Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау
Оценка 4.9

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
технология
3 кл
07.02.2017
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау
3 сынып 3-4.02.2017ж Пәні: Еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау Сабақтың білімділік мақсаты: қазақ халқының ыдыстарын таныстыра отырып, оларды жасап үйрету, Дамытушылық мақсаты: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту; Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа сабақ. Әдіс-тәсілдер: сарамандық жұмыс. Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа сабақ. Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді? Әрине, пішін, түс, сурет үйлесімділік табиғаттан алынған. Идеялар қорындағы ыдыстарға қараңдаршы? Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таңқалдырып, қуаныш сыйлайды. Сонымен әдемі ыдыс жасап көрейік. Гигиеналық ереже. Ермексаздан жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау. 1) Қол сүртетін орамал әкелу. 2) Партаға төсеніш төсеу. - Ал, енді балалар, сендерді ыдыс жөнінде мақал-мәтелдермен таныстырып өтейін: Қазан қайнап тұрса, Ақыл сайрап тұрады. Ыдысын көріп – асын іш. Қарны ашқан қазанға қарар. Қазанға не салсаң, шөмішке сол ілігер. Қазақ халқы ерте кезден бастап ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан, қайың ағашынан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан,қыштан және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының ұлттық ыдысы - тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар. Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б. сусындар құйған. Оқушыларға торсықтың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі, оқушылар ермексаздан торсықты жасап көрсетеді. Содан кейін тостағанды, ожауды жасау жолдарын түсіндіріп, соны өздері ермексаздан жасап шығады. Сергіту сәті. Ал, енді балалар, сергіту сәтіне жұмбақтар шешіп жіберейік. Жұдырықтай қамырды, Жаулықтай ғып жаяды. (Оқтау) Төбесінен бу шығады,
3 класс.doc
3­4.02.2017ж   3 сынып Пәні: Еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау Сабақтың білімділік мақсаты: қазақ халқының ыдыстарын таныстыра  отырып, оларды жасап үйрету,  Дамытушылық мақсаты: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;  Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге  тәрбиелеу.  Сабақ түрі: жаңа сабақ.  Әдіс­тәсілдер: сарамандық жұмыс.  Ұйымдастыру кезеңі.  Жаңа сабақ.  Ағаш ұсталары ыдыс­аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен  қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те,  шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді?  Әрине, пішін, түс, сурет үйлесімділік табиғаттан алынған. Идеялар қорындағы ыдыстарға қараңдаршы?  Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды  таңқалдырып, қуаныш сыйлайды. Сонымен әдемі ыдыс жасап көрейік.  Гигиеналық ереже. Ермексаздан жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді  сақтау.  1) Қол сүртетін орамал әкелу.  2) Партаға төсеніш төсеу.  ­ Ал, енді балалар, сендерді ыдыс жөнінде мақал­мәтелдермен таныстырып  өтейін:  Қазан қайнап тұрса,  Ақыл сайрап тұрады.  Ыдысын көріп – асын іш.  Қарны ашқан қазанға қарар.  Қазанға не салсаң, шөмішке сол ілігер.  Қазақ халқы ерте кезден бастап ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан, қайың ағашынан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан,  металдан,қыштан және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының  ұлттық ыдысы ­ тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар.  Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б.  сусындар құйған.  Оқушыларға торсықтың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі, оқушылар  ермексаздан торсықты жасап көрсетеді. Содан кейін тостағанды, ожауды  жасау жолдарын түсіндіріп, соны өздері ермексаздан жасап шығады.  Сергіту сәті.  Ал, енді балалар, сергіту сәтіне жұмбақтар шешіп жіберейік. Жұдырықтай қамырды,  Жаулықтай ғып жаяды. (Оқтау)  Төбесінен бу шығады,  Аузынан су шығады. (Самаурын)  Танауы шуылдап тұр. (Шәйнек)  Тым үлкен беті өзге денесінен,  Бір түсіп, бір шығады кемесінен.  Ішіне уыс­уыс ас толтырып,  Сүңгиді ыстыққа да денесімен (Ожау­шөміш)  Ең үлкен қазанның бетіне не сыймайды? (Өзінің қақпағы)  ­ Балалар, енді өзіміз дастархан мәзіріне керекті ыдыстарды жасап көрейік.  ­ Ең алдымен дастарханға не қойылады?  ­ Дұрыс айтасыңдар, ең алдымен, дастарханға нан қойылады. Ал енді өз  беттеріңмен дастархан мәзірін жасаңдар. Дастарханға қандай ыдыстар қажет?  Шәугім, шәйнек, нан салғыш, нан тағамдарын, жеті шелпек бауырсақ, шай ішу  үшін кеселер қоямыз. Ал енді тағы дастарханға не қоюға болады? Жеміс  жидектерді жасайық: алма, алмұрт, жүзім.  Сабақты қорытындылау.  Оқушылардың алған білімдерін сұрақ­жауап арқылы тексеру. Дастархан  мәзірін, әр оқушы өзі жасаған жұмыстарын әңгімелеп қорғап береді.  Үйге тапсырма: Ермексаздан ыдыс жасау жұмысын аяқтап келу.

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан және ермексаздан ыдыстар жасау
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.02.2017