Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"
Оценка 4.8

Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
русский язык
11 кл
20.05.2017
Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"
Армысыздар, ағайын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған тәуелсіздік 20-шы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды. «Тәуелсіздік деген қасиетті сөзді естігенде тебіренбейтін адам жоқ шығар, сірә. Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Биылғы 2017 жыл айтулы даталарымен ерекшеленіп отыр.Еліміздің тәуелсіздігіне 26 жыл, Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 325 жыл, Алаш қозғалысына 100 жыл, қуғын-сүргін құрбандарына 85 жыл, Қазақстан Қарулы Күштеріне 25 жыл және ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі еліміздің жүрегі – Астанада өткізілмекші. Осы айтулы даталарға орай Ш.Уалиханов орта мектебінің ұжымы шағын концерттік бағдарламасын ұсынып отыр. Қабыл алыңыздар!
Болашак куаты Баяндама.docx
«Болашақ қуаты» Армысыздар, ағайын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған тәуелсіздік 20­шы ғасырдың  аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті  ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды. «Тәуелсіздік деген қасиетті сөзді естігенде  тебіренбейтін адам жоқ шығар, сірә. Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы  еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Еліміз  тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында,  өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Биылғы 2017 жыл айтулы даталарымен ерекшеленіп отыр.Еліміздің тәуелсіздігіне 26 жыл,  Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 325 жыл, Алаш қозғалысына 100 жыл, қуғын­сүргін  құрбандарына 85 жыл, Қазақстан Қарулы Күштеріне 25 жыл және ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі  еліміздің жүрегі – Астанада өткізілмекші. Осы айтулы даталарға орай Ш.Уалиханов орта мектебінің  ұжымы шағын концерттік бағдарламасын ұсынып отыр. Қабыл алыңыздар! Хор «Қазақстан қанаты» Әні мен сөзін жазған Есебаев. Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің Отанымызды әлем таныды. Осы  сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің.Бұл ұғымның аясы кең. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі  мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы.Қазіргі кезде біз ашық аспан, жарық күн  сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама  қиын­қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың  есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсан – Қазақстан тарихында тәуелсіз ҚР туған күні деп алтын әріппен  жазылды. Қазақ халқы тарихында қайғы­қасіретке ұшыраған ең ауыр жылдар «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама», «Ақ қайың сауған, тышқан жыл (1723­1727) деп аталады. Қанша қиыншылық көрсе де, алайда басқыншы жау қазақ халқының сағын сындыра алмады.  Қазақтар өздерінің атамекенін жоңғар шапқыншыларынан қорғап, дұшпанға кеткен есесін қайтару  жолындағы күресін тоқтатпады. Қазақ­жоңғар соғысында аты әйгілі қазақ батырлары көп болған, бірақ  солардың ішінде аты да, заты да бөлек Қаракерей Қабанбай еді.Қабанбай батырдың басқа батырлардан  ерекшелігі , ол – ұлтын сүйген ерекше нар тұлға. Ол 18­ші ғасырдағы қазақ батырларының ішіндегі  дарасы. Қабанбай – ержүрек, батыл батыр, оның бүкіл өмірі халықты жаудан қорғау жолындағы  жорықтарда өткен.Қаракерей Қабанбай қатыспаған білде­бір ірі шайқас болмаған. Осындай сұрапыл  шайқастарға қатынасып, барлығында жеңіске жеткен. Осындай қасық қаны қалғанша елі үшін, жері үшін шайқасқан бабаларымыздың арманы орындалып, ұрпақтары тәуелсіз мемлекетте бейбіт өмір сүруде. Муз.номер. 20 ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани­зерделі игі жақсылар  қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамында  зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал деп  елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен 20 ғасыр қазақ халқының  тарихында ұлы оқиғалармен есте қалды. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930­1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Егемен ел, тәуелсіз  мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтурсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев  сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды. Қазақстанда 101 мың адам  репрессияға ұшырыды, қазір олардың барлығы ақталды. Енді бізге қайта оралды заңғарлар Сталиндік тозақтарда жанғандар Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар. Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп тұңғыш партия , үкімет құрып  мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті. Бүгінде біздің Отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан  Республикасы. Енді біздің парызымыз – ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді  өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Муз.номер.  Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында  Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды.Біздің Отанымыз 1991 жылы егеменді, тәуелсіз  қазақ мемлекеті болды. 120­дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде,  кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған , төрт түлігі өрбіген мекенде  өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді. Биыл Қазақстан  Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл. Атыңнан айналайын, егеменді ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер Мерейің құтты болсын, Ұландарым Ғасырдың тойы болшы келе берер Ия, осыдан 25 жыл бұрын 7 мамыр күні Елбасы Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің қарулы  күштері құрылды. Содан бері бұл күн – Отан қорғаушылар күні болып мерекеленіп келеді. Тәуелсіз  елдің тыныштығын сақтайтын Қарулы Күштердің қалыптасуы үшін 25 жыл көп уақыт емес. Осы  жылдар ішінде Елбасы, Жоғары Бас Қолбасшы Назарбаевтың тікелей басшылығымен жоғары  жауынгерлік әзірліктегі армия құрылды деуге толық негіз бар. Әскеріміз айбынды. Қорғаныс  өнеркәсібінің дамуы қарқынды. ҚР­ның Қарулы күштері өзі құрылған күннен бастап Құрлықтағы  әскерден, Әскери­әуе күштерінен және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінен тұрды. 1993 жылы 2  сәуірде ҚР Президентінің «ҚР­ның әскери­теңіз күштерін құру туралы» жарлығы шықты. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап бейбітшілікті басты нысанаға алды. Біз кейбір әпербақан  мемлекеттер сияқты өз билігіміз өзімізге тигеннен кейін де әскер жасақтауға, қару жинауға жанталаса  кіріскен жоқпыз. Бұл бітімгерлік шараны бүкіл әлем мойындады. Көз тойғысыз қазағымның жері бар Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар Қазағымның елін, жерін қорғайтын Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар. Міне, осындай егеменді еліміз Кең жазира, ұлан­байтақ еліміз Туған елін, туған жерін сүйетін Біз қазақтың ұланымыз, еріміз Муз.номер Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам. Бұл далада өскен жанда жоқ арман. Муз.номер Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Еліміз  елдігін көрсетті, ерлігін танытты.Ар­намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек  еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.Қазақ елі қуатты мемлекет  ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды,  тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды.Осы қысқа ғана уақыт ішінде  экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс­шаралардың  өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі саммит, Астана экономикалық  форумы, инвестициялық форум, дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің  мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді.Осындай көшелі  істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар ЕХРО­2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Қазақстанның астанасы ЕХРО­2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын  болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО­2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық  Азия аумағындағы өткізілетін  ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып «Болашақ қуаты» болып табылады. Қазақстан  энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға  және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне  тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды  қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра  аламыз. Сондықтан да біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін ЕХРО­2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және көрмелердің  халықаралық бюросы  делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды. Муз.номер Тұнық көл, сырнайлы өзен, пүліш жері, Жасантқан ұрпағының күміс тері Елбасы Нұрсултандай бастап бүгін, Үмітін үкілейді қазақ елі. Айналдым, Қазақстан, бостан елім Қашанда ашық болсын қыран көгің Алатын асқарларың тұғырлы боп Шыңдарға қонақтасын шығар шебің Намысы еліміздің берік болсын Сертке жанған сенімің серік болсын Мәңгілік баянды боп тәуелсіздік, Қыдыр бағың басыңа келіп қонсын!

Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"

Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"

Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"

Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"

Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"

Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"

Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"

Разработка внеклассного мероприятия "Будущее страны"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.05.2017