Тәрбие сағаты |
Күні: . |
Мұғалім:Камбасова М.М. |
||
Тақырып: |
Рухани жаңғыру отбасында: мықты отбасы мықты мемлекет негізі. |
|||
Мақсаты: |
1) Отбасындағы қарым – қатынас, отбасы құндылықтары туралы түсінік беру, отбасының мемлекеттің маңызды бөлігі екендігін дәлелдеу бағытында жұмыстар жасау; 2) Отбасы - Отанның бір
бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларға
бақытты жанұя құрудың маңыздылығын
ұғындыра отырып, өз ойларын ұжымға еркін
таныстыруға дағдыландыру; |
|||
Күтілетін нәтиже: |
Тақырыпқа қатысты ақпараттармен топтасып жұмыс істеу барысында бір – бірімен ой бөліседі, қорытынды жасауды, түйінді ойларын ұжымға ашық және толық жеткізуге үйренеді. |
|||
Негізгі идеялар: |
Әр отбасының қоғамның құрамдас бөлігі екендігін ұғындыру. «Рухани жаңғырудың» отбасы тәрбиесіндегі маңызын оқушы жүрегіне жеткізу. |
|||
Тапсырмалар: |
«Ой қозғау» «Ойлан, топтас, ақылдас» «Отбасы аллеясы» (болашақтағы өз отбасыларының құндылықтарын анқтау) |
|||
Көрнекіліктер: |
Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайд, ұғымдарға арналған қорапшалар, отбасы аллеясының макеті, шарлар |
|||
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
«Рухани жаңғырудың» бағыттарының қамтылуы |
|
Ұйымдастыру кезеңі: (1 минут) |
А) Салемдесу, өзін таныстырады, сыныптың көңіл күйін бақылау. |
Амандасады Топқа отырады Зейінін сабаққа аударады |
|
|
І. Қызығушылықты ояту |
||||
«Ой қозғау» (2 минут) |
Шардан жасалаған үйдің іргетасында жасырылған сөздердің отбасы мен мемлекеттің іргетасын сақтау үшін маңызын ұғындыру. (жарылған шардың орнына сол сөздер жазылған қағаздарды жапсырып тұру) |
Шардан жасалған үйдің іргетасын жару арқылы -сенім, бірлік, қайырымдылық, татулық ұғымдарынсыз отбасының да, мемлекеттің де іргетасын сақтап қалу мүмкін еместігін анықтайды. |
|
|
ІІ Мағынаны ажырату |
||||
«Ойлан, топтас, ақылдас» (9 минут) |
Топтардың орталарына отбасы мен мемлекеттің берекесі мен бірлігін нығайтатын және керсінше бұзатын арнаулы ұғымдар жазылған сөздер мен суреттер беріледі. |
Қорапшалардағы ұғымдардың жағымды және жағымсыз жақтарының отбасы мен мемлекетке тигізетін әсерлерін айтады. (Мысалы: сенім +, маскүнемдік -)
|
4 бағыт: БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ 6 бағыт: САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ |
|
ІІІ Ой толғау |
||||
«Отбасы алллеясы» (4 минут) |
Арнайы жасалған макетке орналастырылған ағаштарға болашақтағы өз отбасыларынан, отбасылары бөлшегі болатын мемлекеттен көргісі келетін құндылықтар жазылған стикерлерді жапсырулары сұралады. |
Ағаштарға өздері қажетті деп тапқан құндылықтар жазылған сөздерді жапсырады, аллеяның алдында орналасқан қоқыс жәшігіне қажет емес деп тапқан ұғымдарды тастайды. (сенім, татулық, маскүнемдік, нашақорлық, еңбек, білім, балалар үйі, қарттар үйі, соғыс, бейбітшілік, ұрыс-керіс, махаббат, толық отбасы, дағдарыс, жұмыссыздық, бірлік, төзім, құрмет, ізгілік, т.б.) |
2 бағыт : ПРАГМАТИЗМ
|
|
Қорытынды: «Шығу парағы» 2 мин |
«Құрметті, оқушылар,бүгінгі сабақты мен ағаш тамырымен,адам отбасымен мықты ал,Отан отбасынан басталады» - деп аяқтағым келіп тұр |
«Шығу парағын» толтырады. Шығу парағы Аты – жөні: __________________________________________ Тәрбие сабағының сіз үшін маңызы неде болды?: ____________________________________________________ Не сәтті болды?______________________________________ Не сәтсіз болды? ______________________________________ Мұғалімге айтар ұсынысыңыз: _________________________
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІ
«Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ
Тәрбие сабағының тақырыбы:
Сынып жетекші: Камбасова М.М.
Өскемен қаласы
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.