«Развитие мыслительной деятельности учащихся через использование технологии критического мышления»
Оценка 4.9
Повышение квалификации
docx
история +1
Взрослым
29.04.2017
Бүгінгі таңда озық технологияларды тиімді пайдаланып, оқыту процесінде қолдану заман талабы. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолдануда оқушыларда тарихи оқиғаларды сыни көзбен қарай білу, өзіндік бағалай білу, шығармашылыққа бейімделу сияқты міндеттерді алға қояды. Осы орайда Садуова Жанар Кабденқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, тарих пәндерін оқытудағы біліктілігі мен білімін, сабақ берудегі тәжірибелерімен өзара алмасу жұмысымен бірнеше жылдан бері еңбек етіп келеді. Алға қойған мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және шығармашылық дағдыларын қалыптастыру. Ойлау туралы ойлана отырып, маңызды мәселелерді оқушылармен, әріптестерімен талқылау мен тәжірибе жүргізу арқылы ой елегінен өткізуді қамтиды.
ППО.docx
Павлодар қаласы №37 жалпы орта білім беру мектебінің
Тарих пәнінің мұғалімі
Садуова Жанар Кабденовна
«Сын тұрғысынан оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ойлау
«Развитие мыслительной деятельности учащихся через использование технологии
қабілеттерін дамыту»
критического мышления»
Бүгінгі таңда озық технологияларды тиімді пайдаланып, оқыту процесінде қолдану
заман талабы. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолдануда оқушыларда тарихи
оқиғаларды сыни көзбен қарай білу, өзіндік бағалай білу, шығармашылыққа бейімделу
сияқты міндеттерді алға қояды. Осы орайда Садуова Жанар Кабденқызы өз тәжірибесімен
бөлісіп, тарих пәндерін оқытудағы біліктілігі мен білімін, сабақ берудегі тәжірибелерімен
өзара алмасу жұмысымен бірнеше жылдан бері еңбек етіп келеді. Алға қойған мақсаты:
оқушылардың сыни ойлау және шығармашылық дағдыларын қалыптастыру. Ойлау туралы
ойлана отырып, маңызды мәселелерді оқушылармен, әріптестерімен талқылау мен тәжірибе
жүргізу арқылы ой елегінен өткізуді қамтиды. Тақырыптың өзектілігі педагогикалық
технологиялар тәжірибесінде маңызды орын алып тұр. Қазіргі егеменді еліміздің ағарту
жүйесінің мақсаты өркениетті елдермен деңгейлес дамуымызға мүмкіндік беретін жаңа
ағарту жүйесін қалыптастыру. Ол үшін оқутәрбие үрдісін жаңартып, оқытуда жаңа
педагогикалық технологияларды қолданып, оқытушы мен оқушылардың шығармашылық
әрекетін дамыту, арттыру қажеттігі туып отыр. Әрбір оқушы оқу үрдісіне белсенді
қатысқан жағдайда сын тұрғысынан ойлауы, сөйлеу тілі, өз әрекетін жоспарлай алуы,
айналасындағы оқушылармен өзара тиімді қарымқатынасқа түсуі, оқушы бойындағы
сенімділік, өзгенің пікірін тыңдай білу, ойпікірін ашық жетілдіру қабілеттері дамитыны
сөзсіз. Аталған әрекеттерді оқушы бойында дамыту үшін оқу үрдісінде деңгейлік
тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану маңызды.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпіртүкпірінен жиылған
білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джейнни Л..Стиль,
Куртис.С, Мередит, Чарльз Темпл. "Сыни тұрғысына ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды
қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға
қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепетеңдікте ұстап
зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысынан ойлау
деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау
аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда
өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сын
тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт: Сын тұрғысынан
ойлауды тудыру үшін уақыт керек. Оқушыларға ойланыптолғануға, ойын ашық айтуға
рұқсат беру. Сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен сын тұрғысынан
ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар. Сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі
болуы үшін мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу
үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, пікірлерін дұрыс қалыптасуға көмектеу,
сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушыларды
біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, мәселені нақтылы шешуге үйрету. Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық
оқыту барысында қолданылатын үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді.
"Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясын қолдану арқылы
оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне дейін көтеріледі.
Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Қазіргі білім беру жүйесі талапты, жанжақты дамыған, сыни тұрғыдан ойланатын, қабілетті тұлғаларды қалыптастыру
мақсатын көздеп отыр. Садуова Жанар Кабденқызы бұл мақсатын жүзеге асыра отырып
өзінің тарих сабағында сын тұрғысынан ойлау, аналитикалық талдау және тағы басқа
қабілеттерін дамыту үшін: түрлі деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс,логикалық
жаттығулар, зерттеу жұмыстары, шығармашылық тапсырмалары, болжай білу, қорыту, өз
ойын жеткізу,сұрыптау, талқылау, пікір алмасу, мақсатқа жету, өзінөзі басқару арқылы
дамытып жетуге болады екенін дәлелдеп отыр және өз шеберлігін ажырата отырып,білікті
маман ретінде педагогикалық тәжірибеде үрдісіндегі шығарған қорытындылары дәйекті
болып табылады. Тарихты оқытудағы оқушылардың мұндай маңызды дағдыларын
қалыптастыру бойынша педогогикалық шеберлігі өз мақсатына жетті деп санауға болады.
«Сын тұрғысынан оқыту технологиясын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау
қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша педагогикалық тәжірибесін жалпылау жұмысы
педагогикалық, технологиялық, ғылыми әдістемелік жақтарынан толық түрде
тұжырымдалған деп санауға болады. Қарастырылған жұмысында жоғары педагогикалық
шығармашылық потенциал анық көрініп тұр. Білікті маман ретінде әр сабағына
жауапкершілікпен қарайтын оның жұмыс нәтижелерінен, сабақтан тыс жұмыстарды
ұйымдастырып, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуде еңбек етіп келе жатқан
ұстаздардың бірі.
«Развитие мыслительной деятельности учащихся через использование технологии критического мышления»
«Развитие мыслительной деятельности учащихся через использование технологии критического мышления»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.