Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП
Оценка 4.8

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Оценка 4.8
Мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
08.05.2017
Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП
Балалардың сөйлеу , ойлау қабілетін дамыту.Өздерін еркін ұстауға, бірін-бірі сыйлауға, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Жыл мезгілдерінің әрқайсысының өз алдына ерекшеліктері бар екенін түсіндіру. Сол сияқты күз мезгілінің де ерекшелігі жаңа оқу жылы басталады, жеміс-жидектер, пісіп астыққа кенеледі, табиғат сары түске боялады. Осының бәрін бала санасына түсіндіру.Сол сияқты күз мезгілінің де ерекшелігі жаңа оқу жылы басталады, жеміс-жидектер, пісіп астыққа кенеледі, табиғат сары түске боялады. Осының бәрін бала санасына түсіндіру.
Тақырып күзгі бақ.docx
Тақырып : Күзгі бақ» Мақсаты:Балалардың сөйлеу  , ойлау қабілетін  дамыту.Өздерін еркін ұстауға, бірін­бірі  сыйлауға, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктері :Жапырақтар, маскалар,жемістер,шарлар,гүлдер. Тәрбиеші :Сәлеметсіздерме , құрметті ата­аналар , ұстаздар!Бүгінгі  «Күзгі бақ» атты мерекемізге қош келдіңіздер!                                   Жапқандай жапырағы іздерді,                  Қуантып байлығымен ізгі елді.                  Бір тойдырып қайту үшін елімді,                  Сабырлы сары алтын күн келді. Ортамызға  МДС «А» тобының балаларын қарсы алыңыздар! Балалар қазір жылдың қай мезгілі екен?  Ия ,дұрыс айтасыңдар, күздің де аяқталуына азғана уақыт та қалды, бірақ біз еш  қиналмаймыз себебі ,әр жыл мезгілінің бізге дайындаған қызығы мол емеспе! Ендеше біз «күзгі бақ» атты шағын балымызды бастасақта болады.  Сахнаға «Күз ханшайымдары» келеді. (қолында жеміске толы себет). Сәлеметсіңдерме балалар, ата­аналар, ұстаздар! Тәрбиеші:Қош келіпсіз Күз ханшайымдары! Ал, ендеше біздің бүлдіршіндеріміздің сізге  деген жылы ықыласын қабыл  алыңыз.Ал балалар енді біз күз патшайымы мен ханшайымына өз өнерімізді көрсетеміз. Күз патшайымы: Біз  мына жақтан өтіп бара жатқан едік. Сендердің дауыстарыңды есітіп қалып, осында  келдік.   Уа, халайық, дархан далам армысың,  Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын. Мен күз патшайымымын, мынау Күз Ханшайымы менің кішкентай сіңлім , танысып  қойыңыздар! Күз ханшайым: Сәлеметсіздерме, балалар, ата­аналар, ұстаздар! Сіздерді көріп қатты –қатты қуанып қалдым. Күз патшайымы: Сендерге алыс жерден келдік. Бізді  күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен  жерлерге бардық, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдік. Олар өте ақылды  балалар екен біздің  тапсырмаларымызды орындаған соң сыйлыққа жеміс­ жидектер бердім. Сендер менің тапсырамаларымды орындауға дайынсыңдар ма? Балалар: Ия Күз ханшайымы: Балалар сендер күз айларын білесіңдерме? Айта қойыңдаршы Балалар: қыркүйек, қазан, қараша Күз ханшайымы Өте жақсы: Бір жылда неше мезгіл бар? Балалар: 4 мезгіл бар Күз ханшайымы. Төрт мезгілді атап беріңдерші? Балалар: күз, қыс, көктем, жаз. Күз ханшайымы: дұрыс айтасыңдар балалар, мен сендерге риза болдым. Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшайымы мен патшайымын  төрге отырығызайық.  Қонақтарымыз  ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді.  Қане балалар біз  күз айлары да туралы білетінімізді дәлелдеп берейік. Ұлмекен: (Қыркүйек) Бірінші қыркүйек Білімге бастады. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап аспанды. Асель: (Қазан) Қазан айы болыпты, Қамбаға астық толыпты Сары даланы сәндетіп Думандатып әндетіп. Бибарыс: (Қараша)  Күн суытып барады Малдар қолға қарады Қараша ауыл даламыз Қысқа дайын боламыз Хор «Алтын күз» Тәрбиеші: Балалар күз туралы тақпақтарымызды айтып береміз. Асылхан:  Сарғайды тоғай, Сап­сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. Арлан Жаздай күткен бәріміз Сары алтын, сары күз Алтын ұя бақшада Күтіп алар шағымыз. Сержан  Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. Абзал:  Жомарт күздің біздерге, Береін алып шашпайық Алтын күз тойын сіздерге Өлеңменен бастайық. Айда:  Қамба толды астыққа, Алғыс саған, алтын күз! Бір уыс дән шаштықта Қап­қап қауын алдық біз. Тәрбиеші:Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік.  Көрініс: «Көкөністер айтысы» Аружан мен Нурикамал бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет  күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен  пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады:  Арай(қияр):  Дәмім тілді үйірген,  Мен тұздалған күйімде.  Жаңа піскен кезімде,  Жейді бәрі сүйсіне. Аягоз (картоп):  Мен ұялшық картоппын,  Мен емесепін мақтанар,  Мені жақсы көреді,  Үлкендермен балалар.  Бос айтысты қояйық,  Дауласуды тоқтатайық. Нурбол (пияз):  Боламын мен демеуіш,  Барлық­ барлық тағамға.  Көкөністер ішінен,  Мен пайдалы адамға. Шынасыл(сәбіз):  Кім бар сәбіз шырынын,  Жастайынынан ішпеген.  Мені жеген адамдар,  Кем болмайды күшке де. Айбек : (шалқан)  Кім білмейді шалқанды,  Дәмімді татып таң қалды.  Бәріне сый боламын,  Тауып көр менен дарқанды. Мәди (қырыққабат):  Мақтанғаннан не пайда?  Менсіз дәмді щи қайда.  Мені қосса самсаға.  Жейді бәрі тамсана.   Бекнұр  (қызанақ):  Піскен кезде қызанақ,  Көз тартар қызыл түсімен.  Барма адам сүйсінбей,  Томат шырынын ішпеген. Інжу : (Қызылша)  Мен де бір сөз айтайын,  Мақтанайын сіздерге  Менсіз борщ болмайды,  Винегрет те үстелге. Дана (Асқабақ)  Іші сары, сырты қатты,  Дәні­дәрі, дәмі­тәтті.  Пісіріп жесең ас тамақ,  Мұның аты асқабақ. Бауыржан:  Көкөністер бәрі де ,  Денсаулыққа пайдалы.  Мұны жатқа біліңдер,  Оларды жақсы көріңдер. Аружан:  Барлығың да дәмдісіңдер,  Шырқап айтар әнімсіңдер.  Көз тоймайтын кереметтер,  Дастарханның сәнісіңдер.                                            Тәрбиеші: Көрдіңдерме көкөністер сендер барлығыңда адамдарға ауадай қажетсіңдер! Ендеше біздің қыздарымыздың көңіл көтерердей биін тамашалаймыз. Топ биі: «Жылайды жапырақ» Тәрбиеші: Балалар енді жемістеріміз туралы тыңдап көрейікші олар не айтады екен? Руслан : Жүзім Дәнге толып қызыл орман, Қырман басы қызыл думан. Мөлдіретіп жүзімдерін, Келді алтын күзім менің. Балалар енді біздің биші жігіттеріміздің биін тамашаласақ қалай болар екен, ортаға  жігіттерімізді шақырамыз Флеш­моб: Ұлдар биі Тәрбиеші:                           Бүгін бізде тамаша,                            Ертегіде бәрі бар.                            Әні,биі жарасқан,                            Мектебімнің сәні бар. Қыздардың сәндік модаларын көрсетеді. Жеке би: Ұлмекен  (Есікті қағып, хат тасушы залға кіреді) Хат тасушы: Сәлеметсіздерме балалар! Менен орман құстары мына хатты сендерге  апарып беруін сұрады. Тәрбиеші: Әкеліңіз, хатта не жазылғанын бәріміз бірге оқиық. «Амансыңдар ма, сүйкімді балақандар. Сендердің өте мейірімді балалар екендеріңді  естідім. Сондықтан сендерге хат жазып отырмын. Мен, тырна –деген құспын. Балалар мен  осы жылы кішкене ауырып, жылы жақа ұшып кете алмадым. Қазір осы орманнан, жылы ұя  таптым, осы ұяға жұмыртқаларымды тасуға көмектесулеріңді сұраймын.» Күз ханшайымы: Әрине, біз көмектесеміз. Ойын: «Жұмыртқа тасу» Ойынның шарты: Балалар бір ұядан, екінші ұяға қасықпен жұмыртқа апарулары керек.  Жұмыртқаны қолмен ұстауға болмайды. Ойын :  «көкөністер тасу»Ата­аналармен балалар (2 ата­ана,2 бала) Күз патшайымы: Балалар мен сендерге дән ризамын.Мен туралы айтқан тақпақтар мен билеген билерің  ,  бәрі­бәрі ұнады. Сендерге көп­көп рахмет.Менің  сенденрге әкелген жемісімді таратып  берейін. Келесі жылы дәл осындай мезгілде кездескенше сау­саламат болыңдар! Тәрбиеші:Ақтарады мырза күз,                        Уылжыған жемісін.                         Күзге бізде ризамыз,                       Аянбаған ел үшін. Балалар бүгін біз күз мерекесіне арналған «күзгі бақ» атты ертеңгілігімізді аяқтағалы  отырмыз.Берекелі де  мерекелі күздің сыйлаған сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан  ажырамасын. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Сөз кезегі ата­аналарға. № 19 орта мектеп             Сыныбы: МДС «А»            Тәрбиеші: Бугенбаева Тажида Асанбайқызы

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП

Іс-шара күз мерекесіне арналған "Күзгі бақ" КПП
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.05.2017