Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Біздің орман жануарлары»
Мақсаты:
1. Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру;
2.Балаларды аңдарды сипаттап, оларды салыстыра отырып ерекшеліктеріне тоқталу арқылы сөздік қорын дамыту.
3. Табиғатқа деген қызығушылықтарын тудыру,табиғатты қорғап, аялауға және оның әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер:
«Қысқы ормандағы қояндар», «Қысқы ормандағы қасқырлар мен түлкілер» суреттері, ойыншық қонжық.
Әдіс- тәсілдер:
«Шаттық шеңбері», сұрақ- жауап, сурет бойынша әңгіме, ойын сәті, дидактикалық ойын «Мынау ненің құйрығы?», сергіту «Жемтік аулау» қимылды ойыны, жұмбақтар, сөздік жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ынталандыру. «Шаттық шеңбері»
1.Қуан, шаттан, алақай, қуанатын күн бүгін.Қайырлы таң,қайырлы күн!
2.Кіріспе әңгіме (суретпен жұмыс)
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі несімен қызықты? (Өздеріне таныс өлең, жұмбақ айтады)
А)Аппақ көше, бар дала,аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала, қар жамылып тұр бақтар.
Б)Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
В) Сырғанаққа мығымбыз, шынықанбыз шымырмыз.
Таудан төмен сырғанап, біз тебеміз сырғанақ.
Балалардың назарын суреттің артқы фонына аудару.
-Мына артқы жақта не көріп отырсыңдар, балалар, айтыңдаршы.
-Орман. –Иә, балалар бұл қысқы орман. Сендер орманда жазда болдыңдар, ал қыста болып көрдіңдер ме?
-Бұл орманның ішіне саяхат жасағыларың келе ме? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
-Аңдар: қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, тиін. Аю. (Сурет бойынша) «Ертегіші әжейдің ертегісі»
Тәрбиешінің әңгімесі: Аю-орман қожайыны. Жаздай денесіне май жинайды, жабайы аралардың балын жейді. Өзінің апанын дайындап алып, қыстай ұйықтап табанын сорып жатады да, көктемде бірақ оянады екен.-Қыс мезгілінде аңдардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды екен. Сондықтан кейбір аңдар қысқа азық жинайды.
Мынау тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойына саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді.
Кірпі өзінің үйін шөпшектердің үйіндісінің астына, қалың бұталардың түбіне жасайды және оған жапырақтар төсейді. Егер де қатты аяз қысса, кірпі өзінің ініне тығылып ұйықтайды.
Қоян сұр тонын, ақ тонға айырбастайды. Аппақ қоян ағаш бұтақтарын кеміріп, шөппен қоректенеді.
Орманда жыртқыш аңдар да өмір сүреді. Олар өзінен кіші, күші әлсіз жануарларды жеп қоректенеді. Жыртқыш аңдарға түлкі, қасқыр жатады. Олардан барлық ұсақ аңдар:. қоян, тиін, тышқан т.б қорқады. Барлық жыртқыш аңдар жемтігін тауып жекге бейімделген. Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ, иіс сезуі жақсы жетілген.
Сергіту: «Жемтік аулау» қимылды ойыны.(Балалар 2 топқа бөлінеді, бір-бірінен біраз қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Не ненің жауы, не ненің досы соны анықтап ойын басталады. Мыс: «қояндар», үйлеріне қарай қашады « түлкілер» мен «қасқырлар» оларды ұстауға тырысады. « кірпі», «тышқан».
- Аңдар қыста немен қоректенеді?
«Жұмбақбай әжей» қонақта.
*Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
*Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.(қоян)
*Көлеңкесінен қорқып безектейді, оның баласын «көжек» дейді. .(қоян)
*Тиме оған тиме,үсті толған ине. (кірпі)
3.Сабақты бекіту:
Қыста орманда қандай аңдар болады екен?
Олардың тіршілігі туралы айтайықшы?
«Орман дәрігері» жайлы не білеміз?
4.Қорытынды:
Орман- біздің байлығымыз. Орман- жануарлар мен құстардың мекені.
Жануарлар мен құстарды біз қорғауымыз керек. Орман- жануарлар мен құстардың мекені әрі қорегі екен. (слайд бойынша)
5.Бағалау,мадақтау
сөйлеуді дамыту.docx
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Біздің орман жануарлары»
Мақсаты:
1. Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы
түсінік беру;
2.Балаларды аңдарды сипаттап, оларды салыстыра отырып ерекшеліктеріне тоқталу
арқылы сөздік қорын дамыту.
3. Табиғатқа деген қызығушылықтарын тудыру,табиғатты қорғап, аялауға және оның
әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер:
«Қысқы ормандағы қояндар», «Қысқы ормандағы қасқырлар мен түлкілер» суреттері,
ойыншық қонжық.
Әдіс тәсілдер:
«Шаттық шеңбері», сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, ойын сәті, дидактикалық ойын
«Мынау ненің құйрығы?», сергіту «Жемтік аулау» қимылды ойыны, жұмбақтар, сөздік
жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ынталандыру. «Шаттық шеңбері»
1.Қуан, шаттан, алақай, қуанатын күн бүгін.Қайырлы таң,қайырлы күн!
2.Кіріспе әңгіме (суретпен жұмыс)
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі несімен қызықты? (Өздеріне таныс өлең, жұмбақ айтады)
А)Аппақ көше, бар дала,аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала, қар жамылып тұр бақтар.
Б)Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
В) Сырғанаққа мығымбыз, шынықанбыз шымырмыз.
Таудан төмен сырғанап, біз тебеміз сырғанақ.
Балалардың назарын суреттің артқы фонына аудару. Мына артқы жақта не көріп отырсыңдар, балалар, айтыңдаршы.
Орман. –Иә, балалар бұл қысқы орман. Сендер орманда жазда болдыңдар, ал қыста болып
көрдіңдер ме?
Бұл орманның ішіне саяхат жасағыларың келе ме? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
Аңдар: қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, тиін. Аю. (Сурет бойынша) «Ертегіші әжейдің ертегісі»
Тәрбиешінің әңгімесі: Аюорман қожайыны. Жаздай денесіне май жинайды, жабайы
аралардың балын жейді. Өзінің апанын дайындап алып, қыстай ұйықтап табанын сорып
жатады да, көктемде бірақ оянады екен.Қыс мезгілінде аңдардың тіршілігінде біраз
қиындықтар туындайды екен. Сондықтан кейбір аңдар қысқа азық жинайды.
Мынау тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары
көмектеседі. Ол жаз бойына саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды.
Қыста соларды қорек етеді.
Кірпі өзінің үйін шөпшектердің үйіндісінің астына, қалың бұталардың түбіне жасайды және
оған жапырақтар төсейді. Егер де қатты аяз қысса, кірпі өзінің ініне тығылып ұйықтайды.
Қоян сұр тонын, ақ тонға айырбастайды. Аппақ қоян ағаш бұтақтарын кеміріп, шөппен
қоректенеді.
Орманда жыртқыш аңдар да өмір сүреді. Олар өзінен кіші, күші әлсіз жануарларды жеп
қоректенеді. Жыртқыш аңдарға түлкі, қасқыр жатады. Олардан барлық ұсақ аңдар:. қоян,
тиін, тышқан т.б қорқады. Барлық жыртқыш аңдар жемтігін тауып жекге бейімделген.
Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ, иіс сезуі жақсы жетілген.
Сергіту: «Жемтік аулау» қимылды ойыны.(Балалар 2 топқа бөлінеді, бірбірінен біраз
қашықтықта қарамақарсы тұрады. Не ненің жауы, не ненің досы соны анықтап ойын
басталады. Мыс: «қояндар», үйлеріне қарай қашады « түлкілер» мен «қасқырлар» оларды
ұстауға тырысады. « кірпі», «тышқан».
Аңдар қыста немен қоректенеді?
«Жұмбақбай әжей» қонақта.
*Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
*Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.(қоян)
*Көлеңкесінен қорқып безектейді, оның баласын «көжек» дейді. .(қоян)
*Тиме оған тиме,үсті толған ине. (кірпі)
3.Сабақты бекіту: Қыста орманда қандай аңдар болады екен?
Олардың тіршілігі туралы айтайықшы?
«Орман дәрігері» жайлы не білеміз?
4.Қорытынды:
Орман біздің байлығымыз. Орман жануарлар мен құстардың мекені.
Жануарлар мен құстарды біз қорғауымыз керек. Орман жануарлар мен құстардың мекені
әрі қорегі екен. (слайд бойынша)
5.Бағалау,мадақтау
Разработка урока
Разработка урока
Разработка урока
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.