Рефлексия
Оценка 5

Рефлексия

Оценка 5
Повышение квалификации
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
21.01.2019
Рефлексия
Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д.Ушинский Жеті модуль бойынша рефлексивті есеп Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана . Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.Бағдарламаның «Бетпе-бет» кезінде оқытылған теориялық дәрістер тәжірибемде көрініс тауып жатты.Дәстүрлі оқытуға қарағанда бағдарламадан күтілетін нәтижелер, оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену маңызды. Баланың жеке басын дамытудың басты кепілі-мұғалім болғандықтан мына қағидаларды еске ұстауы қажет:
Жеті модульге эссе.docx
тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады.    Мұғалім­өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді К.Д.Ушинский Жеті модуль бойынша рефлексивті есеп Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана . Қай елдің болмасын өсіп­өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын   алуы   оның   ұлттық   білім   жүйесінің   деңгейіне,   даму   бағытына байланысты.Бағдарламаның   «Бетпе­бет»   кезінде   оқытылған   теориялық   дәрістер тәжірибемде   көрініс   тауып   жатты.Дәстүрлі   оқытуға   қарағанда   бағдарламадан   күтілетін нәтижелер,   оқушылардың   қалай   оқу   керектігін   үйрену   маңызды.     Баланың   жеке   басын дамытудың басты кепілі­мұғалім болғандықтан мына қағидаларды еске ұстауы қажет:  Баланың   бойындағы   құмарлығын,   қызығушылығын   жойып   алмай,   оның   үнемі   алға жылжуға   деген   табиғи   талап­тілектерін,   сұраныс   пен   мұқтаждарын   ескеру, шығармашылығын жетілдіру;  Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;  Өзін­өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.     Қазіргі таңда әлемдік оқу үдерісінің өзегі­жаңа технологиялар екені баршамызга мәлім. Қазақстан   республикасының   «Білім   туралы»   Заңында   «Білім   беру   жүйеснің   басты міндеті−ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар   жасау;   оқытудың   жаңа   технологияларын   енгізу,   білім   беруді   ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту   міндеттері   көзделген.   Бұл   міндеттерді   шешу   үшін   мектеп   ұжымдарының,   әр мұғалімнің   күнделікті   ізденісі   арқылы   барлық   жаңалықтар   мен   қайта   құру,   өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым­қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Қазақ  елі  өмірінде  тарихи  таңдау  жағдаяты  туған ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегінде Ахмет Байтұрсынов «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген қорытындыға келген болатын. Кемеңгер педагог «оқу ісін түзету» деп оқытуды ізгілендіруді айтқан   еді.   Осы   ізгілендіру   еліміз   тәуелсіздікке   қол   жеткізгеннен   кейін,   соңғы     жыл көлемінде қолға алына бастады. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, оны оқыту үрдісінде ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені, жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы мүмкін емес. «ХХІ   ғасырдың   табалдырығы   алдында   білім   беру   капиталға   айналуда,   ол   өз мазмұны   жөнінен   стратегиялық   ресурстармен  бәсекелесе   алады   және   солай   болуы тиіс. Елдің дамуы осы арқылы бағаланады» (Н.Назарбаев) Дәстүрлі оқытудан сындарлы оқытуға көшу ­ бұл жаһандану кезіндегі заман талабынан туындап отырған Кембридждік ғалымдардың білім беру мен білім алудағы енгізген жаңа әдіс­тәсілдері. Бұл туралы теориялық білімдерімізді осы курстан оқып білдік. Бүкіл   дүниежүзілік   білім   беру   кеңістігіне   өту   үшін   қазіргі   кезде   Қазақстанда   білім берудің   жаңа   жүйесі   жасалуда.   Бұл   үрдіс   педагогика   теориясы   мен   оқу­тәрбие   үрдісіне нақты   өзгерістер   енгізумен   қатар   елімізде   болып   жатқан   түрлі   бағыттағы   білім   беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың   шығармашылық   әлеуетін   дамытуды,   мұғалім   іс­әрекетін   жаңаша   тұрғыда ұйымдастыруды қажет етеді. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі  негізгі тұлға−мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011). (Нұсқаулық ,6 бет)   Білім   жүйесіндегі   педагогикалық   технология   ғана   емес,   практикаға   да   өзгерістер енгізеді. Теория практикасыз еш нәрсені өзгерте алмайды. Теорияның практикалық күші мен энергиясы   бар.   Бірақ   оны   нақты   практикада   пайдалана   алатын   адамдар   санасымен қабылдануы ғана материалдық күшке ие бола алады. Сонда ғана теория адамдар қажетін қанағаттандыратын, практиканың бағыттаушы, реттеушісі бола алады. Ал теория практикаға технологиялық процестор нәтижесінде ғылыми теория мақсаты практикалық жүйеге енгізе алады.   Қазіргі   кезде   педагогикада   технологияландыру   процесіне   қызығушылық   туындап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа әдіс, жаңа қарым­қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады. Осылайша өмірге білім берудің жаңа әдіс­тәсілі енді. Сындарлы оқытудың мақсаты−оқушының пәнді терең түсіну қабілетін  дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалан білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім­біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай   ұйымдастыруын   талап   етеді..   Мұғалім   қызметіндегі   маңызды   дүние   –жекелеген оқушылардың   түсінігін   жетілдіру   немесе   жақсарту   мақсатында   олармен   жұмыс   жүргізу қажеттігін   ұғынуы,   сондай­ақ   кейбір   оқушылардың   тақырыпты   өзіне   оңтайлы   бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.(МАН, 7 бет)  Бұл бағдарламаның негізі жеті модульден тұрады:    1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Нұсқаулықта жаңа әдіс ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқыту керектігін үйретуді»   қарастырған.   Диалог   негізінде   білім   беру   мен   білім   алу   оқушылардың   өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой­пікірін жүйелеуі   мен   дамытуына   көмектеседі.(Нұсқаулық   12   бет).   Менің   басты   мақсатым   – оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,  ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын   арттыру.   Ең   бастысы   сабақты   жетілдіру   қажет.   Өйткені   оқыту   мен тәрбие пәнге қызығушылық тек сабақ арқылы жүзеге асады, меңгертіледі.Менің сабақтар топтамасында өтілген сабақтарымның негізі диалог арқылы көрініс тапқан. Кез келген жерде қандай   сабақта   болмасын   диалог   жоғары   рөл   атқарады.Адамдар   диалог   әдісін   қолдана отырып,   талқылау,   дебат,   ынтымақтастық,   білімді   бірлесіп   құру   арқылы   түсінік   пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Білім берудегі жаңа тәсілдер топта жұмысты бірлесе шешім қабылдауы, жеке, жұптық, топтық жұмыстар.  2. Сыни тұрғыдан ойлатуға үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау−әр оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін ескере отырып оның бойындағы   ашылмаған   мүмкіндіктерге   түрткі   болу   оның   ой   қабілетінің   дамуына   ықпал ететіні   сөзсіз.  Менің   жиырмасыншы   қазанда   өткен   екінші   сабағымның   тақырыбы А.Байтұрсыновтың «Ақын ініме» өлеңі болды.Бұл сабақты мен сыни ойлауға арналған ББҮ әдісі бойынша өту үшін осы әдісті өз сабағыма ыңғайлап алдым.ББҮ әдісінің мағынасына сәйкес түсінуді бағалау үшін,оқушылар өз тұжырымдамалық түсініктерін дамыту үшін бұл сабақта   оқушылар   бірін­бірі   оқытып,   бірін­бірі   бағалады.Бұл   сабақта   мен   мұғалім   және көшбасшылық   қызметін   атқардым.Сабақ   соңында   қойған   мақсатыма   жеткенімді байқадым.Сабақ   барысында   ББҮ   әдісі   бойынша   бірінші   графаны   толтыру   үшін   жұпта ойланып тақырып бойынша не білесіңдер деген сұраққа жауап іздеді.Жұпта талқылап не білгендерін   маған   айтып   бірлесе   отырып   бірінші   графаны   толтырдық.Екінші   графаны толтыру үшін тақырып бойынша не білгілерің келеді деген сұрақ төңірегінде оқушыларға жұпта ойлануға бір минут уақыт бердім.Бір минуттан кейін оқушылар не білгісі келетіндерін айтып екінші графаны толтырды.Ал үшінші графаны толтыруға мәтінді оқуға бес минут уакыт бердім.Уакыт аяқталған соң үшінші бағанды толтыру үшін не уйрендім деген сұраққа жауап тауып, әңгіме әдісін пайдалана отырып толтырдық. Бұл сабақта да АКТ ны пайдалана отырып,   ақынның   фотошежіресімен   таныстырдым.Сабақты   қорыту   барысында   әр   топ   өзі таңдаған   топ   басшыларын   ортаға   шығарып,   «ыстық   орындық»   әдісі   бойынша   өтілген тақырыптардан сұрақтар қойды. Топтық жұмыс барысында олар бір бірінің жұмысына екі жұлдыз, бір ұсыныс айтып, берілген бағалау парақтарын толтырды. 3. Білім беру ушін бағалау және оқуды бағалау. Оқушылардың өзін­өзі бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай ары қарай жақсартуға болатынын   түсінуі.   «Бағалау»   термині   «жақын   отыру»   дегенді   білдіретін   латын   сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін  немесе өзін­өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.( Нұсқаулық, 56 бет )Әдетте ең жақсы марапат – сабақ барысында оқушылардың берген толық жауаптары, алған жақсы бағалары. Жақсы баға оқушының пәнге деген қызығушылығын, құмарлығын арттыратын стимул екені белгілі. Ұстаз оқушыларды басқарудың әдіс­тәсілдерін ескере отырып, сабақ  ұйымдастыру кезеңінде   әр   оқушы   өзінің   жетістігін   түсіне   білуі   үшін,   оқушы   бойында   міндетті   түрде сенімділікті   оятуы   керек.   Егер   оқушы   күнделікті   орындаған   тапсырмаларының   жақсы нәтижесін   көре   алмаса,   ол   өз   өзіне   сенуден   қалады.   Сондықтан,   мен   баланы   оқытуда оқушының жетістігін үлгі тұтамын, алға бастаған кішкентай жемісін тілге тиек ете отырып, әр қадамын оң бағалауға тырысамын. Қазіргі жаңа технологияның әдіс­тәсілі баланы баға үшін емес, білім нәрімен сусындауы үшін оқуы тиіс екендігін жандандыру. Оқушыларды жауабына қарай бағалауда формативті бағалауды(смайликтерді, бас бармақ арқылы, мақтап мадақтап, екі жетістік, бір ұсыныс айту арқылы ) сонымен қатар бағалау парақтары арқылы бағаладым.Менің сұрақтарым сыни ойлауға байланысты және жауабы нақты боп келген сұрақтармен алмасып отырды. Бағалау парағымның нұсқасы мынадай болды. р\с Оқушының аты­жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабаққа ену Жұптық,топты қ жұмыс Тест Қорытынды 1 2 3 4 5 6 Бағалау   парақтарын   сабақтың   құрылымына   сәйкес   критерийлер   бойынша   дайындап отырдым.Берілген   өлшемдер   бойынша   алғашында   оқушылар   түсінбей   келіспеушіліктер болып   жатты.   Бірақ   кейінгі   сабақтарда   бақылаушылар     өзін­өзі,   топты   реттеп отырды.Формативтік бағалау арқылы баланың өзіне деген сенімділігі артып, оқуға белсенді қатысып, қызығушылығын арттырды. 4. Білім беруде ақпараттық−коммуникациялық технологияларды пайдалану. ХХ   ғасырдың   соңында   адамдар   жаңа   технологиялық   тасқынның   куәгері   болды. Компьютер   мен   интернет,   жаңа   байланыс   құралдары,   жаңа   материалдар   мен   қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой­өрісіне әсерін тигізіп таң қалдыруда. Сонымен бірге мұғалім АКТ ­ны сабақ беруде тиімді пайдалануды өзі үйрене отырып,   оқушылардың   қызығушылын   арттыру   бағытында   жұмыс     жасайды.   Менің   де сабағымда   оқушылардың   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   АКТ­ны   пайдаланып отырдым.Мектептегі технолгияларға мыналар жатады: теледидар бағдарламалары; сандық теледидар; интернет / www; ұялы телефон; компьютер / ноутбук.Мен мүмкіндігіме қарай мультимедиялық   кабинеттегі   құрылғылар   іске   жарамсыз   болғандықтан,   ноутбукті,   ұялы телефонды пайдаландым. Мен алғашқы сабағымда аудио дыбыс арқылы Абайдың жиырма тоғызыншы   қара   сөзін   тыңдаттым.   Келесі   сабақтарда   да   АКТ­ның   көмегімен А.Байтұрсыновтың   фотошежіресімен   таныстырдым.Соңғы   сабағымды   оқушылардың қызығушылығын   арттыру   мақсатында   интерактивті   тақтаның   көмегімен     сергіту   сәтінен бастадым.Бұл сабақта оқушылар барлық тапсырманы ынтамен орындап отырды. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Қазірде   білім   алуға   баулу   арқылы   дарынды   балалармен   жүйелі   жұмыс   істеу   керек. Қазақстанның көркеюі үшін талантты оқушыларды тауып, оларға білім беруде дамыту өте маңызды.Барлық   мұғалімдер   балаларға   білім   беруде   барынша   жоғары   жетістіктерге   қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады.Іс­әрекеті қалыптасқан балада таланттылық, ой­әрекеті қалыптасқан балада дарындылық қабілеттері көрінеді.Баладағы дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата­аналар, топтың басқа мүшесі немесе балалардың өздері анықтайды.Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға  жағдай туғызу керек.Кез­келген тапсырманы берген уақытында талантты балалар берген   нәрсеңнен   де   көп   мағлұмат   алғысы   келіп,   үнемі   ізденіс   үстінде   болады.мұндай балдарға міндетті түрде деңгейлік тапсырмалар беріп отырдым.Сабақтың соңғы  ойтолғаныс кезеңінде «ыстық орындық» әдісін және сыни ойлауын дамыту мақсатында «жабық» немесе «қалың» сұрақтар дайындап отырдым.  6. Оқушыларды жас ерекшелігіне қарай білім беру және оқыту. Сабақ барысында қай сыныпта болмасын оқушыларды, жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі ойын турлерін қолдануға болады. Мысалы: 7­сыныпта Ахмет Байтұрсыновтың  «Екі шыбын» атты мысал өлеңінің   тақырыбын бекіту   мақсатында «Сөзжұмбақ», «Ойлан тап», «Кім жылдам?»  ойындарын оқушыларға ойната отырып, мысал өлеңдердегі кейіпкерлердің аттарын   тапты.   Жоғарғы   сыныптарда   «Бақытты   шақ»,   «КВН»,   «Полиглот»,   «ХХІ   ғасыр көшбасшысы» ойындарын тақырыптарға байланысты байланысты пайдалануға болады.  7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Көшбасшылық   бағдарламаның   өн   бойында   мұғалім   енгізетін   өзгерістер   тарапынан қарастырылады.   Сондықтан   мұғалім   көшбасшылығы   әр   деңгей   қырынан   қарастырылу мақсатында   Бағдарламада   жеке   модуль   ретінде   белгіленген.   (Нұсқаулық   14   бет)   Білім берудегі басқару және көшбасшылықты мұғалім атқарады.Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау табады. Мен   осы   курстан   мен   өзіме   мынадай   ой   түйдім.   Оқыту   мен   үйрену   үрдісінде   сыни тұрғыдан ойлау арқылы мұғалім өзін сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, өзіндік білімін жетілдірсе, алған білімін пайдаға асыра білсе, ұтымды нәтижеге қол жеткізетінін анықтадым. Оқу үшін осы 7 модульдік әдіс­тәсілдері оқушылардың тиімді ізденіс жұмысын арттырып, танымдық шығармашылық қабілеттерін өрбітеді.

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2019