Білім саласы : коммуникация
Оқу іс – әрекеті : сауат ашу
Сабақтың тақырыбы : Әә әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсатыы :
1. Әә әрпі және дыбысымен таныстырып, дыбыстық талдау жасап,сөйлем құрастырып
үйрету;
2. Жазу мен сауатты сөйлеуге дағдыландыру;
3. Балалардың пәнге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер,әліпби,улестірмелі кеспелер,слайдтар
Сабақтың әдістәсілдері: түсіндіру,көрсету,жазу,бағалау,АКТ пайдалану,сұрақжауап
Ұйымдастыру кезеңі: І. Балалардың назарын сабаққа аударып,сабақтың тақырыбы мен
мақсатын ашу.
1. Психологиялық дайындық:((өлең жолдарына қимылқозғалыстар жасату)
Біз бақытты баламыз
Ойнап,күліп аламыз.
Сауат ашу пәнінде
Оқып жазу жазамыз.
Сынып іші – таптаза,
Бор да дайын, тақта да.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
2. Қайталау. –Балалар,өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Өткен сабақта Зз әрпі және дыбысымен таныстық.
. «З» әрпі сөздің қай жерлерінде жазылады?
«З» әрпі сөздің басында,ортасында,соңында жазылады.
«З» әрпі қандай дыбыс?
«З» дауыссыз ұяң дыбыс,көк текшемен белгілейміз.
Дыбыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Дыбысты айтамыз және естиміз.
Әріп дегенді қалай түсінесіңдер?
Әріпті көреміз,жазамыз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ондай болса, мен жұмбақ жасырамын. Сендер бірінші қандай дыбыс естіліп тұрғанын
табыңдар: Әжеде бар,атада жоқ.
Әкеде бар, анада жоқ.
Бұл қандай дыбыс? (Ә)
–Дұрыс, бұл Ә дыбысы. Сонымен ,бүгін қандай әріппен танысамыз?
–Бүгін Ә әрпімен танысамыз.
–Қалай ойлайсыңдар, Ә айтылуына қарай қандай дыбыс?
Ә дауысты дыбыс.
Неге деп ойлайсыңдар?
– Өйткені айтқанда еркін,кедергісіз айтылыды.
-Балалар,тыныш,біреулер сөйлеп жатқан сияқты.. О, бұл жұмбақтағы әже ғой. Ол атаға бауырсақ пісіріпті. Енді шай әзірлеуге кетті. Ап
бауырсақ терезенің алдында жатқысы келмей,мектепке барып оқимын деп,атаәжеден
қашып кетті.
Бірінші слайдты ашу
Бауырсақ жүгіріп келе жатса,алдынан
қоян шығады: Бауырсақ,қайда бара жатырсын? – Мектепке. – Егер менің тапсырмамды
орындамасаң, мен сені жібермеймін. Бауырсақ: Балалар, көмектесіңдерші!
Балалар: Бауырсақ,біз саған көмектесеміз!...
Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау
Жұптық жұмыс: Тт Нн Оо Дд Кк Мм Йй Жж Рр Ыы Лл Ғғ Шш
Қоянның екінші тапсырмасы:
Қоянның бірінші тапсырмасы:
Қоян: Керемет,Бауырсақ,мектепке жолың ашық.
Бауырсақ жүгіріп келе жатса,алдынан қасқыр шығады: Бауырсақ,қайда бара жатырсын? –
Мектепке. – Егер менің тапсырмамды орындамасаң, мен сені жібермеймін. Қасқырдың бірінші тапсырмасы:
Әліппе. мультфильм көріп,сұрақтарға жауап беру:
1. Ә қандай дыбыс?
2. Ә дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер?
3. Ә дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездесуі мүмкін?
Қасқырдың екінші тапсырмасы: берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау және
сөйлем құрастырып айту :
Әже
,
дәрі
әтеш
Қасқыр : Керемет, Бауырсақ, мектепке жолың ашық.
Бауырсақ жүгіріп келе жатса,алдынан аю шығады: Бауырсақ,қайда бара жатырсын?
– Мектепке. – Егер менің тапсырмамды орындамасаң, мен сені жібермеймін.
Аюдың бірінші тапсырмасы: Буындарды оқу:
дә жә кә лә нә пә рә сә тә шә әд әж әк әл ән әп әр әс әт әш
Аюдыың екінші тапсырмасы: :
Аю: Керемет,Бауырсақ,мектепке жолың ашық.
Бауырсақ жүгіріп келе жатса,алдынан түлкі шығады: Бауырсақ,қайда бара жатырсын?
– Мектепке. – Егер менің тапсырмамды орындамасаң, мен сені жібермеймін.
жұмыс: Жазу; Буындап оқу;
Ә Ә Ә ә ә ә
Түлкінің бірінші тапсырмасы: Дәптермен
Әке Әлия әже
Әмір дәрі кәрі
Әсия Әли әтеш
Дидактикалық ойын: Әә әрпі кездесетін сөздерді оқу
Сабақты қорытындылау: Балалар,Бауырсақ ұзақ жол жүріп сенлерге келді.
Бауырсақ: Балалар,маған көмектескендеріне рақмет. Тағы қайталап жіберейікші,бүгін
сабақта қандай әріппен таныстық?
– Ә қандай дыбыс?
Ә дыбысын неге дауысты дыбыс дейміз?
Презентация по обучению грамоте в классе предшкольной подготовки на тему "Ә дыбысы мен әрпі"
Презентация по обучению грамоте в классе предшкольной подготовки на тему "Ә дыбысы мен әрпі"
Презентация по обучению грамоте в классе предшкольной подготовки на тему "Ә дыбысы мен әрпі"
Презентация по обучению грамоте в классе предшкольной подготовки на тему "Ә дыбысы мен әрпі"
Презентация по обучению грамоте в классе предшкольной подготовки на тему "Ә дыбысы мен әрпі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.