Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык
Оценка 4.6

Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
правоведение
7 кл
18.08.2018
Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык
Бұл тәрбие сабағының тақырыбы:Құқықтық сауаттылық.Ол мектеп оқушыларына арналған. Оқушылар өзінің құқығын әрдайым білу керек.Қалай. Оны тәрбие сабағында, сынып сағаттарында жайлап үйрену керек. Бұл материал мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын білу жолдарын, оны күнделікті өмірде қолдану жолдарын үйретеді. Оқушылар оған белсене атсалысады.Құқықтық сауаттылық
Құқықтық сауаттылық.docx
Мерзімі:     8.12.                 Сыныбы:  Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық – заман талабы Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті  арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. 2. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту. 3. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету,  адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы  мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»                                                                                           Н.Назарбаев.  Кіріспе. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде  жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданған  болатын. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған  қызметтер атқарушы – Президент Әкімшілігі. Парламент, Үкімет, Конституция Кеңес т.б.  құрылды. 1995 жылы тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған  жаңа конституция жаңа мемлекеттік органдары заңдастырып қана қоймай, сонымен бірге  әрбір жеке адам мен азаматтық кең көлемде демократиялық құқықтары мен  бостандықтарын баянды етті. Сонымен қатар азаматтың міндеттері де айтылды. Біздің өз мемлекетімізді, оның құрылымын білу өзіміздің қандай мемлекетте  тұратынымызды, ол мемлекет алдында қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Мұғалім:  Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста  мемлекетіміздің қабылдаған негізгі заңы ел дамуының компасы болды. Мемлекет дегеніміз — белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты мен жалпы халықтық ірі ұйым десек,  сол халық ұлтының төл Конституциясының қабылданғанына 16 жыл толып отыр. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ 1948 жылы 10 желтоқсанда  қабылдаған. Осы декларация қабылданғалы жыл сайын 10­желтоқсанда «Адам  құқықтарының»   күні аталып өтіледі. Адам және азаматтардың құкықтары, ерік, бостандықтары терең құрастырылған кұжат,  бұл өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы . Бұл кезде 200  жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызып жойған жоқ.  Яғни олардың заңы бойынша Конституция алдында Президентте, қарапайым адам да бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие. 1993 жылы Жоғарғы кеңес бекіткен егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы 1995 жылы  референдум арқылы бекіткен екінші Конституциясы қабылданды. Биылғы жылдың еліміз үшін Қазақстанның алдағы уақытта Еуропадағы қауіпсіздік және  ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге сайлануымен жас мемлекетіміз тарихында жарқын бет болып жазылатындығы күмәнсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл біздің  ғана жеңісіміз емес, Қазақстан ЕҚЫҮ­ ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі: ол бірінші  Түркі елі ол тарихи тұрғыда өркениет ислам кеңістігіне жататын бірінші ел ең соңында, ол  бірінші Азиялық ел, сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз» — деп атап өткендей елімізге  мұндай биік сенім көрсетілген бәрімізге зор мақтаныш. Әлемдік қауымдастықтың құрметіне бөлену әрине оңай іс емес. Осы жылдар ішінде Қазақстанымыздың қандай жолдан өткендігі көз алдымызда, оны барша жұртта  жақсы білмейді. Еліміздің қуаты берік, іргесі бекем бола түсуі — бірлігіміздің арқасы сол бірлікті ту етіп көтерген Қазақстанымыздың беделі өсе бергей. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары  идеялық пен қоғамдық меншікке қатысты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін  атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді.  Қазақстан заңдарына құрмет сезімін қалыптастыру , оларды сөзсіз сақтау және орындау –  ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбінесе құқықтық сананың төмендігі ,  материалдық және рухани игіліктің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат  қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды  жеткізу , жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез­ құлық нормасына айналдыру үшін  күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.  Құқықтық тәрбие отбасынан басталады. Қоғамдыға тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі­  маскүнемдік. Азғындықтың құзырына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан  басталады. Мектеп жасындағы жастар арасындағы бұл теріс құбылыстың орын алып  отырғаны жасырын емес. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы :  маскүнемдікпен күн өткізетін , ұрыс­ керістен көз ашпайтын, мемлекеттің есебінен арам  жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға,  еңбекке қалай қарайтыны өз­ өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала  қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл  болады. ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олқылықтар бар. Жастар арасында насихат пен құқықтық тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары  тарапынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып , қызметкерлердің жауапкершілігін  арттыру қажет. Қорытынды: Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті,  білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін  білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп  отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс  екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық  мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп,  құрметтейік дегім келеді. Болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата­анасының емес бүкіл  алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз. № 17 орта мектеп      Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық – заман талабы Сыныбы:7  2017/2018 оқу жылы

Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык

Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык

Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык

Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык

Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык

Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык

Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык

Сабак такырыбы: Кукыктык сауаттылык
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.08.2018