Сабақ жоспары. Тақырыбы: «Модельдерді зерттеу» практикумы
Оценка 4.9

Сабақ жоспары. Тақырыбы: «Модельдерді зерттеу» практикумы

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
информатика
7 кл
31.03.2017
Сабақ жоспары. Тақырыбы: «Модельдерді зерттеу»  практикумы
«Модельдерді зерттеу» практикумы тақырыбында өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген сабақ жоспары. Сабақтың мақсаты: Модельдерді кластарға бөлу, олардың қасиеттерін пайдаланып, модельдеу дағдыларын қалыптастыру. Модельдеу түрлерін меңгерте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: 1. Модельдерді қасиеттері бойынша ажырата білу 2. Әрбір іске жауапкершілікпен қарап, өз ісіне адал болуға баулу. 3. Оқушылардың өздігінен ізденулері арқылы нақтылық, шығармашылық қасиеттерін дамыту.Файлда информатикадан 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары берілген. Информатика сабағы өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген.
Сценарий урока Сагынаева ГБ.doc

 

Сағынаева Гүлнұр Бағдатқызы

 «Информатика» пәні мұғалімі,

Шарбақты ауданы Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ

 

«Информатика» пәнінен  интеграцияланған  сабақ жоспары

Сынып: 7                    Пән: информатика.            Ішкі интеграл:  өзін-өзі тану             

Тақырыбы: «Модельдерді зерттеу»  практикумы.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: жауапкершілік, нақтылық, шығармашылық, өз ісіне адалдық.

Сабақтың мақсаты:  Модельдерді кластарға  бөлу,  олардың қасиеттерін пайдаланып, модельдеу  дағдыларын қалыптастыру.

Модельдеу түрлерін меңгерте отырып,  дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1. Модельдерді қасиеттері бойынша  ажырата білу

2.   Әрбір іске  жауапкершілікпен қарап, өз ісіне адал болуға баулу.

3. Оқушылардың өздігінен ізденулері арқылы нақтылық, шығармашылық қасиеттерін дамыту.

 

Ресурстар

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция:  Тыныштық сәті, шығармашылық жұмыс,  топпен ән айту, дәйек сөз

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Тыныштық сәті:(Баяу әуен қойылады)

Описание: Рисунок8Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Сіз кең жайлауда  келе жатсыз, даланың жылы смал желі сенің бойыңды ерекше сезімге бөлегендей, мұрныңа жасыл шөптің, түрлі гүлдердің де исі келіп, осы бір тамаша ауаны тереңірек жұтып, рахаттана демаласың,  кенет алдыңнан әдемі киіз үйді көрдіңіз. Жайлап есігін ашып, ішіне ендіңіз, жарасымын тауып орналасқан жиһаздар, жерге жайылған түрлі-түсті кілемдер сені қуанышқа бөлейді. Шаңырақтан төгілген күн шуақтары да сені бір ерекше жылылыққа бөлейді, осындай ғажайып күй кешіп тұрып, сен өзіңнің жақындарыңды іздейсің, сенің ата-анаң, туыстарың, достарың, сенің оларға жылы сөз айтқың келеді, ол сөздерің сенің жүрегіңнен нұрлана шығып, аузыңнан гүл болып төгілгендей. Іштей махаббатқа толы жылы да сыпайы сөздерді қайталаймыз. «Мен нұрлы жүректі адаммын, сондықтан да тек қана жылы сөздер айта алуым керек, бұл маған бақыт сыйлайды» деп. Осындай жайлы күйде отыра тұрыңыз, өзіңізді әлемдегі ең бақытты, сыйлы адам ретінде сезініңіз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 

 

Баяу музыка

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыртқы интеграция

І. Үй тапсырмасын сұрау:

1.     Ақпараттық модель  тарауы бойынша  5 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын ұсынады.

2.     Тест нәтижесі бойынша  сапа мониторингіне талдау жасалады.

 

 

 

Оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады:

1.      Модель жасауда ең басты қасиет не болып табылады?

2.      Неге модельдің «нақтылық» немесе «сәйкестік» қасиеті басты болып тұр?

Оқушылар жауаптарында бір нысанның моделін яғни үлгісін жасауда нақтылық қасиеті басты қасиет екендігін, себебі модельдің құндылығы оның нақтылығына, сәйкестігіне тәуелді деп жауап берулері керек.

3.      Жаңа модельдер жасауда, әсіресе көліктер жасауда, үй нысандарын жасауда, бір сөзбен айтқанда адам өмірімен байланысты кез келген нысандардың моделін жасауда адамдарға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар? Неге?

Осындай сұрақтар беру арқылы «дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашқызу. «Әрбір істе дұрыс іс-әрекет қана сапалы, құнды нысандардың пайда болуына әсерін тигізеді» деген қорытындыға келеді, яғни модельдер дұрыс құрастырылмаса сапасы да құны да болмайды.

ІІ. Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топқа семантикалық карталар таратылады.

Есептері

Материалдық

Ақпараттық

Таңба

лық

 

1

Описание: Описание: geom (1).jpg

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

5

 

 

 

6

 

 

 

7

S=a*b

 

 

 

 

Осы карталар бойынша оқушылар өткен сабақтардан еске түсіреді.

ІІІ.  Шығармашылық тапсырмалар: 

1.     Тапсырма: Ұзындығы  25см,  ені  4 см  тіктөртбұрыштың ауданын табу моделін (программасын) құрыңдар.  (100см2).

2.     Жұмбақты шешіп,  графикалық моделін құрыңдар:

Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі.

(Киіз үй)

3.     Монитор экранында шыққан әнге байланысты қандай модель құрастыруға болады?(«Елім менің» әні, сөзін жазған  Н.Ә.Назарбаев) ( Астанамыздың «Бәйтерек» монументін)

4.     Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, шыққан сөздің моделін жаса «Қазақ нағыз қазақ емес, нағыз қазақ ......» (домбыра)

 

IV.  Қосылып ән айту: «Елім менің» әнін айту

Сөзі: Н.Назарбаев; Әні: Б. Тілеухан.

Дәйек сөз:  «Ата салтың-ұлттық қалпың»

Осы дәйек сөзді бүгінгі сабақ тақырыбымен қалай байланыстыра аламыз. Оқушылар жауаптарын толықтыру: Бұл жерде «қалып» сөзі  «модель» ұғымындай болып тұр, сабақ барысында сіздер бүгінгі тақырыбымызды рухани құндылықтармен, асыл мұраларымыз «киіз үй, шаңырақпен» байланыстырып отырдық, бұдан біз нені ұқтық. Әрине біз ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүр, мұраларды ұмытпауымыз керек, сонда ғана біз ұлттық қалпымызды сақтап қаламыз! Біздің барлық әрекеттеріміз өз ұлтымыздың ғасырлай бойы жасап келе жатқан құнды қасиеттеріне сәйкес келсе ғана біз ұлттық қалпымызды сақтап қаламыз!

V. Тақырыпты бекіту:  Тапсырмалар ұсынылады (әр оқушы жеке орындайды):

Ø 2-жаттығуда оқушылар бірілген 5 ұғымның  дұрыс/бұрыстығын анықтайды;

Ø 3-жаттығуда информатикалық диктант. Мәтіндегі бос ұяшықтардың орнына  тиісті  сөздерді орналастыруы қажет.

 

 

VІ.Бағалау. Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстарын бақылап, бағалайды.

Үйге тапсырма: №3,  97-бет. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқып үйреніп жатқан «Бес құндылық» моделін жасап келу.

Еске түсіреміз: «Сүйіспеншілік, Ақиқат, Дұрыс әрекет, Қиянат жасамау, Жан тыныштығы»

Сабақтың қорытынды сәті.

Оқушылар ыңғайланып отырып, өздеріңді жайлы сезініңдер. Енді бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ой елегінен өткіземіз. Сабақтан алған әсеріміз қандай. Білімімізді толықтыра отырып қандай құндылықтарды бойымызға сіңірдік. Біздің әрбір істеген істеріміз дұрыс әрекеттерден құралса өміріміз де дұрыс құралады, әрбір сәтіміз қуанышқа толы болып, өзімізге де, өзгелерге де жақсылық сыйлаймыз.

5 минут

http://bilimland.kz (Видео жинақ-тегін сабақтар- информатика-модель түрлері-тест)

 

5 минут

топқа бөліну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

семантикалық карталар

 (5-мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19 минут

 

компьютер

 

Описание: 4Берілген тапсырманың программасын дайындайды

 

 

 

 

«Елім менің» әнінің аудиожазбасы

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://bilimland.kz (Видео жинақ-тегін сабақтар- информатика-модель түрлері-2, 3 -жаттығулар)

4-минут

 

 

 

 

2 минут

 

 

 


Скачано с www.znanio.ru

Сағынаева Гүлнұр Бағдатқызы «Информатика» пәні мұғалімі ,

Сағынаева Гүлнұр Бағдатқызы «Информатика» пәні мұғалімі ,

Осындай жайлы күйде отыра тұрыңыз, өзіңізді әлемдегі ең бақытты, сыйлы адам ретінде сезініңіз

Осындай жайлы күйде отыра тұрыңыз, өзіңізді әлемдегі ең бақытты, сыйлы адам ретінде сезініңіз

Сыртқы интеграция І. Үй тапсырмасын сұрау: 1

Сыртқы интеграция І. Үй тапсырмасын сұрау: 1

S=a*b

S=a*b

Сөзі: Н.Назарбаев; Әні: Б. Тілеухан

Сөзі: Н.Назарбаев; Әні: Б. Тілеухан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.03.2017