Рефлексия
Оценка 5

Рефлексия

Оценка 5
Повышение квалификации
doc
воспитательная работа
Взрослым
29.01.2019
Рефлексия
Екінші бетпе –бет кезеңіндегі мектептегі зерттеуімді 8 -қазан күні мектеп директорымен «сындарлы оқыту» бағдарламасы бойынша кеңестім.Әңгіме барысында өзімнің жоспарларыммен таныстырдым. Таныстыру барысында директор бөлім басшыларын кеңеске қатыстырды. Мектеп директоры жіберілген хатқа сай, сабақ жүктемелерінен босатып, қолдау көрсететінін айтып, тілектестік білдірді
Мектептегі тәжірибе кезіндегі әріптестермен кездесу.doc
Мектептегі тәжірибе кезінде әріптестермен кеңесуге байланысты  рефлексия I­топ тыңдаушысы: Баязитова Рабиға Сіз кіммен кеңестіңіз? Сіз қандай мәселелер  жөнінде кеңестіңіз? Мектеп директоры Әріптестер Оқушылар Екінші бетпе –бет  кезеңіндегі мектептегі  зерттеуімді 8­қазан күні  мектеп директорымен  «сындарлы оқыту»  бағдарламасы бойынша  кеңестім.Әңгіме барысында  өзімнің жоспарларыммен  таныстырдым. Таныстыру  барысында директор бөлім  басшыларын кеңеске  қатыстырды. Қазанның оны күні  әріптестеріме семинар  өткізіп, бағдарламаның  жоспарымен, нұсқаулық  кітаппен таныстырдым. Мұғалім атқарған және  атқаратын қызметінің бас  төрешісі оқушы  болғандықтан, таңдаған  сыныбыма кіріп бұдан  былай сабақты үнемі  топпен өтетінімізді, әрбір  жаңа сабақты жұппен,  топпен өзара өздері  ашатынын ескерттім. Сіздің жоспарыңызға бұл  кеңестер қалай ықпал  етті? Мектеп директоры  жіберілген хатқа сай, сабақ  жүктемелерінен босатып,  қолдау көрсететінін айтып,  тілектестік білдірді. Әрине, жаңалыққа жаны  құштар мұғалім қауымы бұл жаңалыққа қызығушылық  танытып, өз ойларын ,  пікірлерін ортаға салып  сұрақтарын да қойып  жатты. Оқушы кез келген  жаңалықты тез  қабылдағандықтан,  қызығушылығымен  қуанышын да жасырмады. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға байланысты  рефлексия I­топ тыңдаушысы: Баязитова Рабиға      «Сындарлы оқыту» бағдарламасы бойынша бірінші ай теориялық «Бетпе­  бет» кезеңінен кейін, теорияны тәжірибеде  ұштастыру мақсатында 8­қазан  күні өзіміз жұмыс істейтін мектепке келдім. Мектепке келген күні қолымдағы бағдарлама мен Нұсқаулықты алып мектеп директорына кірдім. Мектеп  директоры бұл бағдарламамен таныс болатын, себебі былтыр біздің мектептен екі мұғалім Жамурова Ботакөз бен Башарова Ұмсын апай оқыған болатын.  Директор кеңесте бөлім басшыларын шақырып алып, барлық сағат  жүктемесінен босатып, қолдау көрсету керектігін ескертті.Мектеп  басшыларына алдағы тәжірибе кезеңінде атқаратын жұмыстарым жөнінде  таныстырдым. Сол себепті мектепте 10­қазан күні өзімнің таңдауым бойынша  7”б” сыныбын таңдадым. Сыныптағы оқушылардың деңгейін анықтау  мақсатында басқа да сабақтарына қатыстым.Сынып жетекшісінен көптеген  мәліметтер алдым.Сонда байқағаным барлық сабаққа атсалысып отыратын 7­8 оқушы бар екен.Қалған оқушылар үндемеген күйі ескерусіз  қалып қояды  екен.  Таңдаған пәнім Қазақ әдебиеті болатын. Сыныпта он сегіз оқушы бар  екен. Бірінші сабағымда оқушылармен танысып әңгімелестім, әңгіме  барысында   сабақты үнемі топпен өтетінімізді, әртүрлі ойындарды, әдістерді  пайдаланатынымызды, сабақтың қызықты сәттері де көп болатынын  түсіндірдім. Оқушылар да қызығушылығы мен таңданыстарын жасыра алмады. 13­қазан күні бірінші сабағымда оқушыларды үшке санау арқылы үш топқа  бөлдім. Тапсырмаларды өзара жұппен, топпен талқылап бір­бірімен ақылдаса,  пікірлесе, ортақ ойларын  түйіндеп ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастырды. Сол күні топқа ереже құрдық, оқушылар ақылдаса келе бір­ бірінің пікірімен санаса отырып, мынадай ереже қабылданды; бәріміз бірдей  жұмысқа атсалысу, бір біріміздің пікірімізді тыңдау, сабаққа белсене араласу,  сабаққа кешікпеу, уақытты үнемдеу  және де ережені әрдайым  сақтау.Тізбектелген сабақтар топтамасында бір­ біріне деген жақсы қарым  қатынасын арттыру үшін, түрлі тапсырмалар ұйымдастырып отырдым.  Мысалы, әр сабақта топты әр турлі тәсілдер арқылы бөліп отырдым. Себебі  бір оқушы дәстүрлі сабақтағыдай қатып қалған бір орнында бір бірлерінің желкелеріне қарап отырмайды , бір­ бірінің бетіне, жүзіне қарап отыру  арқылы,  бір­ бірінің мүмкіндігін,  ынтасын, қабілетін айқындап отырады. Бір  ­біріне деген достық ынтымақтастығы артады. Кез келген жұмысты  ыждаһаттылықпен орындайды. Мысалы,  үшінші сабағымда  А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын» мысалын өттім. Сабақ барысында  тақырып  толық ашылу үшін бірнеше тапсырмалар бердім.Тапсырманың көбі оқулықтан  тыс материалдар болды.Мысалы, шығармашылық жұмыстарға байланысты үш  топқа ақынның үш түрлі  мысалын оқып, талдай отырып, суретпен бейнелеу .  «Ойлан тап!» , «Кім жылдам?» , «Сөзжұмбақ» құрау сияқты ойды дамытатын  ойындарды бердім.Әр сабақтың соңында рефлексия алып отырдым. Сондағы   түйгенім оқушыларға топтық оқытудың қатты ұнағаны, сабақты үнемі осылай  өтсек деген пікірлерін де білдіріп отырды. Сыныбымда күлкі де жиі естілді,ең бастысы мұнда оқшау қалған оқушы болмайды екен.Бұл сыныпта Сейілхан  Нұғман деген дарынды оқушы сабаққа енжар сыныптас досы  Әутай Нұржанға көп көмегін тигізді. Нұржан сабақта өз­ өзімен отыратын, өз ойын ашық  айтуға дағдыланбаған, томаға тұйық оқушы еді. Топ ережесін құрғанда  оқушының бәрі түгел атсалысу керек ,титтей де болса, өз үлесін қосу керек  деген мақсат қойылған болатын . Осы үшінші сабақтан кейін Нұржан да өз  ойын ашық айтуды үйрене бастады.Сурет салуда қабілеттілік танытып,рөлдік  ойындарға да қатыса бастады.Оның ойын нақтылап,   оның қабілетін ашуға   сыныптастарының рөлі зор болды. Әр сабақта, әр оқушы жеке, жұптық,  топтық тапсырмаларда өз ойларын, пікірлерін ашық айтатын болды.Бұл  сыныпта ынтымақтастық атмосферасы толық қалыптасты деп сеніммен айта  аламын. Себебі топқа бөлінгенде де, сабақты талдау барысында да бір­ біріне  көмегін аямады.

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.01.2019