Оқушыларға Қазақстанның экономикалық аймақтарын қайталау арқылы алған білімдерін тексердім. Осы сабақта оқушыларды гүл күлтешелері арқылы топқа бөлдім. Сабағымда әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдандым. Тыңдалымда бейне фильмнен мәтінді тыңдау арқылы әр топқа тапсырмалар таратылып, сол тапсырмалармен жұмыстар жүргіздім. Бұл сабақта сөйлесім, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын қолдандым. Сабағым оқушыларға қызықты және әсерлі болды деп ойлаймын.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер аймағын аралаймыз.Салт және сабақты
етістіктер . Модаль сөздер. Мақсат мекен үстеуі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдік: Оқушыларға Қазақстанның жер аймағын жайында мағлұмат беру. Берілген
грамматикалық тапсырмаларды орындау. Қойылған талаптарды іске асыру.Білімдік
деңгейін арттыру.
2.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту, сұрақ қоя білу, қойған сұраққа
толық жауап беру қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын дамытып , еркін сөйлеуге
жетілдіру, ойлау, сөйлеу шеберлігін арттыру.
3.Тәрбиелік: Дүниетанымдарын кеңейту.Отанына , еліне сүйіспеншілік баулу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақжауап, түсіндіру, әңгімесұхбат
Көрнекіліктер: грамматикалық кестелер,мақалмәтелдер,оқуылықтар,нақыл сөздер,
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа қатысуы, дайындығы тексеріліп,
Сәлемдесу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ Жаңа сабаққа көшу( тақырыбы мен мақсатымен таныстыру)
Дұрыс, ең бастысы халқымыз бейбіт өмір сүреді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: мәтінмен таныстыру
Сөздікпен жұмыс:
Тұрғындар саны – численность насиления шайылды – омывает
Шектеседі граничит шекара – граница
Ұлттық құрамы – национальный состав мойындалды признан шикізат
өндіру сырьевое проиводство егемендік суверенитет
«Қазақстанның жер аймағын аралаймыз»
Қазақстан Республикасы –Шығыс Еуропа мен орталық Азияда орналасқан
мемлекет. Қазақстан халқының саны 18 миллионға жақындады. Әлем бойынша
62 орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9орын алады.
(2 724 900 километр квадрат).
Елдің астанасы –Астана қаласы.Мемлекеттік тілі –қазақ тілі.Қазақстан бес
мемлекетпен шекаралас.Солтүстігінде Ресеймен шекара 6 467 км құрайды.
Оңтүстігінде Түркіменстанмен 380 км , Өзбекстан 2 300 км және
Қырғызстан 980км құрайды. Шығысында Қытаймен 1 460 км шектеседі.Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы 13392,6км. Батыста Каспий теңізімен,
оңтүстікбатыста Арал теңізімен шайылады.
Халықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды. Қазақтар63,1%. Орыстар
23,6%,Украиндер2,9%, өзбектер – 2,8%, немістер – 1,5%, ұйғырлар 1,4%,татарлар
1,3%, басқа халықтар – 4,3%.
Экономиканың негізгі бағыты – отынэнергетика саласындағы шикізат
өндіру,ауыл шаруашылығы,егіншілік.
Елдің негізгі валютасы – теңге.
1991 жылдың 16 желтоқсаныңда егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде
мойындалды.
Сұрақжауап: мәтін бойынша сұрақтар қою.
ЕРЕЖЕ:
Модаль сөздер: Айтылған ойға айтушының көңіл күйі қатынасын
білдіретін сөздер.
Модаль сөздер: керек (надо,нужно,должно); тиіс, қажет
(необходимо,нужно); сияқты, секілді ( как будто,кажется);
мүнкін,бәлки(возможно) ;
екен ( оказывается); рас,шынында( правда,действительно);
шығар, болар ( может быть) т.б
2тапсырма:Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
Мынау сырға қымбат...... . Мен оны ,.... танимын. ... бастық кеңсеге келер. Әсия, ...
ренжіп қалдынба? Сенің жаттығуға келуің... . асан аялдаманы дұрыс айтқан ..... . Бұл
кітапты ,... оқыған жоқпын. Көп күттірдің гой ..., келгенің жақсы болды.
Керекті сөздер: әрине ,рас, мүмкін, екен, сияқты,керек, шынында, әйтеуір.
3тапсырма.Мәтінді көшіріп модуль сөздердің астын сыз. Орысшаға аудар
Маған бару керек. Оның келуі қажет. Сіздің пікірінің дұрыс сияқты. Мүнкін , сізден
танысармыз.Айжанның сөзі өтірік екен. Әкем мені күтетін шығар.
ЕРЕЖЕ:
Сабақты етістік (переходные глаголы). Сабақты етістіктер ТАБЫС
септігінің кімді (кого) , нені(что),сұрақтарына жауап беретін сөздермен
тіркеседі.
Мысалы :ініңді шақыр(позови младшего брата), кітабымды бер(отдай книгу),
табақты әпер( подай тарелку), өрікті жеме( не ешь абрикос). Салт етістік (непереходные глаголы) Табыс септігінен басқа септікте
тұрғандар жатады.
(Атау,ілік,барыс,жатыс,шығыс, көмектес) жатады.
Мысалы: Айша келді. Айнашқа сыйлады. Қалада тұрады. Үйден шығады.
Ахметпен бірге отыр.
4тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктердің сабақты немесе салт етістік
екенін анықтандар. Көшіріп жаз.
Сен мектепке анаңды шақыр. Ол Астанаға ұшақпен ұшты.Амир , Ермекке суретті
бер. Жерді қазба .Суық су ішпе. Мен кітапханадан шықтым..Оқушылар асханадан
шықты.
ЕРЕЖЕ:
Мекен үстеуі іс әрекеттің болған орнын, бағытын көрсетеді ( наречия
места) . сұрақтары қайда? (Где куда?), қайдан? ( откуда?).
Мысалы : оңға (направо), солға(налево),алыста( далеко),жақында ( недалеко),
алға (вперед), артқа (назад), жоғары (вверх), төмен(вниз), жоғарыда( наверху),
төменде( внизу) , әрі( дальше), бері (ближе) т.б
5тапсырма.Тиісті үстеулермен сөйлемді толықтырындар.
Құрбым, .... отырыңыз.Кәне, достар.... шығындар. Отряд .... шегінді.Көлік...бұрылды.
Керекті сөздер: алға, артқа,бері,солға
Мақсат үстеулер (наречия цели) қимылдың мақсатын білдіреді.
Мысалы: әдейі,әдейілеп ( специально), қасақана ( нарочно, как назло), босқа
( напрасно) . Омар сабаққа әдейі кешігіп келді.Ол қасақана жауап бермей
отыр. Босқа сөйлемеңіз.
6тапсырма.Орыс тіліне аударындар. Мақсат үстеуді тап.
Әдейі жауап бермей отырсызба? Сіз қасақана кешіктіңіз. Кешіріңіз, сіз босқа
келдіңіз.Асан амалсыздан күліп жіберді. Сатушы әдейілеп артық ақшаны қайтармады.
ІV. Сабақты қорытындылау. «Кім тапқыр?» ойыны:
Әріптерге сөзге байланысты сөздер тауып жазу.А асқар А – астана
Л – лайықты С – сүйікті
М – мейірімді Т – таусыз
А – алмалы А – арманды
Т – тамаша Н – намысты
Ы – ырысты А – асқақ қала
Бағалау.
V. Үй тапсырмасы.
Сүйікті қалалары туралы жазу.