазақтың таңсығы жоқ,

Күлмейме жұрт туғаның қалыс қалса.

 

От күректі қолдарым шоқ ұстаған,

Шоқ ұстасам бола ма толыспасам.

Кімдер келіп кетпеген мына әлемге,

Неге мәзбін бәйгеде жарыспасам.

 

Маздап тұрмын, мәз боп тұрмын тап қазір,

Қауыз жарды мен үшін де бақта гүл.

От беремін баршаға жылынатын,

Сырым болса деймін іштен ақтарыл.

14.05.08.

П.ЖАНБАЕВ

 


 

 

 

 

 

 

                                                         

                                                       36


Ақмола облысы Степногорск қаласы

Ақмола облысы Степногорск қаласы

Аннотация Зерттеу тақырыбы:

Аннотация Зерттеу тақырыбы:

Аннотация Тема: Полатбек

Аннотация Тема: Полатбек

ANNOTATION Theme: Polatbek

ANNOTATION Theme: Polatbek

Мазмұны Кіріспе ...........

Мазмұны Кіріспе ...........

Кіріспе Менің таңдап алған тақырыбым: «Полатбек

Кіріспе Менің таңдап алған тақырыбым: «Полатбек

Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы

Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы

Жанбаев Полатбек Тыллабайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан

Жанбаев Полатбек Тыллабайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан

Кеше ғана Ақмола облыстық ақындар мүшәйрасында аймақ бойынша жүлдеді 1-орынды жеңіп алып, үлкен марапатқа ие болды

Кеше ғана Ақмола облыстық ақындар мүшәйрасында аймақ бойынша жүлдеді 1-орынды жеңіп алып, үлкен марапатқа ие болды

Ата тегіңді ұмытпа Алаш Қазақ,

Ата тегіңді ұмытпа Алаш Қазақ,

Полатбек Жанбаевтың шығармалары туралы 2

Полатбек Жанбаевтың шығармалары туралы 2

Лирика түрлері «Отан сүйгіштік-ұлы сезім» атты лирикасы

Лирика түрлері «Отан сүйгіштік-ұлы сезім» атты лирикасы

Жанымның жазы», «Гүлдеймін», «Өмір деген домбыра», «Жаңа күн», «Мұнар күн», «Күндер кетіп барады», «Менсіз әлем не болар?», «Өмірім менің өмірім!», «Қайта түледім», «Жаңа тынысым ашылды»,…

Жанымның жазы», «Гүлдеймін», «Өмір деген домбыра», «Жаңа күн», «Мұнар күн», «Күндер кетіп барады», «Менсіз әлем не болар?», «Өмірім менің өмірім!», «Қайта түледім», «Жаңа тынысым ашылды»,…

III. Полатбек Жанбаев жаңа ғасырдың ірі тұлғасы 3

III. Полатбек Жанбаев жаңа ғасырдың ірі тұлғасы 3

Степногорск қаласы әкімінің Құрмет грамотасына қол жеткізді

Степногорск қаласы әкімінің Құрмет грамотасына қол жеткізді

Біз кеткенмен ұрпаққа ұрпақ қосылар

Біз кеткенмен ұрпаққа ұрпақ қосылар

СЕГІЗ АМАЛ – ЖАНЫМНЫҢ ШАРАЙНАСЫ Құдайына құл болған мұсылманмын,

СЕГІЗ АМАЛ – ЖАНЫМНЫҢ ШАРАЙНАСЫ Құдайына құл болған мұсылманмын,

Мұсылманым ақ жолды ұстамаса,

Мұсылманым ақ жолды ұстамаса,

Газеттің жаңа саны, жарамдысы,

Газеттің жаңа саны, жарамдысы,

Мандолина менің сүйген саз басым, Қалап жүрмін оның ұзақ тозбасын

Мандолина менің сүйген саз басым, Қалап жүрмін оның ұзақ тозбасын

Жанбаев Полатбек Тыллабайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан

Жанбаев Полатбек Тыллабайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан

Степногорск ақшамы» газеттері 2014-2015 ж

Степногорск ақшамы» газеттері 2014-2015 ж

Полатбек Жанбаевтың өлеңдері: ҰЛЫ

Полатбек Жанбаевтың өлеңдері: ҰЛЫ

МАҚТА ҚАР Мақтадай ұлпа жауды биіктерден,

МАҚТА ҚАР Мақтадай ұлпа жауды биіктерден,

ГАЗЕТТІҢ ЖАҢА САНЫ Қолыма түсті жаңа газет саны,

ГАЗЕТТІҢ ЖАҢА САНЫ Қолыма түсті жаңа газет саны,

БҰЛТТЫ АСПАН Бұлтты аспан мұнарған, қоңырланған, Қорғасындар ап-ауыр шоғырланған

БҰЛТТЫ АСПАН Бұлтты аспан мұнарған, қоңырланған, Қорғасындар ап-ауыр шоғырланған

ОРМАНҒА КЕЛГЕНДЕ Қарағайлы орманның ішіндемін,

ОРМАНҒА КЕЛГЕНДЕ Қарағайлы орманның ішіндемін,

АРМАНҒА АТТАНУ Арман қуып барамын алыстарға,

АРМАНҒА АТТАНУ Арман қуып барамын алыстарға,

БАРЛЫҚ АДАМ АҚЫН БОЛСА Жаралған ба ақының жыр құрауға, Өлең десе шабытым бұрқырауда

БАРЛЫҚ АДАМ АҚЫН БОЛСА Жаралған ба ақының жыр құрауға, Өлең десе шабытым бұрқырауда

ДЕМАЛЫСТАМЫН Демалыста жүргенім тыныққаным,

ДЕМАЛЫСТАМЫН Демалыста жүргенім тыныққаным,

МАНДОЛИНА Сегіз ішек төрт қатардан жұптасқан, Әнге бассаң қолдай кетіп құптасқан

МАНДОЛИНА Сегіз ішек төрт қатардан жұптасқан, Әнге бассаң қолдай кетіп құптасқан

ЫСҚЫ АСПАН Қысқы аспан жаздағыдан тым бөлек,

ЫСҚЫ АСПАН Қысқы аспан жаздағыдан тым бөлек,

ЙҚЫДАҒЫ АҒАШТАР Жапырағын жоғалтып ап жаздағы,

ЙҚЫДАҒЫ АҒАШТАР Жапырағын жоғалтып ап жаздағы,

Дихан терлеп үй көрмес кетпен құшып

Дихан терлеп үй көрмес кетпен құшып

Біз кеткенмен ұрпаққа ұрпақ қосылар

Біз кеткенмен ұрпаққа ұрпақ қосылар

Мұздың-дағы мазасы кетіп жатыр,

Мұздың-дағы мазасы кетіп жатыр,

Сағына жетсем сарғайып, Қарсы алар текке өздерің

Сағына жетсем сарғайып, Қарсы алар текке өздерің

Есімжан тегі Рәбиға, Бұлбұлдай әншікөмейлі

Есімжан тегі Рәбиға, Бұлбұлдай әншікөмейлі

Жиып берсем қыр гүлін, Деші исін жұтайын

Жиып берсем қыр гүлін, Деші исін жұтайын
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.10.2019